Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
119
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ПӘНІ БОЙЫНША
НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
Адаптивті бағдарламалық жоспар -
әр қайсысы белгілі
бір ситуацияда күшіне енген жағдайлық жоспарлардың жиыны
Ақпараттық технология –
қазіргі компьютерлік техника
негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау
істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық
тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық мәдениет
– адамға ақпараттық кеңістіктің
қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін бағдарлай
алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк беретiн
бiлiм деңгейi.
Әлеуметтік
бейімделу
–
ортаның
нормасы
мен
құндылығын жаңа шартпен қызметтің мақсатына байланысты
ортаның өзгеруін енгізген жеке тұлғаның өзара әрекет ету
немесе әлеуметтік топ пен әлеуметтік ортаның өзара әрекет ету
процесі.
Бағдарламалап жоспарлау
– жағдайлық құрылатын ұзақ
мерзімді мақсатты әр күндегі іспен қатыстыру, жоспарлау.
Бақылау түрлері
– алдын ала бақылау, ағымдық,
күнделікті, аралық қорытынды.
Бақылау әдістері
– оқытудың жетістігі, оқу процесінің
тиімділігі туралы мағлұмат алу мақсатында оқыту процесінде
қарама-қарсы байланысты
қамтамасыз ететін мұғалім мен оқушылардың бірізді, өзара
байланысты диагностикалық қызметтердің жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: