9.Шағын жинақты мектептегі оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынас.
Шағын жинақты мектеп – бұл әртүрлі жастағы кішігірім ұжым, онда үлкендер мен кішілерді тәрбиелеуге жақсы мүмкіндіктер жасалады. 20 – 30 оқушысы бар мектеп үлкен отбасын еске түсіреді. Бұндағы педагогтар мен оқушылардың қарым – қатынасы басқа үлкен ұжымдарға қарағанда жақын немесе жақсы болып келеді. Бұнда басқа үлкен мектептердегідей құқық бұзушылық орын алмайды. Әрқайсысы бір – бірін біледі, жақсы көреді, сенеді немесе көмектеседі. Шағын жинақты мектептің мұғалімдері бір мамандықпен шектелмейді, ол әр істің шебері, оның міндеттері оның терең кәсіби диагностикалау болып есептеледі.мектептердегі мұғалімдердің жұмысы ауыр. Бірнеше пәннен біріктірілген сабақтар беруге, 1-4 сыныптарда 4 мұғалімнің орнына 2 мұғалім сабақ береді. Егер бірінші сынып оқушылары ең болмағанда екі тоқсан жеке оқыту қажет болса, 4 сынып оқушыларын жеке оқытқан тиімді. Оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты музыка, дене тәрбиесі сабақтарын біріктіріп оқытуда келесі мәселелер жоқ емес, біріктіріп оқытуға болмайтын мәселелер де кездеседі.
10. Шағын жинақты мектептерге арналған оқу- әдістемелік және басқа оқыту құралдарына сипаттама.
Шағын жинақты бастауыш мектептерді көрнекі құралдармен жабдықтау ісінде үлкен табыстарға қол жеткізген, өз тәжірибелерін жинақтап, тарата білген үздік мұғалімдер – Ы.Құсайынов пен Б.Құсайыновалар болды. Олардың мектепті көрнекі құралдармен және оқушыларға таратып беретін дидактикалық материалдармен жабдықтау жөніндегі іс-тәжірибелері аудандық, облыстық, республикалық және сол кездегі Кеңес Одағы көлеміндегі газет-журналдарда жарияланып тұрды.
Оқу-әдістемелік құралдарға оқу-әдістемелік топтама (ОӘТ) құрамына енетін мына құралдар жатады:
1. Бағдарлама (1-4 сыныптар);
2.Оқулықтар (1-4 сыныптар);
3.Қазақ тілін оқыту әдістемесі (2-4 сыныптар)
4.Математикадан дидактикалық материалдар (1-4сыныптар);
5.Математиканы оқыту әдістемесі (мұғалімдерге арналған көмекші құрал (1-4 сыныптар);
6.№1 және №2 - математика дәптерлері (1сынып);
7.Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты тапсырмалар (1-2 сыныптар)
8.Бастауыш математика курсындағы шығармашылық жаттығулар: оларды орындау технологиясы (1-4 сыныптар);
ШЖБМ оқу үдерісінің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес мектеп оқушыларына арналған оқыту құралдарына нақты талаптар қойылады. Оқу құралдарының әдістемелік аппараты алдымен онда кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастырып қана қоймай, сонымен бірге, жабдықтар да, оқу құралдары да оқушының өз бетімен жұмысын басқаруға септігін тигізуі керек.
Мұғалімдер, әдіскерлер және ғалымдар ШЖМ-ке арналған оқу құралдарын дайындау жөнінде әр түрлі пікірлер айтуда. Ол құралдар мектеп ерекшелігіне сай бір оқу бөлмесінде бірнеше сыныппен жұмыс істеп отырған мұғалімдердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруына септігін тигізуі тиіс. Онда ең алдымен баспадан шыққан оқулық пен дәптер қажет. Одан басқа сынып-комплектінің барлық балаларын қамтитындай, сабаққа тартуға арналған санау материалдары бар қосымша, кестелер, ауызша есептеу мен математикалық диктанттың баспаға түсірілген түрі, санау материалдары, есепті шешуге үйретуге арналған графопроектордың транспоранты.
1964 жылы В.П.Стрезикозиннің басшылығымен ШЖБМ-нің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес жасалған комплекс құралдарының тиімділігін анықтауға арналған жұмыстар ұйымдастырылып, әр түрлі үлгілері жасала бастады. 1970 жылдан Г.Ф.Суворованың басшылығымен ауыл мектептеріндегі оқу пәндерін оқытып-үйрету мәселелері жөнінде зертхана қызметкерлері жұмысты жалғастырды.
Қазіргі кезде ШЖБМ-ке арналған әдістемелік жиынтыққа енетін бірнеше құралдар дайындалған. 1987 жылы ШЖМ мұғалімдерінің жұмыс орны – стенка-шкаф шығарылған, онда жылжымалы сынып тақтасы, экран, барлық оқу жабдықтарын сақтайтын заттар, қарапайым техникалық оқу құралдарын қоятын мұғалім үстелі бар.Сынып-кабинетті әдістемелік жабдықтауға да баса назар аударылуда.
Әдістемелік жабдықтауға мыналар кіреді: оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, аудио-визуалдық және техникалық оқыту құралдарын сабақта оқушылардың өз бетімен қолдануы жайлы мұғалімдерге
арналған әдістемелік нұсқаулар, сынып-комплектімен жұмыс істеуге арналған әрбір пән бойынша тақырыптық жоспарлар.
Арнайы ШЖМ-ке арналған құрал-жабдықтар бар:
1. Қарапайым лингофондық құрылыс, бір сынып оқушыларымен мұғалім жұмыс істеп жатқанда, екінші сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
2. Шахтылы (шахтный) экран, жарықта қолдануға болатын экран, яғни оларды қолдану кезінде бөлмені қараңғылау қажет емес.
3. Әр түрлі перфокарталар, планшеттер, блок-сигналдар; олар оқушылардың білімдерін тиянақтау, бекіту, тексеру, есепке алу кезінде, сондай-ақ оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |