Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет13/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81
– материалды-техникалық қызмет
бойынша оку тәрбие 
жұмысындағы материалды-техникалық базаны дамытуды және 
техникалық оқыту құралдарын дайындауды көздейді. 
– қаржы-шаруашылық қызметі
аркылы білім беруді
 
қаржыландыруды қамтамасыз етеді, қызметкерлерге жалақы 
төлеу, студенттерге шәкіртақы беру, тиісті төлемдер аудару 
мәселелерін қамтиды. 
медициналық және санитарлық-гигиеналық қызмет 
саласы бойынша оқу орны окытушылары мен студенттер 
құрамын қамтиды, осы аталған қызметтердің барлығы дерлік 
негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төңірегінде 
топтасуы тиіс. 
2)
Мақсаттылық принципі – 
басқарудың кез келген 
деңгейіндегі менеджердің бүкіл қызметінің мазмұны болып 
табылатын принцип. Бұл принциптің бұзылуы оқу мекемелеріне 
үлкен педагогикалық және әлеуметтік залал келтіреді. Бұл 
принцип оқу мекемелерінің алдына қойылған мақсаттарының іс 
жүзінде шындыққа жанаспайтын жағдайлардан туындайды. 
Мысалы, «сабақ үлгерімін 100%-ға дейін көтереміз» немесе «әр 
оқушыны өмір сүруге, оқуға және еңбек етуге үйретеміз» деген 
сияқты ұранға ұқсайтын мақсаттар оқу мекемелерінің шынайы 
мүмкіндіктеріне қайшылық тудырады. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
23 
3)
 
Педагогикалық 
менеджменттің 
оптималдылығын, 
шынайылылығын, әлеуметтік маңыздылығын, перспективтілігін 
талап ететін 
принцип мақсатқа бағыттылық принципі
деп 
аталады.
4)
Басқару үрдісінің пәрменділік принципі 
баскару 
қызметі мен әкімшілік басшылықтың сатылық үлгісінің өзара 
үйлесімді әрекет етуін талап етеді. Оқу-тәрбие барысында 
максатқа 
бағытты 
ұйымдастырыған 
іс-әрекет 
арқылы, 
оқытушылар мен тәрбиеленушілер қарым-қатынасы арқылы 
тәрбиеленушілер санасына, еркіне көңіл-күй сезіміне жүйелі 
ықпал жасайды. Сондықтан әлеуметтік тәжірибе беру, оны 
қарқынды меңгеру жүзеге асады. 
5) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет