Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет8/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Білім беру процесі
– мемлекеттік білім беру стандартынан 
төмен емес деңгейде білімдерді, іскерліктерді және дағдыларды 
меңгеруді қамтамасыз ететін оқу-тәрбие және оқу-танымдық 
процестерді жеке тұлғаның өздігінен білім алуымен бірлікте 
ұйымдастыру арқылы оны оқыту, тәрбиелеу және дамыту 
бойынша мақсатқа сай бағытталған іс-әрекет.
Оқу-танымдық процесінің менеджері 
– оқушылардың 
оқу-танымдық іс-әрекетін басқару жүйесіндегі субъект ретінде 
қатысатын оқытушы.
Оқу-тәрбие процесінің менеджері
– педагогикалық 
қызметкерлердің 
оқу-тәрбие 
әрекетін басқару 
субъектісі 
ретіндегі 
оқу 
мекемесінің 
басшысы 
(директор, 
оның 
орынбасарлары).
Білім беру процесінің мониторингі 
– білім беру 
процесінің барысын, нәтижесін және тиімділігін компьютерлік 
технологияның көмегімен алынған ақпараттарды өңдеу арқылы 
үздіксіз қадағалау.
Ақпарат (лат. informatio-түсіндіру, баяндау) – оқу-тәрбие 
немесе оқу танымдық процесс, менеджерлердің еңбек өнімділігі. 
Оқу-тәрбие 
процесін 
басқару 
(
педагогикалық 
менеджменттің құрамдас бөлігі
) – 
басшының педагогикалық 
ұжым мен оқушыларға олардың іс-әрекетін ғылыми негізделген 
жоспарлау, ұйымдастыру және бақылау арқылы мақсатты 
бағытталған ықпалы.
 
2.2. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен 
міндеттері

Педагогикалық жүйелерді басқару негіздері педагогикалық 
менеджмент 
субъектілерінің 
қызмет 
мақсаттары 
болып 
табылады. 
Қызмет мақсаты
 
– жоспарланған, болжамдалған, күтілетін 
нәтиже. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
17 
Оқу сабағының мақсаты
 
– оқытушы мен оқушының 
бірлескен әрекеттерінің нәтижесі, білімділік деңгейі. 
Сабаққа қатысу мақсаты – әр сабақтағы оқытушы мен 
оқушының әрекеттерінің түрі мен нәтижесі.
Оқу сабақтарының міндеттері – оқушылардың өз бетімен 
немесе 
оқытушының көмегімен оқу-тәрбие процесіндегі 
теориялық және практикалық қиындықтарды жеңе білу кешені. 
Кадрларды іріктеу, орналастыру, дайындау және тәрбиелеу 
– әлеуметтік-психологиялық
және 
психологиялық-
педагогикалық күрделі міндет болып табылады. 
Бұл жағдайда басшының міндеттеріне
 
мыналар кіреді: 
1. Мамандарды іріктеу, олардың бастапқы бағасы және
оларды орналастыру. 
2. Мамандарды дайындау, біліктілігін жоғарылату, үздіксіз
білім беруді ұйымдастыру. 
3. Дербес бағалау:
– жұмыскерлердің қызметтерінің нәтижелерін бағалау;
– басшыларды, мамандарды және қызметкерлерді мезгіл-
мезгіл аттестациялау; 
4. Мамандарды орналастыру:

қызметкерлерді 
жұмыс 
орындарына 
тағайындау
(педагогтарды – колледж студенттерінің мамандығына сәйкес 
топтарға, жүргізетін пәндері бойынша, жеке-психологиялық 
және тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес); 
– басшы мамандарды (директор орынбасарлары, әдістеме
жетекшілерін және с.с.) жасақтау, дайындау, резервте ұстау; 
– басшылық лауазымның бос орнына тағайындау үшін
конкурстар ұйымдастыруды қамтамасыз ету. 
5.
Ұжымның 
құрылымын 
жетілдіру 
және 
оның
тұрақтылығын арттыру: 

әртүрлі 
мұғалімдердің 
қызығушылықтары 
мен
қажеттіліктерін зерттеу; 
– мамандардың жұмыстан кетуі мен ішкі еңбек тәртібінің
бұзылу 
себептерін 
зерттеу, 
ұжымның 
әлеуметтік-
педагогикалық ортасын жақсарту. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
18 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет