Наурызбаева Ш.Қ.
120
Басқарудың демократиялық стилi –
демократиялық
централизм принципiне, басқарушылардың пiкiрiн есепке алуға
негiзделiнген, басқарудың iс-әрекеті стилiнiң типi.
Басқарудың либералдық стилi –
бассыздық,
бетiмен
жiберушілік. Мұғалiм ұжым өмiрiне араласпауға тырысады,
белсендiлiк танытпайды, мәселелердi
формальды қарастырады,
болып жатқан жағдайларға жауапты болмауға тырысады, беделi
жоқ.
Басқарудың авторитарлық стилi –
негiзінен жетекшiнiң
беделiне негiзделген басқару iс-әрекетiнiң стилiнiң типi. Егерде
басқару негiзiнен ерiктiк тәсiлдерiне сүйенсе, онда басқарудың
авторитарлық стилi әмiршiлікке,
билеп-төстеуге ауысып,
өктемдiлiктi тым артық пайдалануда көрiнiсiн табады.
Бедел
(авторитет) аuсtоritas /лат.-билiк. ықпал/ – жеке
адамның немесе топтың белгiлі бiр белгiлерi, еңбегi арқылы
жалпы
қабылданған әсерi, ықпалы, мәндiлiгi. Әлеуметтiк
дәрежесiне қарай шынайы және жалған бедел деп бөледi.
Білім беру жүйелерін басқару ғылыми білімнің саласы
ретінде.
Білім беру жүйесін басқару – бұл білім беру жүйесінің
және оның негізгі бөліктерінің
тұрақты жұмыс істеуіне және
тиімді дамуына бағытталған шешімдерді жасаудың және жүзеге
асырудың циклды түрде қайталанатын процестердің өзара
байланысты жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: