Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет80/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   141
бағалау 
қызметінің 
ерекшеліктері. 
Сапалы өнімді талдап бағалау мен тіркесетіндіктен оқытушы-
ның бағалау қызметіндегі ерекшеліктерге тоқталып кетейік. 
Бағалау - адам қызметін әлеуметтік құбылыстарға қатына-
сына, мінез-құлқына, моральдың белгілі нормалары мен 
принциптеріне қарай оларды мағынасына сәйкес орналастыру. 
Бағалаудың философиялық анықтамасында оның негізгі 
мазмұндық сипаттамасы қамтылған. Бағалауға педагогикалық 
позицияда, көзқараста, оқытушының мәдени дәрежесі де әсер 
етеді. Ол студенттің құндылықтар ж‰йесіндегі орнын, қызмет 
мақсатын, құралдарын, мотивтерін ескеріп қойылады. 
Әлеуметтік-нормативті бағытталған бағалау критерийлері: 
салыстырмалы - оқытушы бір студенттің қызметін басқа сту-
дентпен немесе барлық топ студенті қызметтерімен салыстырады; 
нормативті - алынған нәтиже белгілі нормаларға сай 
стандартты т‰рде бағаланады (мысалы, бір қате "4", екі қате "3"). 
Баға әлеуметтік нормалар мен жалпы қабылданған салыс-
тырулармен эталондарды ескеріп қойылады. Бұл жағдайда студент-
тің тек білімі бағаланады, ал оның талпынысы, жігері, ішкі 
таланттылығы, оқу қызметінің рационалдылығы ескерілмейді. 
Дербес нормативті бағытта бағалауда әрбір студенттің 
дара өзіндік ерекшеліктері, б‰гінгі қызметтің нәтижесі бұрын-
ғылармен салыстырылуы арқылы интеллектуалды процестің 
динамикасы анықталады, сөйтіп, дербес табыстың бар-жоғын 
көруге болады. 
Бағалаудың техникалық ережелері. Педагогикалық 
әдебиетте көрсетілген ережелерден әлдеқайда практикалық мәні 
жоғарыларын қарастыруды ұйғардық [21, 1]. 
Бірінші ереже. "Бағасыз пайымдаушылық" мына жағдайда 
іске асырылады. 
а) "Мен мәлімдемемін" - студент туралы тікелей айтуды 
қажет етпеген жағдайда қолданылады. 
ә) "Сен мәлімдемесің" - студенттің қимылы кезіндегі к‰йін 
жариялау м‰мкін. Жариялау былай болады: "Сен әрине …", 
"Сенде әрине …", "Саған әрине …". Мысалы, студент 
конспектін уақтында бермеді. Оқытушының реакциясы: "Мен, 
әрине, сіздің дайындалуға пікір-таласқа дайындалғаныңыз ‰шін 
уақытыңыздың жетпегенін т‰сінемін". 


134
б) "Табиғи салдар" - бұл студенттер тапсырманы орында-
маған кезде "Бұл мәселені талдамай келесіні т‰сіну қиын 
болады" (нақты 
педагогикалық 
құбылысты 
дамытуды 
көрсетеді), "Келесі сабаққа тапсырма ұлғаятын болады, сіздер 
істей аласыздар немесе орындай алатындарыңызға сенемін". 
Екінші ереже. Егер студент қызметінің мотиві анық 
болмаса бағаны қоюды кейінге қалдыру, өйткені дұрыс бағаның 
қойылмауы оқытушыға да оқушыға да кері әсер етеді. 
‡шінші ереже - адам әрқашан міндетті қалпында болуы 
м‰мкін емес: "Сен міндеттісің …", "Сондықтан болмайды …". 
Бұндай жағдайда адам "Ережелерден әрқашан ауытқу болады". 
"Барлығы ережелерді бұзып жатыр ғой, мен де бұзайын" 
позициясымен әрекет етеді. 
Бұл ереже студенттердің барлығы жұмыс істемеуге 
болмайды және басқа адамдардың м‰ддесіне тиісуге 
болмайтынын жақсы меңгергенде істейді. Мысалы, сабақтан
жұмыстан ‰немі кетуге, мобильдік телефонға қоңырау -
оқытушыны да сабақ тыңдаушы студенттерді де мазалайды. 
Төртінші ереже. Марапаттау бағалаудың доминантасы, бұның 
негізін шығармашылық-жарыстық жағдайда оқушының бар к‰шін, 
шығармашылығын ішкі позициясын пайдалану құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет