Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі Гүлшара



бет4/5
Дата19.12.2023
өлшемі30,41 Kb.
#140899
1   2   3   4   5
Байланысты:
Документ (2)


Ойнаған рольдері


  • 1949 - Тыгрена ("Аласталған Алитет")

  • 1957 - Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957)

  • 1959 - Тана ("Бір түні", 1972) т.б.)

  • 1971 жыл - Қыз Жібек - Айгөз, Жібек анасы

  • 1972 жыл – Уайымдаған жас – Анвардың анасы


  • Марапаттары

  • 1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;

  • 1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді;

  • 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі;

  • 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;

  • 1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді;

  • КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;

  • 1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды;

  • 2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды;

  • 2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды.



Өзбекәлі Жәнібеков
Өзбекәлі Жәнібеков 1931 жылы 28 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданының Сарықамыс ауылында дүниеге келген.
Оның балалық шағы қиындыққа толы болды. Әкесінен ерте айырылды. Соған қарамастан, барлық қиындыққа төтеп беріп, соғыстан кейінгі ауыр жағдайға мойыған жоқ. Жастайынан қара жұмысқа араласты. Отын шапты, шөп жинады, су тасыды, мал бақты. Аурушаң анасына барынша көмектесуге тырысты.
8 жасында анасынан айырылды. Жетімдіктің қамытын ерте киіп, тағдырдан әбден теперіш көрді. Соған қарамастан, білімін шыңдап, Абай атындағы Қазақ педагогика институтына түседі. Бірақ жоқшылықтың салдары сезілді. Ауылынан Алматыға шыққанда жолына ақша таппай қиналды. Ал қалаға барғаннан кейін күндіз сабақ оқып, кешке қара жұмыс істеді. Вагондардан жүк түсірген кездері аз емес.

Қазақтың қара нары


Институтты үздік бітірген Өзбекәлі Жәнібеков алдымен оңтүстікке оралып, мектепке орналасты. Көп ұзамай, тарихтан сабақ бере бастайды. Білімді әрі білікті ұстаз бірден көзге түседі. Оқу ісінің меңгерушісі болды. Қоғамдық шараларға белсене атсалысып жүрді. Сөйтіп, аудандық комсомол ұйымының жетекшісі қызметіне дейін көтеріледі.

Қызмет жолы


Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысының Келес ауданында мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі (1952 — 1955);
Келес ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы (1955 — 1956);
Шымкент облысының комсомол комитетінің хатшысы (1956 — 1961);
Қазақстан ЛКЖО ОК-нің 1-хатшысы, хатшысы (1961 — 1970),
Қазақстан компартиясы Торғай облысы комитетінің хатшысы (1970 — 1975);
Қазақстан компартиясы ОК-нің шет елдермен байланыс бөлімінің меңгерушісі (1975 — 1977);
Қазақстан мәдениет министрінің орынбасары (1977 — 1988); мәдениет министрі (1987 — 1988);
Қазақстан компартиясы ОК-нің хатшысы (1988 — 1991) қызметтерін атқарды.
Қоғамдық қызметі
Жәнібеков қазақ халқының ұлттық мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосты. 20 ғасырдың 70-жылдарының өзінде-ақ Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қалпына келтірілуіне ұйытқы болды.
Жәнібековтің бастамасымен Қазақстанның көптеген қалаларында этнографиялық мұражайлар ашылды;
Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерін сақтау мен қалпына келтіру мақсатын көздеген “Арқас” қоғамы құрылды.
Жәнібеков “Шертер”, Адырна”, “Алтынай”, т.б. фольклорлық өнер ансамбльдерін ұйымдастырды.
“Наурыз” мейрамының, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев есімдерінің халқына қайта оралуына белсене ат салысты.
Ана тілін дамыту бағдарламасының мемлекеттік тұжырымдамасын жасауға қатысты.
Еңбектері
“Қазақтың ұлттық қол өнері” (1982), “Жаңғырық” (1991), “Уақыт керуені” (1992), “Жолайрықта” (1996), “Қазақ киімі” (1996), “Ежелгі Отырар” (1997), “Тағдыр тағылымы” (1996, 1-кітап, 1997, 2-кітап) еңбектері жарық көрген.

Марапаттары


2-3 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет