Жаңа білім
!!!!!!!!!!!!!!!!Қажет еткен әріптестер үшін....бағалар
87027984413
|
Мәтінмен жұмыс.
.Оқушылар «СИНКВЕЙН» (Бес жол) әдісі арқылы мәтінді талдайды. Әр топқа «Неке және отбасы кодексінің» келесі бөлімдері беріледі.
1-топ: Неке қиюдың шарттары мен тәртібі;
2-топ: Некені тоқтату;
3-топ: Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтары мен міндеттері.
«СИНКВЕЙН» (Бес жол) әдісі:
Тақырып. 1 затесім.
Тақырыпқақатысты2 сын есім.
Әрекеттібілдіретін3 етістік.
Негізгіұғымдыбілдіретін4 сөздентұратынбірсөйлем
Тақырыпқа синоним.
«Серпілген сауалдар»
1.Отбасы және отбасылық қарым-қатынас ұғымына анықтама беріңдер. Сендер
қандай отбасы түрлерін білесіңдер?
2. Отбасылық қарым-қатынастар заңмен реттеле ме? Отбасы мүшелерінің арасын-
дағы қандай қатынастар отбасылық заңмен реттелмейді?
3. Туыстық деген не? Әкесі (немесе шешесі) бір, шешесі (немесе әкесі) басқа
ағайындылар туысқан ба?
«Автор орындығы» әдісім пайдаланып, жағдаяттық тапсырманы шешіңдер. Сендер азаматша К.-нің орнында болсандар не істер
едіңдер? Оған қандай кеңес бересіңдер?
Азаматша К.-нің күйеуі мемлекеттік мекемеде жұмыс істейді. Оның жалақысының төмендігіне көңілі толмаған К. күйеуіне жеке кәсіппен айналысуға кеңес берді.Дегенмен оның жолдасы көп табыс таппаса да, өзінің жұмысын ұнататынын әрі
өзгерткісі келмейтінін айтты, Ерлі зайыптылар өзара келісімге келе алмай, арты
ұлкен дауға айналды. Азаматша кнің күйеуі барынша балаларын бағып қағып,
бос уақытында үй жұмысымен де айналысатын, Соған қарамастан әйелі оның
бірбеткей мінезі отбасын бұзуға себеп болады деп есептеді. Күйеуі оның айтқанына
көнбеген соң, азаматша К сотқа өтініш берді, онда ол отбасын сақтау үшін күйеуіне
ықпал егуді сұрады. Сендердің ойларыңша азаматша к,нің сотқа шағымы қандай
нәтиже береді?
2-тапсырма
1. Ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндет ерінің пайда болу негіздерін
атаңдар.
2. Баланы қорғауқұқығы, өз пікірін еркін айтуқұқығы, ата-анасымен, басқа датуыста-
рымен қатысып тұруқұқығы, әкесінің атын, есімін, тепін алуқұқығы туралы айтыңдар.
3. Баланың заңды мүддесін кімдер қорғайды? Кәмелетке толмаған тұлға өз құқығы
мен заңды мүддесін өздігінен қорғай алады ма?
«Попс формуласы»: «Қазақстанда некеге тұру барысында ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттері қорғалады»
1-қадам: «Менің ойымша...»
2-қадам: «Себебі мен оны былай түсіндіремін...»
3-қадам: «Оны мен мынадай фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»
4-қадам: «Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім...»
|
Критерийлері:
Азаматтық пен отбасы құқықтары бойынша жағдаяттың шешімін заң баптарын қолдана отырып жауап беру;
Дескриптор:
Кодекстердің баптарын қолданып біледі;
Азаматтық құқық ұғымы мен қағидаларын түсінеді;
Неке және отбасы ұғымдарын түсінеді.
Дескриптор:
Некені қиюдың кем дегенде 2 шартын атайды;
Некенің тоқтатылуының кем дегенде 2 шартын атайды;
Дескриптор:
ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқықтары мен міндеттерінің мазмұнын нақты мысалдар арқылы
түсіндіру
|
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Ең үздік жауап»
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
«Екі жұлдық,бір ұсыныс»
Өзін-өзі бағалау
|
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K940001000_
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518
таратпа материал
дар
ҚР Неке және отбасы кодексі
Суреттер
Таратпа материал
дар
ПОПС формуласы
|