Шағын жинақты мектеп және оның ерекшелігі


Шағын жинақталған мектепте көрнекіліктер жасауға қойылатын талаптар



бет10/35
Дата14.06.2022
өлшемі92,18 Kb.
#36806
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
12. Шағын жинақталған мектепте көрнекіліктер жасауға қойылатын талаптар.
Көрнекілік – оқу материалын оқушы көңіліне оңай да, әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал.
Көрнекіліктерді қолдан жасау – аса күрделі дүние. Оған қойылатын басты талаптар мыналар:

  • Жазуын соңғы партада отыратын бала да оқи алатындай болу керек. Көркемдеуі, безендіруі, бояулары әлем-жәлем емес, қарапайым, оқушы жан жүйесіне, көру қабілетіне кері әсер етпейтіндей, мектеп гигиенасына сай жасалуы керек.

  • Қолдануға оңай әрі мазмұнды болуы керек.

  • Тұжырымдылық, нақтылық, ғылыми жағынан тереңдік те басты шарт.

13. Бастауыш ШЖМ-тегі жұмытың тиімділігін анықтау
Біріктірілген сыныптарда кіріктіре оқытудың тиімді жақтары төмендегідей:
оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;

- әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;


- өзіндік жұмыстарды оқушының жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге болады;
- оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым- қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;
- балалардың саны аз, сондықтан мұғалім әрбір оқушыны, оның қызығушылығын артыруына, жақсы тануына көп мүмкіндік бар;
- дәптер тексеруге аз уақыт жұмсалады;
- оқушылардың тәртіп бұзушылығы аз болады;
- оқушылар бірінші сыныптан бастап, өз бетімен жұмысқа бейімделеді;
- бір оқу бөлмесінде күнделікті бірге болғандықтан, жоғары сынып (3 - 4 сынып) оқушылары кіші сынып оқушыларына көмек береді;
- әрбір баланың білім денгейлерін анықтап, олардың білім, білік, дағдыларының денгейлерін көтеруге мүмкіндік мол;
ШЖМ - тің жоғарыда келтірілген артықшылықтармен қоса қиыншылықтары да бар:
- шағын жинақты мектептер орта мектептерден алшақ орналасады, сондықтан мұғалімнің басқа оқытушылардың сабақтарына қатысып, араласу, тәжірибе алмасу, үлгі алу мүмкіндіктері аз болады, шыңдалудан гөрі жауапкершіліктері төмендейді;
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды, себебі біріктірілген сынып мұғалімдері санаулы ғана болады.
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кейін қалады;


14. Шарттары.
Жалпы жаңа жүйе бойынша оқыту жұмысын ұйымдастыру шарттары:
• сабақтың оқу бағдарламасына сәйкес жоспарлануы;
• бірнеше сыныптың оқу материалының бір тақырыптың жүйеге ыңғайластырылуы;
• көрнекі дидактикалық құралдардың алдын ала дайындалуы;
• сабақ тақырыбының өзара байланысы;
• сыныптарды комплектіге дұрыс біріктіру;
• сабақтардың кестесін дұрыс жасау;
• тиімді оқыту әдістерін таңдау;
• сабақтың максатқа сай келетін құрылымын анықтау;
• оқушылардың өздік жұмыстарын мұғалім басшылығымен істелетін жұмыстармен ауыстырып отыру;
• мұғалімнің 4-5 рет жұмыс түрін ауыстыруы;
• барлық сыныптарда тәрбие процесін жүргізу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет