ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА КРЕДИТТІК ОҚУ ЖҤЙЕСІНДЕГІ СТУДЕНТ
«ПОРТФОЛИОСЫ»
Иманкулова Л.Б.- магистр, оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Білім берудің жаңа үлгісін жасау – Қазақстандағы әлеуметтік – экономикалық
ӛзгерістер талап етіп отырған күрделі міндет. Оқытудың жаңаша құрылуының алғы
шарттары маман даярлаудың құзырлық моделін қамтамасыз ететін – оқытуды
демократияландыру, ізгілендіру, ақпараттандыру, саралау, студенттің жеке тұлға
ретінде жан – жақты дамуына баса мән беру, проблемалық, бағдарламалық оқытуды
жетілдіріп, оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу, оны білім
беруде кең қолдану және оқытудың нәтижелігі. Студент кәсіби теориялық білім,
іскерлік, дағдылармен қаруланып қана қоймай, шығармашылық еңбегімен ізденіп,
ӛздігінен білім алуға ой қорытындысын жасауға қабілетті болуы тиіс. Жоғары оқу
орындарында оқытуды ұйымдастырудың негізгі формаларының ішінен оның алатын
орнын анықтау, мазмұнын іріктеу, тиімді ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін, жолдарын
белгілеу осыған дәлел.
Бүгінгі таңдағы жаһандану процесімен байланысты Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесі дүниежүзілік білім беру кеңістігіне енуді кӛздеп отыр, ал ол жаңа
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
44
педагогикалық ойлаумен тығыз байланысты /1/. Солардың бірі, республикамыздың
кӛптеген жоғары оқу орындарында тәжірибе ретінде мұғалімнің кәсіби шеберлігін
дамыту процессінде пайдаланылып жүрген әдістің бірі «Портфолио» деп аталады. Бұл
әдістің үлгісі алыс шет елдерде, әсіресе Америкада кеңінен таралған. Соңғы жылдары
Ресей мектептерінде бейіндік оқытуға кӛшуге байланысты эксперимент ретінде кеңінен
енгізілуде /2/.
Жоғары оқу орны студенттерін, еліміздің болашақ кәсіби мамандарын заман
талабына сай тәрбиелеу және оларға жаңаша кӛзқарас қалыптастырып, шапшаң шешiм
қабылдауға бейiмделудi үйрету - ұстаздар алдында тұрған үлкен міндет. Жоғары оқу
орындары қабырғасындағы студенттердің алған білімдері болашақ кәсіптік дайындық –
маманның ӛз жұмысына деген шеберлігін қалыптастыруға үлкен ықпалын тигізеді.
Педагог ғалым А.Дистервергтің ―Нашар мұғалім ақиқатты ӛзі айтып береді, жақсы
мұғалім оқушының ӛзін ізденуге жетелейді― дейтін қанатты сӛзі, мүғалімнің негізгі
мақсаты студентің ӛз бетімен іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс екендігіне кӛз
жеткізеді /3/.
Баланың жан жақты дамуына, ӛз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамның
қабілетіне қарай жүргізілетін шығармашылық әрекеттерінің толық іске асырылуы тек
оқытудың негізгі кезеңдерін толық меңгерген ұстаздың кӛмегімен іске асатыны
баршаға мәлім.
Ел президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында ―Біздің
болашақтағы жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды ӛндірістері үшін кадрлар
қорын жасақтауымыз қажет‖ деген сӛздері бар. Демек, студентердің ғылыми зерттеу
жұмыстарына қызығуын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі
техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне тәрбиелеу – жоғары оқу орындарының басты
бағыттарының бірі.
Ғылым мен техниканың күн сайын жаңара жаңғырып дамуында күнделікті
студентке жүргізілетін әрбір пәннің, әрбір сабақтың алар орны ерекше. Ендеше,
студеттің сабақ барысында белсенділігін кӛрсетуіне, ӛзіндік ғылыми шығармашылық
iс-әрекетін дамытуына мұғалімнің шеберлігі аса қажет. ―Студенттің ғылыми
шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдайлар
жасау қажет‖.
Студенттің ғылыми зерттеу жұмысы – оның болашақ мамандығына байланысты
ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, ғылыми тұжырым жасауы, яғни жоғары оқу
орнында оқу барысында ғылыми негіздерден алған білімі бойынша тақырып
тӛңірегінде зерттеу жұмысын жүргізуі. Студенттің зерттеушілік қабілеті болуымен
қатар, оның сол тақырыпты меңгеруге ынта-ықыласы болуы тиіс. Зерттеушілік
жұмысты дидактикалық, психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру студентті
шығармашылыққа, ізденуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға кӛмектеседі. Бүгінгі
таңда кӛрсетіліп жүрген студенттің ғылыми зерттеу жұмысының түрлері: реферат,
баяндама жазу, жаңа ғылыми әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау, пікір жазу,
мерзімді басылымдардан, топтық жобалар жасап қорғау, кесте толтыру, кӛрнекіліктер
жасау, жүйелік сызбалар даярлау, курстық, дипломдық жұмыс, ғылыми конферанция,
семинар, ғылыми жұмыстар конкурсы т.б.
Студенттің ғылыми шығармашылық әрекеті – күнделiктi оқу жұмыстарында оқу-
танымдық тапсырмаларды жүйелi пайдалану, студенттің жеке ерекшелiктерiне сай
оқытудың дәстүрлi емес формаларын пайдалану арқылы бiрте-бiрте қалыптасатын
күрделi үрдiс.
Біздің ойымызша, студенттердің ғылыми шығармашылық қабілетін арттырып,
ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен ӛткізуге болады:
1.
Сабақта кең кӛлемде кӛрнекі құралдарды пайдалану;
2.
Сабақты түрлендіріп ӛткізу;
3.
Сабақта студенттер ӛздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
45
4.
Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.
Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді кӛрсету.
Ғылыми шығармашылық iс-әрекет күрделi процесс болғандықтан, мұғалiм мен
студенттің бiрлесiп жасайтын сапалы әрекетiн керек етедi. О.Бальзактың ―ұдай еңбек
ету- ӛнердің де, ӛмірдің де заңы‖ дегеніндей, студенттердің ғылыми шығармашылық
қабілеті мен белсенділігін артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді
міндеттейді.
Ғылым мен техниканың қарқынды даму кезеңінде, оқытудың жаңа
педагогикалық технологиялары негізінде «студент портфолиосы» ұғымы пайда болуда.
Интернет беттерінде, кейбір әдебиеттерде: «Студент портфолиосы - студентің барлық
жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның білім-біліктілігінің әр түрлі салаларын
байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы» деген анықтама берілуде. Студент
портфолиосы - студенттің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған
жетістіктерінің ӛзіндік іріктеулері.
Портфолио (portfolio – ағылшын сӛзі.) – портфель сӛзі – маңызды құжаттар үшін
арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сӛздігінде» портфолио
визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі
құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.
Студент портфолиосы дегеніміз не? Бұл студенттің жоғары оқу орнында алған
педагогикалық білімінің сапасы мен жетістіктері туралы дәлелді құжаттары.
Студент портфолиосын жасау. Бұл ӛмір қажеттілігінен яғни, білім сапасын
үздіксіз кӛтеріп отыру талаптарынан деуге толық негіз бар. Портфолио студент
жұмысының нәтижесіне мониторинг жасау үшін білім беру мекемелері
оқытушыларына аса қажет, бір жағынан студенттің ӛзін-ӛзі бақылауы және білімін
кӛтеріп отыруы үшін де маңызды.
Студент портфолиосын құрудың негізгі принциптері:
-
жүйелілік;
-
мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;
-
ақпараттың объективтілігі;
-
кӛрнекілік.
Портфолионың негізгі мақсаты – студенттің кәсіби ӛсуінің мониторингінің,
кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;
Портфолио-студенттің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби
қызметінің әртүрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.
Портфолио-белгілі бір уақыт шеңберінде әртүрлі іс-әрекетте студенттің түрлі іс-
әрекеттерде (оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативтік) жетістіктерінің
нәтижелері.
Портфолио студентің оқу-танымдық іс-әрекет ӛнімдерімен жұмыс жасау
технологиясын, формасын, ұйымдастыру үрдісін қарастырады. Ӛзінің іс-әрекеттер
нәтижелеріне баға беруге, оларды талдауға және жеке субъективтік позициясын саналы
түсінуге арналған. Студент портфолиосының түрлеріне тоқталсақ:
1. Мақсаты бойынша:
-
жекеменшік портфолио (ӛзі үшін арналған);
-
есептік ( ағымдық және аралық бақылау үшін);
-
жобалық (ұжым мен ұйым дамуы үшін);
2. Мазмұны бойынша:
-
жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы);
-
рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау);
-
проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер);
-
тақырыптық (негізгі пәндер бойынша маңызды жұмыстар).
Студент портфолиосының негізгі функциялары:
1. Жинақтаушы: студент жұмыстарының жиынтығы.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
46
2. Үлгілеуші: студенттің жеке кәсіби білім траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі технологиялар мен олардың тиімді әдістерін
ӛзіндік талдау мен жобалау.
Оқыту барысындағы студенттердің іс-әрекетінде ойлау амалы нәтижесінде алған
білімін, дағдысын, танымдық белсенділігін арттыру, олардың танымдық әрекеттерінің
нәтижесінде біліктілікке қол жеткізу бүгінгі оқу үрдісінің негізгі мақсаттарының
бірі. Сабақта компьютерлік техника жетістіктерін пайдалану студенттерді
шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ӛз бетімен жұмыс жасай білуге үйретеді және оқу
процесінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Ендеше, студент портфолиосын
дайындауда осы мүмкіндіктердің барлығына қол жеткізуге болады. Басты мақсат:
студенттерге портфолионың аса қажет екендігін, оның мүмкіндіктері мен
артықшылықтары жайында мағлұматтар бере отырып, олардың барлығының ӛзіндік
портфолиосының болуына ынталандыру. Портфолио типін анықтауда жұмыстың
мақсаты мен мазмұнына байланысты портфель типін анықтап, жұмыс жоспарына сай
міндетті және таңдауы бойынша алынатын бӛлімдерді анықтау оқытушы кӛмегімен
жүргізіледі. Студент ӛзінің ӛзіндік портфолиосын құрып, оны талапқа сай етіп толтыра
отырып ӛзінің материалдарымен толықтырады /4/.
Студент портфолиосының мазмұны:
-
Сыртқы парақ(титульный лист);
-
Жылдық жұмыс жоспары (пәндер бойынша жетістікке жетудегі алға қойған
мақсаттар);
-
Шығармашылық жұмыстар (рефераттар, баяндамалар, курстық жұмыстар,
ғылыми мақалалар т.с.с.);
-
Шығармашылық тапсырмалардың қорытындылары;
-
Ӛзіндік білім кӛтеру мақсатында жиналған материалдар (аудио және
бейнематериалдар, фотосуреттер);
-
Сабаққа қажетті, білімді дамыту мақсатындағы материалдар (сызбалар мен
кестелер, графиктер мен диаграммалар т.с.с.);
-
Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
-
Ағымдық және аралық бақылау және тест жұмыстарының қорытындылары.
-
Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
-
Оқу үлгерімі туралы құжаттар.
-
Жетістік баспалдақтарын анықтайтын материалдар (марапаттау қағазы, мақтау
қағазы, диплом, алғыс хат т.с.с.);
-
Пікірлер мен ұсыныстар бӛлімі (түйіндеме, ұсыныс хат, пікірлер т.с.с.);
Студент жыл бойы дайындаған ӛзіндік портфолиосы арқылы жаңа
технологияларды оқу үрдісіне, бағдарлы бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу
дағдыларымен жұмыс жасау іскерліктерін кӛрсете алады. Жұмыстарының нәтижесінде
ӛздерін ӛздері бағалай білетін болады /5/.
Біздің пікірімізше «Портфолионның» осы жоғарыда аталған нәтижелерін қазіргі
кезде жоғары оқу орындарына енгізілген кредиттік технология жүйесінде тиімді
пайдалануға болады. Портфолио әдісін енгізу бүгінгі студент ертеңгі болашақ маман
жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін
толық кӛрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің ӛсуіне кӛмек береді.
ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой ӛрісі жоғары дамыған, зерделі,
жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жӛн.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы».-Алматы, 2000.-96 б.
2. Т.Новикова, А.Пртученков. Портфолио в российской школе. Народное образование.
1.05.2006
3. Дистерверг А.Избранные педагогические сочинения.- М.:Учпедгиз, 1959. - 259с.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
47
4.
А.К.Рысбаева. Оқушы портфолиосы. Алматы. Новые педагогические и
информационные технологии в системе образования: Учеб.пособие для студ.пед.вузов
и системы повыш. квалиф.пед.кадров/ под ред.Е.С.Полат.- М.: Издательский центр
«Академия», 2005.- 272с.
5. Б.И.Иманбекова. Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыс. Алматы, 2006
ТҮЙІНДЕМЕ
Бұл мақалада жоғары оқу орындарында кредиттік оқу жүйесіндегі студент
«портфолиосы» қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваеться портфолио студента в кредитной системе в высшых
учебных заведениях.
ӘОК 373.60
ҚАЗАҚТЫҢ ҦЛТТЫҚ ҚОЛӚНЕРІ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ КӘСІБИ
БІЛІМІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Мұратқызы Г- магистр, оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі таңда XXI ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие
мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындап, педагогика ғылымында
ұлттық сананы қалыптастыру кӛкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.
Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тәрбиелеу қажет. Жас
маманға ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» халыққа жолдауында былай деп жазылған:
«Толық ӛркениетті ел болу үшін алдымен ӛз мәдениетімізді, ӛз тарихымызды
бойымызға сіңіріп, содан кейін ӛзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жӛн». Олай болса –
жас мамандарды ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани мәдени
мұралар сабақтастығын сақтай отырып даярлау. Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік
деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:
-
мамандардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
-
жас маман санасына туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш
сезімдерін ұялату, ұлттық рухын дамыту, мәдениетін, ӛнерін, салт-дәстүрін тарихи
мұраларды қастерлеу сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.
Міне, сонда ғана Елбасының ӛзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Бәсекеге
қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық
үшін» және «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірініші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады» - деп ӛткен сенімін ақтай аламыз /1/.
Қазіргі кезде Егеменді Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының талаптарына
сай маман кадрларды даярлаудың мазмұны мен міндеттеріне ӛзгерістер еніп, заман
талабына сай қайта қаралуда. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларына қазақтың ұлттық
қолӛнер мәдениетіне байланысты тарихи матерталдар қосылуда. Қазақстандағы жоғары
оқу орындарына педагог кадрларын дайындау барысында алдыңғы қатарлы, болашағы
мол жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі – болашақ мамандарды дайындау жүйесіне
Қазақстанның кӛркем мәдениет мұраларын оқу-тәрбие жүйесінде қолдану.
Қазақстанның кӛркем мәдениетінің материалдарын оқу-тәрбие ісінде қолданудың
мақсаты – болашақ мамандарға қазақ халқының ұлттық қолӛнерінің тарихынан,
бейнелеу ӛнерінен, музыкасынан, ауыз әдебиетінен, архитектурасынан деректі
мәліметтер білу. Жоғары педагогикалық мамандық беретін оқу орнының студенттеріне
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
48
халықтың кӛркем мәдениетінің озық үлгілерімен, ғалымдарымен, ӛнер шеберлері
ӛмірімен болашақмамандарды таныстыру үшін, мамандар дайындау жүйесінде
лекциялар оқылып, семинар сабақтары ӛткізіледі. Лекция мен практикалық әдістер
мазмұнын құрайтын материалдар болашақ маманның оқушыларға ұлттық тәрбие беру
тәжірибесінде қолдану мақсатын кӛздейді.
Қолӛнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы ӛнер
тарихы кӛшпелі ӛмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық
қолӛнер мұраларын ӛмірге әкелді. Яғни, ұста, ағаш шебері, зергер, ісмерлердің
тынымсыз еңбегі арқылы қазақ қолӛнерінің кӛркем туындылары пайда болды. Атап
айтатын болсақ, ұсталар: найза, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген.
Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал,
тостаған, ожау, асау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған.
Зергерлер сәндік әшекей бұйымдар: сырға, білезік, алқа, ӛңіржиек, бойтұмар, шашбау,
т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу ӛнерін дамытқан. Сонымен қатар
халықтың арасынан шыққан шеберлер тобы қолӛнерді дамытуға қомақты үлес қосып,
технологиялық тәсілдерді де терең меңгерген. Мысалы, ер-тұрман жасау ӛнері үлкен
шеберлік пен әр алуан материялды ӛңдей білуді қажет етеді. Ершілер ер-тоқымды
келісті етіп ойып, әшекейлеп, ӛрнек-нақыштармен кӛркемдеген. Алтынмен апталып,
күміспен күптелген ат әбзелдері қазақ жігіттерінің абыройын асқақтатқан /2/.
Студенттерді ұлттық қолӛнер арқылы кәсіби шеберліктерін қалыптастырудың
маңызды тұжырымдамалық бағыты болып білім, ғылым, ӛнер, ӛндіріс және
ӛнеркәсіптің байланысы саналады. Бұл бағыттың жүзеге асуын ғалымдар қазіргі кезде
технологиялық білім беру тұжырымдамасында: мамандарды қоғамдық ӛндірістегі
қайта құрылған іске даярлау, олардың танымында ұлттық қолӛнер әлемдік кӛріністерін
қалыптастыру және ой-ӛрісі мен кәсіби-педагогикалық шығармашылық қабілеттерін
қалыптастыру, білім және еңбек қабілеттерінің бірнеше түріне қатысу процесінде
мамандарды қалыптастыруда оңтайлы жағдайлар жасауға мақсат қойылып отыр. Бұның
бәрі педагог кадрларын жалпы политехникалық, кәсіби-педагогикалық шеберлік және
дизайнерлік білім беруде жоғары мазмұнды даярлықты талап етеді.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарына педагог кадрларын дайындау барысында
алдыңғы қатарлы, болашағы мол жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі – болашақ
мамандарды дайындау жүйесіне Қазақстанның кӛркем мәдениет мұраларын оқу-тәрбие
жүйесінде қолдану. Қазақстанның кӛркем мәдениетінің материалдарын оқу-тәрбие
ісінде қолданудың мақсаты – болашақ мамандарға қазақ халқының ұлттық қолӛнерінің
тарихынан, бейнелеу ӛнерінен, музыкасынан, ауыз әдебиетінен, архитектурасынан
деректі мәліметтер білу.
Жоғары педагогикалық мамандық беретін оқу орнының студенттеріне халықтың
кӛркем мәдениетінің озық үлгілерімен, ғалымдарымен, ӛнер шеберлері ӛмірімен
болашақмамандарды таныстыру үшін, мамандар дайындау жүйесінде лекциялар
оқылып, семинар сабақтары ӛткізіледі. Лекция мен практикалық әдістер мазмұнын
құрайтын материалдар болашақ маманның оқушыларға ұлттық тәрбие беру
тәжірибесінде қолдану мақсатын кӛздейді.
Болашақ мұғалiмдердi оқыту технологиясы терминiне мына мәлiметтер кӛлемдi
анықтама бередi. Жоғары оку орнында оқыту технологиясы - неғұрлым ұғымды
жетiстiктерге жету мақсаты қойылған, оқытудың мүмкiндiктерiнiң, әдiстерiнiң және
формаларының жүйесiн кӛрсететiн, оқу бағдарламаларында қарастырылған, оқытудың
мазмұнын жүзеге асырудың тәсiлдерi. Сонымен оқыту технологиясы, оқытудың
мазмұны, әдiстерi және мүмкiндiктерi ӛзара шарттастық түрiнде болып табылады.
Оқытушының педагогикалық шеберлiгi кажеттi блiм мазмұынын таңдап алуымен,
ұтымды әдiстер /3/.
Қазақтың ұлттық қол ӛнері арқылы жас ұрпаққа кәсіби білім беру ісінде кӛркем
ӛнерімізде қалыптасқан ерекшеліктерді айшықтамай, тарихта мұра болып қалған
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
49
ұлттық дүние танымын сараптамай жетістіктерге жету мүмкін емес. Сондықтан да біз
халық десек, артық айтқандық емес. Осынау аса бай ұлттық қол ӛнердің қасиеті
арқылы бүгінгі жас ұрпақтың кәсіби білім беруде халқымыздың мол тәжірибесін ілгері
дамытып, кәдемізге жарату педагогикалық маңызы бар игілікті іс. Халықтың қолданбалы
ӛнеріндегі кәсіптік үрдісі ӛте тереңде жатыр, ӛнер шеберлерінің шығармаларын
қарастыру заңдылықтары да осыдан келіп туындайды. Қоғам ӛмірін ізгілендіру мен
демократияландыру жағдайында жаңа азаматты қазақ этнопедагогикасы материалдарын
пайдалану арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы мен кӛкейкестілігі
күннен күнге артып отыр. Оған дәлел бүгінгі таңда жарық кӛріп отырған
Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен Білім және ғылым
министрлігінің нормативті құжаттары. Педагогика ғылымын тарихи жеке бір дәуір
аумағында ғана емес, қоғамның даму процесімен, ұлттық тәрбиенің қалыптасуымен
даму тарихын зерделей отырып қарастырсақ, ол әрбір дәуірдің ӛзі тудырған
халықтың ұлттық дәстүрлі ӛнерімен, мәдениетімен тығыз байланысты болғанын
кӛреміз. Сондықтан жалпы адамзаттың рухани мәдениетінің құрамдас бір бӛлігі
ұлттық қолӛнер саласындағы кӛркемдік мәдениет деп білеміз /4/.
Республикамыздың алдында тұрған басты міндеттердің бірі - әлемдік
қауымдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сондықтан кәзіргі
заманға бейімді, экономика талаптарына жауап беретін жан – жақты дайындығы бар
білікті, іскер маман дайындау – орта және кәсіптік оқу орындарына үлкен
жауапкершілік жүктейді.
Экономикалық ӛзгерістер кәсіптік білімді дамытуды түпкілікті ӛзгертті. Кәсіптік
білім еңбек нарқының сұранысын, жұмыс берушілердің нақты талабын қанағаттандыру
жағдайларына қарай бейімделеді. Оқу барысында таңдаған мамандықтарына сай әрбір
кәсіп орында экскурсия ӛткізу, іскерлік ойын, дебет, пікірталас сайысы түрінде оқыту
әдістерін қолдану оқушылардың кәсіби іскерлік дағдыларын қалыптастыруда маңызды
роль атқарады. Ертеден-ақ кәсіп игеру мен білімнің қадірін білген қазақтар жастарға ел
арасына белгілі кәсіп иегерінен, ӛнер шеберлерінен тәлім алғызды. Қазақ баласының
кәсіби білім алуы отбасындағы тәрбиемен басталып, қоғамдық сипат алады. Кәсіп
иегерлері жастарды зергерлікке, ағаш және темір ұстасына, қол ӛнерінің ӛру, тігу, тоқу,
илеу, шеку, құю, иіру, мүсіндеу, ӛрнектеу, кестелеу сияқты тәсілдеріне баулыды.
Отбасындағы данагӛй қариялар жас ұрпаққа ата-баба дәстүрін, қасиетті танымдары мен
сенімдерін, әдет-ғұрпын, салт-ырымдарын үйретсе, ру кӛсемдері халық шежіресін баян
етті. Мұғалімдердің кәсіптік шеберліктерін жетілдіре отырып, жаңа технологиялық
әдістерді қолданып, балаларға сапалы да терең білім беру арқылы оқу-тәрбие үрдісінде
жоғарғы нәтижеге жету біздің міндетіміз. Қазіргі білім беру жүйксіндегі парадигмалар
жағдайында мұғалімдердің кәсіби шеберлігін кӛтеру маңызды болып отыр. Жаңа буын
оқулықтары, оған байланысты жетілдірген бағдарламалар енгізіліп, жалпы білім
берудің мемлекеттік стандартына сәйкес оқушы білімін бағалау талаптары қойылуда.
«Оқытудың жаңа технологиясы» тәжірибесі таратылуда. 12 жылдық білім беруге кӛшу
жӛніндегі сынақтар жүргізілуде /1/.
Кәсіби шеберлікті арттыруда мұғалімдердің шығармашылықпен жұмыс істеуіне,
жаңа технологияның ғылыми негіздерін үйреніп, насихаттауына жол ашу керек.
Кәсіптік шеберлігін жүзеге асыруда мұғалім тиімді нәтижеге жеткізетін жоспарлы
жұмыс атқаруы тиіс. Атап айтқанда, диагностика қояды, алдын ала болжайды, жаңа
технологияны қолданады, нәтижені тексереді, сараптап баға қояды. Мұндай
талпыныстар мен ізденістер мектептерде жоқ деп айтуға болмас. Дегенмен, ұрпақ
тәрбиесіндегі ерекше жандардың жеке тұлғасы мен кәсіби мәдениеттің дамуына
жетекші бола алады деген ӛз ұсынысымды айта кеткіміз келеді.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
50
Сабақта біріншіден қазақ қолӛнерін ғасырлар бойы кӛркем ойдың қоғам
талабымен тікелей сәйкестікте дамып келгендігін ескеріп, қолданғанда мыналарға
кӛңіл бӛлінеді
Халқымыздың сәндік қолданбалы ӛнері мұрасын оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану мәселесі философиялық, тарихи-этнопедагогикалық, теориялық, әдістемелік
әдебиеттерде қаншалықты деңгейде кӛрініс тапқанын тақырыбымызға қатысты талдау
барысында болашақ мамандарды оқыту, тәрбиелеу ісінде қолданудың теориялық-
әдіснамалық негізінің бірнеше қажеттіліктері анықталды. Сондай кажеттіліктердің бірі
оқу процесінде сәндік-қолданбалы ӛнерді оқытуда қазақтың ұлттық ӛнерінің кӛркем
шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, қазақтың сәндік ӛнерін
жүйелеуде әдістемелік ерекшеліктерді ескеру болып табылады. Бұл мәселенің
нәтижелі жүзеге асуы қазақтың ұлттық ӛнері негізінде кӛркем шығармашылыққа
бейімдеуде білім сапасын арттыруға жол ашады және жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде
оқу процесінде меңгерген іскерлігі мен қабілетін толық пайдалана білуге
дағдыландырады. Бұл тұрғыда ұлттық танымдағы ӛнер туындылары ӛзінің бай тарихы,
терең мазмұны, сан қилы кӛркемдік ерекшеліктерімен мәдени, эстетикалық,
эмоционалды, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, кӛркем шығармашылық
қасиеттерді жетілдіре түседі. Сол себепті қазақтың сәндік ӛнерін оқу-тәрбие процесінде
кең кӛлемде қолдануды іске асыру аса кажет /3/.
Қорыта келгенде, кәсіби білім жүйесіндегі оқыту технологияларын талдау
барысында біріншіден, таңдап алынған оқыту технологияларының сабақтың тақырыбы
мен мазмұнына сай болуы; екіншіден, педагогикалық іс әрекет барысында оның
тиімділігі мен жүйелілігін ескеру қажет деп ойлаймыз. Бүгінгі студент, ертеңгі мұғалім
ӛзін тек мамандық ретінде ғана емес, бірінші кезекте тәрбиеші екендігін, ӛзінің кәсіби
әдістемелік шеберлігін арттыру арқылы педагогикалық технологияны толық меңгеруге
міндетті. Болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдірудің түрлі әдіс тәсілдерін
қолдана отырып, оның шеберлігін қалыптастыру ӛте маңызды. Ӛйткені, мұғалімнің
кәсіби білік дағдылары ӛз кезегінде оның жеке кәсіби-педагогикалық мәдениетін
кӛрсететін ӛлшем екендігі белгілі.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасы.- Астана, 2004ж.
2. Касиманов С. Қазақ халкының қолӛнері. Алматы, 1995ж.
3. Ақышев Қ. Ежелгі ескерткіштер елесі. - Алматы, 1975 ж.
4. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңы. Заң актілерінің жиынтығы. –
Алматы: ЮРИСТ, 2007ж. – 192 б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада қазақ халқының қолӛнері арқылы студенттердің кәсіби білімін арттыру
жолдары қарастырылған.
РЕЗЮМЕ
В статье рассматриваются пути повышения профессиональных знаний студентов,
с использованием казахского народного декоративно-прикладного искусства.
1) халықтық ӛнердің тарихы мен оның қол туындыларындағы туралы мәлімет беру
2) жаңаша түрде кезең бойынша оқыту жолдары
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
51
ӘОК 372
Достарыңызбен бөлісу: |