Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Техникалық және инструменттік құралдар



Pdf көрінісі
бет51/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварель немесе 
гуашь, геометриялық фигуралардың көріністері. 
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша ер адамның басына эскиздер сызу. 
1.1. адам басының сызықтық- конструктивтік композициясы.
2. детальдардың этюдын жасап үйрену. 
2.1. ізденіс эскиздерін А4 форматында орындау. 
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау. 
3.Берілген тақырып бойынша этюд құрастыру. 
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері. 
Бақылау сұрақтары: 
1.Нұсқаның сызық-конструктивтік шешімі деген не? 
2.Адам басын салудың ерекшеліктері? 
3.Адам денесінің пропорциясы деген не? 
Практикалық сабақ №32 
Сабақтың тақырыбы: Конструктивті аналитикалық суреттің принциптері. 
Сабақтың тақырыбы: Композицияның сызық- конструктивтік аналитикалық суреттің 
принциптері. 
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, композициядағы аналитикалық 
сурет туралы ұғым.  
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар). 
3. адам басының пішінін сызық-конструктивтік аналитикалық сурет арқылы айқындау. 
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік 
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Кез келген картинада, соның ішінде натюрмортта да, адам басының конструкциясын 
суреттеуде де тұтастық заңдылығы сақталмаса, ондай картинада аса зор құндылық болмайды. 
Тұтастық заңдылығы дегеніміз не? 
Біріншіден, тұтастық заңдылығы деп натюрморттағы денелердің көлемі, ені, биіктігі,
бояу түрлері, ритмдігі, контрастық жағынан бір жүйеде шешілу ерекшеліктерін айтамыз.
Тұтастық зандылық - бұл күрделі мәселе, Бұл заңдылықты өз дәрежесінде түсініп, оның
қырлары мен сырларын меңгеру бірнеше жылдар бойғы қажырлы еңбекті талап етеді. Кейбір
дәрежесі бар, танымал суретшілердің жұмыстарында да бұл мәселе толығымен шешіліп жүр 
деп айтуға болмайды. Дегенмен живописьті толығымен меңгерген көпшілік суретші 
азаматтардың еңбектері тұтастық зандылықты түсінуге, бұл мәселені уағыздауға көмектеседі. 
Картина негізінен үш буыннан тұрады. Алғашқы буынға: стол бетіндегі тағамдар; жаңа 
піскен күлше нандар, оюланған қол сүлгі орналасса, екінші буынға құмыра, аяққап, кесе, 
қымыз құятын тостағандар орналасқан, ал үшінші буында бетінде сан-алуан өрнегі бар 
қазақтың ұлттық кілемі, оның бергі жағында қолға ұстайтын шәйнек. Суретші осылай сан алуан 
тағамдарды, үй тұрмысының бұйымдарын үлкен-үлкен үш топқа бөле отырып, бояу түстерінің
ерекшеліктеріне, олардың зандылықтарына сүйене отырып, ұлттық 
натюрмортымыздың шоқтығы биік туындысын жазып шыққан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет