6
І Б Ө Л І М
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСПЕ
1.1. Педагогикалық кәсіптің жалпы сипаттамасы
Кәсіп дегеніміз – адамның еңбек қызметі болып саналатын
негізгі жұмыс т‰рі. Педагогикалық кәсіп – Жер бетіндегі ең көне
кәсіп т‰рі, оны адам қызметі саласындағы мәңгі қажет болатын
қызмет т‰рі деп толық сенімділікпен айтуға болады. Басқалардың
тәжірибесін пайдалану және оны меншіктену, ‰йрету қабілетінің
болуы – ерекше адамшыл қабілет. Сондықтан болар педагогикалық
қызметтің пайда болуы адамзат қоғамының дамуында пайда болған
қажеттіліктерді аға буындағы әлеуметтік тәжірибені кіші буынға
жеткізумен (ұрпақтан-ұрпаққа трансляциялаумен) байланысты.
Ертедегі халықтарда алғашында педагогикалық кәсіп те, қызметтің
де болмағанын еске салып кетейік. Балаларды әлеуметтік тәжірибеге
қатыстыру, әлеуметтендіру функциясын адамның алғашқы даму ке-
зеңіндегі бір ғана әлеуметтік тәрбие институты болған жанұя (семья)
атқарды. Ол баланың өміріне қажетті, тіршілігін қамтамасыз ететін
әрт‰рлі қабілет пен дағдыларды меңгереді: аң аулау, қару дайындау
және қолдану, еңбек құралдарын дайындау және қолдану, өзін ‰й,
тамақ, киім және басқа да қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Еңбектің
еркек пен әйел арасындағы т‰бегейлі бөлінуі еркектердің әскери
істерді және аң аулауды ‰йренуге, ал әйелдерді тамақ және киім
дайындау мен ‰й болуды ‰йренуіне мәжб‰р етті. Бірақ бұл қызметті
педагогикалық қызмет деп санауға болмайды, өйткені тәрбиелеу
мен ‰йрету басқа қызмет негізінде стихиялық т‰рде кішілердің
ересектерге еліктеуі барысында ж‰ріп жатты. Бұл процесті
Австралияда қазірде өмір с‰ріп отырған ертетегі бір тайпа туралы В.
Кабо былай суреттейді: Бандибу тайпасының ұлдары мен қыздары
кіші жастарынан бастап ата-аналарына көмектесу арқылы
‰лкендердің жасайтын барлық нәрселерін істеуге ‰йренеді. Мысалы,
9-10 жасындағы ұл бала садақ сияқты бір қарумен жасырынып,
құстардың көрінуін к‰тіп, ал оларды көргенде қайсыбір құсты атып
алуды, сөйтіп өзінің еркек екенін, аңшы екенін дәлелдеуі қажет.
Демек, ол бұл қабілетке, яғни нағыз аңшыға тән қасиеттерге ие болу
7
‰шін шыдамдылықты, сабырлылықты, байқампаздықты, айлакер-
лікті ‰йренген.
Адам қоғамы дамуының ерте кезеңдеріндегі өмірге
практикалық дайындықпен қатар, өмірдің басқа саласы –
рухани өмірге дайындықтың қажеттігі, яғни адамның қоршаған
д‰ниені т‰сінуі, табиғат пен олардың өмірін басқарушы деп
ойлаған рухтар әлеміне бейімделу қамы болды.
Рухтардың қаһарына ұшырамас ‰шін қандай нәрселерді білуі
керектігін ‰йретуші ерекше білім иелері шамандар, сиқыршылар,
білгіштер болған. Олардың қолында тек тайпаның іс-қимылы мен
тәртібін басқару ғана емес, сонымен қатар балаларды тайпа өміріне
бағыттауға ‰йрету қызметі жинақталды. Сөйтіп, осындай ерекше
қызмет атқарушы топтың пайда болуымен алғаш рет тәрбиелеуші
міндетіндегі адамдар тобы пайда болады. Бұлардың негізгі міндеті –
тайпаның көпшілігіне діни рәсімдер мен әдет-ғұрыптарды ‰йрету,
сонымен қатар олардың ішінде оқу бағдарламасына «Неге олай
істеу керек, басқаша емес?» деген сұрақтарға жауап бере алатын
болашақ қызметкерлерді дайындау.
Сонымен, алғашқы, бірінші мектептер мақсаты азғантай
таңдаулыларға ой дамыту және білім беру касталық инсти-
туттар пайда болды.
Адам баласының өркениет дамуы: патриархалды жанұядан
отырықшы өмірге көшу, экономикалық қатынастардың пайда
болуы мен қоғамның саяси құрылуы, ауыл шаруашылығының,
қолөнер мен жазудың, ғылым мен діннің дамуы – білім беру
институтының қоғамдық белгілі құрылымдарды ұстап тұрушы
тәрбие ж‰йесінің әлдеқайда дамыған ертедегі өркениеттерде –
Қытай, Грекия, Рим – қарапайым халыққа элементарлы білім, ал
таңдаулыларға жоғары білім беру басталады. Ертедегі Қытайда
мектептер болмағанымен, ата-аналар бірігіп оқытушы жалдап,
жанұялық кітапханаларда, храмдарда немесе ‰йлерінде сабақ
бергізе бастайды. Сөйтіп, педагогикалық қызметпен қатар,
онымен кәсіби айналысатын адамдар сыныбы пайда болады.
Білім беру ж‰йесі ертедегі Грекия мен Римде әлдеқайда даму
дәрежесіне жетті, оған қазіргі көптеген пәндердің атаулары мен
гимнастика, грамматика, геометрия, математика және т.б. оқу
орындарының аталуы (гимназия, лицей, академия) соған дәлел
бола алады. Педагог деген сөз (грекшеден paidagogos – бала
8
жетектеуші) ер баланың жетекшісі деген мағынаны беріп, оның
білім алуымен бірге, баламен ‰йде, ‰йден тыс жерлерде бірге
ж‰рген, оқушыны білім алуға тасымалдаумен қатар мінез-
құлықтық тәрбиесімен айналысқан. Көне Грекияда білім беру
алғаш рет жеке меншіктен қоғамдық ж‰йе бойынша ж‰йелі
құрылады: элементарлық, гимнастикалық, музыкалық, грам-
матист (элементарлық оқытушы), педотриб (гимнастика мұға-
лімі), кефорист (музыка мұғалімі) және т.б. Жасөспірім жасын-
дағы жетілген дәулетті жанұя балалары өз білімдерін гимназия-
ларда, риторлар және философтар мектептерінде жалғастырған.
П. Монроның айтуынша, барлық ертедегі халықтардың ішін-
де тек гректерден тәрбиешілер діни сословиядан емес, әйгілі
жанұядан шыққан жазушылар мен ақындардың балалары бол-
ды. Әйгілі ертедегі грек педагог-философтар: Пифагор, Сократ,
Платон академия ашқан, Александр Македонскийдің мұғалімі
болған, Ликеяны ашқан да Аристотель.
Ежелгі Римде мұғалім деп білімді чиновниктерді санаған, бұл
салаға кейінірек орта ғасырларда священниктер тұрған. Универ-
ситеттер мен оқытушы семинарияларының ашылуы педагог кәсібі-
нің кең тарауына әкеледі. Ғылымның және өндірістің дифферен-
циациясымен және жалпы білім берудің енгізілумен педагогикалық
кәсіптің спектрі кеңейіп, жаңа педагогикалық мамандықтар пайда
болды.
Достарыңызбен бөлісу: |