Көптеген жоғары оқу орындарының және басқа да құрылымдардың
сайттарында орналастырылған материалдарды зерделеу, қазіргі уақытта
үштілді білім беру саласында ғылыми зерттеулердің жүргізіліп жатқанын
анықтауға мүмкіндік берді.
3.3.1 Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем
тілдері университетінде жоо-ның бекітілген ғылыми жұмысы жоспары
негізінде 2014 жылдың қараша айында ҒЗӨҰ кешендері аясында жоғары оқу
орнында бастаушы ғылыми жобаларға ішкі байқау жарияланды.
Факультеттер мен кафедралардан байқауға 20 өтінім түсті. Байқауды
жүргізу үшін С.С. Құнанбаеваның жетекшілігімен жоғары оқу орнының ішкі
бағдарламасының 2015-2016 ж.ж. ғылыми зерттеулері бойынша байқау
өтінімдерін бағалаудың Критериалды-параметрлік шкаласы әзірленді.
Ұсынылған жобалар байқау комиссиясының отырысында талқыланды, әр
критерий бойынша баға қойылды, соның нәтижесінде 2015-2016 ж.ж.
орындауға ұсынылатын ғылыми жобалардың тізімі анықталды. Байқау
жеңімпаздарының ішінде үштілді білім беру мәселелеріне қатысты бірқатар
жобалар бар, мысалы:
–
«Тіларалық эквиваленттілікті қамтамасыз етудегі мәдениетаралық
коммуникацияның когнитивті-функционалдық ерекшелігі (ағылшын-қазақ-
орыс тілдері)» тақырыбындағы жоба. Орындалу мерзімі – 2015-2016 жылдар.
Ғылыми жетекшісі – аударма және филология факультетінің деканы, ф.ғ.к.
Мизамхан Б.М.
–
«Магистранттардың сыни дискурс-талдауын дамыту арқылы басқа
тілді дискурсивті құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық
негіздері» тақырыбындағы жоба. Орындалу мерзімі – 2015 жыл. Ғылыми
жетекшісі – кәсіби академиялық шет тілі кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.
Елубаева П.К.
–
«Қазақ-қытай сөйлесу-коммуникативтік ерекшеліктерін анықтау
негізінде прагмо-функционалдық құзыреттіліктерді қалыптастырудың кешенді
негізі (салыстыру-функционалдық зерттеу)» тақырыбындағы жоба. Орындалу
мерзімі – 2015 жыл. Ғылыми жетекшісі – аударма ісі кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.к. Қалыбек Т.
3.3.2
2014 жылдың қыркүйек айында «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ қызметкерлері құрастырған «Екітілді және үштілді білім беру
саласындағы халықаралық ғылыми зерттеулерге шолу» көптілді білім беру
саласындағы зерттеулерге арналған жұмыстардың бірі болып саналады, оның
65
мақсаты билингвалды және үштілді білім беру саласындағы зерттеулердің
нәтижесіне шолу жасау болып табылады.
24
Аталған жұмыста «пәндік мазмұн
негізінде тілдерге оқыту (немесе CBI)» бағдарламасы түсіндірілген.
25
Авторлардың пікірінше, түрлі елдердің бағдарламалары, олардың арасындағы
айырмашылыққа қарамастан, өздерінің мақсаты жағынан бір-біріне ұқсайды.
Негізгі үш мақсатты айқындай отырып авторлар аталған бағдарламалардың
кейбір жағдайларда мәдениет аралық түсінікті дамытуға, туған мәдениетке
деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға, сонымен қатар екінші және үшінші
тіл мәдениетін иеленушінің тілін білуге және құрметтеуге бағытталғандығына
назар
аударады.
Жұмыста
үштілділікке
қарағанда
билингвалды
бағдарламалардың артық екендігі әділ атап көрсетілген, себебі билингвалды
негізде тілдерге үйрету тәжірибесі неғұрлым табысты екені практикада
дәлелденген.
Жұмыста Канаданың терең ену бағдарламаларына және АҚШ
билингвалды бағдарламаларына ерекше назар аударылған. Бұл жағынан «...
егер бастауыш сыныптарда бірінші тілде оқыту (Т1) едәуір қысқартылатын
болса, тілдік ортаға ену бағдарламасымен оқитын оқушыларды бірінші тілдің
(Т1) барлық аспектілерімен қоса бір тілді мектептердің оқушыларымен
салыстырғанда бірдей деңгейге жетеді» деген авторлардың қорытындысы
еліміздің білім беру жүйесі үшін үлкен қызығушылық тудырады
26
. Бұл
қорытынды «Оқушылардың бірінші тілді (Т1) меңгеру деңгейі білім
алушылардың, оқушылардың бір тілде бірінші тілді тілдік ортаға ену
бағдарламасын меңгеру деңгейіне сәйкес келе ме?» сұрағына жауап ретінде
ұсынылған. Бұл талдау жұмысы авторларының жауап беруге тырысқан бірінші
сұрақтарының бірі. Жұмыс авторлары бұдан басқа және келесідей сұрақтарды
да қарастырған:
1) «Бірінші тілде (Т1) неғұрлым ерте оқып бастаудың артықшылығы бар
ма?»;
2) «Типологиялық ұқсас тілдерді оқу оларды табысты меңгеруге ықпал ете
ме?»;
3) «Тілдік ортаға ену бағдарламаларымен оқитын оқушылар пәндік
дағдыларды біртілді бағдарламамен оқитын оқушылардың деңгейінде меңгере
ала ма?»;
4) «Тілдік ортаға ену бағдарламалары бойынша оқу төмен академиялық
үлгерімге әкеле ме?»;
5) «Тілдік ортаға ену бағдарламалары бойынша оқитын оқушылар екінші
тілді қандай деңгейде меңгереді (Т2)?»;
6) «Оқушылардың академиялық қабілеттері екінші тілді меңгеруге ықпал
ете ме?»;
24
Екітілді және үштілді білім беру саласындағы халықаралық ғылыми зерттеулерге шолу
// «Назарбаев
Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2014. – 56 б.
25
Сол жерде. – 56 б.
26
Сол жерде. – 63 б.
66
7) «Тілдік ортаға ену бағдарламаларында екінші тілді (Т2) оқуға берілген
уақыт екінші тілді (Т2) неғұрлым жоғары деңгейде меңгеруге мүмкіндік жасай
ма?»;
8) «Тілдік ортаға ену бағдарламалары аясында екінші тілді (Т2) оқу
барысында жас ерекшелігі маңызды фактор болып табыла ма?».
6-
сұраққа жауап бере отырып, авторлар екінші тілді меңгеруде
оқушылардың академиялық қабілеттеріне қарамастан, негізінен билингвалды
оқытудағы тілдік ортаға ену бағдарламалары ықпал етеді деген қорытынды
жасайды.
Мұғалімге бағытталған оқыту бағдарламаларына байланысты 7-сұраққа
жауап өте сенімді айтылады, яғни педагогикалық факторлар неғұрлым жоғары
деңгейде есепке алынған жағдайда оқу уақытының көлеміне қарамастан,
тілдерді меңгеру тиімді болады
27
.
8-
ші сұраққа жауап – бірмағыналы емес. Екінші тілді (Т2) неғұрлым ерте
үйреніп бастаса, ол соғұрлым нәтижелі болады деп саналады. Алайда бұл
пікірді растайтын зерттеулердің нәтижелері, көбінесе екінші тілді (Т2)
мектептен тыс оқумен негізделеді. Авторлар Канадада жүргізілген зерттеудің
нәтижелеріне сүйенеді, онда тілдік ортаға ерте және толық ену
бағдарламаларының оқушылары, тілдік ортаға ену бағдарламасы аясында
оқуды бастауыш мектептің ортасында немесе негізгі мектептің басында
бастаған оқушыларға қарағанда, екінші тілді (Т2) меңгерудің неғұрлым жоғары
деңгейіне жетеді.
Шолудың авторлары барлық оқушылар үшін билингвалды білім беруді
қабылдау туралы айту барысында дүние жүзінің түрлі елдеріндегі, әсіресе
АҚШ, Канаданың қолданыстағы білім беру тәжірибесін тереңірек түсіну
қажеттігіне, сонымен қатар олардың тәжірибесі шетелдік педагогикалық
әдебиетте неғұрлым толық көрініс тапқандығына назар аудартады.
Жалпы алғанда, «Екітілді және үштілді білім беру саласындағы
халықаралық ғылыми зерттеулерге шолу» талдауының авторлары төменде
берілген қорытындыға келеді. Билингвалды бағдарламаларда тиімді оқыту
тәжірибесінің жоғарыда аталып өткен зерттеулеріне сәйкес, пәндік-тілдік
кіріктіріп оқыту келесі жағдайларда тиімді жүзеге асырылады:
1)
тілге оқыту оқыту мазмұнымен жүйелі кіріктіріледі;
2)
пән мұғалімдері өз пәні бойынша оқушылардың коммуникативтік
қажеттілігіне сәйкес келетін тілдік мақсаттарды анықтайды және бағдарламаға
кіргізеді;
3)
мұғалімдер тілдік мақсаттар оқыту мазмұнына сәйкес келетін
жаттығулар қолданады;
4)
тіл
мұғалімдері
пәндерді
оқу
барысында
оқушылардың
коммуникативтік қажеттіліктерін қамтитын тілге оқытады;
5)
пән мұғалімдері кері байланысты жүзеге асырады, олар оқушылардың
зейінін коммуникацияны жүзеге асыру барысында екінші тілден (Т2) жіберген
қателеріне бағыттайды.
27
Сол жерде. – 71 б.
67
3.3.3 «Гранттық қаржыландыру» және «Бағдарламалық-мақсатты
қаржыландыру» бюджеттік бағдарламалар аясында орындалған ҒЗЖ тізімі
28
Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығының
деректері бойынша 2014-2015 жылдары 20 ғылыми-зерттеушілік жобасы
орындалды, олардың нәтижелері үштілді білім беру бағдарламасын әзірлеу
және жүзеге асыру барысында қолданылуы мүмкін (3.5-кесте).
3.5-
кесте – «Гранттық қаржыландыру» және «Бағдарламалық-мақсатты
қаржыландыру» бюджеттік бағдарламалар аясында орындалған және үштілді
білім беру проблемаларына қатысы бар ғылыми жобалар туралы деректер
№
Номер
Тақырыбы
Нысанны
ң типі
Қорытын
ды бал
1
2
3
4
5
1
1533/ГҚ-
13-
ОТ
Қазақ тілінің жазбаша және ауызша сөйлеу тілін
айырып тануды және тудыруды автоматандыру
ГҚ есебі
23
2
1377/ГҚ-
13-
ОТ
Орта және жоғары мектеп жүйесінде көптілді
білім беруді ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету ГҚ есебі
22
3
0356/ГҚ2-
13-
ОТ
«Мектеп – жоо» жүйесінде көптілді білім берудің
бірізділігін ғылыми-әдіснамалық қамтамасыз ету ГҚ есебі
15
4
0449/ГҚ2-
13-
ОТ
12 жылдық білім беруге көшу жағдайында
бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың
инновациялық білім беру әдістерін және
технологияларын әзірлеу
ГҚ есебі
9
5
1318/ГҚ-
13-
ОТ
Мемлекеттік тілдің заңнамалық-құқықтық негізін
жетілдіру – Қазақстанның ұлттық тұтастығын
сақтаудағы маңызды жағдайлардың бірі
ГҚ есебі
18
6
1418/ГҚ2-
13-
ОТ
Тіл және ұлттық сана-сезім: өзара проекция және
модельдеу тәжірибесі
ГҚ есебі
22
7
0221/ГҚ-
14-
ОТ
Қазақстанның техникалық жоғары оқу
орындарында шетел тілдерін оқытудың
еуропалық стандарттарын енгізу
2014 ж.
ГҚ есебі
20
8
0715/ГҚ-
14-
ОТ
Формалды грамматикалар әдістері және
статистикалық әдістер негізінде қазақ тілін
ағылшын және орыс тілдеріне (және кері)
компьютерлік аударудың тиімді технологияларын
әзірлеу
2014 ж.
ГҚ есебі
22
28
Дереккөз: МҒТСҰО сайты. «Аяқталған нысандар МҒТС» бөлімі. Электрондық ресурс:
http://www.ncste.kz/ru
68
3.5-
кестесінің жалғасы
1
2
3
4
5
9
1846/ГҚ-
14-
ОТ
Үштілділік тілдерін деңгейлік меңгеруді
әмбебаптандырудың ғылыми-әдіснамалық
негіздері тілдік білім берудің халықаралық
стандарттарын бейімдеудің шарттары ретінде
2014 ж.
ГҚ есебі
21
10
0414/ГҚ2-
14-
ОТ
ҚР техникалық жоғары оқу орындарында
мамандарды тілдік дайындаудың инновациялық
ғылыми-әдістемелік технологияларын әзірлеу
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
14
11
1292/ГҚ2-
14-
ОТ
Оқу теледидары контенті ҚР жоғары мектебінде
көптілді білім беруді жүзеге асыру құралы ретінде
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
18
12
0441/ГҚ2-
14-
ОТ
Мультимедиа құралдарының көмегімен
колледждердің ақпарат мамандықтары
студенттерінің үштілді құзыреттілігін
қалыптастыру
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
21
13
0356/ГҚ2-
14-
ОТ
«Мектеп – жоо» жүйесіндегі көптілді білім
берудің бірізділігін ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
20
14
0599/ГҚ2-
14-
ОТ
Іс қағаздары үлгілерінің автоматтандырылған
екітілді (орысша-қазақша, қазақша-орысша)
сөздігінің компьютерлік бағдарламасы
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
21
15
0933/ГҚ2-
14-
ОТ
Өзге тілдік орта жағдайындағы қазақтың
топонимикалық жүйесі мен әлем бейнесі орталық
азия аймағы материалында (тарихи-
лингвистикалық, мәдениеттанушылық және
өлкетанушылық аспектілері)
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
19
16
1326/ГҚ2-
14-
ОТ
Тіл және сөйлеу стилистикасының
лингвистикалық-когнитивтік аспектілері
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
20
17
1677/ГҚ2-
14-
ОТ
Қазақстандағы аударма жүргізу (қазақ және шетел
тілдері): әдіснамалық негіздері және қағидалары
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
14
18
1648/ГҚ3-
14-
ОТ
Қазақстан Республикасы полилингвалды
кеңістігінде мемлекеттік тілді оқытудың
инновациялық технологиялары
2014 ж.
ГҚ 2
есебі
23
19
0255/
БМҚ
-14-
ОТ
Қазақстан тарихының базалық екі оқулығын
әзірлеу. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде
оқулықтардың электрондық форматы, сонымен
бірге интерактивті нұсқаларын (аудио-,
бейнекурстар)
2014 ж.
БМҚ
есебі
18.33
69
3.5-
кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
20
0749/ГҚ4-
15-
ОТ
Apertium
платформасы негізінде қазақ тілінен
ағылшын және орыс тілдеріне (және кері)
машиналық аударманың еркін/ашық жүйесін
әзірлеу
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
24
21
0712/ГҚ4-
15-
ОТ
Шетел тілдеріне ерте оқытуды ғылыми-
әдістемелік қамтамасыз ету
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
20
22
4813/ГҚ4-
15-
ОТ
Қазақстандағы көптілділік саясатын жүзеге асыру
жағдайында педагог кадрлардың тілдік
құзыреттілігін қалыптастыру
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
21
23
0283/ГҚ4-
15-
ОТ
Көптілді білім беру жағдайында инженерлік
мамандардың үздіксіз тілдік дайындығын
ғылыми-әдістемелік сүйемелдеу (колледж-жоо)
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
17
24
1101/ГҚ4-
15-
ОТ
Көптілділік – жоғары мектеп жүйесінде заманауи
білім берудің алғышарттарының бірі
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
23
25
5346/ГҚ4-
15-
ОТ
Қазақстанның көпмәдениетті кеңістігінде
тілдердің қызмет етуі: динамикалық үрдіс, болуы
мүмкін қауіп-қатер және келешегі
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
21
26
3592/ГҚ4-
15-
ОТ
Қазақстанда шетел тілдері мамандарына үздіксіз
лингвистикалық-дидактикалық білім берудің
ғылыми негіздері
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
23
27
4537/ГҚ4-
15-
ОТ
Көптілді білім берудің тілдік моделі:
интерлингвистикалық мәдениет аспектісі
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
20
28
2546/ГҚ4-
15-
ОТ
Қазақстанның тілдік емес жоо-да көптілді
мамандықтар үшін ағылшын тілін кәсіби-
бағытталған оқытудағы «Тask-based learning and
teaching»
технологиялары
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
23
29
4961/ГҚ4-
15-
ОТ
Тілді таңдау: көптілді жағдаяттардан тұлғааралық
қатынастарға дейін
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
20
70
3.5-
кестенің жалғасы
1
2
3
4
5
30
4762/ГҚ4-
15-
ОТ
Ауыл шаруашылық жоо-да тілдік көпмәдениетті
кеңістікте этникааралық толеранттылықты
қалыптастыру
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
21
1930/ГҚ4-
15-
ОТ
Тілдік жағдаяттарды плюрицентрикалық тілмен
сипаттау үшін модельдеу әдісін қолдану
(
Қазақстан мысалында)
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
22
31
1980/ГҚ4-
15-
ОТ
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен
қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы» мәнмәтінінде оқу
процесіне пәндік-тілдік кіріктірілген білім беру
2015 ж.
БМҚ 4
есебі
13
32
0495/ГҚ2-
13-
ОТ
Полилингвалды қоғамда қазақ тілінің ұлттық-
мәдени терминологиясы
ГҚ есебі
20
Жоғарыда келтірілген кестеде баяндалған ақпаратқа сәйкес, 2014жылдан
2015жыл бойынша Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамалардың Ұлттық
орталығымен тілдік білім беру саласында 30 шақты ғылыми жобалар
сараптамаға түсті, олардың нәтижелігінің орта деңгейі туралы мәлімдейтін орта
қорытынды балл 19,22 құраған. Қорытынды баллдардың диапазоны 9-дан 24
баллға дейін құрайды.
71
4.
Барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру
саласындағы ғылыми зерттеулерге жүргізілген мониторинг нәтижесі
бойынша тұжырымдар
Мониторинг қорытындысы бойынша шешімдер негізінен ұлттық және
мемлекеттік 9 ЖОО, 3 ғылыми ұйым ұсынған ақпаратына байланысты болады.
Барлығы 22 ғылыми жоба орындалды, олардың қорытындысы бойынша
ЖОО, колледждер және мектептердің оқу процесі үшін дайындалды:
−
3 монография;
−
17 оқулық, оның ішінде электрондық;
−
46 оқу құралы;
−
10 ғылыми-әдістемелік құрал;
−
42 әдістемелік ұсыныс (оның ішінде әдістемелік басшылық, әдістемелік
нұсқаулар);
−
14 пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер;
−
14 сөздік, оның ішінде 9 терминологиялық, 1 тақырыптық, 3
анықтамалық-сөздік;
−
12 нормативтік сипаттағы құжат, оның ішінде 8 типтік оқу
бағдарламалары, 2 модульдік оқу бағдарламалары, 1 жоба білім саласында
үштұғырлы тіл Тұжырымдамасы және 1 жоба ҚР оқу телевизиясы контентін
құру Тұжырымдамасы
Атап айтқанда, ғылыми зерттеу материалдары бойынша жарияланымдар
алынған нәтижелердің мазмұны ғана емес осы нәтижелерді енгізу масштабы
туралы да түсінік береді. Осы негізде келесі тұжырымдар жасауға болады:
1) монографиялар өкілдері өздерінің ғылыми қызығушылық алаңында
үштілді білім беру мәселесін ұстайтын, барлық ғылыми-педагогикалық
қоғамдастықтың игілігі болып табылады;
2) толық көлемде бұл Тұжырымдама немесе оның жобалары түріндегі
бағдарламалық құжатқа жатады, бірақ мұнда оның қолданылу және енгізілу
аясы айтарлықтай кеңейеді;
3) үлгілік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, оқу-
әдістемелік кешендер негізінен, өзінің қолданылу саласын: белгілі білім беру
деңгейінде, немесе нақты жоо, колледж, мектептер деңгейінде, жоғары немесе
техникалық кәсіптік білім берудің бір мамандық деңгейінде біраз шектейді.
Көбінесе, әртүрлі тарату деректері бола тұрып, ғылыми зерттеу
нәтижелерінің жарияланымдары өз қолданушылары үшін қолжетімділікке шек
қойылған жағдайда қалады. Осы талдамалық анықтамада талданған ғылыми
жобалар нәтижелерін білім беру тәжірибесіне енгізудің түрлі деңгейі бар екенін
көруге болады.
Негізінен, жүргізілген мониторинг мәлімдейді:
Тек орта білім беру ұйымдарының ғана емес, техникалық және кәсіптік,
сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу процесі
үшін сүйеніш ретінде сап түзейтін үштілді білім беру идеясын тәжірибеде
біршама табысты жүзеге асыру үшін теориялық-әдіснамалық база жеткілікті;
72
зерттеудің қолданбалы нәтижелері нүктелі енгізіледі, өздерінің нақты
адрестаттары бар.
73
Қорытынды
Үштілді білім берудің ең жақсы тәжірибелері зерттеу нәтижелерін енгізу
үшін жүргізілген мониторингтің өз құрылымы бар, соған сәйкес технологиялық
карталар әзірленген. Технологиялық карталарға сәйкес ұлттық және
мемлекеттік ЖОО-нан, сонымен қатар ғылыми ұйымдардан ақпараттар
жиналып өңделді.
Бұл ақпарат осы талдамалық анықтаманың негізгі бөлігін құрады.
Сонымен қатар, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетінің және Мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптаудың Ұлттық орталығы сайттарының материалдары зерделенді.
Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері
университеті саулнамаға жауап берушілер тізіміне енбей қалған, себебі ол
Ұлттық академия хат жіберген Қазақстанның ұлттық және мемлекеттік жоғары
оқу орындары тізіміне кірмейді. Дегенмен, Абылай хан атындағы Қазақ
халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті көптілді білім берудің
базалық жоғары оқу орны бола отыра, салмақты ғылыми әлеуетке ие.
Сондықтан, осы талдамалық анықтамада келтірілген белгілі бір ақпараттар
үлесі дерек болған осы ЖОО-ның сайты зерделенді.
Екінші маңызды ақпараттар дерегін Мемлекеттік ғылыми-техникалық
сараптаудың Ұлттық орталығының сайты ұсынады. МҒТС-ның аяқталған
нысандар бөліміндегі 12 151 жобаның 30-ға жуық жобасы үштілді білім беру
мәселесіне қандай да бір қатысы бар.
Ұлттық білім академиясымен қысқа мерзімде (Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінен тапсырма алған уақыттан талдамалық
анықтама түрінде құжатты тапсыру мерзіміне дейін) жүргізілген мониторинг
қорытындысы бойынша тұжырым жасауға болады, өйткені үштілді білім беру
мәселесіне тікелей қатысы бар ғылыми зерттеу тақырыбы мен бағыттылығы
жүйелі емес, негізінен осы және басқа да зерттеулерді жүргізуге бастамашы
болған ғылыми мүддеге байланысты фрагменттік және эпизоттық сипатқа ие.
Осы негізгі тұжырымнан ұсыныстарды көруге болады:
1) оның теориялық-әдіснамалық негізін, психологиялық-педагогикалық,
лингводидактикалық, әлеуметтік мәдени аспектілерін мақсатты бағыттап
зерделеу үшін үштілді білім беру саласында ғылыми-зерттеу жұмысының
бағдарламасын әзірлеу;
2) үштілді білім беру саласында жүргізілген зерттеулерге ғалымдар
өздерінің зерттеу нәтижелерін орналастыра алатын, оларды талдайтын, сайт
түрінде институционалды қолдау көрсету, сонымен қатар зерттеу барысында
әзірленген ресурстарға қолжетімділікті кеңейту.
74
А қосымшасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті
Достарыңызбен бөлісу: |