|
Кәсіби салада шет тілін оқытуда ситуативті-интерактивті технологияларБайланысты: Vestnik 4 2019Кәсіби салада шет тілін оқытуда ситуативті-интерактивті технологиялар
1, 2
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,
Алматы қ., Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіптік білім беру жүйесін қалыптастыруда
білім сапасын нығайту мәселелерін шешу тұрғысында кәсіби бағытталған шетел тілін
оқыту тақырыбының зерттелуі өте маңызды. Кәсіби қызметтің әртүрлі салаларында
ұдайы етек алып келе жатқан халықаралық алмасуға байланысты және мәдениетаралық
кәсіби қарым-қатынас мәселелері ерекше өзекті болып табылады. Кәсіби білім беру
саласындағы бакалавр түлегінің кәсіби құзыреттілігінің ажырамас бөлігі - мәдени
коммуникативті құзыреттілік компоненті. Ол өзінің маңызды құрамдас бөлігі
коммуникаторларға өз тілінде сұхбат берушінің мәдени құндылықтарын ескере отырып,
қарым-қатынас процесін құруға мүмкіндік беретін тілдік және мәдени құзыреттілік болып
табылады. Бұл жұмыста тілдік емес мамандық студенттеріне кәсіби бағдарланған шетел
тілін оқытуда интерактивті технологиялар негізделген ситуациялар арқылы шетел
тіліндегі білім алушылардың лингвомәдениеттану құзіреттілігін қалыптастырудың
әдістерін ұсынамыз.
О. Kuratova
1
,S. Novikova
2
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|