Жоғары оқу орнында
көптілді білім беруді ұйымдастыру туралы
ЕРЕЖЕ
з.ғ.д., профессор Е.К.Кубеевтің редакциясымен
Қарағанды 2014
Құрастырушылар
Гаголина С.В.
оқу-әдістемелік басқармасының бастығы, биология
ғылымдарының кандидаты, доцент
Жетпісбаева Б.А.
шетел тілдері факультетінің деканы, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор
Ақбаева Г.Н.
ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының
меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
Шайхызада Ж.Г.
шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, білім
магистрі
Осы Ережеде жоғары оқу орны жағдайында көптілді білім беруді
ұйымдастырудың негізгі принциптері мен қағидалары баяндалған. Көптілді
білім беруді жүзеге асыруға қатысатын университет бөлімшелерінің барлығына
арналған.
75
Кіріспе
Осы Ереже Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан
Республикасында көптілді білім беруді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес
құрастырылған.
Аталмыш Ереженің мақсаты жоғары оқу орнында көптілді білім беруді
енгізу және дамыту үдерісін реттемелеу және басқару болып табылады.
Берілген құжат Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік
Университетінде көптілді білім беруді енгізудің сәтті тәжірибесі негізінде
әзірленген көптілді білім беру жағдайында оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі
принциптері мен қағидаларын қамтиды.
Әзірленген Ереже көптілді білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға
қатысатын жоғары оқу орындары бөлімшелерінің барлығына арналған.
1 Жалпы ережелер
1.1 Көптілді білім беру – бұл үш немесе одан да көп тілді қатарласа меңгеру
негізінде көптілді тұлға қалыптастырудың мақсатты үдерісі.
1.2
Көптілді тұлға – бірнеше тілдердің иесі: ана тілінің; өмір сүріп отырған
қоғамда пайдаланылатын тілдердің; бір немесе одан да көп шетел тілдерінің.
1.3
Көптілді білім беруді дамыту Тұжырымдамасы – оқу орындарының әр
түрлерінде көптілді білім беру идеясын, сонымен қатар оның дамуының негізгі
кезеңдері мен бағытын жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық, теориялық-
әдіснамалық,
ғылыми-әдістемелік
және
оқу-ұйымдастырушылық
қамтамасыздандыруды анықтайтын көзқарастар жүйесі.
1.4
Жоғары оқу орнында көптілді білім беру жағдайында оқу үрдісін
ұйымдастыру нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес іске асырылады:
жоғары оқу орнында көптілді білім беруді ұйымдастыру туралы Ереже, жоғары
оқу орнында көптілді білім беруді енгізу Бағдарламасы, қазақ тілінен Типтік
оқу бағдарламасы, орыс тілінен Типтік оқу бағдарламасы, көптілді білім беру
мамандықтарына арналған ағылшын тілінің базалық курсы бойынша Типтік
оқу бағдарламасы.
1.5
Көптілді білім беруді ұйымдастырудың негізгі принциптері үздіксіздік
принципі және «білімнің екі жақты енуі» принципі болып табылады. Бірінші
принципке сәйкес тілдер жоғары оқу орнының студенттерімен барлық оқу
курсы бойы меңгеріледі (төрт жыл). Екінші принципке сәйкес – тілдерді
қосарлы оқу және игеру тілдік пәндерді оқудың көмегімен және арнайы
пәндерді оқыту тілі арқылы іске асырылады.
1.6 Тілді меңгеру деңгейі – үйрету және оқу қызметтерінің өзара
әрекеттесу нәтижесі ретінде оқып отырған тілді меңгерудің коммуникативтік-
сөйлеу біліктерінің соңғы жиынтығы.
1.7
Оқу мерзімі, несиелер көлемі және қазақ, орыс және ағылшын тілдерін
оқыту бағдарламаларының мазмұны жоғарыда аталған тілдер бойынша көптілді
76
білім беру мамандықтарына арналған Типтік оқу бағдарламаларымен
анықталады.
1.8
Оқу мерзімі, несиелер көлемі және қазақ, орыс және ағылшын тілдерін
оқыту бағдарламаларының мазмұны тілге жатыққандық деңгейіне, болашақ
кәсіби қызметі саласында, сонымен қатар білімгерлер тұратын аймақтарда
тиімді байланысты жүзеге асыру үшін тілді меңгерудегі білімгерлердің
қажеттілігіне байланысты өзгереді және анықталады.
1.9
Көптілді білім беру Бағдарламасы университеттің тек күндізгі оқу
бөлімінде ғана жүзеге асырылады.
1.10
Жоғары оқу орнында көптілді мамандар даярлау: білім беру,
жаратылыстану-ғылыми мамандықтар және техникалық мамандықтар бағыты
бойынша жүзеге асырылады.
1.11
Жоғары оқу орнында көптілді білім беру процессін басқару көптілді
білім беруді дамыту Орталығымен жүзеге асырылады.
1.12
Көптілді білім беру бағдарламасы аясында оқу үрдісін
ұйымдастыруды және оның сапасын бақылауды көптілді білім беру
мамандықтарының студенттерін дайындауды және бітіртіп шығаруды жүзеге
асыратын тиісті оқу-әдістемелік бөлімшелер, деканаттар мен кафедралар,
студенттердің тілдік дайындығын қамтамасыз ететін факультетаралық тілдік
кафедралар жүзеге асырады.
2 Көптілді білім беру бағдарламасы аясында оқу үрдісін
ұйымдастыруды жүзеге асыратын бөлімшелер қызметі
Көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруға
келесі ЖОО бөлімшелері қатыса алады: оқу-әдістемелік басқарма (бөлім),
деканаттар, кафедралар, көптілді білім беруді дамыту Орталығы.
2.1 Оқу-әдістемелік басқарма (бөлім) мыналарды жүзеге асырады:
−
көптілді білім беру мамандықтарының білім беру бағдарламасын
құрастыруды бақылау;
−
студенттерді көптілді білім беру топтарына қабылдау, сонымен қатар
қосымша қабылдау, деканатпен, түлектер шығаратын кафедралармен және
тілдік кафедралармен алдын-ала келісім негізінде студенттерді ауыстыру және
оқудан шығару;
−
көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісін
ұйымдастырудың сапа мониторингі, көптілді білім беру бағдарламасы
мазмұнының сапасы, сонымен қатар ағылшын тілінде оқытылатын тілдік
пәндерді, базалық және кәсіптендіру пәндерін оқыту сапасы.
2.2 Көптілді білім беру мамандықтарының студенттерін дайындауды және
бітіртіп шығаруды жүзеге асыратын деканаттар мен кафедралар қызметіне
төмендегілер кіреді:
−
көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыруда
ұсынылған талаптарға сәйкес көптілді білім беру мамандықтарының білім беру
бағдарламаларын құрастыру;
77
−
көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқу мүмкіндіктері туралы
студенттерге ақпарат беру;
−
тілді меңгеру деңгейін анықтауға арналған іріктеме тестілеуге
студенттердің қатысуын қамтамасыздандыру;
−
іріктеме тестілеу нәтижелері бойынша мамандықтар тұрғысында
көптілді білім беру топтарын құру;
−
көптілді білім беру мамандықтарына оқу-әдістемелік сүйемелдеуді
құрастыру: ағылшын тілінде базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша ОӘК,
ағылшын тілінде базалық және кәсіптендіру пәндері бойынша электрондық
дәрістер мен мультимедиялық көрсетілімдер жасау, ағылшын тілінде, соның
ішінде электрондық тасымалдаушыларда оқулықтар мен оқу құралдарын
әзірлеу, тест тапсырмаларын құрастыру және т.с.с.;
−
оқытушыларға ұсынылатын талаптарға сәйкес ағылшын тілінде
оқытылатын базалық және кәсіптендіру пәндерін кадрлық қамсыздандыру.
2.3 Қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша студенттердің
дайындығын қамтамасыз ететін факультетаралық тілдік кафедралар мыналарды
жүзеге асырады:
−
қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін анықтау үшін
студенттерді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу мен тілдерді меңгеру
деңгейіне қойылатын талаптарға сәйкес тестілеу нәтижелері негізінде
студенттерді көптілді білім беру топтарына іріктеу;
−
студенттердің
тілдік
дайындық
үдерістерін
оқу-әдістемелік
сүйемелдеу: тілдік пәндер бойынша ОӘК құрастыру, оқу-әдістемелік
құралдарды әзірлеу, соның ішінде электрондық тасымалдаушыларда,
мультимедиялық көрсетілімдер, тест тапсырмаларын жасау және т.с.с.
2.4 Көптілді білім беруді дамыту Орталығы мыналарды біріктіреді:
−
көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер іс-
әрекеті нәтижелерінің мониторингі;
−
көптілді білім берудің білім бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша
оқытушылардың оқу-әдістемелік әрекеті нәтижелерінің мониторингі;
−
жоғары оқу орнында көптілді білім беруді ұймдастыру бойынша оқу
семинарларын өткізу.
3 Көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісін
ұйымдастыру
3.1 Көптілді білім беруді ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады: алғашқы
кезең, тілдік дайындық кезеңі және негізгі кезең.
3.1.1 Алғашқы кезең көптілді білім беру бағдарламасына қатысу үшін
студенттер мен оқытушыларды іріктеуді қамтиды.
Көптілді білім беру топтарына қабылдау үшін студенттерді іріктеу қазақ,
орыс және ағылшын тілдерін оқыту деңгейлерінің диагностикасы негізінде
бірінші курс студенттер санынан жүзеге асырылады.
Қазақ тілінде білім алатын студенттердің орыс және ағылшын тілдері
бойынша білімі тексеріледі.
78
Орыс тілінде білім алатын студенттердің қазақ және ағылшын тілдері
бойынша білімі тексеріледі.
Көптілді білім беру топтарын құру лексико-грамматикалық тестілеу және
оқылымнан тұратын екі кезеңнің іріктеу нәтижелері бойынша 1 семестрдің оқу
сабақтары басталмас бұрын бағдарлау аптасында жүзеге асырылады.
Көптілді білім беру топтарына қабылдауға А1 немесе А2 деңгейлеріне
сәйкес қазақ/орыс және ағылшын тілдері білімі бойынша іріктемеден сәтті
өткен студенттер жіберіледі.
Еуропалық стандарттың В2-С1 деңгейіне сәйкес ағылшын тілінен білімі
бар оқытушылардың ағылшын тілінде базалық және кәсіптендіру пәндерін
оқыту құқығы бар. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі тиісті халықаралық
деңгейдегі (IELTS, TOEFL) сертификаттың және «Шетел тілі: екі шетел
тілінен» (ағылшын тілі) екінші мамандық алғаныдығы туралы дипломның
болуымен расталуы қажет.
3.1.2 Тілдік дайындық кезеңі мыналарды қамтиды:
•
Студенттердің қазақ/орыс тілін оқуы.
Оқу мерзімі, несиелер көлемі және қазақ/орыс тілін оқыту
бағдарламасының мазмұны білімгерлердің тілдерді меңгеру деңгейлеріне
байланысты анықталады.
Қазақ/орыс тілін оқыту «Қазақ тілі», «Орыс тілі» міндетті компоненттері
пәндері шегінде, сонымен қатар қазақ/орыс тілінде «Қазақстан тарихы» пәнін
оқыту есебінен және қажеттіліктер кезінде қосымша несиелер есебінен жүзеге
асырылады (таңдау бойынша модульдің қосымша несиелері немесе оқытудың
қосымша түрлері).
•
Ағылшын тілін тереңдете оқыту оқудың алғашқы үш жылы ішінде
міндетті модуль және оқу жоспарының жоғары оқу орны компоненті есебінен
жүзеге асырылады (таңдау бойынша модульдің қосымша несиелері немесе
оқытудың қосымша түрлері).
Оқу мерзімі, несиелер көлемі және ағылшын тілін оқыту бағдарламасының
мазмұны тілдік емес мамандықтарға араналған «Шетел тілі» пәні бойынша
Типтік бағдарламамен және көптілді білім беру мамандықтарына арналған
ағылшын тілінің базалық курсы бойынша Типтік оқу бағдарламасымен
анықталады.
Ағылшын тілі бойынша (А1 немесе А2 деңгейі) студенттер білімінің
бастапқы деңгейіне байланысты көптілді білім беру топтарында оқу келесі
түрде сараланады:
А1 бастапқы деңгейі бар студенттер үшін
1-
2 семестр - А1-А2-В1 деңгейлері
3-
4 семестр- В1-В2 деңгейлері
А2 бастапқы деңгейі бар студенттер үшін
1-
2 семестр - А2-В1 деңгейлері
3-
4 семестр- В1-В2 деңгейлері
79
А1 бастапқы деңгейі бар студенттердің қажетті тілдік деңгейлерді сәтті
меңгерулері үшін ағылшын тілін оқуға «Ағылшын тілінің базалық курсы (А1-
А2-В1 деңгейлері)» пәні шегінде қосымша 2 несие ұсынылады.
Ағылшын тілін оқу жоспары төмендегі пәндер шегінде жүзеге асырылады:
1) бірінші және екінші семестрлерде 6 несие көлеміндегі міндетті модуль
«Шетел тілі» пәнін оқыту шегінде және 8 несие көлеміндегі таңдау бойынша
модулі «Ағылшын тілінің базалық курсы (А1-А2-В1 деңгейлері)»/ 6 несие
көлеміндегі таңдау бойынша модулі «Ағылшын тілінің базалық курсы (А2-В1
деңгейлері)» пәндері.
«Ағылшын тілінің базалық курсы (А1-А2-В1 деңгейлері)»/«Ағылшын
тілінің базалық курсы (А2-В1 деңгейлері)» пәндері міндетті модуль «Шетел
тілі» пәнінің логикалық жалғасы болып табылады және бақылаудың жеке
түрлері жоқ. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаулар тек «Шетел тілі»
пәні аясында жүзеге асырылады.
2) үшінші және төртінші семестрлерде әр семестрге сәйкес 3 несие
көлемінде міндетті модуль «Ағылшын тілінің базалық курсы (В1-В2
деңгейлері)» пәнін оқыту шегінде;
«Ағылшын тілінің базалық курсы (В1-В2 деңгейлері)» пәні өзінің
мақсатты нұсқауы деп ағылшын тілінде базалық және кәсіптендіру пәндерін
оқытуда студенттерді дайындауды қарастырады. Курстың мақсаты – жалпы
басқа тілдік құзыреттілікті және кәсіби-коммуникативтік құзыреттілікті дамыту
–
мәдениетаралық кәсіби қарым-қатынас жағдайында ағылшын тілінде
сұхбаттаса білу қабілетін жетілдіру.
3) бесінші семестрде 2 несие көлемінде «Кәсіби бағытталған шетел тілі»
(С1 деңгейі) пәнін оқыту шегінде;
«Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәні мамандықтың пәндік саласын шетел
тілінде оқытуды ұйғарады.
Пәнді оқу барысында студент ағылшын тілінде мамандық бойынша
мәтіндермен жұмыс жасау дағдылары мен іскерліктерін; ағылшын тіліндегі
кәсіби
терминологияны;
ғылыми-техникалық
әдебиетпен
және
терминологиялық сөздіктермен жұмыс тәсілдерін; екіжақты ауызша және
жазбаша аударма дағдылары мен іскерліктерін; кәсіби қарым-қатынас
жағдаяттарында алған білімдерін қолдана алу біліктерін меңгереді.
3.1.3
Негізгі кезеңді қазақ/орыс және ағылшын тілдерінде базалық және
кәсіби пәндерді оқыту жүзеге асырылатын оқудың үшінші және төртінші
курстары қамтиды.
Оқудың үшінші курсында педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына
2 несие көлемінде «Базалық (кәсіптендіру) пәндерді ағылшын тілінде оқыту
әдістемесі» пәнін енгізу ұсынылады.
«Базалық (кәсіптендіру) пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі» пәні
студенттердің ағылшын тілінде базалық (кәсіптендіру) пәндерді оқыту
ерекшеліктерімен танысуына және көптілді білім беру дәрісханасында қажетті
әдістер мен тәсілдерді меңгеруіне бағытталған. Аталмыш пәнді оқыту ағылшын
тілінде базалық және кәсіптендіру пәндерін оқыту ерекшеліктерін ашуды,
80
оқыту әдістемесімен, ағылшын тілінде базалық және кәсіптендіру пәндері
бойынша сабақтарды ұйымдастыру түрлерімен танысуды, сонымен қатар оқу-
әдістемелік матеиалдарды құрастырудың іскерліктері мен дағдыларын
қалыптастыру мақсатында ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс
тәсілдерін үйретуді, шетел тілінде базалық (кәсіптендіру) пәндерін оқытудың
негізгі принциптеріне қатысты мәселелерді талқылауды; оқытылатын пәндер
бойынша сабақтарды дидактикалық және техникалық қамсыздандыруды,
ағылшын тілінде базалық және кәсіптендіру пәндерін оқыту үрдісінде білім
беру стратегиясын құруды қарастырады.
Оқу жылының үшінші және төртінші курстарында ағылшын тілінде үш
немесе төрт базалық және кәсіптендіру пәндерін оқыту міндетті болып
табылады.
ЖОО қарастыруымен үшінші және төртінші курстарда таңдау бойынша
модульдің қосымша несие есебінен келесі пәндерді оқу ұсынылады: «Ағылшын
ғылыми-техникалық әдебиетті аудару теориясы мен практикасы», «Іскери
ағылшын тілі», «Академиялық мақсаттарға арналған ағылшын тілі»,
«Академиялық мақсаттарға арналған қазақ тілі», «Академиялық мақсаттарға
арналған орыс тілі». Сонымен қоса болашақ кәсіби қызмет саласында ағылшын
тілі бойынша студенттер білімін жетілдіруге бағытталған пәндерді оқу
ұсынылады, мысалы, «Кәсіби қызметтегі ағылшын тілі», «Химия факультетінің
студенттеріне арналған ағылшын тілі» және т.б.
3.2 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы
(СОӨЖ) көптілді білім беру бағдарламасы аясында аталған сабақ түрінің екі
түрін қарастырады:
1. СОӨЖ сабақтарын ұйымдастырудың консультациялық түрі - 1 және 2
курс.
СОӨЖ сабақтарын ұйымдастырудың аталмыш түрінде студент тілдік
пәндерді оқуда консультациялық көмек алады.
2.
СОӨЖ сабақтарын ұйымдастырудың креативті-практикалық түрі - 3
және 4 курс.
СОӨЖ ұйымдастырудың аталған түрі пікірталас және іскери ойындар
жүргізуді, тұрмыстық және кәсіби жағдаяттар мен міндеттерді (case study)
шешуді, тілдік пәндер аясында, сонымен қатар қазақ/орыс және ағылшын
тілдерінде оқытылатын базалық және кәсіптендіру пәндері аясында қазақ/орыс
және ағылшын тілдерінде жоба тапсырмаларын орындауды және қорғауды
қарастырады.
3.3 Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) көптілді білім беру бағдарламасы
аясында жеке тапсырмаларды орындау және тапсыру түрінде жүзеге
асырылады: презентация әзірлеу және қорғау, шығарма, эссе немесе жазбаша
жұмыстардың басқа түрлерін жазу, баяндаманы дайындау және ұсыну
мақсатында Ғаламтор және БАҚ дереккөздерінен ақпараттар іздеу, жобаны
дайындау және қорғау, қазақ/орыс және ағылшын тілдеріндегі электрондық
оқулықтар мен оқыту бағдарламаларының материалдары бойынша бақылау
және тестілеу тапсырмаларын орындау.
81
3.4 Педагогикалық мамандықтарға арналған көптілді білім беру
бағдарламасы аясындағы оқу тәжірибесі үш тілде оқытылатын
мамандандырылған мектептер мен қазақ-түрік лицейлерінің базасында
ұйымдастырылады, басқа мамандықтар үшін – кәсіби қазақ/орыс және
ағылшын тілдері білімін талап ететін мекемелер, ұйымдар және өндірістік
нысандар базасында.
4 Көптілді білім беру бағдарламасы аясында студенттер білімін
бақылау түрлері
4.1 Қазақ/орыс және ағылшын тілдері бойынша студенттер білімін
қорытынды бақылау көптілді білім беру мамандықтарының айқындалған оқу
жоспарының мерзімінде сөйлеу әрекетінің барлық түрі бойынша білімді,
іскерліктер мен дағдыларды бағалауды қарастыратын ауызша емтихан түрінде
жүзеге асырылады.
4.1.1 Қазақ/орыс және ағылшын тілдері бойынша ауызша емтихан мазмұны
және ұзақтығы көптілді білім беру мамандықтарына арналған Типтік оқу
бағдарламаларымен
анықталады
және
жоғарыда
көрсетілген
оқу
бағдарламаларында қарастырылған талаптармен студенттер білімінің сәйкестігі
айқындалады.
4.1.2 Ағылшын тілінен қорытынды бақылаудың мазмұны және ұзақтығы
тілдік емес мамандықтарға арналған «Шетел тілі» пәні бойынша Типтік
бағдарламамен және көптілді білім беру мамандықтарына арналған ағылшын
тілінің базалық курсы бойынша Типтік оқу бағдарламасымен анықталады.
Студенттер білімінің тағайындалған ағылшын тілін меңгеру деңгейіне
лайықтылығы еуропалық тілдік стандарт талаптарына сәйкес сөйлеу әрекетінің
төрт түрін бағалау жолымен айқындалады (тыңдалым, оқылым, айтылым және
жазылым).
4.2 Студенттердің дипломдық жұмыстары таңдау бойынша үш тілдің
бірінде (қазақ, орыс немесе ағылшын) жазылады, ағылшын тілінде қорғалады.
82
Б қосымшасы
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Мектепте
көптілді білім беруді ұйымдастыру туралы
ЕРЕЖЕ
Қарағанды 2014
83
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университетінің
ғылыми-әдістемелік кеңесімен ұсынылды
Құрастырушылар
Жетпісбаева Б.А.
шетел тілдері факультетінің деканы, педагогика
ғылымдарының докторы, профессор
Ақбаева Г.Н.
ағылшын тілі және лингводидактика кафедрасының
меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент
Шайхызада Ж.Г.
шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі, білім магистрі
Ашимов Е.М.
Н. Нұрмақов атындағы ОМИ директоры
Осы Ережеде мектеп жағдайында көптілді білім беруді ұйымдастырудың
негізгі принциптері мен қағидалары баяндалған. Көптілді білім беруді жүзеге
асыруға қатысатын мектептерге арналған.
84
Кіріспе
Осы Ереже Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасына және Қазақстан
Республикасында көптілді білім беруді дамыту Тұжырымдамасына сәйкес
құрастырылған.
Берілген құжат оқытуды үш тілде жүзеге асыратын Қарағанды қаласының
мамандандырылған мектептерінің тәжірибесі негізінде көптілді білім беру
бағдарламасы бойынша оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі принциптері мен
қағидаларын қамтиды (Қарағанды қаласының Н.Нұрмақов атындағы ОМИ
тәжірибесінде).
Аталмыш Ереженің мақсаты мектепте көптілді білім беруді енгізу және
дамыту үдерісін реттемелеу және басқару болып табылады.
Әзірленген Ереже көптілді білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруға
қатысатын мектептерге арналған.
1
Жалпы ережелер
1.1. Көптілді білім беру – бұл үш немесе одан да көп тілді қатарласа
меңгеру негізінде көптілді тұлға қалыптастырудың мақсатты үдерісі.
1.2 Көптілді тұлға – бірнеше тілдердің иесі: ана тілінің; өмір сүріп отырған
қоғамда пайдаланылатын тілдердің; бір немесе одан да көп шетел тілдерінің.
1.
3 Көптілді білім беруді дамыту Тұжырымдамасы – оқу орындарының әр
түрлерінде көптілді білім беру идеясын, сонымен қатар оның дамуының негізгі
кезеңдері мен бағытын жүзеге асырудың нормативтік-құқықтық, теориялық-
әдіснамалық,
ғылыми-әдістемелік
және
оқу-ұйымдастырушылық
қамтамасыздандыруды анықтайтын көзқарастар жүйесі.
1.4 Көптілді мектеп – (оның қазақстандық түсіндірмесінде) оқушыларды
үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуды жүзеге асыратын орта
білім беру мекемесі.
1.5 Мектепте көптілді білім беруді енгізу Қазақстан мектептерінде көптілді
білім беруді дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік
бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда (Астана, 2012).
1.6 Мектепте көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқушыларды
дайындау тереңдетілген тілдік дайындықты (қазақ, орыс және ағылшын
тілдерінде оқыту) және ағылшын тілінде жаратылыстану-математика пәндерін
оқытуды қамтиды.
1.7
Көптілді білім беруді ұйымдастырудың негізгі принциптері үздіксіздік
принципі және «білімнің екі жақты енуі» принципі болып табылады.
Бірінші принципке сәйкес тілдер мектеп оқушыларымен барлық оқу
мерзімі бойы меңгеріледі.
Екінші принципке сәйкес – тілдерді қосарлы оқу және игеру тілдік
пәндерді оқудың көмегімен және ағылшын тілінде жаратылыстану-математика
пәндерін оқыту арқылы іске асырылады.
85
1.8 Тілді меңгеру деңгейі – оқыту қызметтерінің өзара әрекеттесу нәтижесі
ретінде оқып отырған тілді меңгерудің коммуникативтік-сөйлеу іскерліктерінің
соңғы жиынтығы.
1.9 Көптілді білім беру бағдарламасы аясында оқу үрдісін ұйымдастыруды
және оның сапасын бақылауды тиісті мектептердің оқу-әдістемелік
бөлімшелері жүзеге асырады.
2 Көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісін
ұйымдастыру
2.1 Көптілді білім беруді ұйымдастыру үш кезеңнен тұрады: алғашқы
кезең, тілдік дайындық кезеңі және негізгі кезең.
2.1.1 Алғашқы кезең көптілді білім беру бағдарламасына қатысу үшін
оқушылар мен ұстаздарды іріктеуді қамтиды.
Көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқытуға арналған сыныптарға
іріктеу 4 сынып оқушылары санынан оқу жылының соңында 2 кезеңде жүзеге
асырылады.
Бірінші кезең – логикалық және математикалық тапсырмаларды қамтитын
тест, сонымен қатар оқушылар бойында аналитикалық ойлау іскерліктерін
анықтауға арналған жағдаятты тапсырмалар.
Екінші кезең – полилингвалдық және коммуникативтік қабілеттерді,
сонымен қатар мәдениаралық қарым-қатынас іскерліктерін анықтауға арналған
сұхбаттасу.
Көптілді білім беру бағдарламасы 5 сыныптан бастап жүзеге асырылады.
Тілдік құзыреттіліктің Жалпыеуропалық стандартының В2-С1 деңгейіне
сәйкес ағылшын тілі білімінің бағдары бойынша жоғары білім туралы дипломы
бар мұғалімдердің ағылшын тілінде пәндерді оқыту құқығы бар. Ағылшын
тілін меңгеру деңгейі тиісті халықаралық деңгейдегі (IELTS, TOEFL)
сертификаттың және «Шетел тілі: екі шетел тілінен» (ағылшын тілі) екінші
мамандық алғаныдығы туралы дипломның болуымен расталуы қажет.
2.1.2. Көптілді білім беру бағдарламасы аясында мектептегі тілдік
дайындық кезеңі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқытуды қамтиды:
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту оқу жоспарының міндетті және
вариативті блоктар есебінен жүзеге асырылады.
Тілдік дайындық кезеңін ұйымдастыру білімгерлердің оқу тілдері есебінен
жүзеге асырылады - қазақ немесе орыс. Оқу мерзімі, сағат көлемі және
қазақ/орыс тілін оқыту бағдарламасының мазмұны тілге жатыққандық
деңгейіне, тілді меңгерудегі тиімді байланысты жүзеге асыру үшін
білімгерлердің, сонымен қатар білімгерлер тұратын аймақтардың қажеттілігіне
байланысты мектеппен өзгертіледі және анықталады.
Қазақ тілін оқыту
Қазақ тілін оқыту оқу жоспарының міндетті блогы «Қазақ тілі» және
«Қазақ әдебиеті» пәндері шегінде 5 сыныптан 11 сынып аралығында жүзеге
асырылады.
86
Қазақ тілін оқыту қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін
мектептердің 5-11 сыныптар бағдарламасы негізінде орта білім берудің
жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Қазақ тілін меңгеруде бастапқы деңгейі төмен білімгерлер үшін «Қазақ
тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқумен қатар, 5 және 6 сыныптарда
аптасына 2 сағат көлемде қазақ тілінен бейімделу бағдарламасы ұсынылады.
Бейімделу бағдарламасы қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін
мектептердің бағдарламасы бойынша оны одан әрі оқытуға арналған қазақ тілін
меңгеру деңгейін теңестіруге бағытталған.
Қазақ тілі білімін одан әрі жетілдіру мақсатында оқу жоспарының келесі
вариативті блоктар пәндерін енгізу ұсынылады: 7 сынып - «Қазақ тілі - өнер
тілі», 8 сынып - «Қазақ тілі - ғылым тілі».
Бұдан басқа, мектептерге қазақ тілі мен әдебиеті, академиялық қазақ тілі
және т.б. бағыттар бойынша үйірмелер жұмысын ұйымдастыру ұсынылады.
Орыс тілін оқыту
Орыс тілін оқыту оқу жоспарының міндетті блогы «Орыс тілі» және «Орыс
әдебиеті» пәндері шегінде 5 сыныптан 11 сынып аралығында жүзеге
асырылады.
Орыс тілін оқыту орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің
5-
11 сыныптар бағдарламасы негізінде орта білім берудің жалпыға міндетті
мемлекеттік стандартына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Орыс тілін меңгеруде бастапқы деңгейі төмен білімгерлер үшін міндетті
блогтың «Орыс тілі» және «Орыс әдебиеті» пәндерін оқумен қатар, 5 және 6
сыныптарда аптасына 2 сағат көлемде орыс тілінен бейімделу бағдарламасы
бойынша оқытуды жүзеге асыру ұсынылады.
Бейімделу бағдарламасы орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін
мектептердің бағдарламасы бойынша оны одан әрі оқытуға арналған орыс тілін
меңгеру деңгейін теңестіруге бағытталған.
Бұдан басқа, орыс тілі білімін жетілдіру мақсатында 5 сыныптан 6 сынып
аралығында оқу жоспарының вариативті блогына орыс тілінде 1 сағат
көлемінде «Риторика» пәнін, сонымен қатар 7-9 сыныптарда «Практикум по
переводу» пәнін енгізу ұсынылады.
Ағылшын тілін оқыту оқу жоспарының міндетті блогы «Шетел тілі» пәні
шегінде 5 сыныптан 11 сынып аралығында жүзеге асырылады.
Ағылшын тілін оқыту жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сыныптар
бағдарламасы негізінде орта білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік
стандартына, Жалпыеуропалық тілдік құзыреттілік стандартына сәйкес жүзеге
асырылуы тиіс.
Ағылшын тілін оқыту үшін қазақстандық оқулықтармен қатар тиісті
деңгейдегі түпнұсқа британдық басылымдарды қолдану ұсынылады.
Ағылшын тілін оқыту бағдарламасының міндетті пәндерімен оқу
жоспарының вариативті блогының пәндерін қатарлас енгізу ұсынылады:
−
5-
7 сыныптарда аптасына 2 сағат көлемінде «Home reading/ Literature»
пәні. Пәнді оқу үдерісінде білімгерлер ағылшын тілінде түпнұсқалық әдебиетті
87
оқу дағдыларын жетілдіреді, сонымен қатар аналитикалық және сыни ойлау
дағдыларын дамытады. 5 сыныпта пәндерді оқытуды ағылшын тілінде
классикалық қысқа әңгімелер мен ертегілерді оқудан бастау ұсынылады.
−
8 сыныпта аптасына 2 сағат көлемінде «Елтану» пәні. Аталмыш пән
тілін оқып отырған ел туралы фондық білімді меңгеруге мүмкіндік береді:
физикалық және экономикалық географиясы туралы, саяси құрылымы туралы,
тұрмыс-салты жайында, сонымен қатар тілін оқып отырған елдің мәдениеті
туралы.
−
9 сыныпта 2 сағат көлемінде «Linguistic capital» пәні. Аталмыш пән
фонетикалық, орфографиялық, лексикалық және грамматикалық дағдыларды
жетілдіруге бағытталған
−
10-
11 сыныптарда аптасына 1 сағат көлемінде «Business English» және
«Ready for IELTS» пәндері.
Білімгерлер «Business English» пәнін оқу процесінде қарым-қатынастың
іскери саласында коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын жетілдіруге
жалпы мүмкіндік беретін іскерлік этикет және мәдениаралық коммуникация
ережелерімен танысады.
«Ready for IELTS» пәні аясында білімгерлер өз кезегінде отандық және
шетелдік ЖОО-да әрі қарай оқуға арналған ағылшын тілінен халықаралық
емтиханды сәтті тапсыруға үмкіндік беретін тыңдалым, жазылым, оқылым,
және айтылым дағдыларын жетілдіреді.
Жалпы, оқу жоспарының вариативті блок пәндері коммуникативтік
дағдыларымен қатар білімгерлердің қосымша дағдыларын дамытуға мүмкіндік
береді.
2.1.3
. Негізгі кезең тілдерді оқу және ағылшын тілінде жаратылыстану-
математика пәндерін оқыту саласында білімін жетілдіруді қамтиды. Ағылшын
тілінде жаратылыстану-математика пәндерін оқу 6 сыныптан бастап 11 сынып
аралығында кезең бойынша енгізіледі.
Жаратылыстану-математика пәндерін оқытудың бірінші жылы сол пәнді
қазақ/орыс тілінде оқуды және 6 сыныптан бастап ағылшын тілінде тиісті пән
бойынша терминологияны оқытуды қамтиды.
Терминологияны оқытуға аптасына 1 сағат бөлу ұсынылады. Негізгі
оқулықтармен қатар тиісті деңгейге сәйкес үштілді терминологиялық
сөздіктерді қолдану ұсынылады («Study of life», «Basic Maths for beginners»,
«First step to Рhysics»).
Білімгерлердің жаратылыстану-математика пәндерін оқудың екінші және
кейінгі жылдарында оқыту ҚР МЖМБС сәйкес оқу жоспарына аталған
пәндерді енгізуге қарай ағылшын тілінде жүзеге асырылады. Бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру. Негізгі ережелер (Астана, 2011).
Пәндерді таңдауды және оларды ағылшын тілінде оқыту реттілігін мектеп
анықтайды.
6 сыныпта қоғамдық-экономикалық пәндер оқытылады: математика,
биология, география және физика бойынша терминология. Терминологияны
оқытуға аптасына 1 сағат бөлінеді, оқу үрдісінде «Study of life», «Basic Maths
88
for beginners», «First step to Рhysics» сияқты үштілді терминологиялық сөздіктер
қолданылады.
Ағылшын тілінде оқытылатын пәндерге арналған база 7 сыныпта
екіжылдық тілдік даярлық, сонымен қатар 6 сынып бойы терминологияны
оқыту болып табылады.
2.2 Көптілді білім беру бағдарламасы аясында мұғалімнің жетекшілігімен
білімгерлердің сабақтан тыс жұмысы ағылшын тілінде оқытылатын
жаратылыстану-математика пәндерінен терминологияны меңгеру бойынша
факультативтік курстарға баруды қарастырады.
3 Көптілді білім беру бағдарламасы аясында оқушылар білімін
бақылау түрлері
Қалдық білімді тексеру, сонымен қатар өсу динамикасын байқау
мақсатында бақылау жұмыстарын жүйелі өткізу ұсынылады. Білімді тексеруді
әр тоқсанда ағылшын тілінде оқытылатын пәндердің сұрақтарын қамтитын
кешенді тестілеу түрінде жүргізу қажет. Тестілеудегі пәндер саны көптілді
білім беру сыныптары оқушыларының білім деңгейлеріне және оқу
жоспарының оқытылатын пәндер есебінен 4 пәннен 6 пәнге дейін түрленуі
мүмкін.
Қазақ/орыс/ағылшын тілі бойынша және жаратылыстану-математика
пәндері бойынша емтихан өткізу түрін мектеп анықтайды.
Ағылшын тілінен емтиханды сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым,
оқылым, айтылым және жазылым) бойынша ауызша түрде немесе жазбаша
түрде (эссе жазу) өткізу ұсынылады.
Ағылшын тілінде оқытылатын жаратылыстану-математика пәндері
бойынша емтиханды кешенді тестілеу түрінде өткізу ұсынылады.
Көптілді білім беру бағдарламасы аясында білімгерлерді оқыту үдерісінде
мектеп әкімшіліктеріне бақылау срезі түрінде жоспарлы мониторинг бақылау
өткізу ұсынылады.
89
В қосымшасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
БЕКІТІЛГЕН
ҚарМУ Ғылыми Кеңесі
«_28_» тамыз 2008 ж.
Ғылыми Кеңес төрағасы
___________Е.Қ.Көбеев
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде көптілді білім
беруді енгізудің 2008-2012 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Қарағанды
2008
90
Осы бағдарлама академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да эксперимент
түрінде көптілді білім беруді енгізуді реттейді және оның нормативтік-
құқықтық, теориялық-әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік, оқу-ұйымдастыру
тұрғысынан қамтамасыз етілуін анықтайды.
Құрастырушылар:
Е.Қ.Көбеев - Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ректоры,
профессор, ЖМХҒА академигі
Р.М.Жұмашев - бірінші проректор, профессор
Б.А.Жетпісбаева - шетел тілдері факультетінің деканы, п.ғ.к.,
доцент
Д.Н.Асанова - шетел тілдері факультетінің оқу ісі жөніндегі орынбасары,
п.ғ.к., доцент
91
Кіріспе
Нарықтық экономика және ақпараттық технология дамыған қазіргі
жағдайда қоғамның байлығы ретінде экономикалық және әлеуметтік прогрестің
негізгі стратегиялық факторы болып есептелетін қорлар аталады. Осы
міндеттерді орындауда тұлғаның шығармашылық әлеуетті арттыруға мүмкіндік
беретін тілдік білім беру маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаев білім беру жүйесінің
алдына бірнеше тіл меңгерген, бәсекеге қабілетті маман даярлау міндетін
қойып отыр. Президенттің Жолдауында «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын
жүзеге асыру ұсынылған, оған сәйкес үш тілдің – мемлекеттік тіл ретінде қазақ
тілінің, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілінің және әлемдік экономикаға
үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілінің – дамуы қажет.
Көптілді білім беруді құндылық деп ұғыну көптілді тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған ғылыми жобаларды жүзеге асырудың өзектілігін
көрсетеді және тәжірибелік іс-шараларды нақтылауды талап етеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімі
бойынша жоғары және одан кейінгі білім беруді дамытудың басым
бағыттарының бірі «Үштұғырлы тіл» жобасын іске асыруда Е.А. Бөкетов
атындағы ҚарМУ базалық жоғары оқу орны деп анықталған.
Е.А.Бөкетов атындағы КарМУ- да шетел тілінен білім берудің деңгейлік
үлгісін табысты енгізу тәжірибесі және кейінірек оны мемлекеттік тілде
оқытуда қолданылуы бұл жобаны жүзеге асыруға негіз бола алады, сондай-ақ
бұл үлгіні көп тілді білім беру жүйесіне бейімдеп қолдануға болады.
Көптілді білім беруді енгізудің тиімділігіне сондай-ақ университетте тілдік
ортаның жоқтығын білдірмеуге мүмкіндік беретін мультимедиалық тіл
орталықтарының жұмыс істеуі де ықпал етеді.
«Үштұғырлы тіл» жобасын жүзеге асыру аясында Е.А.Бөкетов атындағы
ҚарМУ-дың авторлар ұжымы «Қазақстан Республикасының көптілді білім
беруді дамыту Тұжырымдамасын» дайындады, ол көптілді білім беруді
дамытудың негізгі кезеңдері мен бағыттарын анықтайтын стратегиялы құжат
болып табылады. Тұжырымдамаға сәйкес Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ
бірнеше тілдерді меңгерген мамандар даярлау міндеттерін шешудің бірден бір
жолы көптілді білім беруді дамыту ұстанымын қолдайды.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да көп тілді білім беруді енгізудің 2008-
2012 жылдарға арналып ұсынылып отырған Бағдарламасы көптілді білім беруді
қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық, теориялық- әдіснамалық, ғылыми
әдістемелік, оқу-ұйымдастыру негіздегі кешенді құжат болып табылады.
Көптілді білім беруді нормативтік-құқықтық негізде қамтамасыз етуді
дамыту бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты: Көптілді білім беруді нормативтік-құқықтық
негізде қамтамасыз етуді жетілдіру.
92
Күтілетін нәтиже: жоғары оқу орнында көптілді білім беруді енгізуді
реттейтін құжаттар топтамасын дайындау.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
№
Іс-шараның аталуы
Мерзімі
(жылы)
Жауаптылар
1
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-да
көптілді білім беруді
ұйымдастыру Ережесін
құрастыру.
2008 ж.
тамыз
Авторлық ұжым
2
«Ағылшын тілін арнайы мақсатта
оқыту» пәнінің типтік
бағдарламасын дайындау.
2009-2010
оқу жылы
Шетел тілдері
факультетінің деканы
3
«Қазақ тілін арнайы мақсатта
оқыту» пәнінің типтік
бағдарламасын құрастыру.
2009-2010
оқу жылы
Қазақ тілінің
практикалық курсы
кафедрасының
меңгерушісі
4
«Орыс тілін арнайы мақсатта
оқыту» пәнінің типтік
бағдарламасын дайындау.
2009-2010
оқу жылы
Орыс тілі мен
әдебиетінің
практикасы және
әдістемесі
кафедрасының
меңгерушісі
5
Педагогикалық мамандықтарда
«Арнайы пәнді ағылшын тілінде
оқыту әдістемесі» пәнінің типтік
бағдарламасын құрастыру.
2009-2010
оқу жылы
Факультет декандары
6
Эксперимент нәтижелерін ескере
отырып, мемлекеттік, орыс және
ағылшын тілдерінде оқытылатын
пәндердің тізімін белгілейтін
Типтік регламентті дайындау.
2011-2012
оқу жылы
Көптілді білім беруді
дамыту Орталығының
басшысы
7
Эксперимент нәтижелерін ескере
отырып, жаңа буын
педагогикалық мамандықтар
үшін мемлекеттік стандарт
жобасын дайындау.
2011-2012
оқу жылы
Көптілді білім беруді
дамыту Орталығының
басшысы, факультет
декандары
93
Көптілді білім беруді теориялық-әдіснамалық негізде қамтамасыз
етуді дамыту бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты: көптілді білім берудің теориялық-әдіснамалық
негіздерін зерттеу.
Күтілетін нәтиже: көптілді білім берудің теориялық-әдіснамалық
базасын жасау
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
№
Іс-шараның аталуы
Мерзімі
(жылы)
Жауаптылар
1
Көптілді
білім
берумен
байланысты ғылыми ережелер
көлемін анықтау.
2008-
2009
оқу
жылы
Көптілді
білім
беруді
дамыту
Орталығының
басшысы
2
«Үш тұғырлы тіл» мәдени
жобаның
негізі
ретінде
көптілді білім беру жүйесін
құру» атты ғылыми жобаны
іске асыру.
2009-
2011 жж.
Жобаның
жетекшісі
3
Көптілді білім беру сапасын
бақылау-бағалаудың бірегей
тетіктерін
анықтайтын
индикаторлар жүйесін құру.
2009-
2010
оқу
жылы
Көптілді
білім
беруді
дамыту
орталығының
жетекшісі
4
Көптілді білім беру сөздігін
құрастыру
және
педагогикалық
мониторинг
дайындау.
2009-
2012 жж.
Көптілді
білім
беруді
дамыту
Орталығының
басшысы
5
Е.А.Бөкетов
атындағы
ҚарМУ-да
көптілді
білім
беруді енгізу тәжірибесінің
нәтижелерін жинақтап қорыту.
2012 ж.
Көптілді
білім
беруді
дамыту
Орталығының
басшысы
6
Көптілді білім беру саласында
халықаралық
ғылыми-
тәжірибелік конференциялар
өткізу.
2008-
2012
оқу
жылы
Шетел
тілдері
деканы,
филология
факультетінің
деканы.
94
Көптілді білім беруді ғылыми-әдістемелік негізде қамтамасыз етуді
дамыту бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты: көптілді білім беруде ғылыми-әдістемелік негіздер
жүйесін дамыту.
Күтілетін нәтиже: көптілді білім беру жүйесі үшін педагогикалық кадрлар
даярлау; көптілді білім беру жүйесі үшін оқу-әдістемелік материалдар кешенін
құрастыру.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
№
Іс-шараның аталуы
Мерзімі
(жылы)
Жауаптылар
1
Университет оқытушылары
үшін ағылшын тілін тереңдете
оқыту курстарын
ұйымдастыру.
2008-
2012 жж.
Шетел
тілдері
факультетінің деканы
2
Екінші мамандықтың
қысқартылған білім беру
бағдарламасы бойынша
ағылшын тілінде сабақ жүргізу
үшін кадрлар даярлау.
2008-
2012 жж
Факультет декандары
3
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін
тереңдете оқыту үшін оқу-
әдістемелік кешенін (ОӘК)
құрастыру
2008-
2012 жж
Тіл кафедраларының
меңгерушілері
4
«Арнайы мақсатта қазақ тілін
оқыту» пәнінен оқу-
әдістемелік кешенін (ОӘК)
құрастыру
2009-
2010 оқу
жылы
Қазақ
тілінің
практикалық
курсы
кафедрасының
меңгерушісі
5
«Арнайы мақсатта орыс тілін
оқыту» пәнінен оқу-
әдістемелік кешенін (ОӘК)
құрастыру
2009-
2010 оқу
жылы
Орыс
тілі
мен
әдебиетінің
практикасы
және
әдістемесі
кафедрасының
меңгерушісі
6
«Арнайы мақсатта ағылшын
тілін оқыту» пәнінен оқу-
әдістемелік кешенін (ОӘК)
құрастыру
2009-
2010 оқу
жылы
Кафедра
меңгерушілері
7
«Арнайы пәнді ағылшын
тілінде оқыту әдістемесі» пәні
бойынша оқу әдістемелік
кешенін (ОӘК) құрастыру
2009-
2010 оқу
жылы
Арнайы
пәндер
кафедраларының
меңгерушілері
95
8
Үштілді терминологиялық
сөздіктер құрастыру.
2008-
2012 жж. Тіл кафедраларының
меңгерушілері
9
Ағылшын тілінде оқытылатын
арнайы пәндердің
экспериментальды оқу-
әдістемелік кешенін
құрастыру.
2009-
2012 жж.
Арнайы
пәндер
кафедраларының
меңгерушілері
10
Орыс тілін оқытудың
деңгейлік үлгісін дайындау.
2009-
2010 оқу
жылы
Филология
факультетінің деканы
96
Көптілді білім беруді оқу-ұйымдастыру негізде қамтамасыз етуді
дамыту бағдарламасы
Бағдарлама мақсаты: жоғары оқу орнында көптілді білім беруді
ұйымдастыру түрлерін және оқыту базасын жетілдіру.
Күтілетін нәтиже: көптілді білім берудің оқыту базасын және
ұйымдастыру түрлерін белгілеу.
Бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар
№
Іс-шараның аталуы
Мерзімі
(жылы)
Жауаптылар
1
Көптілді білім беруді дамыту
орталығын құру.
Қыркүйек 2008 ж. Оқу ісі жөніндегі
проректор
2
Қазақстан Республикасы ЖОО-
да көптілді білім беруді енгізу
жөнінде семинарлар
ұйымдастыру.
2009-
2012 жж.
Оқу ісі жөніндегі
проректор,
көптілді білім
беруді дамыту
Орталығының
жетекшісі
3
Университет оқытушылары
үшін көптілді білім беруді
енгізу жөнінде семинарлар
ұйымдастыру.
2008-
2012 жж.
Көптілді білім
беруді дамыту
Орталығының
жетекшісі
4
Экспериментте қатысатын
мамандықтарға жұмыстық оқу
жоспарын жасау.
Қыркүйек 2008 ж. Факультет
декандары
5
Көптілді білім берудің
материалды-техникалық
базасын жетілдіру.
2008-
2012 жж.
Факультет
декандары,
көптілді білім
беруді дамыту
Орталығының
жетекшісі
6
Көптілді білім беру
педагогикалық мониторингін
іске асыру
2008-
2012 жж.
Көптілді білім
беруді дамыту
Орталығының
жетекшісі
7
қазақ және орыс тілдерін
денгейлеп оқытуын еңгізу
2009-
2010 жж.
Филология
факультетінің
деканы
97
Содержание
Введение
1.
Структура и технологические карты мониторинга научных
исследований в области трехъязычного образования в
организациях образования всех уровней
2.
Методы сбора информации и обработки базы данных
мониторинга научных исследований в области трехъязычного
образования в организациях образования всех уровней
3.
Результаты анализа данных мониторинга научных
исследований в области трехъязычного образования в
организациях образования всех уровней
4.
Выводы по итогам мониторинга научных исследований в
области трехъязычного образования в организациях образования
всех уровней
Заключение
98
Введение
Этапы внедрения трехъязычия в казахстанских школах определены в
Дорожной карте развития трехъязычного образования на 2015-2020 годы,
которая утверждена совместным приказом трех министерств:
−
Министерство образования и науки Республики Казахстан (05.11.2015.
№ 622);
−
Министерство культуры и спорта Республики Казахстан (09.11.2015. №
344);
−
Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан
(13.11.201
5. № 1066).
В соответствии с пунктом 2.2 Дорожной карты предусмотрено проведение
мониторинга внедрения результатов исследований для улучшения практики
трехъязычного образования.
Во исполнение данного пункта Министерство образования и науки
Республики Казахстан поручило Национальной академии образования провести
данный мониторинг, по итогам мониторинга которого следовало подготовить
аналитическую справку. В связи с этим была проделана следующая работа:
−
разработаны структура и технологические карты мониторинга
мониторинга научных исследований в области трехъязычного образования;
−
произведены сбор информации и обработка базы данных мониторинга
научных исследований в области трехъязычного образования;
−
сделан анализ данных мониторинга научных исследований в области
трехъязычного образования;
−
обобщены результаты работы и сформулированы выводы по
внедрению результатов научных исследований в области трехъязычного
образования.
В связи со сроками, определенными Министерством образования и науки
Республики Казахстан, в мониторинг были вовлечены национальные и
государственные вузы страны, а также три научных организаций. В
мониторинге приняли участие:
−
из 37 национальных и государственных вузов – 20 высших учебных
заведений, при этом научные исследования, имеющие прямое отношение к
проблемам трехъязычного образования, проводились в девяти вузах;
−
из трех научных организаций – все три привлеченные научно-
исследовательские структуры.
99
1 Структура и технологические карты мониторинга научных
исследований в области трехъязычного образования в организациях
образования всех уровней
Чтобы руководить педагогической системой требуется определенная
система информации. Воссоздать ее можно, основываясь на мониторинге.
Слово «мониторинг» произошло от лат. monitor – напоминающий,
наблюдающий. Сначала этот термин часто применялся в экологии и им
обозначали контроль, оценку и предсказывание состояния окружающей среды в
связи с экономической направленностью человека. За последний период
времени данный термин получил более широкое значение. Теперь этим словом
называют контроль действий с целью обнаружения его соответствия
ожидаемому результату
29
.
Понятие мониторинга сегодня расширяет сферу своего употребления и
приобретает многозначность, проникая в самые разные области знания, хотя
историю его употребления трудно назвать долгой. Его ещё нет в философских
словарях, хотя оно уже общепризнанно и активно используется как в
обыденном, так и в научном языке. Есть и некоторый опыт освоения его
современных значений. В основе его этимологии лежат такие давно известные
слова, как monitory – многозначное понятие, которое первоначально означало
наставлять, советовать, предостерегать, увещевать, и monitor (от лат.
напоминающий, надзирающий), имеющее уже более близкое современному
значение – слежения за какими-то объектами или явлениями. Особо отметим,
что эти слова изначально означали действия, широко употреблялись в
практической деятельности и, как это нередко бывает, из неё перешли в
научный лексикон и стали употребляться на правах терминов.
Существующее в настоящее время определение мониторинга и
осмысление результатов его применения дают основание судить о том, что это
понятие чаще всего употребляется тогда, когда речь идет о проведении ряда
конкретных
действий
или
некоторых
смешанных
мероприятий,
осуществляемых на основе как теоретических, так и практических разработок,
которые объединяются определением «мониторинговые» и служат для
выяснения ситуации в той или иной области практики. В последнее время
появляются все новые направления исследований, которые определяются
именно как мониторинговые: мировой эко-мониторинг, космический
мониторинг, мониторинг медиа-пространства, где мониторинг является
главным рабочим методом. Он проник и в социальную сферу, в которой также
стали проводиться исследования, квалифицируемые как мониторинговые.
30
А.С.Белкин изображает мониторинг как постоянное научно обусловленное
диагностико-прогностическое наблюдение за образовательным процессом
31
.
29
Мониторинг процесса и результатов исследования. https://author24.ru/spravochniki/
pedagogika/metody_ pedagogicheskogo_i ssledovaniya/monitoring_ processa_i_rezultatov_issledovaniya/
30
И.П. Фарман Мониторинг как метод исследования и представления знания.
31
Мониторинг процесса и результатов исследования. https://author24.ru/ spravochniki
/pedagogika/metody_ pedagogicheskogo_issledovaniya/monitoring _processa_i_ rezultatov_ issledovaniya/.
100
Э.Ф. Зеер расценивает мониторинг как процесс прослеживания положения
объекта (системы или сложного явления) при помощи постоянного или
периодично повторяющегося сбора сведений, которые представляют собой
множество достоверных основных показателей. Мониторингом пользуются
тогда, когда в создании какого-либо процесса нужно регулярно следить за
происходящими в реальной предметной среде явлениями с тем, чтобы
вовлекать достижения текущих наблюдений в процесс управления
32
.
Мониторинг использует разные средства наблюдения и объяснения. Но
при проведении мониторинга применяется более конкретный и
целенаправленный анализ, когда намеренно разграничивается предмет
исследования. Именно поэтому его специфика заключается в том, что он может
и не быть поиском и открытием нового в области науки.
Вместе с тем, такое исследование отличается сбора статистических данных
и социологических опросов тем, что его результаты становятся основой для
рекомендаций. Именно это и является настоящим результатом и конечной
целью проведения мониторинга. И все же факты как результат мониторинга
имеют свои особенности, так как они формируются в процессе эмпирического
познания, и является фиксацией его результатов. Здесь также ценится
достоверность факта – одна из главных его характеристик, обращается
внимание на условия и обстоятельства его получения.
Факт должен соответствовать строго определенным критериям, по
которым производится оценка и которые специально для этого
разрабатываются специально. Из этого следует, что основу мониторинга
представляет диагностическая система. Чтобы ее осуществить, необходим
отбор критериев (обобщенных показателей).
Сейчас предпринимаются попытки классификации типов и видов
мониторинговых исследований. Основанием для классификации таких
исследований выступают направления научных дисциплин, их целевое
назначение, временные параметры, масштабы и уровня их исполнения.
Известны такие виды, как базовый и фоновый мониторинг, глобальный,
локальный, региональный, местный, а также мониторинг, охватывающий
разные сферы общественной деятельности: политической, экономической,
социальной, педагогической, научной и т.д. Но следует помнить, что
мониторинг представляет собой один из видов эмпирических исследований.
Именно поэтому он не является универсальным и не всегда целесообразен
при других исследованиях. В целом, мониторинг можно трактовать как метод
познавательной практики и опытной науки.
Именно это положение относится к нашему случаю. Целью нашего
мониторинга является поиск фактов внедрения результатов научных
исследований в практику образования. Полученная база данных в нашем
мониторинге будет служить основой для составления программ научных
исследований с учетом уже разработанных теоретических положений и
прикладных результатов уже проведенных исследований.
32
Там же
101
Поэтому одним из основных критериев нашего мониторинга должна
явиться обоснованная новизна полученных результатов.
Другим критерием нашего мониторинга должна явиться информация о
публикациях, которые отражают те или иные результаты исследований, так как
именно через опубликование в открытой печати происходит первичное
внедрение результатов исследований в практику.
Формализация результатов и материалов исследований неотъемлемой
Достарыңызбен бөлісу: |