Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
115
Дау-дамайдағы бағалау
– бұл
дау-дамайда іс-әрекеттің
сапалылық сипаттамасы. Әрбір дау-дамайда қатысушылар өзін-
өзі ұстау стратегияларын таңдайды:
1) Мәжбүрлеу, еріксіз көндіру – бұл бақталастықтан
тұратын стратегия. Бұл стратегия
ақырғы нәтижесінде не
күресті, не өзара қарым-қатынасты таңдауға әкеледі. Күресті
таңдау – өзін-өзі ұстау модельдерінің деструктивті түрін
таңдаумен бірдей.
2) Кету стратегиясы – жанжалдың себебі дау-дамайға
қатысушылар үшін аса маңызды емес болған кезде туындайды.
Өзіңнің
қызығушылықтарыңнан бас тартып, қарсыласқа
«жол беру
» стратегиясы. «Жол
беру»
стратегия өзін-өзі ұстау
модельдерінің конформистік түріне жақын. Бұл жағдайда
уақытша бітімге яғни, келісімге келуге мүмкіндік бар.
3) Компромистік
стратегия
дау-дамайшылар қызығу-
шылықтарын сипаттайтын тәртіп стратегиясы. Басқаша оны
өзара ымыраға келу деп атауға да болады. Компромистің
белсенді және енжар түрлері бар. Компромистің
Достарыңызбен бөлісу: