Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет71/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

дау-дамайдың типологиясы 
Педагогикалық дау-дамай – оқу-тәрбие процесінде кәсіби 
және тұлғааралық өзара әрекеттер нәтижесінде туындайтын 
дау-дамай.
Оқу-тәрбие процесінде кездесетін педагогикалық дау-
дамайдың типпологиясы: 
1)
«мұғалім – оқушы»; 
2)
«мұғалім – мектеп әкімшілігі» ; 
3)
«мұғалім – ата-ана» ;
4)
«мұғалім – мұғалім» ; 
5)
«оқушы – оқушы». 
Мұғалім 
– 
оқушы. 
Бұл 
дау-дамайлар 
көбінесе 
оқушылардың оқу мотивациясының төмендігінен, былайша 
айтқанда, оқушылар оқығысы келмейді немесе күштеу арқылы 
оқиды. Сонымен қатар бұл топқа мұғалімдердің балалармен 
қарым-қатынасында адамгершілік мәнін ескермеу: айтқан 
сөзінде тұрмау, балалар құпиясын жария ету, әділсіз қойылған 
баға және т.б. Оқушылардың көбі (әсіресе жоғары сынып 
оқушылары) мұғалімге деген сенімсіздігін білдіреді. 
Оқушы жағынан конфликтің пайда болуы: 
– үйге берілген тапсырманың орындалмауы; 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
117 
– тәртіп бұзушылық; 
– сабақты себепсіз жіберу.
Мұғалім жағынан конфликті жағдайдың пайда болуы: 
– оқушылардың пәнге деген қызығушылығын дұрыс 
ұйымдастыра алмау; 
– әділ қойылмаған баға. 
Дегенмен, мұғалім мен оқушы арасындағы дау-дамай 
көбінесе оқушының күнәсінен гөрі мұғалімнің кәсіби 
көрсеткішінің төмендігін көрсетеді. 
Мұғалім – ата-ана. 
Көптеген ата-аналар былай ойлайды: 
– мұғалімдер барлық балаларды жақсы көретін және жақсы 
көрмейтіндерге бөледі; 
– бағаларын ылғи төмендетеді, объективті емес; 
– жиі балаларды қорлайды, тіл тигізеді. 
Өз кезегінде көптеген мұғалімдер былай айтады: 
– ата-аналардың өз балалары туралы пікірлері тым жоғары; 
– балаларын дұрыс тәрбиелей алмайды, ал мұғалімдер 
балаларын оқытуға және тәрбиелеуге міндетті деп санайды; 
– оқу процесіне жиі араласады (біресе сынып жетекшісі 
ұнамайды, біресе мұғалім ұнамайды). 
Сонымен, мұғалім мен ата-ана арасындағы конфликт 
мұғалім өзінің кәсіби статусын көрсету, ал ата-ана өзінің 
баласын қорғаудан туындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет