Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет15/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1. Педагогикалық менеджмент ұғымына түсінік беріңіз. 
2. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттерін 
сипаттаңыз. 
3. Педагогикалық менеджменттің функцияларын атаңыз.
 
4. Басқарудың арнайы принциптеріне сипаттама беріңіз. 
5. «Педагогикалық менеджмент негіздері» тақырыбы 
бойынша білімдер базасының логикалық схемасын құрыңыз. 
6. Кестені төмендегі үлгі бойынша толтырыңыз.
№ 
Педагогикалық 
менеджмент негіздері 
Анықтамалар
1.
2. 
3. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
25 
3. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ӘДІСТЕРІ 
3.1. Басқару әдістері ұғымына түсінік, оларды жіктеу 
 
Әдіс – іс-әрекет тәсілі, ал басқаруға қатысты – басқару 
әрекетінің тәсілі, белгілі бір басқару міндетін шешу жолы. 
Басқару әдістері – басқару жүйесінің қолда бар еңбек, 
материалдық-қаржылық және өзге де ресурстарды неғұрлым 
нәтижелі 
пайдалана 
отырып, 
мекеме 
алдында 
тұрған
мақсаттарға жетуге бағытталған іс-әрекет тәсілдері. 
Педагогикалық басқару әдістері көзделген мақсаттарға 
жету және басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде 
қарастырылады. 
Басқару 
әдістерінің 
негізгі 
топтары 
төмендегідей: 
– 
әкімшілік-ұйымдастыру 
әдістері 
(орындаушылар 
қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, 
бұйрықтар беру және т.б.); 
– педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан 
қызықтыру (еңбек саны және сапасына орай, категориялары мен 
атақ-дәрежелеріне сәйкес жалақы беру); 
– психологиялық-педагогикалық ықпал жасау (кеңес, 
өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) және әсерлендіру 
(жағымды психологиялық климат қалыптастыру, шығарма-
шылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің 
әлеуметтік 
даму 
болашағы 
жөніндегі 
болжамдармен 
таныстыру); 
– қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен 
оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру); 
– қоғамдық әсер әдістері (ұжымда демократияны нығайтып, 
басқалармен 
қатынаста 
шыдамдылық 
сақтау, 
мекеме 
қызметкерлерінің беделі мен мәртебесін ұлықтау). 
Басқару әдістерін таңдау: 
– нақты жағдайға; 
– қабылданатын шешімнің өзгешелігіне; 
– басқару процесінің ерекшелігіне; 
– жетекшілік стиліне байланысты қолданылады. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
26 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет