Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
55
Мектеп
директорының
бұл
функциялық
мiндеттерi
мектептiң типiне, орналасқан жерiне, мұғалiмдер мен оқушылар
құрамының
ерекшелiктерiне,
ата-аналар
мен
қоғамдық
өкiлдердiң
арасында
қалыптасқан
жұмыс
жүйесiнiң
ерекшелiктерiне байланысты, мектеп жарғысына одан әрi
толықтыру енгiзуi мүмкiн. Оқушылардың өзiн-өзi басқаруы,
кәсiптiк бағдар, ата-аналармен жұмыс сияқты мәселелер мектеп
директорының басты назарында болуы тиiс.
Менеджмент теориясына сәйкес, білім менеджерінің
басқару функциясы дегеніміз менеджмент субъектісінің оның
объектісіне (екінші субъектісіне) қатысты атқаратын қызмет (іс-
әрекет) түрлері немесе менеджмент субъектісінің қандай да бір
ақпаратпен орындайтын іс-әрекеттері
Бүгінгі күнгі мектеп басшысының (білім менеджерінің)
басқару функцияларына мыналар кіреді
: талдау, мақсат болжау,
жоспарлау, шешім қабылдау, ұйымдастыру, ынталандыру,
өкілеттілік беру, бақылау, мониторинг, маркетинг.
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру
мазмұны тиісті кәсіптік бағдарламамен белгіленеді.
Басқарудың тәсілі бюрократтық, диктаторлық болуы
мүмкін. Бұл тәсілдер жас жетекшілердің бастамасын ұсынуын
болдырмайды және потенционалдық мүмкіндіктерін азайтады.
Жетекші тұлғаларға стреске және нашар басқаруға әкелетін
міндетпен жауапкершілікті жүктейді.
Достарыңызбен бөлісу: