Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет85/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141
 
 
 


141
III БӨЛІМ 
 
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКА 
 
3.1. Әлемдегі экологиялық білім беру стратегиясы 
 
Табиғатқа қатынас – психология - педагогикалық 
зерттеудің пәні 
 
Тұлғаның табиғатқа деген қатынасының психология-
педагогикалық талдауы XIX ғасырдың басында А. Лазурский 
тарапынан басталған. Ол тұлғаның қатынасын (соның ішінде 
табиғат және жануарларға қатынас та) 15 топқа біріктіріп талдаған. 
Тұлғаның реалды табиғатпен қатынасын сипаттай келе 
субъективті қатынастар әрт‰рлі саладағы, сонымен бірге оның 
біртұтас мінезіне де әсер етеді. Сондықтан А. Леонтьев «бала-
ның шынайы мазмұнының дамуының сипаттамасы әлемге 
реалды қатынасынан, оның мазмұнынан бөлек болуы м‰мкін 
емес» деп тұжырымдайды. 
Психологияда субъективті қатынас деп тұлғаның әлемдегі 
құбылыстар мен объектілер арасындағы қатынастың қажеттігін 
айтады. 
 
Табиғатқа субъективті қатынастардың базалық 
параметрлері 
 
 Тұлғаның әрбір субъективті қатынасы негізінде тұлғаның 
объектілер мен құбылыстардағы қажеттілігі анықталады. Соған 
сәйкес тұлғаның табиғат объектілері мен құбылыстардағы 
қажеттілігі ‰ш параметрмен сипатталады: 1) мазмұндық-
құрылымдық кеңдігі, қажеттілігінің қандай да бір объектілерде 
кеңірек көрінуі; 2) құрылымдық-динамикалық қарқындылығы
тұлға ‰шін қатынастардағы маңыздылығы; 3) саналы т‰рде 
танымдылық дәрежесі. 
Бұл параметрлердің психологиялық мазмұнын қысқаша 
кеңдік параметрі деуге болады. Бір адамды белгігі бір өсімдік 
немесе жануар қызықтыруы м‰мкін, яғни субъективті қатынас 


142
кеңдігінің аздығы, ал басқа біреу көптеген т‰рлі объектілерді 
жақсы көреді, демек, кеңдік дәрежесі жоғары.
Қарқындылық параметрі. Табиғатқа субъективті қатынас 
т‰рлі к‰ште байқалуы м‰мкін, біреулері «табиғатта болу» жай 
ғана ұнаса, бұл төмен қарқындылық, басқа біреу – «фанат», 
‰йде аквариум, г‰л, табиғат туралы кітапхана және т.б. жинауы 
– ‰лкен қарқындылық. 
Саналы таным параметрі. Адамдардың табиғатқа деген 
қатынасы әрт‰рлі болады. Біреулер табиғатқа, біреулер басқа 
адамдар с‰йіспеншілігіне ‰лкен мән береді. 
Бұл ‰ш параметрде бір-бірімен байланысты болса да, бір-
біріне тәуелсіз. Адам кейбір жануарларды ғана ұнатуы, бірақ 
өте к‰шті, табиғат байлығын жақсы сезінуі, бірақ «фанат» емес 
және т.б. 
Тұлғаның табиғатқа деген қатынасында екінші қатардағы 
бірқатар параметрлерді: эмоциялылығы, тұжырымдылығы, до-
минанттылығы, когеренттілігі, принциптілігі және саналы-лығы 
сияқтыларды айтуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет