Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Кадр саясатының негізгі принциптері



Pdf көрінісі
бет34/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Кадр саясатының негізгі принциптері:
Мақсаттылық
– 
үйлесімді шешім мен болашақты ескере 
отырып мақсат қоя білу іскерлігі;
Басқару еңбегін үйлестіру және бөлу; 
Функционалды келіс
– 
орындаушылардың функцияларын 
жаңарту, 
дәл 
анықтау 
және 
нақтылау 
(қызметтік 
инструкциялар, ішкі тәртіп ережелері және т.б.); 
Кешендік 
– 
басқарудың мақсаттылығы мен міндеттілігінің 
үйлесімділігі. 
Кадр саясатының ережелеріне
кадрларды іріктеу, таңдап 
алу жатады.
Кадрларды кәсіби іріктеу
– 
үміткерлерді жеке-дара 
қасиеттеріне қарай кәсіби қызметке ең лайықтыларын таңдап 
алу (не маңызды: жақсы адам ба, жоқ әлде жақсы кәсіби білікті 
маман ба?). Көптеген мамандар жақсы білімі бар, бірақ жұмыс 
істей алмайды. Арнайы қабілеттерді кәсіби тренингтерді 
жүргізу, өзімен жұмыс істеу арқылы дамытуға болады. 
Кадрларды кәсіби іріктеу мынадай кезеңдерді қамтиды: 
медициналық, білім беру, сұрақ-жауаптық, психологиялық. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
58 
Кәсіби маңызды қасиеттерге мыналар жатады: 
– құзыреттілік, кәсіпқойлық; 
– адамдармен жұмыс істей білу іскерлігі, жан-жақтылығы; 
– ұйымдастырушылық қасиеттер (міндеттер қоя білу 
іскерлігі, оларды шешуге қол жеткізу, жігерлілік, талап 
етушілік, мақсатқа ұмтылушылық) 
– көкейкөз, мәселелерді шығармашылық танытып шеше 
білу іскерлігі; 
– 
жеке 
қасиеттер 
(міндеттілік, 
адалдық, 
ізгілік, 
ұстамдылық, сабырлық, төзімділік). 
Кәсіби маңызды қасиеттерді сараптық бағалау арқылы 
жасап, сол бойынша неғұрлым лайық үміткерді таңдауға 
болады.
Кадрлар 
ұғымына 
кәсіпорындардың, 
мемлекеттік 
мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың білікті қызметкерлерінің 
негізгі (штаттық) құрамы кіреді.
Отандық экономика кәсіпорынның штатына кірмеген 
қызметкерлердің бірқатары бар «тізімнен тыс құрамы» ұғымына 
да арқа сүйейді. Кәсіпорын сипаттау үшін шешілген 
міндеттерге байланысты топтастырудың әртүрлі астарлары
пайдаланылады. Мысалы, кәсіпорынды немесе оның бөлімін 
сипаттау үшін тізім саны көрсеткішін, яғни штат және штаттық
кесте бойынша пайдаланады; жұмыс күші қарқынын анықтау 
және еңбек өнімділігін, орташа еңбек ақысын есептеу үшін 
орташа арифметикалық шама ретінде қарастырылатын сол 
немесе басқа кезең үшін орташа тізім саны пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет