Наурызбаева Ш.Қ.
108
іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші соңынан
өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі,
ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, онда
табысқа жету қиын емес.
Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-
психологиялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері –
көзін жеткізу, сендіру, жеке үлгі көрсету.
Көзін жеткізу
адамдардың бағасын, пікірін,
қалыптасқан мінез-құлқын
нормалары мен ережелерін нақты адамның – көз жеткізетін
тұлғаның түсінігіне сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы
жағдайда көз жеткізуші факторлардың қуатын, қисынмен
дәлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, әңгімелесушінің
сезіміне де әсер етеді.
Сендіру
процесінде
бір адамның екінші
адамға немесе тұтас ұжымға әсері міндетті немесе міндетсіз
түрде іске асады. Сендірудің көмегімен педагогикалық ұжымда
көңіл-күй қалыптасып, идеялар, педагогикалык құндылықтар
орнығады. Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-психологиялық
климаттың қалыптасуына
жеке тұлғаның жасайтын ыкпалы,
тиімді әдісі
жеке үлгі көрсету
болып табылады.
Ол үлгі адамның өз еңбегіне, әріптестеріне, ұжымдық
пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты,
ол
әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен
өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: