Шеберлік негіздері


 Экологиялық білім беру саласында халықаралық



Pdf көрінісі
бет87/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   141
 
3.2. Экологиялық білім беру саласында халықаралық 
ынтымақтастық 
 
Экологиялық білім беру мен қоршаған ортаны қорғау 
саласында жалпы стратегияларды жасау, бұл салада т‰рлі 
елдердің к‰ш-жігерін координациялау, білім беру Біріккен 
Ұлттар Ұйымының (ЮНЕСКО) Ғылым және мәдениет 
жөніндегі бөлім деңгейінде іске асырылады. 
«Адам және биосфера» деген атпен биосфераның ресурс-
тарын қорғау және тиімді пайдалану жөнінде 1968 ж. Парижде 
ЮНЕСКО-ның ‰кімет аралық конференциясы өткізіліп, кең 
көлемде ауқымды бағдарлама қабылданды. Бұл бағдарламада 
бірінші рет экологиялық білім берудің жалпы адамзаттық, 
жаһандық сипаты атап өтілді. 
1971 ж. Швейцарияда 1-ші Еуропалық табиғат қорғаушы 
ағартушылық жұмысшы конференция өткізіліп, онда «қорша-
ған табиғи ортаны қорғау» және «табиғатты қорғау» ұғымдары 
синонимдер ретінде анықталды. 
Д‰ние ж‰зінде экологиялық білім берудің дамуында маңызды 
кезең Тбилисиде қоршаған орта саласында білім беру туралы 1977 
ж. ЮНЕСКО-ның ЮНЕП-пен (БҰҰ-ның қоршаған орта туралы 
Бағдарламасы) өткізілген ‰кімет аралық конференция болып 
табылады. Онда қоршаған орта саласында білім берудің көпкөлемді 
даму стратегиясын ұлттық деңгейде қарастыру, сонымен бірге 
экологиялық (табиғат қоршаушы) ағартушылықты әрт‰рлі 
категориядағы халықтарға және т‰рлі деңгейде білім беру туралы 
40-тан астам нақты ұсыныстар дайындалды. 
Экологиялық білім беру саласындағы Халықаралық ын-
тымақтастық 1982 ж. Найробидегі, Бегедегі (1983 ж.), Мәскеу-
дегі (1987 ж.) және т.б. конференцияларда жалғасын тапты.
ЮНЕСКО-ның негізгі стратегиялық міндеті – «Жаһандық 
білім беру тізбегін» құру. Онда барлық мектептер ж‰йелері 
жаһандық мәселелермен, адамзатқа төніп тұрған қауіптермен 


145
танысу, адам – қоғам – табиғат байланысын планеталық кө-
лемдегі т‰сінігін қалыптастыру қажеттігі көрсетілген. 
ЮНЕСКО-ның бас директоры Ф. Майордың айтуынша, 
экологиялық мәселелерді шешудің маңызды фактор – жаһан-
дық тәрбиелеу, ол барлық оқу бағдарламаларының орталығы 
ретінде экологиялық мәселелерді қоюы, яғни балалар бақша-
сынан бастап жоғары оқу орындарына дейін, оқытушылар мен 
басқарушыларды тәрбиелеу, дайындауды қамтуы тиіс. Егер біз 
оқушыға қарапайым сенімді пікірдің: адамдар табиғаттың бір 
бөлімі, біз өзендерімізді, бау-бақшамызды, ормандарымызды 
өмірдің өзін с‰йгендей с‰ю керегін т‰сіндіре алмасақ, біздің 
аман қалуымыз, қоршаған ортаны қорғау пікірлері тек абстракті 
ұғым болып қала береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет