Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет73/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   141
Пікірталас формалары. 
1. Дөңгелек ‰стел - дөңгелек ‰стел м‰шелерінің, тең 
құқық-ты әрт‰рлі мәселе жайында пікір бөлісуі. 
2. Панелдік пікірталас. Сараптама тобының мәжілісі. Қойыл-
ған мәселені 5-6 адам микротобының қарастыруы нәтижесінде 
м‰шелердің әрқайсысы өз пікірлерін жеке-жеке баяндауы. 
3. Аквариум техникасы - бұл мазмұнында қарама-қайшы-
лықтар, жанжал бар мәселелерді қарастыруда қолданылатын т‰рі. 
Пікірталас ұйымдастыру принциптері. Коллективтік 
пікірталас ұйымдастыруда бірқатар принциптерді естен 
шығармаған жөн. 
1. Альтернативті баяндамаларды атап өту. Мұндай пікір-
талас мәселені шешудің альтернативті жолы мен тәсілдері 
ұсынылатын жерде және жағдайларда туады. Бұл дамытуға себеп 
болатын өте өнімді, тиімді интеллектуалды болып саналады. 


123
2. Аппонент тұлғаны сыйлау принципі. Қарсыластың 
пікірін тыңдай білу және оған сыймен жауап беру және оған тіл 
тигізбей жауап қайтару. 
3. Аргументтелген конструктивті сынау принципі. Бұл 
принциптің мәні қарсыласыңызды сынап қана қоймай конструк-
тивті ұсыныс мәселені шешуге жаңа шешім жолдарын көрсе-
туіңіз қажет. 
Пікірталас ж‰ргізу техникасы. Бірнеше жауапты сәттерге 
бөліп қарастырады: кезеңдерге бөлу, ж‰ргізуші тарапынан 
басқару әдісі, қатысушыларды дайындау. Шартты т‰рде оны 
белгілі іс-шаралар топтамасын қамтитын көлемді ‰ш кезеңге 
бөлуге болады: 
- пікірталас ұйымдастыру кезеңі; 
- пікірталас м‰шелерін дайындау кезеңі; 
- пікір алмасу кезеңі. 
Оқытушының полемикалық шеберлігінің техникасы. 
Кез келген оқытушы коммуникативті қызмет атқаруда 
қайсібір жайдың шындығын дәлелдеу ‰шін полемикаға т‰седі. 
Педагогикалық шеберлік, соның ішінде полемикалық 
шеберлік бір-бірімен байланысты ‰ш фактордың әсерімен 
дамиды: педагогикалық теория, педагогикалық техника және 
сабақ тақырыбы мен жұмыс істеу әдістерімен, әсіресе дәріс, 
семинарлық сабақ, сабақтың пікірталас т‰рлерін ұйымдастыру. 
Сондықтан оқытушының бұқара алдында сөйлеу техникасын 
меңгеру қажеттілігі туады, кейде оны монолог ж‰ргізу 
техникасы деп те атайды. 
Монолог ж‰ргізуді ұйымдастыру ерекшелігі төмендегілерден 
тұрады: 
- бір бағыттылықта болады, өйткені бір адамның кең 
мағынада тыңдаушыларға бағытталуы; 
- диалогтың болу ықтималдығы, өйткені шешеннің аудитория-
ға жөнелтілген сөзі тыңдаушылардың белсенділігін арттырады. 
Педагогтың бұқаралық баяндама жасау барысында және 
ақпараттық әсерлесуінің бірнеше жағы болады: 
әдістемелік тыңдаушылардың көңілін белсенділендіру 
мазмұнын әлдеқайда табысты қабылдануын қамтамасыз ету; 


124
эвристикалық, ойлау процесінің белсенділігін арттыруға 
себепші болу; 
бақылаушы, педагогикалық коммуникация барысында 
кері байланысты қамтамасыз ету; 
моральдық-этикалық, аудиторияны эмоционалды тұ-
тандыру бағыттау, эмпатилігін арттыру. 
Бірақ барлық жақтың тепе-теңдігін сақтау оңайға 
соқпайды, өйткені оқытушы болып жатқан жағдай туралы 
беткей мағлұматпен ғана қанағаттанған; материалды терең 
меңгермеген; аргументтеудің негізгі теорияларын қолдана 
алмауы; тыңдаушыларды эмоциялық қоздыра алмау және т.б. 
Бастауыш шешен бұл кемшіліктерден тыңдаушылардың 
категориялық ерекшеліктерін білсе оңай құтыла алады, яғни 
жастар аудиториясы, жоғары білімді ғылыми дайындығы бар 
кәсіпкерлер аудиториясы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет