Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019


 «Оқу-тәрбие жұмысын оптималдандыру» жүйесін қолдануы



Pdf көрінісі
бет277/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

1. «Оқу-тәрбие жұмысын оптималдандыру» жүйесін қолдануы. 

1977 жылдан бастап, Ленин атындағы орта мектеп жұмысына оптимизация идеяларын 

кіргізе  бастайды,  мектеп  ұжымын  Москвалық  атақты  академик  Ю.К.  Бабанскийдің  «Оқу-

тәрбие  жұмысын  оптималдандыру»  жүйесімен  жұмыс  істеуге  жұмылдырады.  Тікелей 

онымен  хат  жазысып,  ақыл-кеңесін  алып  отырады.  Атақты  ғалым  Қанипаның  еңбегіне 

ерекше назар аударып, жақсы пікірлер айтады, қолдайды. Қ.О. Бітібаеваның осы бағыттағы 

әдістемелік  еңбегін  нақтылайтын  бірнеше  мақалалары  мен  ғылыми-әдістемелік  еңбектері 

жарық көреді [3, 12]. 

Қ.О. Бітібаева 1977-1987 жылдары Тарбағатай ауданы Ленин атындағы орта мектебінің  

базасында  аудандағы  тұңғыш  әдістемелік  кабинетін  жабдықтайды.  Аудандық  жаңашыл 

ұстаздардың  республикалық  І  слетіне  қатысып,  іс-тәжірибесін  ортаға  салады.  Ол  аудан 

мұғалімдерінің  ғылыми  ізденіс  орталығына,  ерекше  лабораториясына  айналады.  Шалғай 

ауылдағы жас ұстаз еңбегі облысқа тарап, республикаға естіле бастайды. Ауданда, облыста 

іс-тәжірибесі  таратылады.  Республикалық  «Шапағат»,  «Ақбұлақ»  арналарына  ұстаз  туралы 

жеті рет хабар беріледі.      

1976  жылы  облыстық  директорлар  семинарында  атақты  ұстаз  СССР  Халық  мұғалімі 

Қ.Нұрғалиев Қанипаның сабағына қатысады. Жас ұстаз еңбегіне риза болған ардагер ұстаз, 

үздік  әдіскер  маман  жас  та  болса  еңбегі  зор,  болашағы  үлкен,  жұлдызы  жарқырап  тұрған 

мықты  маманды  бірден  танып,  мойындап,  «Қазақ  ССР  халық  ағарту  ісінің  үздігі»  атағына 

ұсынады. 

«Қазақстан  мектебі»  журналының  1977  жылғы  №  9  санында  «М.Әуезовтің  «Абай 

жолы»  эпопеясындағы  әйелдер  бейнесін  оқу»  тақырыбында,  ал  1979  жылғы  №  4  санында 

«Ленин еңбектері әдебиет сабағында» тақырыбында мақалалары жарық көреді.  

1980  жылы  Өскемендегі  Жамбыл  атындағы  мектеп-интернатына  жұмысқа 

шақырылады. Шалғай ауылдың өзінде атағы жер жарған білімді, талапты, еңбекқор ұстаздың 

облыс орталығына келгеннен кейінгі жерде мүмкіндіктері одан сайын кеңейе түседі. Облыс 

мұғалімдеріне  арналған  семинарларда  дәрістер  оқып,  тәжірибесін  кеңінен  тарата  бастайды. 

Осы  кездерде,  атап  айтқанда,  «Қазақстан  мектебі»  журналының  1982  жылғы  №6  санында 

жарық  көрген  «Мектептегі  оқу  тәрбие  процесін  ұйымдастыру»  атты  мақаласы  мен  «Идеи 

оптимизации  и  задачи  учителей  по  их  претворению.  Методический  материал  помощь 

лектору на казахском языке» атты еңбегі осыға дәлел бола алады [4].  

Ұстаздың  ерен  еңбегі  бағаланып,  СССР  оқу  ісінің  үздігі,  Шығыс  Қазақстандағы 

тұңғыш  бүкілодақтық  Крупская  медалінің  иегері  болады.  1990  жылы  Қанипаға  СССР 

Мемлекеттік сыйлығы беріледі. Ол Одақта 5-ші, өз елімізде 1-ші лауреат атанады. «1990 жыл 

еді.  КСРО  Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  атанып,  Мәскеуге  бардым.  Әдебиетті 

тереңдетіп  оқытатын  ең  үздік  деген  оншақты  гимназиясын  аралап  көрдім.  Сонда,  осы 

мектептердің оқушылары тұрмақ, мұғалімдерінің өзі Абай мен Мұхтарды білмейтіндігіне әрі 

таң қалдым әрі намыстандым. Министрлігіне кездесуге барған кезде, сол ашудың екпінімен 

«Менің білімі ең нашар деген оқушым Пушкин мен Лермонтовты жатқа білгенде, сіздердің 

мұғалімдеріңіздің  өзі  Абайдың  кім  екенін  білмейтіні  қалай?  Қазақ  қана  емес,  өзге 

«бауырлас»  елдердің  әдебиетінен  де  түк  білмейсіздер,  балаларға  білімді  қалай 

бермексіздер?» деп айтып салдым», - деп жазады бұл жайында Қ. Бітібаеваның өзі [5, 17 б]. 

Москвадағы осы сапарында оған «Народное образование» журналының білімді, беделді 

әрі  Одаққа  танымал  тілшісі  Лев  Красновский  жолығып,  үш  күн  сұхбаттасып,    интервью 

алады. Педагог-тілші Қанипаның іс-тәжірибесіне аса қызығып, «Одақта сіздей ұстаздар аз»-

деп  ағынан  жарылады.  «Мен  қолымда  билігі  бар  адам  болсам,  Сізге  бүгін-ақ  «Халық 

мұғалімі» деген атақ берер едім»-дейді. Іле-шала «Народное образование» өзінің 1990 жылғы 

бесінші санында «Я сделал свою карьеру» атты мақаласын басады. 

Одақтық  «Учительская  газетаның»  арнаулы  тілшісі  С.Синицкая  Қанипа  Бітібаеваның 

18 сабағына қатысып, шәкірттерімен сұхбаттасады. Ол алдында өз заманының шоқтығы биік 



Ш. Уәлиханов атындағы КМУ хабаршысы    ISSN  1608-2206                                   Филология сериясы. № 4, 2019 

 

349 



 

мұғалімі  тұрғанын  түсінеді.  Бір-біріне  ұқсамайтын  сабақтардың  куәсі  болып,  бәрі  қолдан 

жасалған  дидактикалық  материалдар мен  көрнекілік,  оқу-құралдарымен  танысып,  ұстаздың 

бір  мектепті  былай  қойып,  бүкіл  республика  ұстаздарына  жететін  бай  әдістемелік 

қазынасына  таң  қалады.  Қанипа  шәкірттерінің  мектеп  көлемінен  асып-тасып  жатқан  терең 

біліміне тәнті болады» [6, 7 б]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   273   274   275   276   277   278   279   280   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет