Ш. И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы



бет11/19
Дата16.10.2023
өлшемі0,59 Mb.
#116651
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Байланысты:
Силлабус микробиология 2 ОМ 2023 2024 каз

85 балл

Ауызша сұрау. Белсенділік дәрежесі орташа Студент сабақ тақырыбын талдауға қатысады, тақырыптық жоспарға сәйкес ағымдағы материалдың толық түсінігін көрсетеді, бірақ теориялық тұрғыдан кейбір қорытындыларды жоғары деңгейде негіздеп, логикалық негіздеме бере алмайды; кейде сенімсіз жауап береді, бірақ сұрақтарға дұрыс жауап береді; өз бетінше түзететін елеусіз қателіктер жібереді; бұрын оқытылған пәндердің орташа білім деңгейі бар осы материалды игерудің жақсы дәрежесін көрсетеді; негізгі және қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Практикалық дағдыларды орындау әдістемесін меңгереді, нәтижелерді түсіндіре алады.
Жазбаша сұрау. Студент ағымдағы материалды толық түсінгенін көрсетеді, бірақ кейбір қорытындыларды дәлелдей алмайды және жауапқа негіздеме келтіре алмайды, бұрын оқыған пәндер бойынша орташа білім деңгейімен осы материалды жақсы меңгергенін көрсетеді, негізгі және қосымша әдебиеттерді (басқа оқу құралын) пайдаланады. Студент сұрақтарға сенімсіз (бірақ дұрыс) жауап береді. Ұсақ қателіктер жібереді, оны өзі түзетеді.
Практикалық дағдылар: микробиологиялық және иммунологиялық зерттеу алгоритмі, хаттама толтыру, қорытындыларын талдау. Практикалық дағдыларды орындау техникасын меңгерген, нәтижелерді түсіндіре алады.
Ситуациялық есепті шешу. Студент сұрақтарға дұрыс жауап береді; оның шешу барысын егжей-тегжейлі түсіндіреді, бірақ жеткіліксіз қисынды, бөлшектердегі бірліжарым қателіктермен, теориялық негіздеудегі кейбір қиындықтармен түсінді-реді; есептерді ресімдеу құрылымдалған; күрделілігі орташа деңгейдегі есептерді шешеді.
Презентация. Презентация мазмұны тақырып пен міндеттерге сәйкес келеді. Тақы-рып ашылған, бірақ елеусіз қателер бар, слайдтар арнайы терминологияны қолдану арқылы логикалық ретпен ұсынылған. Схемаларды құрастыруда дәлсіздіктер бар. Мәтін қысқа жазылған, идеялар анық тұжырымдалған, құрылымдалған түрде қысқа жазылған. Қазіргі ақпарат көздері пайдаланылды. Материал жалпыланған, дұрыс қорытынды жасалды.
Реферат. Мазмұны тақырыпқа және тапсырмаларға сәйкес келеді. Тақырып қамтылған, бірақ аздаған қателер бар, ақпарат арнайы терминологияны қолдану арқылы логикалық реттілікпен берілген. Сызбаларды құрастыруда дәлсіздіктер бар. Мәтін ықшам жазылған, ойлары анық айтылған, құрылымдық түрде қысқаша баяндалған. Қазіргі заманғы ақпарат көздері пайдаланылады. Материал қорытылады, дұрыс қорытынды жасалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет