Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б



Pdf көрінісі
бет46/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80
а және ä дауыстылары келеді. (Волга диалектісінде). 
г)  қысаң  лабиалды  дауыстылар  өзінен  кейін  келетін  ашық 
дауыстыларға  мүлде  әсер  ете  алмайды.  (Барлық  қалған 
диалектілерде)» /11,24/. 
В.В.  Радлов  өзінің  талдауларында  қазақ  тілін  (ғалымда  «қазақ-
қырғыз»  деген  терминмен  берілген)  сөздің  алғашқы  буынында  о 
дыбысы  өзіндік  тартымдылық  күшін  жоғалтқан,  яғни,  о  дыбысы 
өзінен  кейін  өзін  талап  ете  алмайтын  дыбысты  тілге  жатқызады. 
Ғалымның  бұл  пікірін  қолдаған  П.М.  Мелиоранский  былай  дейді: 
«В казак-киргизском языке после «о» не может стоять «о», а только 
«а»  или  «у»,  в  остальном  те  же  явления,  что  и  в  кара-киргизском 
языке»  /19,19/.  Сол  сияқты  В.В.  Радлов  пікірінше,  қазақ  тілінде 
алғашқы  буында  ө  дыбысы  келсе,  келесі  буындарда  айтылуда  ө 
немесе  ү  дыбысы  айтылады,  ұ  дыбысы  өзінен  кейін  өзін-өзі  талап 
ете алатын дыбысқа жатады. 


61
 
Қазіргі қазақ тілі ғалымдары тілімізде ерін үндестігі екінші, кей 
жағдайда  үшінші  буынмен  шектеледі  деген  пікірлер  айтып  жүр 
(қараңыз  –  С.  Мырзабеков
21
.  145  бет).  Сонымен  қатар  «қазақ 
тілінде  ерін  үндестігі  болған  және  оның  күші  санаулы  буынмен 
шектелмейді:  алдыңғы  буында  дауысты  о,  ө,  ү,  ұ  сондай-ақ 
дауыссыз  у  дыбыстары  болса,  келесі  буындарда  жазылған  е,  ы.  і
әріптері еріндіктерге айналады. Мысалы:  
қорұтұндұсұ (қорытындысы), 
құлұнұмдұ (құлынымды), 
өздөрүңүзгө  (өздеріңізге)...»  /29,146/  -  деп 
тілде  ерін үндестігі толық сақталғандығын айтып  жүр. Бұл мәселе 
жөнінде  «түркітану  ғылымының  атасы»:  «Көптеген  диалектілерде 
дауысты  дыбыстардың  шартты  түрде  түбір  буыннан  алшақтауы 
нәтижесінде аздап лабиалдық әсердің әлсіреуін де кездестіреміз» –  
дей келе төмендегі кестені ұсынады: 
 
түбір 
буында 
екінші 
буында 
үшінші 
буында 
төртінші 
буында 
бесінші 
буында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет