Шеберлік негіздері


Экологиялық білім стратегиясы туралы пікірталастар



Pdf көрінісі
бет88/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   141
Экологиялық білім стратегиясы туралы пікірталастар 
 
Негізгі пікірталастық мәселелердің бірі экологиялық білім 
беруді әдістемелік ұйымдастыру болып саналуда. Бұл жөнінде 
екі негізгі тенденция бар. Мамандардың бір тобы «экология» 
пәнін жеке т‰рінде жасап, білім беру мазмұнына қарай т‰рлі 
деңгейде кіргізуді ұсынады, өйткені экологиялық білім беру бір-
біріне жақын, тығыз байланыста болғанымен биологиялыққа 
эквивалентті емес. 
Басқалары барлық оқу пәндерін «экологияландыру» әлде-
қайда тиімді деп санауда, өйткені экологиялық мәселелер 
жаһандық, пәнаралық сипатта болуында. Бұл пікір қазіргі кезде 
кең қолдау табуда. 
Дегенмен әлдеқайда маңызды пікірталас экологиялық білім 
берудің бағытында болып отыр: яғни орталық назардың 
«қоршаған орта» (табиғи орта) немесе «әлемдік табиғат» 
ұғымында болуында. 
Бірінші жағдайда экологиялық білім беру, біріншіден, таби-
ғат әлемінің нақты табиғи объектілерден тұратыны туралы көз-
қарастың ж‰йесінде, екіншіден, табиғат объектілерінің бірегей-
лігі мен қайталанбайтындағы және өзіндік құндылығы қасиет-
теріне субъективті мәні бар деген қатынастың 
болуында, ‰шін-
шіден, онымен прагматикалық емес стратегиямен техно-
логиялық әсерлесуінде. 


146
Бірінше экологиялық білім беру бағыты (табиғат ортасы) 
әлемде және халықаралық деңгейде ‰лкен қолдауға ие. Деген-
мен соңғы кезде көптеген мамандар экологиялық білім беруге 
«табиғат әлемі» ауырлығын қоймай, экологиялық дағдарыстың 
кешенді мәселелерін шешу м‰мкін емес деген ойда. 
Экологиялық білім берудің мазмұн мәселелері 
Экологиялық білім берудің стратегиялық ‰ш бағытына 
қарай «бірінші бағыт: экологиялық ұғымдар ж‰йесін қалып-
тастыру, яғни халықты экологиялық ағартушылық, эколо-
гиялық білімді игеру, қоршаған орта мәселелерінің шешімін 
(саяси, экономикалық, техникалық), экологиялық дағдарыстың 
алдын алудың кешенді мәселелерін көре білуді қалыптастыру: 
екінші бағыт: педагогикалық мақсатқа жету ‰шін экологиялық 
ұғымдар ж‰йесін меңгерумен шектелу және ‰шінші бағыт: 
табиғатпен қатынасты әрекеттеуде стратегия мен технология-
ларды меңгеруге бағыттау арқылы қалыптастыру) экологиялық 
білім беру мазмұнының да негізгі ‰ш жолы бар. 
Бірінші экологиялық білім беру жолы экологиялық алғашқы 
ұғымдар ж‰йесі туралы мәселеге көңіл бөлуімен байланысты.
Мектепке дейінгілер кейбір табиғат объектілерімен және 
табиғат құбылыстарымен танысады. 
Төменгі сынып оқушылары фактілерді ғылыми деректер 
ретінде экологиялық аспектілер негізінде табиғи байлықтарды 
‰немдеп қолдану сияқты элементарлы білімдерін тереңдетуі. 
Орта сыныптарда өсімдіктердің көректенуі және онымен 
байланысты химиялық тыңайтқыштармен ластану, ботаника, 
зоология сабақтарында және сыныптан тыс жұмыстарда 
экологиялық мәселелермен танысу. 
Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім беру 
процесінде қоғам мен табиғаттың әрекеттесуінің философия-
лық мәселелері, д‰ниетанымына бағытталу ж‰реді. 
Жоғары оқу орындарындағы студенттерге концептуалды 
және мазмұнды экологиялық білім беру ж‰йесі іс ж‰зінде 
арнайы пәндерден басқа жоқ. Ал егер олар оқу бағдарламала-
рында болғанның өзінде экологиялық проблемалар фрагментал-
ды және өте шектелген көлемде болады. 


147
Мұндай экологиялық білім беру бағыты іс ж‰зінде де, 
әдістемелік жағынан да монологтік жағы басым болып, білім 
дайын к‰йде беріледі де, логикалық буынсыз болады. 
Екінші экологиялық білім беру жолы, негізінен, табиғатқа 
қатынасты қалыптастыруға бағытталады. 
‡шінші (технологиялық) экологиялық білім беру жолы 
АҚШ-қа тән. Мұнда жалпы экологиялық мәселелерді емес, тек 
оқушы тұратын аймақтағы экологиялық мәселелерді ғана 
‰йренуге бағытталған. Оқыту оқу бөлмелерінде емес, «далада» 
тікелей ж‰ргізіледі. 
Мұндай экологиялық білім беру ж‰йесі көптеген оң нәтижелер 
берген. 1985 ж. АҚШ-та 12 мыңға жуық табиғатты қорғау 
ұйымдары болған, жылда 250 жаңасы құрылуда. Табиғатты қорғау 
көптеген америкалықтардың «өмір образы» болып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет