Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі


Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары



бет4/35
Дата14.06.2022
өлшемі92,18 Kb.
#36806
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
Жалпы жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
• сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
• бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;
• көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
• сабақ тақырыбының өзара байланысы;
• сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
• сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
• тиімді оқыту әдістерін таңдау;
• сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
• оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;
• мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
• барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.

  1. Қазақстан Республикасындағы шағын жинақты мектептер, олардың проблемалары, шешу жолдары.

Шағын комплектілі ауыл мектептерінің оқу және оқудан тыс үрдістерінің ерекше жағдайындағы төмен нәтижелілігі мұғалімнің осы мектеп 
түрінің педагогикалық үрдісінің ерекшеліктерін осыған дейін (Н.Д. Хмель, Н.Н. Хан, С.Т. Каргин, Т.Н. Рябуха) зерттеліп, шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқарудағы мұғалімнің теориялық даярлық моделі құрастырып отыр. 
Теориялық модельді даярлағанда, оның компоенттері төмендегідей өлшемдермен көрсетілген: 
– шағын комплектілі мектептердегі жұмысқа мұғалімнің кәсіби бағыттылығы; 
– мұғалімнің әрекетінің объектісі ретінде педагогикалық үрдістің маңыздылығын білуі; 
– білім беруді жеке тұлғалық бағытталуының гуманистік қажеттілігін біліп-сезінуі; 
– шағын комплектілі мектептердегі педагогикалықүрдістің ерекшеліктерін білуі; 
– пәнаралық шоғырландыруды іске асыру технологиясын игеру; 
– шағын комплектілі мектептердегі педагогикалық үрдісті басқаруды жетілдіру тәсілдерін игеру. 
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында шағын комплектілі мектеп оқушыларының саны аз, біріктілген сынып – комплектісі бар, оқу 
сабақтарын ұйымдастырудың ерекше формасы бар жалпы білім беретін мектеп деп көрсетілген. 
Республикада шағын комплектілі мектептің үш типі бар: 
– бірінші – бастауыш шағын комплектілі мектеп
– екінші – негізгі сатылы шағын комплектілі мектеп; 
– үшінші – жоғары сатылы шағын комплектілі мектеп.
Олардың бәріне тән қасиеттер: 
– тек біріктірілген сынып комплектінің болуы (бұл бастауыш шағын комплектілі мектепте басым); 
– тек біріктірілген сынып комплектінің және бала саны аз жеке сыныптардың болуы; 
– тек бала саны аз жеке сыныптардың болуы. 
Шағын кешенді мектептерде негізгі назар ұйымдастыру жұмыстарына аударылады. Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру 
шарттары: 
– сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы
– бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы; 
– көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы; 
– сабақ тақырыбының өзара байланысы
– сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру; 
– сабақтардың кестесін дұрыс жасау; 
– тиімді оқыту әдістерін таңдау; 
– сабақтың мақсатқа сай келетін құрылымын анықтау; 
– оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру; 
– мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы; 
– барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу. 
Шағын кешенді мектептер үшін қазақ тілі пәні мен оқулықтары жоқ, өйткені толық кешенді мектептерге қарағанда шағын кешенді мектептердің оқу шарттары ерекше. Сондықтан да ондай мектептерде «үлкен» сабақтың құрамындағы «кіші» сабақтарды дұрыс ұйымдастыру керек, оқушының осындай «кіші» сабақтарында алған білімі, тәрбиесі толық мектептегі оқушының біліміне сәйкес болуы шарт. Шағын кешенді мектеп жұмысын қиындататын, оқушылардың білім дәрежесін төмендететін бірқатар объективтік ерекшеліктер бар: 
– бір мезгілде бірнеше сынып жұмыс істейтін шағын кешенді мектепке арналған оқыту әдістемесінің жасалмауы; 
– өздігінше жұмыс істеу әдісінің кең тарамағандығы; 
– шағын кешенді мектеп мұғаліміне арнап жазылып, баспадан шыққан әдістемелік және көрнекілік құралдарының аздығы
– шағын кешенді мектептердің кітапханалық қорының нашарлығы. 
Мұндай мектепте бір мұғалім бір мезгілде екі сыныппен қатар жұмыс істейді. Сабақтың өзіндік ерекшелігі: оқу үрдісінің бір мезгілде екі сыныпта 
бірдей ұйымдастырылуы. Мұның өзі мұғалімнің әр сыныпқа сабақ уақытының жартысын ғана жұмсауына мүмкіндік береді. Яғни, мұғалім бір 
сыныпқа жаңа материалдарды түсіндіріп жатқан кезде басқа сыныптың оқушылары өз бетінше жұмыс жүргізеді. Бұл, көбінесе, әдебиет пәнінде (6-8 
және 7–9 сыныптар) қиынға соғады. Өйткені берілген тақырыптар аумақты, сондықтан уақыт жетіңкіремейді. 
Оқу сабақтарының кестесін жасауда негізінен екі тәсіл қолданылады. 
Бірінші тәсіл арқылы бір пән бойынша сабақтар біріктіріледі. Мысалы, мұғалім 1, 3-сыныптарда бірінші сабаққа математиканы, екінші сабаққа қазақ тілін қояды. 
Шағын кешенді мектептегі сабақтың табыстылығы мұғалімнің түсіндіруі мен өздік жұмысты ұштастыруына байланысты. Түсіндіру нақтыландыратын мысал, қосымша ойпікірлерсіз қысқа болу керек. Мұғалім әдетте жаңа білімді меңгерту үшін бір не екі мысал келтіреді. Мұғалім 
тақырыпты түсіндіргеннен кейін өздік жұмысты қалай орындау керектігі туралы қысқаша нұсқау беріп, оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеріп, 
келесі сыныппен жұмыс істеуге көшеді, тақырыпты түсіндіріп болған соң, сыныпқа өздік жұмыс береді. Оқу жұмысының түрлерін ауыстырып, өздік жұмысты орындау процесін бақылап, мұғалім сабақты жүргізіп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет