Наурызбаева Ш.Қ.
118
мектеп үшін дағдылы құбылыс.
Оқушылар арасында болатын
дау-дамайлардың
шығу
себептері:
дөрекілік,
қаталдық,
мейірімсіздік, өшігушілік. Сонымен қатар оқушылар арасында
болатын дау-дамайларының шығу себептеріне мыналар жатады:
–
сыныптағы
жағымсыз
моралдық-психологиялық
атмосфера;
– мектеп ауыстыру кезіндегі кездесетін қиындықтар;
– лидерлікке таласу және т.б.
Оқушылар коллективінде әр оқушының өзінің орны бар:
басшы, лидер, бөлектенетін, аластатылған.
Балалар ұжымына
қабылдамау немесе қарым-қатынас таба алмау,
достарын
жоғалту немесе достарының мүлдем болмауы адамды осал
қылдырады, сыныптастарымен жиі қақтығысына әкеледі.
Оқушылар арасында болатын
дау-дамайларды төмендету
үшін бірінші кезекте оқушылардың рухани байлықтарын көтеру
қажет.
Мұғалім – мектеп әкімшілігі.
– мұғалімдер еңбегінің дұрыс ұйымдастырылмауы;
– мұғалімге «басқа біреудің» міндеттерін жүктеу;
– басқарушылық стиль;
– мұғалімдердің оқушылардың білімдерін, тәртіптерін
бағалаудағы объективсіздік.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Педагогикалық ұжымдағы түсініспеушіліктер
және оны
шешу жолдарын атаңыз.
2
Достарыңызбен бөлісу: