Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
121
мектeпке дeйiнгi; жaлпы opтa бiлiм /жaлпы бacтayыш,
жалпы негiзгі, жалпы орта білім беру; мектептен тыс тәрбие мен
оқыту; кәсіптік бастауыш білім беру, кәсіптік орта білім беру,
кәсіптік жоғары білім беру; арнаулы, яғни дамуында
ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу;
қосымша білім беру мекемелері; жетім балалар, ата-аналарынан
қорғансыз қалған балаларға арналған мекемелер т.б.
Гуманитарландыру
– ол ізгілендіру мақсатына жету
құралы, яғни зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй
мәдениетін
тәрбиелеуді,
өмірлік
құндылықтар
мен
бағдарламалардың, белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін
сан қырлы процесс.
Детерминистік жағдай
– нақтылықтың болу ситуациясы.
Делегирование –
( латын тілінен аударғанда делегат
ретінде жіберу түсінігін береді) міндеттер мен құзыреттілікті
орындауға жауапкершілікті алу.
Демократияландыру
/гр.dеmоkratia-халық
өкіметі/
–
тұлғаның жан-жақты дамуының мақсаты мен құралы, бұл
мектептің ведомстволық мүддеден қоғамның және тұлғаның
мүддесі мен мұқтаждығына қарай бет бұруы, оған қоғамдық
күшті
және
қоғамдық
факторларды
/мемлекет,
қоғам/
қатыстыру.
Достарыңызбен бөлісу: