Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет182/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

 

КІРІСПЕ 


Мұқағали Мақатаев талантының  айқын  дәлелі  көркемдегіш  құралдарды  құлпыртып  

қолдануымен  бірге,  образ  жасау  шеберлігінің  шешімдеріне   ұмтылысынан көрінеді. Ол  

тудырған  бейнелердің  тәрбиелік  мәніне,  тұтастық  сипатына,  даралық  белгілеріне  назар  

аударылады.  Әрі  образдар уақыт  тынысын  айқындап,  оқиға  желісін   шымырландырып,  

көркем      туындының      құндылығын    арттырып,  халықтың    рухани    қазынасын    байыта  

түскеніне    дәлелдер    жасалды.  М.Мақатаев    әр    түрлі    бейнелермен    қазақ    поэзиясының   

образдар  галереясын  байыта  түскендігіне  көз  жеткізіледі.   

Образ,  яғни  көркем  бейне  аса  кең  ұғым.  М.Мақатаев  шығармаларындағы  образдар 

жүйесі дегенде ақынның образ жасау әдіс-тәсілдері, суреткерлік шеберлігі жайлы, осы   ретте 

нендей  компоненттерді  пайдаланғандығы,  қандай  образдарды  жасағандығынан  әңгіме 

қозғалмақ.  Алдымен  образға  барар  алғашқы  баспалдақ  –  суретті  сөз.  М.Мақатаев 

поэзиясында  бұл молшылық.  Кез-келген  өлеңді  ашып оқи  қалсаңыз  суретті  бейне, образды  

сөз  қолданыс жанарыңды бірден жасқап, терең иіріміне тарта жөнеледі. Мәселен: 

                                      Тамаша  еді  жазғы  орман, 

                                      Құстар  сайрап  мәз  болған.  

                                      Көлшіктерде, суларда, 

                                      Үйрек  ұшып,  қаз  қонған.   

Көкейіңе    қона    кетеді.  Жанды    сурет.  Маужыраған    жаз.  Құлағыңа    құстардың  

құйқылжыта  сайраған  үні, тынымсыз  қимыл-қозғалысы, қалықтауы, шарықтауы, ойнауы,  

шомылуы  - қысқасы  хан  базардай  қайнаған  тірлігі  келеді.  Өлең  басынан   аяғына   дейін  

сан-сала  тірлік, тұнып  тұрған  полотналы  сурет. Тек  түрлі-түсті  бояу  алып,  өрең   мен   

өнерің   жетсе,  суретін   салу,  ретімен   орналастыру  ғана  қалады.  Нәмесе  жақсы  жырды   

жадыңа  тоқып, жаттап  тынасың. Енді  бірде:    

                                      Киіктің  сүтін  ішіп  ер  жеткенмін,  




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

216 



 

                                      Қуат  алып   қыранның  қанатынан   

Бұдан  табиғат  анаға  тартып  туғандықтың, тазалық  пен  тұнықтықтың,  тектілік  пен  

тегеурінділіктің  өлшемі  мен  бірлігін  көреміз. Суреттеудің  сұлу  да  сүйкімділігіне,  

салыстырудың  сонылығына, жырдың жаңалығына  жан  сарайың  нұрланып,  ғажайып  бір  

әлеммен  қауышасың. Міне сұңғыла  суреткерлік, айызды  қандырар  ақындық. Орнын  тапса,  

қиюын  келтірсе, гүл-гүл  жайнамайтын, сан түрге құбылмайтын,  тоты  құстай  түрленбейтін  

сөз  сирек  кезігеді  екен.  

Адам    бейнесін    жасаудың      жолы    сан    алуан.  Ол    айтып    өткеніміздей    суретті  сөз  

қолданыс  қана  емес. Алайда  лирикалық  кейіпкерді  жалаң  ақындық  тұлға  деп  қарауға  

келмейді. Сонымен  бірге  әркімнен  алынған  жиынтық  сезім  түрлері,  қилы  көңіл  күйлері  

бірлікте  қоныс  тебеді.  

                                    Сүйгісі  келе  берер  сүйген  ерін, 

                                    Сүй  жаным,  сүйкімді  бір  күйге  енемін.                                              

                                    Жүрегіміз  жақыннан  бірге  соқсын,  

                                    Ағытшы   бешпетіңнің  түймелерін [1].  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 



 

Іс-оқиғаға      араласушы  –  лирикалық    кейіпкер.  Ол  батыл    байламның,    сұрапыл   

сезімнің,  өжет   мінездің   адамы.  Бақытқа  балқыған  сәт.  Бірақ  оны  оқырман  тек  ақын  

деп    қарамайды,  әр    ер    азамат    өз    басындағы    ахуал,  келісті    күй,    керемет    шағым    деп  

қабылдайды. Ақынның  сыр  түйінін  дәл  шешіп,  сым  пердені  дөп  басқанына  ризалық  

танытып,  үнсіз  ұнатасың,  құптайсың. Қимастық   сезіміне  бөленесің.  

                                   Ұялып  барады  ағып  бұлақ   бала, 

                                   Бұйығып  үн  қатпайды  жылап   қана.     

                                   Баланың  маңдайынан  сыйпалаған, 

                                   Дірілдеп  айдан  тамған  шуақ  қана [1].  

Сүюдің   қорытындысы  – қыз  баланың  жан-дүние  өзгерісі, жаңа  ғұмырдың   көзін   

ашуы.  Махаббат    шуағы    шашылуы.    Бір    дәуір    өшіріліп,  екінші    дәуір  басталуын  

баяндайды. Бұл   нағыз  сыршыл  лирика. 

Ал    енді    ақын    өз    күйін,  тіршілік      қарекетін      қалай      суреттегендігіне      назар   

аударалық. Шығармашылық  жұмыстың   ауырлығын   немен,  азабын   неге  салыстырғанын  

көрелік.  

                                  Біз  деген  гүл  қуалап,  нәр  іздейміз, 

                                  Шөп  қажап  шегірткедей  дән  үзбейміз. 

                                  Алты  айшылық  жол  басып  арып-ашып, 

                                  Адам  деген  патшаға  дәрі  іздейміз [1]. 

Ақын  мен  ара  тірлігі  бір  фонда.  Араның  өте  сезімтал, аса  еңбекқорлығын   білеміз. 

Дала   кезіп, гүлді   атырапты  шарлап, тынымсыз  қозғалысқа  түсіп  жатқан  ара  омартасын  

тамашалағанымыз  бар.  Ал  араның  гүл  шырынын   қалай  әрі  қаншалықты   әкелетінін   

және   оның    қандай   жолмен     балға    айналатынын    зерттеуші    ғалымдар     мен    мамандар  

жеткілікті   білер.  Ақынның  үзіндіге  келтірілген  бір  шумақ   өлеңі    алуан  ойға,  қилы  

қиырларға    жетелейді.    Ақын    мен    араның    тірлігі    ішкі    үндестігін,  еңбектену    қаракеті   

ұқсастығын    ұғынымыз.  Ақында    қиялмен    кезіп,    оймен  омбылап,  «алты    айшылық    жол  

жүреді»,  адамдардың    жан-дүниесіне    үңіледі.  Үңіледі    де  сүйінеді,  күйінеді.    Сезім  

сергелдеңіне    түседі,  шөл      қысып      құрдымға    ұрынады,  дерттенеді,    кектенеді,    тоқсан  

толғатып,  адам    деген  –  патшаның      рухани      азығын    жасап,    өлең    перзентін    дүниеге   

әкеледі. 

Ақын  өлендерінде  өзіндік  қолданыстағы  метафоралар  мен  алмастырулар  да,  жан-

жануар,  ағаш,  тұрмыстық-салт  лексика  да  кездесіп  отырады.  М.Мақатаев  өлендерінде 

дәстүрлі ұғымдар да метафоралық тіркес құрайды. 




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

217 



 

М.Мақатаев  өз  өлеңдеріне  тек  жеке  сөздер  мен  сөйлемдерді  ғана  емес  дыбыс 

қайталаулары  арқылы  да  едәуір  ажар  беруге  тырысқан,  яғни  аллитерация  мен  ассонанс  та 

елеулі  орын  алған.  «Аллитерация  (латынша  ad-littera  –дыбыстас)  –  бірыңғай  дауыссыз 

дыбыстарды  қайталау  және  ассонанс    (французша  assonance  –  үндес)  –  бірыңғай  дауысты 

дыбыстарды қайталау.  …Өлеңге аллитерация мен ассонанс дарытқан ажар мен әсер сондай, 

тіпті қазақша түсінбейтін аудитория да бір сәт қызыға таңырқап, тыңдап қалуы мүмкін»  [2, 

256]. 


Көзді ашып-жұмғанша көсеуін ап қолына 

Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдаң күз 

Қаза қылмай бірде-бір таң самалын, 

Қыз қырман сапырды ол қашан мың. 

Күз деген – әрі диқан, әрі малшы 

Тоның жаман демеңіз малшы ағаның –  

деген жыр жолдарынан көруге болады. 

М.Мақатаев  шығармаларында  әр  метафоралар  бұрынғы  дәстүрлі  деңгейдегі  сөз 

ауыстыруларға, символдық мәні бар метафораларға, яғни сөз – символдарға ұласады. Символ 

–  метафора  сияқты  тілдік  тұлғаның  тіліндегі  ұлттық  мәдениеттің  көрсеткіші.  Символдык 

мәнді  халқымыздың  дәстүрлі  ұғымдарын  білдіретін  сөздерден  іздеуіміз  керек.  Мысалы, 

кұстың,  жан-жануарлардың  атаулары  –  халқымыздың  бұрыннан  келе  жаткан  тіліміздегі 

символдары.  Осы  орайда  ұлтжанды  тұлға  М.Мақатаев  тіліндегі  сөз-символдар  мәні  таң 

қаларлық.  Суреткер  тілінде  кұстар  символикасының  орны  ерекше.  Әсіресе,  аққу  - 

әдеміліктің,  тектіліктің,  махаббатқа  адалдықтың,  қазақы  мәдениеттің  символы  ретінде 

бейнеленеді. Оған дәлел - ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасындағы аққу образы. 

...Аққулар... 

Аққу мойын, сүмбе қанат, 

Алаңсыз тарануда күнге қарап. 

Айдынның еркелері, білмей тұрмын, 

Етермін тағдырынды кімге аманат?! 

Жаны сұлу ақ еркем, ары сұлу [1]! 

Сондай-ақ,  аққу,  сандуғаш,  тоты  кұс,  аққу,  жапалақ,  бүркіт,  торғай  сөздеріне  қазақ 

халкының  ұғым  түсінігін,  табиғат  бейнесін,  санасында  жағымды,  жағымсыз  бағалауыштық 

коннатацияларды  сыйғыза  білген.  Сондай-ақ,  ақын  бүркіттің  адал  достығы  мен  тектілік, 

батылдық  қасиетін,  құсбегілік  салтының  бір  бөлшегін  «еркіндік»  символына  сыйғызған. 

Бүгінде  еліміздің  туында  еркін  шарықтап  ұшкан  қыран  бейнеленгені  ақын  арманының 

орындалғанының көрінісі. 

М.Мақатаев  –  Абай  үлгісімен  өзіндік  «мен»  –  автор  образы  арқылы  ұлтына  үгіт-

насихат,  сын  айтатын  сипатынан  оның  жаршы,  насихатшы,  ақын  екендігі  аңғарылады. 

Ақынның  өзіндік  «мені»  ақын  өлеңдерінде  өзіндік  қолданыстағы  метафоралар  мен 

алмастырулар  да,  жан-жануар,  ағаш,  тұрмыстық-салт  лексика  да  кездесіп  отырады. 

М.Мақатаев өлендерінде дәстүрлі ұғымдар да метафоралық тіркес құрайды. 

Ақынның өзіндік «мені» – күрделі ұлттық таным. 

 Қуат алып Абайдың тіл-күшінен, 

 Жыр жазамын Абайдың үлгісімен. 

 Абай болып табынсам бір кісіге, 

 Абай болып түңілемін бір кісіден [3]. 

«Қайырлы  түн  !»  және  «Қайырлы  таң!»  атты  екі  өлеңінің  мән  мағынасына  тереңірек 

үңіле  түсейікші.  Екі  өлеңде  де  ақынның  айтайын  деген  ойы  бір  арнаға  саяды.  Ол  – 

тыныштық. 

Қайырлы түн! 

Жер – Анам, 

Көк аспанды жамыл да, 

        Таңға дейін дін аман, 



Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

218 



 

Тәтті ұйқыда дамылда. 

        Қайырлы түн, тыныштық! 

Қайырлы түн, тіршілік!  

- деп, түн тыныштығын тілесе: 

Арқалап ап ырыс-құт, 

Келеді әне күн шығып, 

Қайырлы таң, Тыныштық! 

Қайырлы таң, Тіршілік!  

-  деп таң нұрына боялған жер бетінің тыныштығын суретейді. Жәй ғана суреттемейді, 

таң  атқанда  «орманым  да  шуламай,  ақ  басты  ата  тауларым  да  жыламай  ұйқысынан  оянса, 

шашу  болып  жүлдыздарың  шашылды,  айың  келіп  ақ  мойныңа  асылды»  деп  әдемі 

кейіптеулермен келтіреді. 

Таң  мен  түнді  қарама-қарсы  қоя  шендестіріп,  көз  алдымызға  үшінші  бір  әдемі 

«тыныштық» деп аталатын суретті ұсынады. Яғни, антитезаның әдемі үлгісі бар. 

Еңді ақын жырында ауыл түні мен жазғы таңның бейнесі қалай-қалай құбылады екен? 

Ауыл түні бозғыл, торғын, мақпалдай, 

Аспан жерге таңырқап тұр ақ маңдай. 

Бір-біріне ғашық екі дүние 

Сырласа алмай, мұңдаса алмай жатқандай. 

Ақын ағаның өз қаламына ғана тән теңеу мен кейіптеудің кереметін байқайсыз. 

Түнгі  жайлаудың  сырына  қаныққан,  жеңгесі  мен  қайнысының  диалогына  құрылған 

өлеңін  алып  қарайық.  Әдемі  әзілге  езу  тартқызар  өлеңге  «қарағай  дулығасын  лақтырып, 

жапырақ,  құрақ  күліп»  мәз  болысады.  Аға-орман,  іні-торғай  паналаған жолдарды метафора 

ажарландыра түссе, қайнысының пүшайман болған халін «Сауға сұрап қашанғы күнелтемін, 

балаша балықшыны жағалаған» деген келісті теңеулер түйіндеп тұр [4]. 

Ақиық  ақын  өмірінің  соңғы  кездеріңде  ауру  мендеп,  жаны  қиналғанда  да  таң  мен 

түннің  құпиясын  трагедиялық  ахуалда  суреттеуге  арнаған.  «Көрдің  бе  таң  мен  түннің 

соғысқанын?» деп сұрақ қоя отырып, «мен көрдім, бірақ болыспадым» деп өзі жауап береді. 

Лирикалық кейіпкер: 

Түн деген - шашын жайған албасты екен, 

             Апыр-ай,  таң  кешігіп  қалмас  па  екен?  –  деп  дегбірсізденеді,  өйткені 

қараңғылықты  үрейдің,  өлімнің  нышаны  етіп  суреттейді.  Таң  –  үміттің,  жақсылықтың 

нышаны. 


Жарық жеңді-ау, әйтеуір алаулатып, 

Түнді асырды батысқа талауратып. 

Қолына алып пышақты сан мың найза, 

Жауынгер – Күн келеді жалаулатып! 

Таң атты. Жауынгер  – Күн жеңді. Оның өмірі  тағы бір күнге ұзарды, ақын үміті тағы 

бір күнге жалғанды.  

«Несіне асығады?» деген өлеңінде: 

О, жарық дүнием-ай! 

Қуатым-ай! 

Несіне асығасың, тұра тұрмай. 

Өмірді басқа арнаға бұратындай 

Түннен қорқам... 

Мәңгілік тұратыңдай. 

Тоқташы! 

Тоқтай тұршы, қуатым-ай! 

- деп күнді жанына қуат, тірек көреді. 

«Қызарып соңғы сәуле шашырады. 

Күн түйе алмай барады шашын әлі».  




Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

219 



 

Жанды, бейнелі құбылыс! 

Түн дүниесі адамды тонап бір-ақ жұтатындай «тірлікте қара түннің керегі не, кетпей ме 

онандағы  күнге  айналып»  деп  армандайды.  Мұндай  түн  тақырыбы  Мағжан 

шығармашылығына да тән. Үңдестік бар. Олай болса, түн  – дамыл, күн – өмір. Ақын жаны 

өмірдің тәтті елесіне елігіп: Күміс қанат бір құсқа мініп алып, Кетсем бе екен артынан күнді 

қуып, - дейді. Солай бола тұрса да, қара түнді ылғи кіналаудан аулақ [6].  

Мұқағали Мақатаев сынды қазақтың асқақ ақынында ажарлау аз, құбылту көп. Әдеби 

тілдің  әсемдігі  ғана  емес,  әсерлігі  үшін  де  орасан  қажет  тәсіл  –  құбылту,  яки  троп  (грекше 

tropos  –  иін,  иірім)  –  сөздерді  тура  мағынасында  емес,  бұрма  мағынасында  қолдану, 

шындықты  бейнелеп,  кейде  тіпті  перделеп  таныту,  ойды  өзгертіп,  кейде  тіпті  өңін 

айналдырып  айту.  Бұл  ретте  әдеби  тілді  ажарлау  оны  құбылтудың  алғашқы  кезеңі  –  ең 

қарапайым түрі деуге болар еді [7, 222]. 

  Суреткер қолындағы сөз суретші қолындағы бояу секілді, иінін тауып мың құбылтуға 

болады.  Құбылған  сөз  әсерлілік  үстіне  адам  баласының  танымын  байытпақ;  бір  сөз  бір-ақ 

нәрсені  танытса,  оны  түрлендіре  құбылту  арқылы  тіршіліктің  сан  алуан  сырын  тануға 

болады. Демек, троптың ең басты мәні таным тарапында жатыр [7, 223]. 

  Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет  жоқ. Мұны білген жағдайда ажарлау секілді құбылту 

да  суреткердің  идеялық  мақсатына,  эстетикалық  мұратына  қызмет  ететін  тәсіл  екенін 

тәпіштеп жату артық. Мұны айтып отырған себебіміз, кейбір әдебиет  теориясын толғайтын 

кітаптарда  эпитет  пен  теңеу,  метафора  мен  метонимия  әр  жазушының  таптық  көзқарасына 

лайық, таптық идеясына сәйкес пайдаланылатыны ұзақ-ұзақ әңгіме етіледі. 

Синекдоха  (гректің  synekdohe  –  бірге  жобалап,  нобайлап,  шамалап  түсіну)  –  бүтіннің 

орнына  бөлшекті,  жалпының  орнына  жалқыны,  үлкеннің  орнына  кішіні  немесе,  керісінше, 

жалқының  орнына  жалпыны,  бөлшектің  орнына  бүтінді  қолдану  негізінде  сөз  мағынасын 

алмастыру амалы [7, 230]. 

  Алмастырудың бір түрі болып табылатын синекдоха тәсілінің де метафорамен тығыз 

байланысқа құралатыны осы пікірлерден анық аңғарылады. Яғни сөз мағынасын алмастырып 

айту  амалы  ретінде  синекдоханың  да  табиғаты  метафорамен  байланыста  жатыр  деуге 

болады. 

  Синекдоха  да,  метонимия  тәрізді  ауызекі  тіл  ыңғайына  бейім  құбылыс.  Сонысына 

қарай  әрі  ойды  әсерлі  жеткізу  қызметімен  Мұқағали  Мақатаев  лирикасында  бұл  да  жиі 

көрініп тұрады. 

  Ғалымдарымыздың  көпшілігі  синекдоханы  метонимияның  бір  түрі  деп  қарастырады. 

Осы  пікірге  қосылуға  болады.  Бірақ  аздаған  айырмашылық  бар  екенін  ескеруіміз  қажет. 

Синекдоха  да  алмастырып  айту  ап-айқын  көрініп  тұрса,  ал  метонимияда  көмескіленіп,  тез 

байқалмай тұратындығында болса керек. Мысалы, М. Мақатаев мегзеу сөздерді қолданғанда 

айтар  ойына,  ішкі  сезіміне  бағындырып,  үйлестіріп,  үйлесімді  жағдайда  пайдаланған. 

«Қайран жеңгем» өлеңінде: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет