Үш тілді білім беру тәжірибесін жақсарту үшін зерттеулер нәтижелерін енгізу мониторингі



Pdf көрінісі
бет4/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,55 Mb.
#7386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

 
3. 
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
14
 
Бұл  университет  базасында  үштілді  білім  беру  саласында  Исмаилова 
Ғайнигүл  Қабидуллақызының  жетекшілігімен  «Көптілділік  –  жоғары  мектеп 
жүйесіндегі  заманауи  білім  беру  басымдықтарының  бірі»  атты  бір  жұмыс 
орындалды.  
                                                 
14
 
Алынған ақпаратқа жауаптының ТАӘ – Исмаилова Гайнигүл Кабидуллиновна 
Растайтын уәкілетті тұлғаның ТАӘ – Кадырова А.К. 

37 
 
Зерттеу  нәтижелері  11  ғылыми  мақалада,  оның  ішінде  1  мақала  –нөлдік 
емес импакт-факторы бар халықаралық басылымда, 3 мақала – РИНЦ импакт-
факторы  бар,  6  мақала  –  ҚР  БҒМ  Ғылым  комитеті  ұсынған  басылымдарда,  1 
мақала – республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағында; 2 оқу 
құралы,  2  оқу-әдістемелік  құрал,  1  монография;  6  ОӘК  жарық  көрді,  атап 
айтсақ: 

 
«Казахстан. Восточный Казахстан. Семей» оқу құралы; 

 
күндізгі бөлім студенттеріне арналған оқу құралы «Полиязычный 
подход в изучении дисциплины «Введение в языкознание»; 

 
көптілді топтардың студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен  
«Формирование сельскохозяйственного тезауруса для студентов аграрных 
специальностей»; 

 
«Формирование  технического  тезауруса  для  студентов  технических 
специальностей» оқу-әдістемелік кешені; 

 
«Современные  подходы  в  образовании  (на  английском  языке)  для 
студентов педагогических специальностей» оқу-әдістемелік кешені; 

 
«Профессионально-ориентированный  иностранный  язык  (уровень  С1)» 
оқу-әдістемелік кешені; 

 
«Полиязычное образование в системе высшей школы» монографиясы. 
 
Барлық нәтижелер «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік 
университеті» базасына енгізілген. 
 
Зерттеу нәтижелерінің жаңалығы семантикалық-қызметтік тілдік жүйе 
белгілі бір тақырыптық минимум шеңберінде алғаш рет үш тілде бірдей қарым-
қатынас жасау білігі түсіндірілетін, көптілді құзыреттілік қалыптастыру бірлігі 
ретінде көрсетілуінде. Зерттеудің ғылыми-техникалық деңгейі тілдік білім беру, 
лингвистикалық  дидактика,  менеджмент  саласындағы  ғылыми  әзірлемелердің 
және  әлеуметтану,  педагогикадағы  мониторинг  жүйелерінің  жиынтығымен 
келісілген.  
Мысалы,  «Полиязычное  образование  в  системе  высшей  школы» 
монографиясында  респонденттердің  пікірлері,  сауалнамалары,  статистикалық 
деректерді  өңдеу  және  талдау,  тестілеу,  Шәкәрім  атындағы  МУ  және 
Қазақстандағы  ЖОО  көптілді  білім  беру  жағдайы  мен  одан  әрі  дамытуына 
мониторинг жүргізілді.  
«Method
s  of  experimental  work  in  agronomy»  оқу  құралында  зерттеуді 
жоспарлаудың  қазіргі  әдістері  қысқаша  сипатталған,  тәжірибе  жасаудың 
негіздері  және  тәжірибе  телімдеріндегі  агротехниканың  ерекшеліктері 
қарастырылған, есеп пен бақылаудың сәйкестендірілген әдістемесі келтірілген. 
Құрал  жоғары  оқу  орындарындағы  агрономия  және  биология  мамандықтары 
бойынша білім алушыларға арналған және оқу процесінде қолданылады.  
Ағылшын  тілінде  жазылған  «Regional  Еconomy/  manual»  оқу  құралында 
өңірдің экономикасы Қазақстан аймақтарының қазіргі мамандануы тұрғысынан 
қарастырылады,  сондай-ақ  аймақтың  экономикасы  біртұтас  шаруашылық 
кешені,  Қазақстан  аймақтарының  қазіргі  мамандануы  ретінде  қарастыратын 
экономиканы  аймақтандырудың  жағдайы  мен  алмасу  перспективасының 

38 
 
теориялық  негіздері  ашылады,  аймақтық  жүйелердің  одан  әрі реформалаудың 
стратегиялық бағыттары зерделенеді.  
Студенттердің  көптілді  топтары  үшін  дайындалған  оқу-әдістемелік 
кешендері аграрлық, жаратылыстануғылыми, инженерлік, экономикалық және 
педагогикалық бағыттардың топтарында оқу процесін қамтамасыз етеді. 
Жоба  жетекшісі  аталған  ғылыми  зерттеудердің  нәтижелері  жоғары  оқу 
орындарына  жоғары  мектеп  жүйесі  болашақ  мамандарының  кәсіби 
құзыреттіліктерін қалыптастыру мақсатында ұсынуға болады деп санайды.  
Бұл,  автордың  пікірінше,  жоғары  мектеп  жүйесінде  көптілді  білім беруді 
одан әрі дамытуда тиімді. 
 
4. Қазақ мемлекеттік қыздер педагогикалық университеті
15
 
Аталған  университет  базасында  «Филологиялық  білім  беру  мазмұнын 
жетілдірудің ғылыми-әдіснамалық негіздері көпмәдениетті тұлға қалыптастыру 
шарты ретінде» тақырыбында бір ғылыми жоба орындалды, ғылыми жетекшісі 
– 
Жумагулова Валентина Ивановна.  
Зерттеу нәтижелері бойынша «Содержание филологического образования 
в  условиях  формирования  поликультурной  личности:  методология,  теория, 
практика» атты монография жарық көрді. 
Нәтижелердің жаңалығы: 

 
Алғаш рет филологиялық білім беру, оның ішінде мәдениеаралық білім 
мазмұнын құрылымдау мен қағидаларына іріктеу және талдау жүргізілді  

 
білім беру стандарттарын қалыптастыру жүйесіне талдау жасалды; 

 
ЖОО бакалавр филологтарын даярлауға арналған орыс тілі және әдебиет 
бойынша  білім  беру  бағдарламалары,  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік 
кешендерінің жобалары дайындалды. 
Зерттеу барысында алынған барлық қорытынды бір ЖОО – 
ҚазМҚПУ масштабында енгізілді. 
Авторлар  зерттеу  нәтижелерін  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі 
білім беру саласында жұмыс берушілермен, жоғары филологиялық білім беру 
саласы қызметкерлерімен жұмыста көптілді білім беру мен көпмәдениетті тұлға 
қалыптастыруды  ескере  отыра  қолдануды  ұсынады,  себебі  тілдердің 
үштұғырлығының  мемлекеттік  саясатын  іске  асыру,  көптілді  тұлға 
қалыптастыру,  бәсекеге  қабілеттілікті  арттыру,  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне 
кірігу жағдайында жоғары және жоғары оқу орнынан кейін филологиялық білім 
беруді одан әрі жаңарту және жетілдіру қажет.  
Осыған  орай,  филологиялық  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  ғылыми-
әдіснамалық негіздерін халықаралық талаптарға сәйкес дайындау тұтас алғанда 
еліміздің  білім  беру  жүйесі  мен  экономикасын  дамытудың  басым 
бағыттарының бірі болып табылады.  
 
5. 
Қ.И.Сәтпаев  атындағы  Қазақ  ұлттық  техникалық  зерттеу 
                                                 
15
 
Алынған ақпаратқа жауаптының ТАӘ – Ханкишиева Э.М. 
Растайтын уәкілетті тұлғаның ТАӘ – Алиев Б.А. 

39 
 
университеті
16
 
Аталған  университет  базасында  «Оқыту  телевизиясының  контенті  ҚР 
жоғары  мектебінде  көптілді  білім  беруді  жүзеге  асыру  құралы  ретінде» 
тақырыбында  бір  ғылыми  жоба  орындалды,  ғылыми  жетекшісі  –  Баркибаева 
Рымгүл Раштайқызы. 
Зерттеу  нәтижелері  бойынша  екі  оқулық,  бір  оқу  құралы  және  бір 
нормативтік құжат жарияланды: 

 
арнайы  курсқа  арналған  оқулық  «Полилингвальное  образование: 
русский язык в контексте диалога культур». – Алматы, 2013.- 201с.; 

 
оқулық  «Триединство  языков  в  контексте  диалога  культур»  (на 
материале русского, казахского и английского языков). – Алматы, 2016 – 187 с.; 

 
ғылыми-әдістемелік  құрал  «Учебное  телевидение  РК:  образовательный 
контент как фактор формирования интеллектуальной нации». – Алматы, 2016 – 
164 с.; 

 
«Концепция создания контента учебного телевидения РК».  
Зерттеу 
нәтижелері 
жоғарыда 
аталған 
оқу 
бейнефильмдерін 
эксперименттік  апробациялау  шеңберінде  Қ.Сәтпаев  атындағы  ҚазҰТУ, 
Шәкәрім  атындағы  СМУ,  Алматы  және  Семей  қалаларының  жекелеген 
мектептерінің бірлескен жүйесі масштабында енгізілген.  
Алынған нәтижелердің жаңалығы:  

 
оқыту  телевизиясының  контенті  алғаш  рет  еліміздің  зияткер  элитасын 
қалыптастыру мақсатында қарастырылады; 

 
жасалған  оқыту  телевизиясы  ҚР  жоғары  мектебінде  көптілді  білім 
беруді іске асыру құралы ретінде қарастырлады. 
Жоба  авторлары  практикада  қолдану  үшін  өз  зерттеулерін  Қазақстан 
Республикасы  жалпы  білім  беретін  мектептердің  өкілдеріне  жастарда 
патриотизм,  толеранттылық  сезімін  тәрбиелеу,  олардың  зияткерлік  танымын 
кеңейту мақсатында ұсынады, себебі: 

 
жастардың  рухсыздығы,  олардың  басым  көпшілігінде  өз  және  өзге 
мәдениеттердің құндылықтары туралы білімдерінің таяздығы байқалады; 

 
контентті  қазіргі  талаптарға  сәйкес  өнімдермен  толықтыру  мен 
жаңартудың аса қажеттілігі бар. 
 
6. 
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
17
 
Осы  университет  базасында  Жетпісбаева  Бахытгүл  Асылбекқызының 
жетекшілігімен үш жоба орындалды, атап айтқанда:  
6.1 
«Мектеп-ЖОО» жүйесінде көптілді білім беру сабақтастығын ғылыми 
әдістемелік қамтамасыз ету» 
6.2 
«Шетел тілдерін ерте жастан оқытуды ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету»; 
                                                 
16
 
Алынған ақпаратқа жауаптының ТАӘ – Баркибаева Рымгуль Раштаевна 
Растайтын уәкілетті тұлғаның ТАӘ – Орунханов Мурат Кадесович 
17
 
Алынған ақпаратқа жауаптының ТАӘ – Жетписбаева Бахытгуль Асылбековна 
Растайтын уәкілетті тұлғаның ТАӘ – Кубеев Е.К. 

40 
 
6.3 
«Көптілді білім беру жағдайында инженер кадрлардың үздіксіз тілдік 
дайындығын ғылыми-әдістемелік қолдау (колледж-жоо)». 
6.1 
зерттеу нәтижелері бойынша екі әдістемелік ұсыныс жарияланды: 

 
 
«Организационно-педагогические  условия  взаимодействия  субъектов 
непрерывного  полиязычного  образования»  (Караганда;  Изд-во  КарГУ,  2013.– 
80с.); 

 
«Комплекс нучно-методических рекомендаций по реализации принципа 
преемственности  полиязычного  образования  в  системе  «школа-вуз», 
включающий  научно-методические  рекомендации  по  разработке  учебно-
методических  комплексов  для  полиязычного  образования  по  формированию 
языковой  образовательной  среды,  по  реализации  уровневой  модели  обучения 
языкам» 
Зерттеу  нәтижелері  Е.А.  Бөкетов  атындағы  ҚарМУ  және  Н.Нұрмақов 
атындағы Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-
интернаты масштабында енгізілді. 
Нәтижелердің жаңалығы төмендегілермен анықталады:  

 
Қазақстанда  көптілді  білім  беруді  дамытудың  негізгі  стратегиялық 
желілері анықталды, Қазақстан мектептері мен ЖОО-да көптілді білім берудің 
қазіргі жағдайына сипаттама берілді;  

 
үздіксіз  көптілді  білім  беруді  негіздеудің  теориялық  алғышарттары 
анықталды,  көптілді  білім  берудің  педагогикалық  тезаурусы  негізінде 
түсіндірмелі  аппарат  дайындалды,  көптілді  білім  берудің  үздіксіздігі  мен 
сабақтастығының арақатынасын орнатуға мүмкіндік беретін, бірінші түсініктің 
шынайылығы  екінші  түсініктің  сенімділігімен  және  айқындылығымен 
келісілген  жағдайда  олардың  өзара  берік  байланысымен  анықталады;  үздіксіз 
білім  беру  әрбір  білім  беру  сатысында  білім берудің  үздіксіздігін  қамтамасыз 
ету үшін жүйенің барлық компоненттерінің (мақсаттары, міндеттері, мазмұны, 
әдістері, құралдары, формаларының) байланысы, келісілуі және перспективасы 
ретінде қабылданады, ал сабақтастық алғашқы сәттен бастап үздіксіз білім беру 
жүйесінің негізіне қаланған қағида болып табылады;  

 
үздіксіз  көптілді  білім  берудің  кіріктірілген  мақсаттарын,  міндеттерін, 
қағидаларын,  мазмұнын  көрсететін  және  нәтижелерінің  деңгейлері  бойынша 
сараланған үздіксіз көптілді білім берудің педагогикалық моделі дайындалды; 

 
үздіксіз  көптілді  білім  беру  субъектілерінің  өзара  әрекетінің 
ұйымдастыру-педагогикалық  шарттарының  мәні  «мектеп-жоо»  жүйесінде 
көптілді  білім  берудің  сабақтастық  қағидасын  іске  асырумен  байланысты 
педагогикалық  мақсаттарға  қол  жеткізуге  бағытталған  көпдеңгейлі 
кешендердің  (білім беру  жүйесінде оқытудың  дидактикалық  бірлігінен бастап 
басқару құрылымына дейін) табиғи жиынтығы ретінде анықталды;  

 
«мектеп-жоо» жүйесінде көптілді білім берудің сабақтастық қағидасын 
іске асыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар кешені дайындалды. 
Зерттеу қорытындыларын ҚР ЖОО-да және мектептерінде тілдерді (қазақ, 
орыс, ағылшын) оқытудың сабақтастығын қамтамасыз ету мақсатында қолдану 
ұсынылады,  себебі  жобаның  нәтижелері  көптілді  білім  беру  жүйесін 

41 
 
жетілдіруге  бағытталған,  себебі  ғылыми-әдістемелік ұсыныстар  көптілді білім 
беру  бағдарламасын  жүзеге  асыратын  ЖОО  және  мектеп  басшылары,  ЖОО 
ғылыми-әдістемелік  және  оқу-әдістемелік  қызметтерінің,  білім  беру 
органдарының,  мектептердің  (ғылыми-әдістемелік  кеңестер,  мұғалімдердің 
әдістемелік  бірлестіктері  және  т.б.)  басшылары,  ЖОО  оқытушылары  мен 
мектеп мұғалімдері ретіндегі мақсатты адресаты болады. 
6.2 
зерттеулерінің қорытындысы бойынша жарық көрді:  

 
ғылыми-әдістемелік  құрал  «Английский  алфавит  в  картинках  для 
начальной школы» (Караганда, Изд-во КарГУ, 2015 - 138с.); 

 
ғылыми-әдістемелік құрал «Словарь в картинках для начальной школы 
«(Караганда, Изд-во КарГУ, 2015 - 146с.); 

 
ғылыми-әдістемелік  құрал  «Английская  грамматика  в  картинках  для 
начальной школы» (Караганда, Изд-во КарГУ, 2015 - 92с.): 

 
Қарағанды  қаласы  бастауыш  мектептеріне  арналған  ағылшын  тілінен 
ОӘК пайдалану бойынша әдістемелік құрал (ҚарМУ баспасы, 2016 – 26 б.); 

 
интерактивті тақтаны пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар  
«Английский язык для учащихся младших классов»; 

 
ағылшын  тілінен  5-6  жастағы  балаларға  арналған  дамыта  оқыту 
бағдарламаларын  пайдалану  бойынша  әдістемелік  ұсыныстар  «English with 
Sheep Lamby»; 

 
сондай-ақ «Методика раннего обучения иностранным языкам». 
Зерттеу  нәтижелері  мектептер  және  бала-бақшалар  желісі,  атап  айтқанда 
Қарағанды қаласындағы  №77  жалпы білім беретін  мектеп-бала-бақша  кешені, 
№3 гимназиясы, №16 «Алтынай» бала-бақшасы масштабында енгізілді. 
 
Зерттеулердің жаңалығы төмендегілермен анықталады: 

 
Қазақстандағы мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында 
шетел тілдерін ерте жастан оқытудың ағымдағы жағдайы зерттелді; 

 
шетел тілдерін ерте жастан оқытудың шетелдік тәжірибесі зерттелді; 

 
шетел  тілдерін  ерте  жастан  оқытуды  енгізудің  ұйымдастырушылық-
педагогикалық шарттары дайындалды; 

 
шетел тілдерін ерте жастан оқыту тұжырымдамасы дайындалды; 

 
шетел тілдерін ерте жастан оқытуды 1-кезеңде (шетел тілдерін мектепке 
дейін оқыту) іске асыруды дидактикалық қамтамасыз ету ретінде 5-6 жастағы 
балалар  үшін  «English  with  Sheep  Lamby»  ағылшын  тілін  дамыта  оқыту 
бағдарламасы  дайындалды.  Бұл  бағдарлама  5-6  жастағы  балалар  үшін  ұлттық 
контент,  ҚР  мектепке  дейінгі  білім  беру  ұйымдарының  басқа  «пәндік 
бағдарламаларымен»  байланыс  және  мектепке  дейінгі  және  кіші  мектеп 
жасындағы  балаларды  шетел  тіліне  оқытудағы  сабақтастық  қағидалары 
ескеріле  отырып  дайындалды,  ол  осы  жастағы  балалар  үшін  өзекті  болып 
табылатын  қызмет  түрлерін  ұйымдастыруға  негізделген  коммуникативтік 
тапсырмалар  жүйесінен  тұратын  оқытуда  тұлғалық-қызметтік  және 
коммуникативтік-құзыреттілік  тәсілдерді  ескере  отырып,  шетел  тілдерін  ерте 
жастан  оқыту  саласындағы  қазіргі  зерттеулерге  негізделген  және  оқу 
сабақтарын ойын сюжеті түрінде құру көзделген. 

42 
 
Зерттеу  нәтижелерін  әдістемелік  сауатты  ұйымдастыру  мектепке  дейінгі 
беру  ұйымдарында  және  бастауыш  мектепте  ағылшын  тілін  ерте  жастан 
оқытуды дидактикалық қамтамасыз етуді жетілдіру үшін қолдану ұсынылады, 
себебі зерттеу нәтижелерін қолдану ағылшын тілін ерте жастан оқыту процесін 
әдістемелік  сауатты  ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.  Ұсынылған 
дидактикалық  бірліктер  үшін  оларды  қолдану  жөніндегі  тиісті  әдістемелік 
ұсыныстар берілген.  
6.3 
зерттеулерінің қорытындысы бойынша жарық көрді:  
–  «
Иностранный  язык  для  технических  специальностей  колледжей» 
пәнінің ОӘК; 

 
«
Основы 
научно-технического 
перевода 
для 
технических 
специальностей колледжей» пәнінің ОӘК; 

 
«
Профессионально-ориентированный 
иностранный 
язык 
для 
технических специальностей вузов» пәнінің ОӘК; 

 
«
Техника перевода научно-технической литературы» пәнінің ОӘК; 

 
«
Академический  иностранный  язык  для  технических  специальностей 
вузов» пәнінің ОӘК; 

 
«
Иностранный  язык  для  технических  специальностей  колледжей» 
пәнінің типтік оқу бағдарламасы; 

 
«
Основы 
научно-технического 
перевода 
для 
технических 
специальностей колледжей» пәнінің типтік оқу бағдарламасы; 

 
«
Профессионально-ориентированный 
иностранный 
язык 
для 
технических специальностей вузов» пәнінің типтік оқу бағдарламасы; 

 
«
Техника перевода научно-технической литературы» пәнінің типтік оқу 
бағдарламасы; 

 
«
Академический  иностранный  язык  для  технических  специальностей 
вузов» пәнінің типтік оқу бағдарламасы. 
Зерттеу нәтижелері Саран гуманитарлық-техникалық колледжінің 
масштабында енгізілді (Саран қ., Қарағанды облысы). 
Зерттеулердің жаңалығы төмендегілермен анықталады: 

 
инженер кадрлардың үздіксіз тілдік дайындығының құрылымы көптілді 
білім  беруге  көшуді  ескере  отырып,  теориялық  тұрғыдан  негізделді,  бұл 
зерттеудің  келесі  кезеңінде  оның  жаңа  мазмұнын  құрылымдауға  мүмкіндік 
береді; 

 
инженер  кадрлардың  үздіксіз  тілдік  дайындығының  бойынша 
мақсаттары,  міндеттері,  мазмұны,  әдістері,  қағидалары  кіріктірілген  және 
деңгейлер  бойынша  сараланған  инженер  кадрлардың  үздіксіз  тілдік 
дайындығының  теориялық  моделі  әзірленді,  ол  инженер  кадрларды  «ЖОО-
колледж» жүйесінде үздіксіз тілдік дайындау проблемасын одан әрі зерттеудің 
бастапқы ұстанымын анықтауға мүмкіндік береді; 

 
ҚР инженер кадрлардың үздіксіз тілдік дайындығының тұжырымдамасы 
әзірленді,  ол  осы  дайындықтың  құрылымын  және  мазмұнын  тұжырымды 
негіздеуге  және  инженерлік  білім  беруді  халықаралық  стандарттарына  сәйкес 
диверсификациялаудың механизмін қамтамасыз етуге бағытталған;  

43 
 

 
ҚР  ЖОО-да  және  колледждерінде  инженер  кадрлардың  тілдік 
дайындығының  жаңа  мазмұны  жобаланды;  «Иностранный  язык  для 
технических  специальностей  колледжей»,  "Основы  научно-технического 
перевода  для  технических  специальностей  колледжей",  "Профессионально-
ориентированный  иностранный  язык  для  технических  специальностей  вузов", 
"Техника  перевода  научно-технической  литературы",  "Академический 
иностранный  язык  для  технических  специальностей  вузов"  жаңа  пәндерінің 
типтік  оқу  бағдарламалары  мен  ОӘК  халықаралық  еңбек  нарығының 
талаптарына  сәйкес  инженер  кадрлардың  тиісті  құзыреттіліктерін 
қалыптастыруға бағытталған. Аталған пәндерді оқыту болашақ инженерлердің 
академиялық  ұтқырлығын  арттыратын,  колледждер  мен  ЖОО  түлектерінің 
мансабының  өсуіне  ықпал  ететін  тілдік  дайындығын  жетілдіруге,  олардың 
мүмкіндік береді. 
Зерттеу  нәтижелерін  ЖОО  және  колледждерде  қолдану  техникалық 
мамандықтарда  білім  алушылардың  тілдік  дайындығын  жетілдіру  және 
колледждер мен ЖОО (ағылшын тілін оқыту) арасындағы тілдік дайындықтың 
сабақтастығын  қамтамасыз  ету  үшін  ұсынылады,  себебі  бүгінгі  таңда 
Қазақстанда  көптілді  білім  берудің  өзіндік  жүйесі  қалыптасқан,  ол 
қазақстандық  жоғары  оқу  орындарында  инженерлік  білім  беру  мәнмәтінінде 
ағылшын  тілін  оқытуды  ерекше  өзекті  етеді.  Бұл  Болон  процесінің 
параметрлерін енгізумен, инженерлік мамандықты халықаралық деңгейде тану 
мен  жоғары  білім  беру  сапасының  ішкі  және  сыртқы  кепілдігінің  ұлттық 
жүйесін  дамыту  міндеттерімен  байланысты.  Инженерлік  білім  беру  аспектісі 
ғана  Қазақстан  Республикасы  Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.  Назарбаевтың 
«
Қазақстан  -2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 
халыққа  Жолдауында:  «...  халықаралық  үлгідегі  куәліктер  беру  арқылы 
инженерлік  білім  беруді  және  заманауи  техникалық  мамандықтар  жүйесін 
дамытуды  қамтамасыз  ету»  атап  көрсетті,  сондай-ақ  жоғары  білім  берудегі 
әлемдік трендтермен белгіленді.  
Әлемдік  практикада  евроинженер  дайындаудың  ең  үздік  тәжірибесінің 
арақатынасын  инженерлік  білім  берудің  Еуропалық  стандарттарына  сәйкес 
орнатылатыны  белгілі.  Қазақстан  үшін  оқушылар  мен  ЖОО  студенттеріне 
шетел  тілдерін,  бірінші  кезекте  ағылшын  тілін  оқыту  арқылы  ғана  осы 
стандарттардың деңгейлеріне шығу мүмкін.  
  
7. 
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
18
 
Осы  университет  базасында  Нурсеитова  Әлия  Қасымжанқызының 
жетекшілігімен  «Орыс  тілі  сабақтарында  көптілді  студент  тұлғасының 
коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру» атты жоба орындалды. 
Зерттеу нәтижелері бойынша жарық көрді:  

 
«Русский  язык».  Уровень  В2  оқу-әдістемелік  құрал  (ИОЦ  "Білім 
орталығы" КГУ им.А.Батурсынова. Костанай, 2013); 
                                                 
18
 
Алынған ақпаратқа жауаптының ТАӘ – Нурсеитова Алия Касымжановна 
Растайтын уәкілетті тұлғаның ТАӘ – Исмаилов Арман Оразалиевич 

44 
 

 
«Культура русской речи» әдістемелік ұсыныстар (Костанай, 2015г.). 
Зерттеу  нәтижелері  А.Байтұрсынов  атындағы  Қостанай  мемлекеттік 
университеті масштабында енгізілді. 
Зерттеу  нәтижелерінің  жаңалығы  –  тілдік  пәндер  бойынша  ОӘК 
үйлестіруін  анықтауда,  қазақ,  орыс,  ағылшын  тілдері  арасындағы  пәнаралық 
байланыстарды анықтауда. 
Зерттеу  нәтижелерін  «Русский  язык»  пәнін  тілдік  емес  мамандықтардың 
студенттерінің  аудиториясында  оқыту  үшін  қолдану,  себебі  қазақ  тобы 
студентінің  орыс  тілі  сабақтарында  көптілді  тұлғаның  коммуникативтік 
құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдарын айқындау қажеттілігі бар.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет