Өндірістік жоспар Өнім атауы өлш.бірл. жоспарлау аралығы барлығы Кезең нөмірі
1 2 3 4 5 6 Жыл
2019 2020 2021 2022 2023 2024 Жылдағы ай
5 12 12 12 12 12 Инвестициялық фаза
1 0 0 0 0 0 Өндірістік фаза
1 2 3 4 5 6 жетілген дәннен жасалған қалыпты нан Жоғары өндіріс көлемі (жоспар)
тонна 192,00
460,80
460,80
460,80
460,80
460,80
2 496,00
Өндіріс қарқыны (жоспар)
% 25%
30%
36%
43%
52%
62%
41%
Өндіріс көлемі (болжам) тонна 48,00 138,24 165,89 199,07 238,88 286,65 1 076,73 Өндіріс көлемі (болжам)
бөлке 120 000 345 600 414 720 497 664 597 197 716 636 2 691 817
Жобаның осы кезеңінде нарықтың сыйымдылығы көрсетіп отырғандай, компанияның қуаттылығын ескерумен өн-
дірілген өнімді толығымен өткізу мүмкіндігі бар.
Өткізу бағдарламасы
Өнім көтермелеп, сондай-ақ, бөлшектеп өткізілетін болады. Бөлшек сатылымдар наубайхана жанындағы – жеке сату
нүктесі арқылы жүзеге асырылатын болады; сонымен қатар, жоба азық-түлік өнімдерін жеткізу интернет-сервисімен ын-
тымақтастықты көздеп отыр. Көтерме сатылымдары сауда нүктелері, дүкендер, сонымен қатар, жоғары баға сегментіндегі
дәмхана және мейрамханалары бойынша өнімді өткізуді көздейді.
Қазіргі таңда компания МАГНУМ, SMALL секілді азық-түлік өнімдерін сататын жетекші компаниялармен ауызша
келіссөздер жүргізді, компаниялар қызығушылық танытты, жобаны іске асырған жағдайда біздің өнімізді сатуға дайын.
Онлайн құралдары ретінде веб-сайтты, сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі және сервистердегі (Instagram) жар-
намалық парақшаларды қолдану жоспарланып отыр. Наубайхана жаңалықтарын, қызықты кулинарлық рецепттерін жа-
риялау, конкурстар мен ойындар өткізу көзделуде. Instagram желісінде өндіріс үрдісінің, дайын өнімдердің суреттерін,
келушілердің суреттерін жариялау жоспарлануда.
Жоба табысының негізгі факторларына келесілерді жатқызуға болады:
• Ассортименттің ерекше рецепттері
• Барлық құраушылардың: рецептура, ингредиенттер, жабдық қызметкерлер құрамы жұмысының жоғары сапасының
есебінен өнімнің жоғары сапасы
• Сапа тұрақтылығы
• Бөлшек сауда клиенттері үшін наубайхананың ыңғайлы орналасуы
• Наубайхана өніміне сұраныстың айтарлықтай маусымдылығы жоқ.
Бәсекеге қабілетті ортаны зерттеуі көрсеткендей, қаладағы осы өнімге бәсекелестік деңгейі жоғары емес, дәлірек ай-
тқанда, жобаға ұқсас бизнес-үлгі жоқ. Бәсекелестердің барлық нан-тоқаш өнімдерінің баға деңгейі салыстырмалы. Со-
нымен бірге, шағын наубайханалар өздері орналасқан қаланың нақты бір ауданына бағдарланған. Ірі наубайханалардың
ассортименті барынша дәстүрлі өнімге негізделген. Сонымен, жоба қолайлы бәсекелес жағдайда орналасқан.