Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Педагогикалық менеджменттің функциялары



Pdf көрінісі
бет10/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

2.3. Педагогикалық менеджменттің функциялары 
 
Педагогикалық менеджменттің аса маңызды түсініктерінің 
бірі оның 
функциялар 
(
қызметтері
), 
олардың басқару 
қызметінің
 
негізгі мазмұнын бейнелейді. Басқаша айтқанда, 
функция (лат.сөз function - орындау) – бұл басқару жүйесі мен 
басқарылатын объектінің арасындағы қарым-қатынас. 
Менеджмент теориясы мен орта оқу мекемелерін басқару 
практикасының анализінен жасайтын келесі педагогикалық 
менеджменттің функцияларын атап көрсетуге болады: 
Жоспарлау 
немесе 
шешім 
қабылдау 
функциясы 
(бұйрықтар, 
жарлықтар, 
нұсқаулар, 
жоспарлар, 
кеңес 
шешімдері, педагогикалық кеңес шешімдері және т.б). 
Оқу-тәрбие процесін жоспарлау (немесе шешім қабылдау) 
–педагогикалық 
менеджменттің 
бірінші 
компоненті,
шаралардың 
түрлерін 
анықтау, 
нақты 
орындаушыларды 
тағайындау, орындау мерзімін белгілеу туралы менеджердің 
қабылдаған шешімі арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде 
қабылданған шешім бірқатар талаптарды қанағаттандыруы тиіс: 
– 
мақсатқа 
бағытталған, 
яғни 
педагогикалық 
менеджменттің мақсатына толығымен сәйкестігі; 
– негізді болуы (кім оны іске асырады және оның тиімді 
жүзеге асуына жауапкершілікті кім алады); 
– қарсылықсыз болу, яғни басқару жүйесінің шешімдерімен 
келісімі; 
– өзекті және жаңашыл болуы; 
– толық, қысқа және нақты мазмұндалған болуы.
Сонымен, 
оқу жылының жұмыс жоспары – 
бұл білім 
беру мекемелерінің алдына қойған практикалық іс-шараларын 
жүзеге асыру жоспары, ал
оқу сабақтарын жоспарлау – 
сабақ 
барысында оқытушылар мен оқушылардың өзара қарым-
қатынастарының жазбаша үлгісі бойынша шешім қабылдаудың 
өзіне тән кесімі (специфический акт). Бұл этаптың негізі болып 
сабақтың мақсаты, міндеттері, уақыты, принциптері, әдістері, 
сонымен 
қатар, 
оқытушының 
оқу-тәрбие 
қызметі 
мен 
оқушының оқу-танымдық әрекетінің мазмұндары көрініс 
табады. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет