Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет72/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   141
Анықтау - сөздің, терминнің мәнін қалыптастыру, тия-
нақтау, т‰сіндіру [11]. Формасы жағынан бұл пайымдаудың бір 
т‰рі болып табылады. 
Жіктеу - белгілі бір саладағы ұғымдардың ішкі бір-біріне 
жалпы белгілері мен олардың арасындағы байланыстар 
заңдылықтарына бағыныштылығының логикалық ж‰йесі [11]. 
Факті - шын, реалды құбылыс, нағыз оқиға, шындығы 
дәлелденген дәйекті білім. Фактінің басқа бір т‰рі мысал бола 
алады, өйткені оны ақпараттың дәлелдеуі ‰шін қолдануға болады. 
Дәйек - дәлелдеуге негіз болатын логикалық дәлелдеме. 
Тезис – кең мағынада, пікірталастағы немесе қандай да бір тео-
рияның кез келген мақұлдауы; тар мағынада, негізделінген мақұл-
дау, принцип; логикада, дәлелдеуді талап ететін мақұлдау [7]. 
 
 


122
Пікірталас (дискуссия) ж‰ргізу технологиясы 
Пікірталас оқытушының оқу материалының мазмұнымен 
жұмыс істеу әдісі және білім берудің формасын ұйымдастыруда 
қолданатын педагогикалық құралы болып табылады. Сондықтан 
бұл әрі әдіс, әрі сабақ т‰рі. 
Дискуссия жай ғана дау, пікірталастың мақсатталған т‰рі ғана 
емес, ол реттелген пікір алысу, идея алмасу, шындықты іздеуде 
пайымдау, сонымен қатар әрқайсысының болашақтағы өзіндік 
жұмысы және жаңа білім ізденісіне бағдар әрі педагогикалық 
фактілермен құбылыстарды бағалау ‰шін қажетті білім көзі, 
сондықтан олардың типтерін, формаларын, принциптері мен 
техникасын қарастырғанымыз жөн. 
Пікірталас типтері. Пікірталас типтерін білу пікірталас 
ұйымдастыру ж‰йесін және оны ж‰ргізуді анықтайды. 
1. Эволюцияланушы, дәст‰рлі ж‰ргізілетін, сабақтардың 
ж‰ргізуілуі барысында басталып өрбиді. Ол өздігінен, кейде 
спонтанды пайда болады, бірақ ол ‰шін сабақта белгілі шарттар 
болуы қажет: ізденіс сұрақтарының болуы, оларды талқылау. 
2. Ж‰ргізушісі болмайтын өздігінен ұйымдасатын пікір-
талас т‰рі. 
3. Оқу-пікірталасы - оқушылардың және педагогтың 
алдын ала дайындалу ж‰йесін қамтушы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет