Ш. Уәлиханов атындағы кму хабаршысы issn 1608-2206 Филология сериясы. №4, 2019



Pdf көрінісі
бет276/341
Дата07.01.2022
өлшемі3,45 Mb.
#18687
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   341
Байланысты:
Vestnik 4 2019

Ш.Қ. Құрманбаева

1

, Қ.О. Оралбекова

2

  

1

педагогика  ғылымдарының  докторы,  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық 



университетінің 

профессоры, 

Нұр-Сұлтан 

қ, 


Қазақстан, 

e-mail: 


shynar.kapantaikyzy@gmail.com  

2

  PhD  докторант,  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті,  Нұр-Сұлтан  қ, 



Қазақстан, e-mail: oralbekova.kuralay@nisa.edu.kz  

 

АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУДЫҢ АВТОРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫН 



ЖАСАҒАН ҰЛЫ ҰСТАЗ 

 

Тәуелсіз  Қазақстанның  ұлттық  білім  беру  жүйесінде  өзіндік  сара  жол  қалдырған 

сондай  ұлы  адамдардың  бірі  де  бірегейі,  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  мұғалімі,  КСРО 

Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты,  Қазақстан  Республикасы  педагогика  ғылымдары 

академиясының  академигі  Қанипа  Омарғалиқызы  Бітібаева  –  қазақ  әдебиетін  оқыту 

әдістемесінің  ғылыми,  тәжірибелік  негіздерін  қалауда  баға  жетпес  үлес  қосқан  санаулы 

тұлғаларымыздың бірі.  

Бүгінгі  мақаламызда  Қанипа  Омарғалиқызы  ұстаздың  жыл  өткен  сайын  көпшілік 

сұранысына ие болып келе жатқан мол әдістемелік мұрасын саралай келе, қазақ әдебиетін 

тереңдетіп  оқытудың  инновациялық  авторлық  технологиясына  жету  жолындағы 

әдістемелік еңбектеріне талдау жасауды жөн көрдік. 

Тірек  сөздер:  оптималдандыру,  проблемалық  оқыту,  эксперименттік  әдіс,  тиімді 

оқыту, проблемалық талдау.  

 

КІРІСПЕ 


 

Ұстаздың  әдеби  айтыс,  пікірлесу,  диалогиялық  әңгіме,  проблема  шешу,  іздену  сынды 

өнімді  әдістерге,  оқушылардың  өз  бетімен  ізденуі  мен  зерттеу  жұмысы  дамытуға 

негізделетін  авторлық  «Ой  тастау,  ойланту,  ойлау»  технологиясы  жайлы  бірнеше  рет  сөз 

еткенбіз [1, 7].  

Қ.  Бітібаеваның  ұстаздық  жолы  басталған  алғашқы  1976  жылдардан  бастап,  өзінің 

авторлық педагогикалық технологияларын қалыптастырғанға дейінгі аралықта жарияланған 

еңбектерін  академик  Ю.К.  Бабанскийдің  «Оқу-тәрбие  жұмысын  оптималдандыру» 

жүйесімен жұмысы, проблемалық оқыту әдісін технология деңгейіне көтеруі және әдебиетті 

тереңдетіп  оқытуда  эксперименттік  әдісті  қолдануы  деген  басты  үш  бағытқа  бөліп 

қарастырамыз.  1968-80  жылдар  арасында  туған  аулында  мұғалім,  директордың  оқу-тәрбие 

жұмыстары жөніндегі  орынбасары  қызметін  атқарған жылдарында  алғашқы  күннен  бастап, 

Қ.О.  Бітібаева  мектепте  «Жас  қалам»  әдеби  драма  үйірмесін  жүргізіп,  ауылда  кіші  театр 

ашады. Аудандық, облыстық байқауларда жүлделі орындарға қол жеткізеді. Академик Ю.К. 

Бабанскийдің  «Оптимизация  учебно-воспитательного  процесса»  еңбегіне  сүйене  отырып, 

сол  1970 жылдарда  Кеңестік  білім  беру  жүйесінде  кеңінен  танымал  болған оқу-тәрбие  ісін 

оңтайландыру  жүйесін  пайдаланып,  шағын  ауыл  мектебінде  үлкен  жұмыстар  атқара 

бастайды  [2,  177].  1976  жылы  Мәскеу  қаласына  арнайы  барып,  академикпен  жолығады. 

«Оқу-тәрбие жұмысын оптималдандыру» туралы жоспарын көрсетіп, жоғары баға алады.  

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ 




Вестник КГУ им. Ш. Уалиханова   ISSN  1608-2206                                              Серия филологическая, № 4, 2019      

 

348 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   272   273   274   275   276   277   278   279   ...   341




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет