Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет71/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141
Пікірталас т‰рлері. 
Дискуссия - (лат. сөзі discussio - зерттеу, қарастыру) - 
бұқаралық пікірталас. Мақсаты - даулы мәселені шешу ‰шін 
әрт‰рлі көзқарастарды салыстыра отырып шын пікірді, дұрыс 
шешімді таба білу. 
Бұл әдіс сендірудің тиімді әдісі болып саналады, өйткені 
тараптардың өздері қабылданған шешімге келеді. 
Диспут (лат. сөзі disputаr - пікірлесу, пайымдау) – ғылыми 
атақты алу ‰шін бұқара алдында ғылыми шығарманы қорғау. 
Полемика (көне гр. сөзі polemikos - соғыс құмар, жауын-
гер) – тараптар мәселеге бір-біріне принципті т‰рде қарама-
қарсы пікірде болады, мақсаты – бұқара алдында дау жан-
жалды жеңу, өз пайдасына аудару. 
Дебаттар (фр. сөзі debat - дау, пікірталас) – қайсыбір 
мәселе төңірегінде пікір алысу, талқылау. 
Ғылыми-әдістемелік әдебиетте пікірталастың т‰рлерін 
ж‰йелеу жөнінде көптеген талпыныстар жасалуда. Жоғарыда 
қарастырылғандардан басқа ж‰йелеуге негіз ретінде пікірта-
ластың мақсаты, әлеуметтік мағынасы, пікірталас ж‰ргізу 
формасы алынуда. 
Пікірталас ж‰ргізу техникасында дәйек келтіру теория- 
сының негізгі қағидалары. 
Пікірталас ж‰ргізу кезеңдері. Пікірталас ж‰ргізу ‰дерісі- 
нің төмендегі кезеңдері шамалануда: 
мәселе туралы мәлімдеу пікірталасты туғызған жағдайдың 
өзі даудың бастамашысы (инициаторы) немесе оны ж‰ргізушісі 
жасайды; 


121
тараптардың дәйектері - тараптардың әрқайсысының 
мәселені шешу жөніндегі ұстанымдарын (көзқарастарын) тыңдау; 
оппоненттеу - тараптардың бір-біріне көзқарастарын, 
пікірлерін, к‰мәндерін сынауға құқықтылығы арқылы ж‰ргізілуі; 
мәселені шешуде ымыраға келу (компромисс) варианттарын 
іздеу қарсыластың көнгіштік дәрежесін анықтау ‰шін қажет.
Пайымдау (ой-пікір) – бұл зат туралы белгілі бір пікірдің 
қабылданылуы немесе бекітілмеуі туралы ойлаудың формасы 
[25]. Мұнда екі компонент болады: пікірлесуді қажет ететін 
субъектінің болуы және субъектіге қатынасы бар әрі оның 
қасиетін анықтаушы предикаттың болуы. Мысалы, "педагогика 
бұл ғылым" дегеніміз ұғымында педагогика - субъект, ал ғылым 
предикат болады. Пайымдау табиғаты мен логикасына 
байланысты бірнеше т‰рімен сипатталады: 
атрибутивті пайымдау заттардың қасиеті мен сапасын 
білдіреді және мақұлданған және қайтарылған болып бөлінеді; 
модельді пайымдау орындау тәсілін көрсетеді: м‰мкін, 
қажет, әлбетте, рұқсат етілген, тыйым салынған сияқты;
темпоральды пайымдау уақытша реттілікті сипаттайды: 
ертерек, кейін, бірмезгілде сияқты; 
аксиологиялық пайымдау қатынастар құндылығын және 
құндылықтарын анықтайды: жақсы, жаман, жақсырақ, тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет