12
байланысты.
Сонымен, педагогикалық еңбектің гуманистикалық
табиғаты оқытушының тек адамгершілік іс-әрекетінде, оның
педагогикалық позициясында, өз қызметін іске асыру, орындау
барысында қолданатын әдіс-тәсілдерден аңғарылады.
Педагогикалық қызметтің адамгершілік әлеуеті оқыту-
шының тұлғалық өсуіне м‰мкіндіктер жасай білуінде, оның
өзінің базалық қажеттіліктерін қамтамасыз ете білуінде. Кәсіби
таңдауда кез келген кәсіби қызметтің негізгі сипаттамасы:
• кәсіби қызметтің мазмұны және сонымен байланысты
тұлғаның өзін көрсете білу м‰мкіндіктері (еңбектегі шығарма-
шылығы, өзін жетілдіру м‰мкіндіктері);
• еңбектің нәтижесі және салдарымен анықталатын қоғам-
дық мәні (қоғамға және адамдарға пайдалылығы);
• адамның еңбек қызметінің қоғамдық бағалануы, кәсіптің
әлеуметтік мәртебесі (қоршағандардың сыйлауы, қоғамдық тануы);
• еңбек мерзімі және шарттары: әлеуметтік-экономикалық
(еңбек сипаты, еңбек ақысы және т.б.), адамгершілік-психоло-
гиялық (кәсіби өсуі, табысқа жету).
Адамның барлық талаптарына сай келетін кәсіпті табу өте
қиын, сондықтан ол өз басымдылықтарын анықтағаны жөн.
Педагогикалық қызметтің шығармашылық сипаты оның табиғи
адамшылығымен байланысты, олар мұғалімді әрдайым ізденуге
к‰рделі міндеттерді шешуге итермелейді. Сондықтан педагогтың
шығармашылық әлеуеті оның креативтік жаңа бір нәрсе жасай
білуге, ғажап, айрықша, өзгеше шешімдер қабылдауға қабілетті.
Әдетте,
педагогикалық шығармашылықтың бірнеше дең-
гейін бөліп қарастырады.
1.
Репродуктивті деңгей – дайын әдіс-тәсілдерді жандан-
дыру, қайталау, басқалар істегенді меңгеру.
2.
Оптимизациялау деңгейі – белгілі әдістер мен формалар-
ды шеберлікпен ‰йлестіре отырып таңдай білу.
3.
Эвристикалық деңгей – жаңаны іздеу, белгілі әдістермен
амалдарды өз ізденістерімен байыту.
4.
Зерттеушілік, тұлғалық өзіндік деңгей – оқытушы өзі
идеяны ұсынып, соның төңірегінде педагогикалық процесті шо-
ғырландырып, оның шығармашылық даралығына сай келетін
педагогикалық
қызметтің
жаңа
әдістерін
жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: