Ш. Т., Арыстангалиева В. Т., Панищева О. А. Инклюзивті білім беру Инклюзивное образование Оқу-әдістемелік құралы Орал, 2020 2



Pdf көрінісі
бет20/84
Дата23.12.2022
өлшемі0,98 Mb.
#59197
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84
Байланысты:
Инклюзивты

 
 
 
 
 
 
 
 
 


53
 
БӨЛІМ 4. ҚАЗАҚСТАНДА ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕ 
АРНАЙЫ (ДЕФЕКТОЛОГИЯЛЫҚ) БІЛІМ 
БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР
 
4.1. Инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі 
шектелген балаларды психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің модельдері 
Мазмұны: 1. Психологиялық-педагогикалық ықпал ету 
субъектілері. 
2. 
Психологиялық-педагогикалық қолдаудың 
негізгі сатылары.
 
Мақсаты: Психологиялық-қолдаудың субъектілерін және 
негізгі сатыларын анықтау.
Психологиялық-педагогикалық қолдаукешенді 
технология, дамыту, оқыту, тәрбиелеу, әлеуметтену 
міндеттерін шешуде балаға қолдау және көмек берудің 
ерекше мәдениеті. Инклюзивті білім беру жағдайында 
ерекше 
білім 
беру 
қажеттіліктері 
бар 
баланы 
психологиялық-педагогикалық қолдау ерекше білім беру 
қажеттілігі бар баланы дамытуға және білім беру іс-әрекеті 
мен басқа оқушылармен өзара рекетке қолайлы енгізуге 
бағытталған білім беру ұйымдарының мамандарының 
пәнаралық 
қызметі 
ретінде 
қарастырылады. 
Психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
түрлі 
диагностикалық, түзетушілік-дамытушылық, алдын-алу, 
ұйымдастырушылық және ағартушылық технологиялар 
кешені болып табылады.
Психологиялық-педагогикалық 
қолдау 
аясында 
инклюзивті тәжірибенің бірнеше негізгі субъектілері туралы 
айтуға болады. Әлбетте, негізгі субъекті психологиялық-
медициналық-педагогикалық 
комиссия 
зерттеулерінің 
нәтижелері бойынша мүмкіндігі шектеулі бала.
Инклюзивті білім беру кеңістігінің келесі субъектілері 
сол білім беру кеңістігіне енетін басқа балалар болып 


54
табылады. Бұл балалар да белгілі бір психологиялық-
педагогикалық қолдауды қажет етеді. Білім беру кеңістігіне 
енгізілген баланың айналасындағы балалар оған қатысты 
біртекті «ұжымдық субъект» болып табылмайды. Олардың 
кейбіреулері ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балаларға жағымсыз түрде қарайды, басқалары - бейтарап- 
олар үшін ол ешқандай мәнге ие болмайды. Үшіншілерде 
жағымды сезімдер мен дұрыс қатынас туғызуы мүмкін. Бұл 
біртекті емес тұлғааралық ситуацияда балалар ұжымында 
тұлғааралық қатынасты бағалауды қамтамасыз ету және 
жағымсыз қатынастарды барынша азайтуға мүмкіндік 
беретін психологиялық-педагогикалық шаралар қатарын 
дайындау және толерантты білім беру ортасын құру үшін 
жағымды қатынастарды қолдану маңызды.
Инклюзивті білім беру кеңістігінің субектілеріне оған 
енген баланың ата-анасы және сыныптың басқа 
балаларының ата-аналары жатады. Бұл жағдайда ата-
аналарды сүйемелдеудің бір-текті субъектісі ретінде 
қарастыруға болмайды, ата-ананың әрбір категориясына 
жеке бағалау технологиялары дайындалу керек және 
мектеп консилиумының мамандарының, ең алдымен ПМПк 
психологының сүйемелдеуі қажет. Сонымен қатар 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеуге 
мұқтаж 
инклюзивті тәжірибенің ұжымдық субъектілері инклюзивті 
білім берудің тікелей қатысушылары – жалпы білім беретін 
мектептің педагогикалық ұжымы болып табылады. 
Педагогтарды сүйемелдеудің ерекше субъектілері ретінде 
қарастырған жөн, себебі олар инклюзивті білім беруге 
маман ретінде енеді, және өзінің кәсіби дайындығының 
ерекшелігіне сәйкес мектеп консилиумының арнайы білімі 
мен іскерліктері бар мамандар тарапынан көмек пен 
қолдауды қажет етеді.
Психологиялық-педагогикалық 
қолдаудың 
негізгі 
сатылары.
Психологиялық-педагогикалық қолдау үдерісі төрт 
сатының 
біртіндеп 
жүзеге 
асуын 
қарастырады: 
диагностикалық, 
іздеушілік-вариативті, 
тәжірибелік-
әрекеттік және талдау (Л.Н.Харавина бойынша).


55
Бірінші саты - диагностикалық – психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеудің негізін құрайтын барлық 
компоненттерді бастапқы талдауды білдіреді. Бұл 
компоненттерге мыналарды жатқызамыз: инклюзивті 
үдерістерді енгізу үшін білім беру мекемесінің ресурстарын 
бағалау, оған қоса мүмкіндігі шектелген балалардың санын 
болжау (дайындық саты); барлық параллельдер бойынша 
балалардың құрамын бағалау, жеке білім беру 
бағдарламаларын, олардың компоненттерін дайындау 
(енгізу сатысы). 
Екінші сатыда жеке сүйемелдеу бағдарламасын жасау 
аясында 
кешенді 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің мақсаттық бағдарларын анықтау жүзеге 
асырылады. Мүмкіндігі шектелген баланың барлық білім 
беру 
қажеттіліктерін детальді 
анықтағаннан 
кейін 
психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдстыру 
бойынша ПМПК – ның «стратегиялық» ұсыныстары 
ескеріліп 
талқыланады, 
содан 
кейін 
мектеп 
консилиуымының мамандары баланы сүйемелдеудің жеке 
компоненттерін дайындайды.
Бұл сатының нәтижесі барлық компоненттері бойынша 
тұтас жекелей бағдарланған білім беру бағдарламасы 
болып 
табылады, 
ал 
психологиялық-педагогикалық 
сүйемелдеудің өзі түрлі мамандардың талдауын ескеретін 
пәнаралық сипатты иеленеді.
Үшінші 
сатыда 
баланы 
жеке 
психологиялық-
педагогикалық сүйемелдеу бағдарламасын жүзеге асыру 
бойынша инклюзивті білім беру ортасының барлық 
сбъектілерінің әрекеттері жүзеге асады, Бұл сатыда 
оқушының жеке прогресінің динамикасын тіркеп отырудың 
маңызы зор.
Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің келесі 
сатысында консилиумнің жеке мамандарыныңқызметінің 
тиімділігі талданады және барық аспектілерде баланы 
сүйемелдеу тиімділігі бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет