БОЛАШАҚ МҦҒАЛІМДЕРДІҢ КӘСІБИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
БІЛІКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ
Кесимова А.Қ.- аға оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту
тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және жеке
тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын кӛп деңгейлі үздіксіз білім
берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық
басымдықтарды белгілеу» деп атап кӛрсетілген болатын. Бүгінгі мектептің талабы
оқушыларды пәндер бойынша белгілі білімдер жиынтығымен қаруландыру ғана емес,
оқу іс – әрекеті арқылы оны жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Еліміздегі тәуелсіздіктің
әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық
тәжірибелерге негізделген оқу – тәрбие жүйесінің қалыптасуына ықпал етті. Әрбір ӛсіп
келе жатқан ұрпаққа тәлім – тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек
те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі. Қазақстан Республикасының
«Білім туралы» Заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде
жинақталған барлық игіліктердің сақталуы; екіншіден, қоғамның интеллектуалдық
қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық – қаржылық ресурстарын әрі қарай
дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру
міндеттерін кӛздейді.
Қазақстан – 2030 стратегиясы мен «Білім туралы Заңы» Қазақстан
Республикасының білім жүйесінде инновациялық технологияларды ұтымды қолдануға
мүмкіндік береді. XXI ғасыр педагогикалық білім беру үрдісінде инновациялық
технологияларды меңгеру ғасыры болып табылады. Оқытудың инновациялық
педагогикалық технологиясы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын
емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт –2020»
идеясында «Заманауи прогрестің мәнін білуіміз керек. Қазіргі шындық мынадай:
бүгінгі
мемлекет
ӛзінің
интеллектуалды
ресурстарымен
бәсекеге
түседі.
«Интеллектуалды ұлт –2020» идеясының мақсаты – жаңа қазақстандықтарды
тәрбиелеу. Елді адам капиталы арқылы бәсекеге қабілетті ету. Бәсекенің бастысы –
білімнің бәсекесі. Бұл үшін біріншіден, білім жүйесінің инновациялық дамуына жол
ашу керек, екіншіден, электронды қызмет кӛрсетуді жаңа заманға сәйкестендіру
керек»,- деп бүгінгі егемен еліміздің ертеңі бүгінгі болашақ ұрпақтың қолында екеніне
тоқталады /1, 1 б./. Расында да, елбасының қазақстан халқына жолдауында ұлттық
экономиканы қалыптастыру, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу, ұлттық мәдениетті
дамыту, т.б. ӛзекті мәселелерді қарастырады.
Еліміздің бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттік қатарынан кӛрінуге негізгі үлес
қосатын бүгінгі мектеп оқушылары. Ал сол оқушыларға білім беретін мұғалім.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
116
Біз зерттеу жұмысын жүргізу барысында алдымызға болашақ мұғалімдердің
педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы кәсіби-экономикалық біліктілігін
қалыптастыруды негізге алдық. Жоғары білім беру жұйесіндегі «Білім» бағыты
бойынша «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша бүгінгі мектепке
құқық және экономикалық білім беруге байланысты мұғалімдерді дайындайды. Қазіргі
таңда жоғары оқу орындарында, мектептерде ақпараттық технологиялар,
педагогикалық технологияларды пайдалану жақсы жолға қойылған.
Энциклопедиялық сӛздікте ―Технология дегеніміз - ӛнімді ӛндіру процесінде
шикізаттың немесе материалдың формасын, қасиетін, күйін ӛзгертетін, оларды ӛңдеу
мен дайындаудың әдістерінің жиынтығы‖, - деп кӛрсетілген /2/.
―Технология – technе - ӛнер, шеберлік және logos - ғылым, заң ‖, яғни технология
дегеніміз – шеберлік (ӛнер) туралы ғылым деп берілген/2/.
Қазақстанда жаңашыл педагогикалық технологияларды зерттеу, пайдалану
ғалымдардың еңбектері кӛптеп табылады. Қазақстанда Ж.Қараев, М.Жампейісова,
Б.Тұрғымбаева, Ж.Кобдикова, т.б. атауға болады. Ж.Қараев, Ж.Кобдикованың
деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулері
оқушылардың білім сапасын арттыруға мүмкіндіктер тұғызады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы оқу процесінің құрылымына,
дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орындалуын
қажет етеді. Оқушылар алдын-ала қабілет деңгейлеріне қарай шағын топқа бӛлінбейді.
Деңгейлік тапсырмалар орындалу барысында оқушылар ӛздері-ақ сараланады.
Технологияның басты компоненттері – оң мотивация қалыптастыру және табысқа
жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар тӛменгі деңгейден жоғары
деңгейге ауыса алады.
И.П.Подласыйдың пікірінше ӛндірістік процестердегі технология деп,
қолданғанда алдын-ала кӛздеген нәтижеге жеткізетін, белгілі бір сапалық және сандық
деңгейлердегі ӛнім (продукция) алуға кепілдік беретін , ғылыми негізделген
алгоритмдер, әдістер мен құралдардың жүйесін айтады/3/.
Біздегі технология ұғымы Блумның ‖толық меңгерту‖ теориясына негізделген.
Сонымен қатар, Ресей ғалымдары В.П.Беспалько, И.В.Кларин, В.М.Монахов,
Г.К.Селевко, Т.И.Шамова, Т.И.Давыденко, т.б. ғылыми зерттеулерінде ерекше орын
алып отыр. Қазақстанда педагогикалық технологияны мектепке енгізуді алғашқы
зерттеген ғалым профессор Ж.А.Қараев болып табылады. Ол Ресей ғалымдарының
идеяларын басшылыққа ала отырып, ақпараттық технология, компьютеризация
мәселелерімен бірге педагогикалық технология мәселесін зерттеуге жол ашты. Оның
негізгі ғылымға қосқан жаңалығы деңгейлік саралап оқыту технологиясы. Деңгейлік
саралап оқыту технологиясы В.П.Беспалько ұсынған педагогикалық технология
ұғымына, оған негіз болатын концептуальдық кӛзқарасқа сәйкес және Б.Блумның
―толық меңгерту‖ технологиясының басты идеяларына сүйеніп жасалынған.
Бұл технология да басқа технологиялар тәрізді оқу процесінің құрылымына,
дидактикалық құралдарға қойылатын жалпы технологиялық талаптардың орындалуын
қажет етеді.
Дегенмен аталмыш технологияның басқа технологиялардан, әсіресе, атаулары
ұқсас ―Әр деңгейлі оқыту‖ технологиясынан кӛптеген айырмашылықтары бар.
Оқушылар алдын-ала жүргізілген диагностика негізінде шағын топтарға бӛлінбейді.
Оның себебі: а) ізгілендіру принципіне сәйкес әр оқушының танымдық қызмет
субъектісі, жеке тұлға деп қарай отыра және олардың ӛзінің ―жақын даму аймағында‖
жұмыс істеуін қамтамасыз ете отыра оқушыларды алдын-ала қабілет деңгейлеріне
қарай топқа бӛлу қажет емес деп саналады. Оның үстіне деңгейлік тапсырмалар
орындау үстінде оқушылардың ӛздері-ақ сараланады, бірақ тәжірибе кӛрсеткендей
белгілі бір мерзімнен кейін, технологияның басты компоненттері – оң мотивация
қалыптастыру және табысқа жетелейтін бағалау тәсілін пайдалану негізінде оқушылар
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
117
тӛменгі деңгейден жоғары деңгейге ауыса алады. Алғыр топтың оқушылары сабақ
үстінде жетекшілік роль атқарып, мұғалімнің кӛмекшілеріне айналады; б) тәжірибе
сондай-ақ оқушыларды алдын-ала әлсіз, орташа, жоғарғы топтарға бӛлудің зиянды
жақтары да бар екенін кӛрсетіп отыр. Ӛйткені бұл оқу мақсатының диагностикалық
түрде анықталып, бір-бірімен ӛзара тығыз байланыстағы иерархиялық жүйе құрайтын
болмысына қайшы. Базалық білім қалыптастыратын (ұғым, ереже, факт, заңдылықтар),
репродуктивті таным қызметін қажет ететін, күрделілігі тӛмен тапсырмаларды
орындамай, бірден күрделілігі орташа немесе жоғары тапсырмаларды орындау
оқушылардың тіректік, базалық білім алуына нұқсан келтіретіні дәлелденген факт; в)
оқушылары аз ауыл мектебі, әсіресе, шағын комплектілі мектептер жағдайында саралап
оқыту, тіпті тереңдетіліп оқылатын пәндері бар кластар құру мүмкін емес. Бұл
жағдайда деңгейлік саралап оқыту технологиясын пайдалану тиімді.
Деңгейлік саралап оқыту технологиясы оқу жоспарының жылжымалы бӛлігі
(вариативная часть) арқылы оқытылатын таңдау, факультативтік курстардың болуын,
жоғарғы кластарға енгізілгелі отырған бейінді (профильді) оқытуды, жаңа типті
мектептер – лицей, гимназиялардың болуын құптайды. Бұл жердегі шешімін таппай
жүрген мәселе –оқытудың мұндай сыртқы саралауы мен ішкі саралаудың (мақсаттар
деңгейінен туындайтын) үйлесімді жұмыс істеуі/4/.
Педагогикалық сӛздікте «Педагогикалық технология – 1 іс-әрекетті ұтымды
ұйымдастыру және оны жабдықтау; 2. ең аз шығындармен нәтиже алуға мүмкіндік
беретін операциялардың бірізділігі; 3. педагогикалық проблемаларды метадолгиялық
деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін психологиялық категория; 4. педагогикаға оқу
процессін толық басқарылатындай етуге мүмкіндік беретін жүйелі ойлау тәсілін енгізу;
5. педагогикалық мақсаттарға кепілдікпен жетісуге әкелетін әрекеттер жүйесін ретке
келтіру. Әдетте технологияны бастапқы материалдарды дайын ӛнімді алуда қайта
ӛндіру үрдісін айтады. Энциклопедиялық сӛздікте: технология- бұл «ӛнімді ӛндіру
үрдісінде материалдар мен жартылай фабрикаттарды, шикізат формаларын, құрамын,
жағдайын ӛзгерту, дайындау, ӛңдеу әдістерінің жиынтығы», - деп атап кӛрсетеді/5/.
Т.И.Шамова, Т.И.Давыденко педагогикалық технология ұғымына тӛмендегідей
тұжырым жасацды: ―Білім беру технологиясы деп мұғалім мен оқушыға ыңғайлы
(комфорт) жағдай жасай отыра нәтиже алуға бағытталған оқу процесін жобалауға,
ұйымдастыруға, бағыттауға және түзету енгізуге арналған олардың біріккен қызметінің
процестік жүйесін айтады ‖ /7/.
Модульдік технология даралап оқыту принціпіне негізделген. Бұл технологияның
басты құраушысы – тӛмендегі компоненттерден тұратын оқу модулі:
-
Логикалық түйінделген ақпарат блогы;
-
Оқушы іс – әрекетінің мақсаты бағдарламасы;
-
Бағдарламаны табыспен меңгеруге қажет мұғалімнің нұсқаулары.
Модульдік технологияның басқа оқу жүйелерінен басты айырмашылықтары
мынада:
1.
Қойылған мақсатқа сай меңгерілетін білім мазмұны аяқталған жеке дара
кешендерден тұрады. Оқу мақсаты меңгерілетін мазмұнның кӛлемімен қоса оны
меңгеру деңгейлерін де кӛрсетеді. Мұнымен бірге оқушы мұғаліммен қалай тиімді
әрекет жасауы керектігі жӛнінде жазбаша түрде ақыл – кеңес алады.
2.
Мұғалім мен оқушының қатынасы модульдер арқылы асатын болғандықтан
даралап оқыту процесі жүзеге асады.
3.
Оқушы кӛбіне ӛз бетімен жұмыс істейді, мақсат қоюға, ӛз іс – әрекетін
ұйымдастыра білуге үйренеді. Бұл оны бағдарламалап оқытуға жақындатады.
Е.П.Белозерцева «Жоғары кәсіби білім беру технологиясы» /8/ атты еңбегінде
білім беру технологиясына жоғары мектепте қолданылатын технологияларға тоқталады
(1- кесте):
Кесте 1- Жоғары мектепте қолданылатын білім беру технологиялары
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
118
Технология
Мәні
Прблемалық іс әрекеттік оқыту
Тұлға алдына мәселені жүйелі түрде қоя білу.
Модульдік оқыту
Әр тақырыпты ӛткеннен кейін нықтылау, бекіту.
Мағыналы тиянақты оқыту
Белсенді әдістерді қолдана отырып, кәсіби іс
әрекетті модульдеу.
Ойын арқылы оқыту
Оқу ақпаратына байланысты тың мәселелерді
іздестіру, ӛз бетіңше танымдық іс- әрекетін
қалыптастыру
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-экономикалық біліктілігін қалыптастыруда
педагогикалық технологияларды пайдалануда Е.П.Белозерцева жоғары кәсіби білім
беру технологиясына жоғары мектептке ұсынған белсенді оқыту әдістері негізге алдық.
Кесте
2
-
Болашақ
мұғалімдердің
кәсіби-экономикалық
біліктілігін
қалыптастыруда пайдаланған белсенді оқыту әдістері
Әдістер
Ұқсас әдістер
Ойын түріндегі емес
әдістер
Ойын түріндегі
әдістер
Проблемалық дәріс
Қолайлы шешімдер
Жекелей тапсырмаларды
шешу
Қорытындылау
Әр түрлі нұсқаларды
талқылау
Жекелей жұмыстар
Сенімді түрде шешім
қабылдау
Миға шабуыл
Іскерлік ойындар
Жекелей технологиялық
үдерісте ойынды жобалау
Дӛңгелек стол
Лекция конференция
Алдын
-
ала
дайындалған
жоспары бойынша лекция
Оқытушының дәрісі
Шолу дәрістері
Рейтинг
Программалап оқыту
Семинар
Топтық кеңес беру
Олимпиада
Болашақ мұғалімдердің кәсіби-экономикалық біліктілігін қалыптастыруда
педагогикалық технологияларды пайдалану болашақ мұғалімдердің кәсіби біліктілін
қалыптастыруға мүмкіндігіңің мол екенін зерттеу барысында айқындалды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Интеллектуалды ұлт –2020»
атты Л.Гумилев атындағы Евразия университетінде сӛйлеген сӛзі. //Айқын. 2007.
2. Совет энциклопедиялық сӛздігі, -М, 1981 ж.
3.Подласый И.П. Педагогика, 2000ж.
4.Ж.А.Караев, Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях
применения компьютерной технологии обучения, - Алматы, Автореферат докт. дисс.
1994 г. – 37 с.
5.Т.И.Шамова, Т.М.Давыденко, Управление образовательным процессом в адаптивной
школе, - М:, Центр. Педагогический поиск; 2001 г, - 384 с.
6.Педагогический словарь. Под редакцией В.И. Загвязинского, А.Ф. Закировой. Москва
2008г.
7.Энциклопедия педагогических технологий
8.Белозерцева Е.П. Педагогика профессионального образования. Москва 2008. 368 с
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада жоғары оқу орындарында педаогикалық технологияларды қолдану
арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби-экономикалық біліктілігін қалыптастыру
қарастырылады.
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
119
РЕЗЮМЕ
В статье рассматривается формирования профессионально – экономического
квалификации будущих учителей при пользовании педагогических технологии в ВУЗе.
ӘКО 340.134 М 12
ТӘУКЕ ХАННЫҢ «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ЖИНАҒЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ
ҚҦҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЗАҢ ЖҤЗІНДЕ БАЯНДАЛУЫ
Муқалдиева Ж.Б. - оқытушы (Алматы қ-сы, ҚазмемқызПУ)
Тәуке ханның «жеті жарғысы» қазақ ата заңдары тарихында маңызы зор ірі
ескерткіш болып табылады. XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақардың әдеттегі құқық
нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Бұл Тәуке хан билік құрған кездері
«Жеті Жарғы» деген атпен мәлім болды. Ғылыми әдебиеттерде Тәуке ханның ережесі
деп те аталып келді. Алайда, кӛшпелі қазақ даласында байырғы ӛмір сүрген қазақ
хандарының жазылмаған заң ережелері Жеті Жарғының негізгі кӛзі болды. Заңдарға
негізінен алғанда қазақ қоғамының XVII ғасырдағы әскери-саяси және әлеуметтік
ӛмірінің қажеттеріне жауап беретін ережелер жиынтығы енді. Жеті жарығының
жасалуы, қолданылып келген әдеттегі құқықтың нормалары негізінде қазақты
феодалдық қоғамның жаңа қажеттеріне бейімдеу болды. Бұл орайда, ол нормалар
федолдық ақсүйектердің мүдделеріне сай, солардың мүддесін кӛздейтін заңнама
жиыны болды. Алайда, «Жеті Жарғы» қазақ қоғамының сол заманындағы әлеуметтік
және құқықтық нормаларының заң жүзінде баянды етілуі, сол замандағы қазақ
халқының және барлық кӛшпелі ӛркениеттің мәдени байлығы мен мыңжылдық тарихы
ерекшелігі бар, адам еркіндігін жақтаған сипаттармен әлем назарына ілінді. Ұлы
далада, кӛшпелі ӛркениеттің негізін құрған, қыпшақтар даңқының үстемдігінің ерте
құлдырауы, тисінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рӛлінің құлдырауына
соқтырмай, керсінше таңғаларлық жағдай туғызды. Бұл Қазақ ата заңының аумағы кең
даланың еркіндік қабілетінің сақталуымен, оқшау орналасуымен кӛріне білуі. Сол
кездері қазақ кӛшпелі қоғам аясында, құқықтық дүниетанымы мен ӛзіндік
ерекшіліктерге ие болды. Жеті жарғада адамгершілік құндылықтарға негізделген әділ
сот пен шешендік ділмаралықтың ролі ӛте жоғары қойылып, ӛзін-ӛзі басқару
еркіндігіне деген ұмтылыс айқын сезілді. Ру ішіндегі және рулық байланыстарда,
сондай-ақ басқару қатынастарында шыншылдық, әділдік және адалдық сияқты
моральдық құндылықтарды тәрбиелеп, бекітуге ерекше кӛңіл бӛлінді. Жеті жарғы қазақ
құқығының біргейлі оның кӛшпелі ӛркениет шеңберінде туындап, сол дәуірдің арман-
мақсаты мен кӛптеген құндылықтық белгілерін қамти отырып, әкімшілік, қылмыстық
істер, азаматтық құқық нормалары мен салықтар, діни кӛзқарастар туралы ережелер
енгізілініп, сол дәуірдегі қазақ қоғамы ӛмірінің барлық жағы түгел қамтылды. Сондай-
ақ, Тәуке ханның жалпы қазақтың ханы ретінде тақта ұзақ та біршама сәтті отыруы,
әдетте басқа хандарда жиі ұшырататын әскери қуатының күшті болғандығы емес, ең
алдымен, оның ой- ӛрісінің ерекше жоғарлығы, басқару ісін халықтың дәстүрлі әдет
заңдары мен сот ісін жүргізу саласындағы тәжирбесімен ұштастыра білуімен кӛрінді.
Сонымен бірге рулар арасындағы дауларды шешудегі жеке басының сыннан ӛткен
тапқырлығы мен барынша жетілген шешендік шеберлігі арқасында қамтамасыз етілуі.
Қарапайым қазақтар арасында барынша жоғары бағаланатын кӛсемнің жеке басының
бұл артықшылықтары Тәуке ханның барлық үш жүзде де беделінің тез ӛсуіне жақсы
жағдай жасады. Жеті Жарғыда кӛрніс тапқан сол кездегі тұрмыс жағдайлары мен
кӛшпелі қоғам қайшылықтарының, олар пайдаланған құқықтық әдеттер мен
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
120
нормалардың жиынтығы ел ауызындағы аңыздарда Тәуке хан мен оның жақын
адамдарының заңдық бастамасы ретінде баяндалады.
Қазақ заңдарының жинағы ұрпақтан ұрпаққа тек ауыз-екі түрде ғана беріліп, бізге
жазбаша жетпеген. Алайда, Жеті жарғы қазақ дала ӛміріне қатысты заңдар жиын
ретінде баяндалуы, ол адам ӛміріндегі әрбір жалпы және жеке құқықтық жағдайларды
қамтитын жүздеген баптардан тұрды. Атап айтар болсақ, әкімшілік – құқықтық
нормалар мен қылмыстық іс құқығы бойынша жеті жарғыда жоғарғы ӛкімет билігі
ханның қолында шоғырлануға тиіс болды. Заңдардың жекеленген баптарында
кӛрсетілген дей хан жоғарғы судья болған. Ол қылмысы және теріс қылықтары үшін
соттап, жазаға тартқан, салық салу тәртібін белгілеген. Ал, тармақтары бойынша
сұлтандар мен ру-тайпа старшындары арқылы хандықты басқару тәртібі нақтылана
түседі, онда былай делінген «Халық істері туралы пікірлесу үшін ханның ӛзі, сондай-
ақ барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері күзде қазақ даласының
ортасындағы бір жерге жиналатын болсын» /1. Бұл талаптың қатаң болғаны соншалық,
құрылтай жиналысына қарусыз келген адамның дауыс беруге хақысы болмаған және
барлық әдет-ғұрыпқа қарамай, жасы кішілерге оған орын бермей отыра берген. Яғни
«халық жиналысына» қару-жарағымен келуге тиіс болған. Сонымен бірге заңдардың
бір ережесінде «Сұлтандардан басқа қару аясына алынатын әрбір адам ханға және
халық билеушілеріне жыл сайын ӛзінің мал-мүлкінің жиырмадан бір бӛлігі мӛлшерде
салық тӛлеп отыратын болсын» –делінген /2.
Жеті жарғыда адамның жеке басына қарсы, мал-мүлік қатынастарына қарсы
жауапкершілік, отбасы-неке қатынастары мен қылмыс жасағандығы үшін
жауапкершілікте кӛзделіген. Заң ж.зінде баяндалуы, бұл сол заманда ер құны, жесір
дауы, ұрлық жер дауы сияқты күрделі дау-жанжалдарда қолдалатын дәстүрлі заң
болды. Әсіресе жазалаудың ең кӛп тараған түрі құн тӛлеу болды. Талапкердің келісуі
бойынша тіпті кісі ӛлтірген адамдар да құн тӛлеу арқылы ӛмірін сақтап қала алаған.
Қылмыскердің және ӛлген адамның әлеуметтік тегіне байланысты құн мӛлшері
тӛленіп отырған. Мәселен, ӛлтірілген қатардағы еркек үшін кісі ӛлтіруші оның
туыстарына 1000 қой, әйел үшін 500 қой тӛлеген, ал сұлтан мен қожаны ӛлтіргені үшін
жеті адамның құны алынған. Дегенмен, Жеті жарғыда ӛлім жазасы мен құн тӛлеуден
басқа ӛзге де жазалар; мал-мүлкін тәркілеу, елден қуу және жұрт кӛзінше масқаралау
шаралары да кӛзделінген. Бірақ қазақ қоғамы мүшелерінің негізгі бұқарасының
еркіндігі әрдайым заң алдындағы тең құқығы бола бермеген, бірқатар реттерде ерікті
адамдардың да, ең алдымен әйелдердің құқықтарына нұсқан келтіріліп отырған.
Мысалы, әйелдер, «күтушілер мен құлдар» сотта куә ретінде сӛз сӛйлей алмаған. Заң
алдындағы толық құқықты адам «қару асынып жүре алатын» ересек еркек үйдің иесі,
отбасының басшысы ғана бола алатын еді. Әрбір еркектің пайдаланатын құқықтары
немесе ол құқықтардан айыру оның қоғамдағы әлеуметтік жағдайына тікелей
байланысты белгіленген. Алайда, XVII ғасырдың аяғында қабылданған Тәуке ханның
«Жеті жарғы»атты заңы, шындығын да, қазақ елінің бірігуіне жағдай жасады.Тәуке
ханның бастауымен топтар арасындағы жер мен су байланысты тынымсыз таластар
мен қырқысуларды жою үшін билер мен ақсақалдар кеңесі әртүрлі тайпалар мен
рулардың кӛш-қоныс орындарын айқындап, ру тармақтары ішінде тамғаларды
пайдалану тәртіпке келтірілді.Қазақ қоғамында тарихи қалыптасқан әдеттік құқық
нормаларына жекеленген ӛзгерістер енгізіліп, оларды қолдану тәртібі белгіленді. Ру
арасындағы келіспеушілік, бір жүз бен екінші жүз арасындағы қырғи-қабақ
салқындықты әлсіретті. Ел бірлігін сақтауда хандық биліктің заң негізінде күшеюіне
негіз болды. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» деп аталатын
байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудің «қалыптасқан
қанға қан, жанға жан» дейтін тоқтам-байламды барынша жеңілдетіп, ерді құн тӛлеу
сияқты жаза, түрлерін далалық құқықтармен ӛзгерте отырып, жаңа заң жүйесін жасуға
тырысты. Оларды жекелеп айтар болсақ;
Казахский государственный женский педагогический университет. Вестник №3 (6), 2011.
121
1.
Кӛтерліс жасап, бүлік шығарған кісілерге ӛлім жазасы бұйырылсын.
2.
Түркі халқының мүддесін сатып, елге опасыздық еткендер ӛлім жазасын
бұйырылсын.
3.
Мемлекет ішінде жазықсыз кісі ӛлтіргендер ӛлім жазасына бұйырылсын.
4.
Ӛзге біреудің әйелімен зиянқорлық жасап, ақ некесін бұзушыларға ӛлім
жазасы бұйырылсын..
5.
Ӛреде тұрған, тұсаулы жүрген сәйгүлік атты ұрлаған кісіге ӛлім жазасы
бұйырылсын.
6.
Тӛбелесте мертігудің түріне қарай тӛмендегіше мүліктей құн тӛленсін.
а) біреудің кӛзін шығарған кісі айыпқа қызын береді, ал қызы жоқ болса, қыздың
қалың малын береді;
б) тӛрт мүшенің бірін мертіктірген кісі айыпқа ат береді;
7. Ұрланған жылқы , ӛзге де құнды мүлік үшін он есе артық айып
тӛлеттірілсін.т.б /3
Тәуке ханның билік еткен тұста «Жеті Жарғы» қазақ билерінің ел ішіндегі дау-
жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселерді тиімді шешуде бірден - бір заңдар жиыны
болды. Олай дейтініміз, Феодалдық жоғарғы тобының артықшылық жағдайларын,
оның саяси үстемдігі мен феодалдық меншіктің үстемдік тәртіптерін қорғау негізінде
әрбір адам қатаң жазаланып отырған. Мәселен, Егер айыпталған адам соттың үкімін
орындамайтын болса, немесе ауылдың бастығы істі қараудан әдейі жалтаратын болса,
қылмысты адамды қорғайтын болса, онда талапкер ӛз ақсақалдарының рұқсаты
бойынша барымта алуға, яғни ӛзінің туыстарымен немесе ең жақын кӛршілерімен бірге
жауапкердің ауылына барып, оның малын жасырын түрде айдап әкетуге құқысы
болған; бірақ үйіне қайтып келгеннен кейін ол бұл істі қадағалап отырған ӛз бастығына
айтуға тиісті болды, сӛйтіп барымталанған малдың саны талапқа мӛлшерлес болуға
тиістігі анықталып отырды. Сот үкімін орындауға күштеп кӛндірудің кең тараған
әдістерінің бірі болған мұндай тәсіл іс жүзінде Жеті жарғыда барымтаны бас бұзарлық
әрекет деп қарамай, керісінше сол замандағы қазақ қоғамының жӛн-жобалы құбылысы
ретінде қарастыруымыз керекті. Бұдан жергілікті жерлердегі сот және әкімшілік
биліктің бір-бірінен бӛлінбегенін кӛрсетеді. Осыдан бидің бір басында ең кем дегенде
үш функциясы болғанын;ол ру басы да, судья да, жергілікті жердегі әкімшілік биліктің
ӛкілі де болғандығын айқындайды. Мұндағы жеті жарғыдағы тұжырымдалған
құқықтық нормалар жиынтығын бүкіл Қазақ хандығы шеңберінде қолданылған деген
қорытынды жасалады. Дегенмен де, Қазақ даласындағы жер дауы, қылмыс пен құн
дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай
қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдет-ғұрып заңдары жоғарыда атап
ӛткендей, осы Жеті жарғында кӛрніс тапты. Бұл да дала ӛмірінің заңдары бір жүйеге
түсіріліп, тәртіпке келтіріліп, қатаң орындалды деген сӛз. Тәуке ханның бастау-
басшылығымен қабылданып, жүзеге асырылған сол кезең үшін мейліше ірі
реформаланған қазақ халқының әдет-ғұрып заңдарының жиынағы «Жеті Жарғы» деген
атпен белгілі болды. Сондықтан Жеті жарғының ғылыми тұрғыдан қарстырсақ, тек
ғана тарихшы заңгерлер үшін ғана емес, тұтастай алғанда Қазақстан тарихы
саласындағы зерттеулер үшін маңызды болып табылады. Тәуке хан билік құрған
уақытта қазақ елінде ең тыныш жылдар болды, ӛзара алауыздық қырқысулар, жер
даулары әрі әділ шешімін тапты. Рулар арасындағы әртүрлі қақтығыстарды шешу,
қазақтардың сыртқы жауларға қарсы бірікен қимылдарын белгілеу мәселелері
талқыланды. Халықтың әл-ауқаты жақсарды, «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған»
заман деп аталуы тегін есем еді. Бұл елдің ең бай да бейбіт ӛмір кешен уақыты болды.
Тәуке хан саяси оқиғаларға толы ұзақ ӛмір сүрді, кӛшпелі халық жадында ол билеген
кезең «алтын ғасыр» ретінде сақталды. Қырғынға бӛккен елді бабына түсіріп, ру мен ру
арасындағы талай жылғы қантӛгісті тоқтатты, ақылы мен әділдігінің арқасында
жұрттың бәрін ӛзіне мойын ұсындыра білді, әлсіз рулардың басын қосып, әулетті
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті. Хабаршы №3 (6), 2011.
122
дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге салып, тәубесіне келтірді, баршаға ортақ
заң жасап, сол бойынша билік айтты. «Жеті жарғы» ел билеуде, әділдік пен
адалдықтың үлгісі ретінде танылып, дүниеге кӛзқарастарының кеңдігімен,
білімдарлығымен, туғанға бұрмайтын турашылдығымен аты әйгілі болды. Сондықтан
да, Тәуке хан тұсында дала ӛмірінің заңдары бір жүйеге түсіріліп, тәртіпке келтірілді,
қатаң орындалды. Сол себепті де, Жеті жарғыда кӛрсетілген құқықтық нормалар
жиынтығы қазақ даласы бойынша заң жүзінде баяндалуы, бүкіл Қазақстан кӛлемінде
қолданыс тауып жүзеге асырылды деп батыл айта аламыз.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақтың ата заңдары : Құжаттар, деректер және зерттеулер 10 томдық / Бағдарлама
жетекшісі С.З. Зиманов .-Алматы: Жеті Жарғы,2005.-Т.5.-б.118, 154
2. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары/Құр.: З.Кенжалиеа және т.б.
-Алматы,1996.- б.176
3. Маймақов Ғ. Қазақстан Республикасының саяси құқықтық тарихы.-Алматы,2000
4. Қазақстан тарихы: 5-Тарау .-Алматы,1999.-460 б.
5.Кӛркемсуретті Қазақстан тарихы.-Алматы, 2005.-405 б.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада Тауке ханның «Жеті Жарғында» әлеуметтік және құқық нормаларының
заң жүзінде баяндалуы.
РЕЗЮМЕ
В статье рассатриваются Тауке хане в «Жети-Жарги» дакладвуеть социально-
правовое нормы итогов казакского закона.
ӘОК 371.331.864
Достарыңызбен бөлісу: |