11 ЖҰМЫС САПАСЫН БАҚЫЛАУ
11.1 Сырттай тексеріс және өлшеулер
11.1.1 Сырттай тексеріс және өлшеулермен тексеріледі:
жерасты (жер беті) газ құбырының тартылу тереңдігі немесе жерүсті газ құбырының орналасуы; еңкіштіктер; негіздеме немесе тіреу құрылғылары; құбыр жолы қабырғаларының ұзындығы, қалыңдығы және диаметрі; ілмекті арқау және басқа да газ құбыры элементтерін орнату. Олшеулер МЕМСТ ГОСТ 26433.2;
құбыр жолдарының әрбір дәнекерлі жапсарлы қосылыстарындағы ақаулардың болуы, типі және өлшемдері;
СКГ сұыққомаларының құбырлар мен қосылыстардың қорғаныштық жабындарының қалыңдығы, тұтастығы және болатқа адгезиясы.
11.1.2 Жер асты құбыр жолдарын (сұйыққомаларды) орға түсіргенге деін және кейін тексереді. Өлшеулер саны – жоба нұсқауларына сәкес немесе жұмысты орындаушы ұйымның техникалық құжаттамасына сай.
11.1.3 Сырттай тексеріс және өлшеулер арқылы табылған ақауларды жояды. Дәнекерлеу жапсарларының жібеуге болматын ақаулары жоылуы керек.
11.2 Механикалық сынау
11.2.1 Механикалық сынауға жатқызылады:
сынама дәнекерлеу жапсарлары және күйдірілген қосылыстар; тексеруді мыс және полиэтилен газ құбырылардың дәнекерлеу және күдіру жапсарлары технолгиясына жүргізеді;
физикалық тәсілдермен болат газ құбырларының дәнекерлі жапсарлары және жер бетің газ құбырларының газдық дәнекерлегішпен дәнекерленген жапсарлары тексерілмейді. Жапсарлы қосылыстар үлгілерін дәнекерлеу жұмыстары кезеңінде әр дәнекерлеуші дәнекерлеген жапсарлы қосылыстардың жалпы санының 0,5 % мөлшерінде таңдалады, алайда диаметрі 50 мм аспайтын екі жапсардан кем емес және диаметрі 50 мм артық бір күнтізбелік ай ішінде дәнекерленген бір жапсардан кем емес шамада алынады.
Болат газ құбырларының жапсарларын статикалық созылуға статикалық иілуге МЕМСТ 6996 бойынша тексереді.
Мыс газ құбырларының дәнекерлі қосылыстарын статикалық созылуға МЕМСТ
6996 бойынша және мыс газ құбырларының күйдірілген қосылыстарын МЕМСТ 28830 бойынша тексереді.
Полиэтилен газ құбырларының жапсарларын созылуға МЕМСТ Р 52779 Е қосымшасы бойынша тексереді.
11.2.2 Шартты өту жолы 50 болат құбырлар жапсарларының механикалық қасиеттерін үлгілерді созу және бүгу тәжірибелерінен (әр таңдалған жапсар периметрі бойымен бір қалыпты кесіліп алынған) МЕМСТ 6996 сәйкес анықтайды.
Механикалық сынау нәтижелері келесі жағдайларды қанағаттанарлықсыз болып есептеледі:
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
тексеруге алынған үш үлгінің беріктік шегі шамасының орташа арифметикалық мәні құбырдың негізгі металлының беріктік шамасының нормативті шегінің мәнінен аз болғанда;
тексеруге алынған үш үлгінің бүгіп тексеру кезіндегі иілу бұрышының орташа арифметикалық шамасы доғалы дәнекерлеу үшін 120° аз және газдық дәнекерлеу үшін 100° кем болғанда;
тексеруге арналған үші үлгінің біреуінің тексеру нәтижесі тексеру түрлерінің бірі бойынша беріктік көрсеткішінің немесе бүгу бұрышының нормативті шамасынан 10 % төмен болғанда;
Мыс құбырларыдың дәнекерлі және күйдірілген жапсарларын механикалық сынау нәтижелері ақау дәнекерлеу жапсарынна табылған жағдайда, ол тексеруге алынған екі үлгінің беріктік шегінің орташа арифметикалық шамасы созылу кезінде 210 Мпа аз болғанда қанағаттанарлықсыз болып есептеледі.
11.2.3 Шартты өту жолы 50 болат құбырлардың дәнекерлеу жапсарларының механикалық қасиеттері тұтас жапсарлардың созылуға және жаншылуға тексеру нәтижелерімен анықталуы тиіс. Осындай диаметрлі құбырлар үшін бақылау үшін алынған жапсарлардың (алынбаған күшейтуі бар) жартысын созылуға, қалған жартысын – жаншылуға тексереді.
Дәнекерлі жапсарды механикалық сынау нәтижелері келесі жағдайларда қанағаттанарлықсыз болып есептеледі:
жапсарды созылуға тексеру кезіндегі беріктік шамасы құбырдың негізгі металының беріктік шамасынан кем болғанда;
жапсарды жаншылуға тексеру кезіндегі дәнекерлеу жігінің алғашқы жарықшақ пайда болған жағдайдағы қысатын беттер арасындағы саңылау 5S аспайды, мұнда S – құбыр қабырғасының бірлік қалыңдығы.
11.2.4 Бір жапсарды тексеру қанағаттанарлықсыз болса, жапсарлардың екі еселенген санына қайталап тексерістер жүргізеді. Тексерулерді қанағаттанарлықсыз нәтиже берген тексеру түрі бойынша жүргізіледі.
Қанағаттанарлықсыз нәтижелерді қайталап тексеру кезінде сондай нәтиже алынатын болса, аталмыш дәнекерлеуші ағымдағы күнтізбелік ай ішінде нақты объектіде дәнекерлеген барлық жапсарлар жойылады, ал доғалы дәнекерленген жапсарлар бақылаудың радиографиялық әдісімен тексеріледі.
11.2.5 Полиэтилен құбырлардың өзара және жалғастырғыш бөлшектер арқылы дәнекерленген жапсарларын ұлғайтқыш құралдарды қолданбай сырттай тексереді.
Дәнекерлі жапсарлы қосылыстың сыртқы түрі келесі талаптарға сай болуы керек:
дәнекерлеу жапсарларының біліктері дәнекерленген бұйымдардың айналасында бірқалыпты және симметриялы таралуы керек;
біліктердің сыртқы бетінде жарықшақтар, бөтен қосылыстар болмауы керек;
бұйымның дәнекерленетін бөліктерінің сыртқы бөлшектерінің жылжуы минимальді болуы тиіс;
білік арасындағы ойыстар құбырдың (бөлшектің) сыртқы бетінен төмен болмауы
керек.
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
ЗН бөлшектері көмегімен жасалған дәнекерлі қосылыстардың сыртқы түрі келесі талаптарға сай болуы керек:
жалғастырушы бөлшек шегінен тыс құбырларда механикалық өңдеу (тазалау) белгілері болуы керек, немесе олар құбырда қорғаныш қабат болған жағдайда басқа түсті болуы тиіс;
бөлшектерді дәнекерлеу индикаторолары шығыңқы күйде болуы тиіс;
бөлшектердің бетінде температуралық ақау немесе немесе полиэтиленнің термиялық бұзылуы (жану) белгілері болмауы керек;
периметр бойынша бөлшектерде дәнекерлу үдерісінде пайда болған полиэтиленнің еру белгілері болмауы тиіс.
Дәнекерлеу жапсарларының сыртқы түрі (жікті және ЗН бөлшектер көмегімен орындалған) И қосымша бойынша бақылау үлгісіне сәйкес болуы керек.
11.3 Физикалық тәсілдермен бақылау
11.3.1 Физикалық тәсілдермен бақылауға құрылысы аяқталған газ құбырының электрлік –доғалы немесе газдық дәнекерлегішпен жасалған (болат құбырдан жасалған) және қыздырылған құралмен 22 кестеге сәйкес дәнекерленген (полиэтилен газ құбырлары) үлескісі жатады. Полиэтилен газ құбырларының автоматтандыру деңгейі орташа 60%, жоғары 80% дәнекерлеу техникасын пайдалану арқылы жасалған жапсарларының бақыланатын санын азайтуға болады.
Автоматтандыру деңгейі жоғары, белгіленген тәртіппен аттестатталған және пайдалануға берілген дәнекерлеу техникасында орындалған полиэтилен газ құбырлары жапсарлары физикалық тәсілдермен міндетті тексеруге жатпайды.
ЗН жалғастыру бөлшектерімен полиэтилен газ құбырларын дәнекерлеу дәнекерлеу нәтижелерін тіркеуді және оны басылған хаттама түрінде беруді жүзеге асыратын аппараттармен жасалады.
Болат газ құбырларының жапсарларын МЕМСТ 7512 бойынша радиографиялық және МЕМСТ 14782 бойынша ультрадыбыстық әдістермен бақылайды. Полиэтилен газ құбырларының жапсарлары МЕМСТ 14782 бойынша ультрадыбыстық әдіспен тексереді.
Көп қабатты полимер және мыс газ құбырларының жапсарларын тексеруді сырттай тексеру және газ құбырларын тексеру кезінде сабындандыру арқылы жүзеге асырады.
11.3.2 Болат газ құбырларының дәнекерлеу жапсарларын тексерудің ультрадыбыстық әдісі радтографиялық әдіспен 10 % кем емес жапсарды таңдамалы тексеру жағдайында қолданылады. Радиографиялық бақылаудан бір жапсар бойынша қанағаттанарлықсыз нәтиже алғанда бақылау көлемін жапсарлардың жалпы санынан 50 % дейін арттыру қажет. Жапсар ақауы қайта анықталған жағдайда нақты дәнекерлеушінің күнтізбелік ай ішінде объектіде дәнекерлеген және ультрадыбыстық әдіспен тексерілген барлық жапсарлар радиографиялық тәсілмен тексерілуі керек.
11.3.3 Болат және полиэтилен газ құбырларының дәнекерлі жапсарларын тексеру нәтижесі қанағаттанарлықсыз болса, ақау табылған сәтте бақылаудың осы түрінің нәтижелері бойынша қабылданбаған үлескілердегі жапсарлардың екі еселенген санын тексереді. Егер қайта тексеруде тексерілген жапсарлардың біреуінің сапасы
ҚР ЕЖ 4.03-101-2013
қанағаттанарлықсыз болса, нақты дәнекерлеушінің объектіде дәнекерлеген барлыө жапсарлары ультрадыбыстық әдіспен тексерілуі керек.
11.3.4 Болат газ құбырларының газдық дәнекерлеу арқылы жасалған жапсарлары ақауларын түзетуге рұқсат етілмейді. Доғалы дәнекерлеу арқылы жасалған жапсар ақауларын ақаулы бөлікті қайта дәнекерлеу және радиографиялық әдіспен тексеру арқылы жүргізуге болады. Дәнекерлеу жапсары биіктігінің МЕМСТ 16037 белгіленген өлшемдерге қатысты артуын механикалық өңдеу арқылы жоюға болады. Кесілген жерлерді биіктігі 2-3 мм аспайтын тізбекті білік балқымасымен түзету керек, бұл жағдайда тізбекті білік биіктігі жапсар биіктігінен аспауы керек. Жапсарды қайта жөндеуге, ақауларын түзетуге болмайды.
Полиэтилен газ құбырларының ақаулы жапсарлы қосылыстары түзетілмейді және жойылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |