Ш 72 Түркі тілдерінің вокализм жүйесі. Оқу құралы/ Шнайдер В. А. – Нұр-Сұлтан қ.: «Тұран-Астана» унив. Баспаханасы. 2019. 126 б


дыбыстарының алғашқы буындағы қолданысы аталған заңдылыққа  толық бағынышты.  д)  қысаң  лабиалды  дауысты  u



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата03.02.2022
өлшемі1,25 Mb.
#24763
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80
дыбыстарының алғашқы буындағы қолданысы аталған заңдылыққа 
толық бағынышты. 
д)  қысаң  лабиалды  дауысты  u  дыбысы  көпшілік  жағдайда 
лабиалдық әсерін жоғалтқан. (Орта Азия диалектілерінде, негізінде 
Тараншы диалектісінде). 
4. Қысаң лабиалды дауысты дыбыстың ашық лабиалды дауысты 
дыбысқа әсер етуі: 
а) қысаң дауысты дыбыстардың ішінен тек жіңішке дауыстылар 
ғана өзінен кейінгі ашық дауыстыға әсер етеді, яғни, u-дан кейін о 
дыбысы келсе,  ü-ден  кейін  ö  дыбысы келеді.  (Алтай,  Қара-қырғыз 
және Қазақ-қырғыз тілдерінде)» /11,24/. 
Қазіргі  қазақ  тілінде  u  -дан  кейін  о  дыбысының  қолданысы 
мүлде  байқалмайды.  Ал  ü-ден  кейін  ö  және  ü  дыбыстарының 
үндесуі әлі де ауызекі сөйлеу тілде сақталған. Егер сөздің алғашқы 
буынында  жіңішке,  еріндік  ү  (ü)  қысаң  дауысты  дыбысы  келсе, 
екінші  буында  жазудағы  е  таңбасының  орнына  ө  (ö)  дыбысы 
айтылады.  Мысалы,  күзде  [күздө],  сүзбе  [сүзбө],    түнде  [түндө], 
үстел [үстөл]. Соңғы мысалдан көріп отырғанымыздай тіпті кірме 
сөздердің бойынан да бұл үндестікті аңғаруға болады. 
«б) алғашқы буындағы ө және ӫ дыбыстарынан кейін лабиалды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет