Шеберлік негіздері


Оқытушының педагогикалық техникасы



Pdf көрінісі
бет126/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   141
Оқытушының педагогикалық техникасы 
 
Семинар сабағы: Педагогикалық техниканың педагог 
шеберлігіндегі рөлі. 
Т р е н и н г-ж а т т ы ғ у. 
Сөйлеу: педагогикалық техника дегеніміз не? Оқытушы 
оны қалай меңгеруі керек? Оқытушы мен студент арасындағы 
педагогикалық әрекеттесуге оның әсері қаншалықты тиімді? 
Педагогикалық техниканың педагог шеберлігіндегі маңыздылық 
дәрежесін анықтау ‰шін бірқатар педагогикалық этюдтерді 
бірінен кейін бірін орындау арқылы жаттығу-тренинг өткіземіз.
1-этюд. Семантикалық қозғалыстарды дамыту. Сіз 
аудиторияға кірдіңіз. «Тыныштық», «Көңіл аударыңыз», «Мен 
мұнда келген себебім...» сөздеріне көңіл аударатын мимикалық, 
визуалдық қозғаныстар табыңыз. 
2-этюд. Жымию, к‰лімсіреу. Сізге студенттер алдында жа-
ңа ақпаратпен баяндама жасау қажет болады. Жымиюдың ізгі-
лік, мейірімді, ашулы, к‰лкілі, сыпайы, суық пен менменшіл 
т‰рлерін көрсетіңіз. 
3-этюд. Ымдау. Вербалды емес құралдармен т‰рлі жағ-
дайларды көрсетіңіз: емтихан комиссиясының төрағасы сияқты 
орындықта отыру, көшіруші студент сияқты, кінәлі студент, ашулы 
оқытушы; қосымша ретінде ұрылған иттің отырысы, г‰л ‰стінде 
отырған ара, қыдыруға дайындалған мысық. 
Этюдтерді талдау. 
1. Тапсырманы табысты орындау неге байланысты? 
2. Бұл педагогикалық ептілікті іс ж‰зінде қолдану қанша-
лықты қиын әлде жеңіл? 
Пікірталас 
Оқытушыға педагогикалық техниканы меңгеру ‰шін қажетті 
саналарды атаңыз. 
Оқытушының 
студенттік 
аудиториямен 
педагогикалық 
әсерлесуіне педагогикалық техника қалай тиімді әсер етеді? 
Неліктен педагогикалық техниканы педагогикалық шеберлік 
компоненті деп те санайды? Оқытушының педагогикалық 
техниканы меңгеруінде қандай проблема бар деп ойлайсыз
Оны шешудің қандай жолдарын, тәсілдерін ұсынасыз? 


203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет