Шеберлік негіздері


Педагогикалық шығармашылық



Pdf көрінісі
бет7/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   141
Педагогикалық шығармашылық – бұл тек жаңаны іздестіру 


13
немесе тек іздестіру ғана емес, ол тұлғаның шығармашылық 
өзін-өзі жан-жақты, көпқырлығын көрсете білуі арқылы 
педагогтың мазмұндық к‰шін әмбебап қабілетінің байқалуы 
және жандандырылу процесі. 
Педагогикалық еңбек артистің, режиссердің, дәрігердің, 
шығармашылығымен өте жақын. К.Д. Ушинский педагогиканы 
тәрбиелеудің ғылымы мен өнері деп атаған, ал А.С. Макаренко 
өзінің ең әйгілі еңбегінің атын «Педагогикалық поэма» деп тегін 
атамаған. Әйгілі педагог М.И. Кнебел неліктен мен өз кіта-
бымды «Педагогиканың поэзиясы» деп атадым? Өйткені еңбе-
гіне, машақатына, к‰дік және көңілінің қайтуына қарамастан 
меніңше педагог адамдағы және өнердегіге қатысы бар ең жоға-
ры және сырлы бір әдемі нәрсе. 
Әрине, істе шығармашылық ізденістер мен шығармашылық 
қатынас кез келген кәсіби қызметтің тиімділігінің шарты, ал 
педагогикалық еңбекте ол нормаға айналады, онсыз бұл қызмет 
толыққанды орындалуы м‰мкін емес. Есте сақтауымыз керек бір 
нәрсе, ешқандай адам қызметі өздігінен адамның д‰ниеге және өзіне 
көзқарасын мазмұны жағынан құнды креативті жасай алмайды. 
Керісінше, бұл қатынас шығармашылық қызметтің шарты болады. 
Педагогтың өзін-өзі көрсете білуі екі жолмен іске асуы м‰мкін: 
прогрессивті - шығармашыл, қызметі бағыттаушы ретінде 
және оның өзі жасампаздыққа, өзінің дамуына байланысты болуы;
регрессивті - өзіне-өзі ризашылыққа, масайраушылыққа, 
жуасушылыққа, өткендегі тәжірибесінің бітпейтіндік иллюзия-
сына, алға жылжуға ынтасыздануында байқалады. Өзін іске 
асыруда педагог қандай жолды таңдауы, оның кәсіби позициясы 
мен бағдарына тұлғалық бағытталуына байланысты. 
Еңбек егер оған қызығушылық пен құмарлық, елігушілік пен 
жауапкершілік, қоғам алдындағы жауапкершіліктер тіркесетін болса 
ғана шынымен шығармашылық еңбек болады. В.А. Сухомлинский 
педагогикалық еңбектің гармониясындағы ‰ш бастама туралы 
былай деген: «керек», «қиын» және «әдемі, ғажайып». Кім ‰шін 
жасау керек екенін білгеніңде қиын жеңілге айналады. Өз еңбегіңнің 
қоғамдық қажеттілігін т‰сінгенің педагогикалық шығармашы-
лығының дамуына к‰шті шарт, демеу болады. 
Ал кіші де болса балаларға білім беру мен тәрбиелеудегі 
алғашқы нәтижелерді көру қанағаттанғандық сезімін тудырады, 


14
эмоциялық жоғарылау көтеріңкі көңіл к‰й, әлеуметтік терең д‰ние 
қарсылықсыз сипаттағы сезім мен еңбегіңізден ләззәт аласыз. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет