Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет14/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Ғылыми негізділік принципі
– барлық басқару 
әрекеттері ғылыми бағыттар (ғылыми бағыт – НОТ, ғылыми 
фундамент, іріктеу; стратегиялық – келешекке бағыттау
антропоцентрлік – адамды құрметтеу, олардың сенімін, 
жауапкершілігін арттыру, потенциалының дамуына жағдай 
жасап барып, пайдалану) мен әдістерді (әкімшілік, әлеуметтік-
психологиялық, экономикалық) қолдану негізінде жүзеге 
асырылуы тиіс. 
6)
 
Менеджменттің 
теориясы 
мен 
озық 
тәжірибесі 
жетістіктері негізінде тиімді ғылыми басқару 
өзін-өзі жетілдіру 
жүйелілігі принципінің
жүзеге асырылуын қарастырады. Бұл 
қазіргі таңда бүкіл басқару механизмінің жетілу кезеңінде 
ерекше маңызды жағдай.
 
Менеджердің теорияда қол жеткен 
табыстарын 
алдыңғы 
қатарлы 
практикаға 
ендіре 
білу 
мүмкіндігіне 
негізделген. 
Ол 
білім 
берудің 
негізгі
заңдылықтарын орындауды басшыдан да, педагогтан да талап 
етеді [8]. 
Ынталандыру принципі
– менеджер тарапынан мадақтау 
және жазалау жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса
қызметкерлерді 
мақсатты 
іс-әрекетке 
ынталандыру 
бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады:
Басқаруды демократияландыру принципі
– басқару ісіне 
барлық қызметкерлерді қатыстыру. 
Басқарудың 
негізгі 
принциптері
(халық 
педагогикасының негізінде):


Наурызбаева Ш.Қ. 
24 
1. Жауапкершілік принципі: «өз ісіңді өзің орында, қол 
астындағы адам үшін ештеңе істеме». 
2. Ынтымақтастық принципі: «орындалуы тиісті жұмысты, 
бірге жасаймыз»; 
3. Бәсекелестік принципі: «басқаданда жақсы жаса»; 
4. Кері байланыс принципі: «өзің білсең, өзгені үйрет»; 
5. Ұжымшылдық принципі «ұжым – үлкен күш»; 
6. Қарапайымдылық принципі: «жеңісіңмен мақтанба, 
өзгелер сенің жеңісің үшін мақтансын»; 
7. Төзімділік принципі: «жеңіліске бас ұрма»; 
8. Өзіндік бағалау принципі: «өзіңді өзің тексер, әлсіз 
және күшті жақтарыңды біл»; 
9. Абыройлық принципі: «мақсатқа жету үшін ешқашан 
жасыма»; 
10. Кең пейілділік принципі: «қызғаншақ болма»; 
11. Қайырымдылық принципі: «мұқтаж болғандарға көмектес»; 
12. Сыпайылық принципі: «үлкендерді құрметте»; 
13. Үйлесімділік принципі: «дені саудың - жаны сау»; 
14. Тәуелсіздік принципі: «барлығын өзің жасап, үйрен»; 
15. Әсемділік принципі: «жасаған ісің әдемі болсын»: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет