Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет12/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38
нында жүретін адамдарды көріп, біз де — киноинституттың қазақ студенттері — 
таңырқап қана қарамай, іштей қуанатынбыз. Себебі олардың бәрі дерлік Кеңес 
киноөнерінің хас шеберлері болатын. Шәкен аға жүрген жер ойын-күлкісіз бол-
майтын. Әлемнің киножұлдыздары, әйгілі әдебиет, мәдениет пен өнер 
қайраткерлері Шәкен ағамен достық қарым-қатынаста болғаны белгілі. Халық-
аралық дәрежелі қайраткер екенін көптеген естеліктерден де аңғаруға болады.
Шәкен Кенжетайұлының аты мәшһүр сол уақыттағы республика басшы-
сы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевпен достығы неге тұрады! Бірақ бізге осы 
достықты кино мәселелерін шешуге пайдаланған сәттерінің белгілісі бірен-
сараң-ақ. Өз басым тек «Қыз Жібек» пен «Атаманның ақырының» екі серия-
дан шығуына себеп болған Димекеңнің араласуының арқасы деп білемін. 
Одақтық Кинокомитеттің төрағасы Романов деген басшыға телефон соқса ке-
рек. Екі сериялы фильм шығару ол кезде өте сирек болатын, оның үстіне тек 

104
Òîïæàðªàí
орталық киностудияларда ғана. Ал «Атаманның ақыры» фильмін Москвадағы 
Қазақстанның тұрақты өкілдігінің үйінде Димаш ағаға көрсетуі екі достың 
ақырғы кездесуі болғаны белгілі. Димекең келесі күні Уругвайға Компартия 
делегациясын басқарып кетеді... Шәкен аға сол фильмін тапсыру мәселесімен 
Москваға барғанда, нақтырақ айтсақ — 1970 жылдың 23 желтоқсанында 
апатқа ұшырайды, Москваның Горький (қазіргі Тверская) көшесін кесіп өтемін 
деген жерінде машина қағып кетті. Бұл қайғылы хабар Димекеңе Уругвай 
мемлекетінен ресми сапардан оралған күні жетеді. Қатты қапаланғандығын 
естідік. Ақтық сапарға қалай шығарып салу керек екенін Дінмұхамед ағамыз 
өзі тапсырған екен. Бұл қайғы әр қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды. 
Қазақ киноөнерінің шаңырағы шайқалды. Асыл достарынан айырылған 
Сұлтекең (Қожықов), Мәжекең (Бегалин), Әбекең (Қарсақбаев), Шәкең (Бей-
сембаев) сияқты ұлт кинорежиссерлері қатты күйзелді. Кәмекең (Смайы-
лов), Олжекең (Сүлейменов), Әкім аға (Әшімов-Тарази) сияқты кинобасқару 
жүйесіндегі әріптес-достары да бағыт-бағдардан айырылғандай болды.
Сол кездегі ел-жұрттың назарына аса жақын болған «Қазақфильм» ки-
ностудиясының шығармашылық-өндірістік ұжымы зар еңіреді. Қалың қайғы
жұтып, мұң шаққан Елағаң (Өмірзақов) мен Серағаң (Қожамқұлов) бас-
таған сахналас достары, үзеңгілес іні-қарындастары не істерін білмей 
қалды... Қанша мұрат пен мақсаттың жолы қиылды, армандар іске аспай 
қалды! «Абай жолын» қойсам деп дайындалып жүрген суреткер осылайша 
өмірден кете барды! Өкінішті-ақ!
«...Өлмейтұғын артында із қалдырған адамдардың аты өшпейді» деген осы 
шығар. Аты қалды, сайрап жатқан іздері қанша! Алғашқылардың бірегейі бо-
лып киноөнерінің атқаратын жүгін айқындап, оны елге аманат етіп тастап кет-
кен ұлы ағаларымыздың ағасы, театр өнерінің жарық жұлдызы, жалпы қалың 
қазақ жұртының еркін жүріп, түзу басқан сері ұлдарының арасынан шыққан 
дара тұлға Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың есімі Шәкен, Шәкен аға, Шәкен 
ата болып қала бермек!
III. ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ 
III. ШӘКЕН АЙМАНОВТЫҢ 
МАҚАЛАЛАРЫ
МАҚАЛАЛАРЫ

106
107
III. Шәкен Аймановтың мақалалары
Шәкен АЙМАНОВ,
Шәкен АЙМАНОВ,
КСРО  халық әртісі,
КСРО және Қазақ КСР 
Мемлекеттік сыйлықтарының  иегері
Ø©ð³ï êåéï³
À
бай жырлары» кинофильміндегі Шәріп өз алдына бір тұлға. 
Ол жөргектен қаскүнем болып туылған адамның бейнесі емес. 
Оқыған, ислам дінінің өкілі — ол өмірдің күшті толқынын өз бетінше 
түсінеді де, өз әрекетін қуаттайды. Сондықтан ол бойындағы бар жігерін 
бір жақты қастыққа емес, өз сенімінің нысанасы — өз мақсатына жету 
үшін пайдаланады. Мәселен, ол Абай идеясын теріс деп ұғына тұрса 
да, Абайға өз тілегін қабылдату ниетімен оны жақсы көреді. Шәріп осы 
мақсатын үстем ету жолында Айдарды улап өлтіруге дейін барады. 
Либреттода Шәріптің қаскүнемдік жағы жеткілікті көрсетілген. Сон-
дықтан ішкі жайлардың бұл жағы көп ізденуді керек етпеді. Мен кейіпкер 
әрекетінің нанымды болып шығуы үшін, оның өзіне тән боларлық 
адамгершілікке, диалектикалық шындыққа көбірек көңіл бөлдім. 
Шәріптің бойына лайық шындықты қисапсыз өмір соқпақтарынан 
іздеуге тырыстым. 
Станиславский: алынып отырған жамандықтың ішінде аз да бол-
са жақсылық бар ма, соны ізде дегенді айтады. Мен осы жағын жете 
қарастыруды өз алдыма басты міндет етіп қойдым. 
Шәріп өз бетін берік ұстайтын, өзіне өзінің сенімі мол, табанды адам. 
Оның маған ең күшті әсер берген жері де осы. Бұл рөлдің актер талабына 
сай жасалғандығы да міне, осында. 
Мүмкін, көрушілер үшін Шәріп жиренішті болар. Оның бейнесіне лағнет 
айтушылар да көп болар. Ал бірақ рөлді атқарған актер — мен үшін ол олай 
емес. Қайта ол менің актерлік тәжірибеме елеулі үлес қосқан өте сүйкімді, 
қызғылықты рөл болды. Мен бұл рөлді өте сүйсініп ойнадым. Шәріп 
бейнесінің жақсы шығуы үшін бар күшімді жұмсаған болдым. Ал бұл рөлді, 
шын мәнісінде, қалай атқарғандығым туралы көрушілер өз пікірлерін айтар 
деп сенемін. 
«Социалистік Қазақстан» газеті, 28.12.1945 
* * *
Øûí æ¯ðåêòåí
ˆ
міріңде сирек кездесетін бұл сықылды зор қуаныштың үстінде лайықты 
сөз тауып айту да қиын екен. Неден бастарсың, нені айтарсың. Жүрек 
лүпілдеп алып-ұшып, ойыма барлық өткен өмірім, барлық жасаған дәуірім 
елестейді. 
Тарихтың қатал қыспағында қалған қазақ еліне Ұлы Октябрь таңы атқанда, 
мен үш-ақ жастағы бала едім. Содан бергі өмірімнің барлығы Ленин—Сталин 
партиясының туы астында, адам баласының ұлы досы, қамқоры, ардақты 
Отанымыздың, ұлы көсеміміз, әкеміз Сталиннің туы астында өтіп келе жа-
тыр. Кешегі пионер бала — бүгін коммунист партиясы мүшесі болдым. Кешегі 
қозының артында жүрген бала бүгін республиканың халық әртісі болдым. 
Кешегі қарапайым қазақтың баласы бүгін, үкімет пен партияның ұлы награда-
сын бір емес, бірнеше рет алып отырмын. 
Осынша мен не істей қойдым, осынша баға алатын не керемет жасай 
қойдым екен? Шын жүректен айтқанда — мен әлі бәлендей ешнәрсе де істедім 
дей алмаймын. 
Азын-аулақ істеген еңбегім — ұзақ жыл театрда өткен өмірім. Бұл гүлдену 
жолындағы талаптарым, ал басып, өркендеп театр көркемөнерінің жоғарғы са-
тысына шығам деген талпынған әрекеттерім. Міне, менің осы аз ғана еңбегімді 
үкімет пен партия зор бағалап отыр. Жүрегімді қуанышқа, көңілімді шаттыққа 
толтырып отыр. Шын жүректің түбінен зор алғыс айтам, елім! Мені тудырып, 
тәрбиелеген халқыма, еліміздегі ұлы табыстардың иесі Ленин — Сталин партия-
сына, жанымдай жақын, әкеміз ұлы Сталинге алғыс айтам. Шын жүректен алғыс 
айтам. Зор сенімді ақтау жолында жан-тәніммен аянбай қызмет істеуге әзірмін! 
 «Социалистік Қазақстан» газеті, 27.03.1946 
‹‹

108
Òîïæàðªàí
109
III. Шәкен Аймановтың мақалалары
Æàñ áóûí
Ò
еатрдың болашақ тірегі — жас әртістерді тәрбиелеп баулу ісі әрқашан 
да театр коллективі алдындағы басты міндеттің бірі болып санала-
ды. Алдын, болашағын ойламай, тек қана бүгінгі күннің әрекетімен, табыста-
рымен өмір сүрген театр — ол болашағы жоқ театр. 
Бұдан 20 жыл бұрын бүкіл театрдың ауыртпалығын мойындарымен кө-
теріп, күннің ыстығына күйіп, суығына тоңған Қалыбек, Елубай, Серке және 
сол сықылды театрымыздың қымбатты қарттары бүгін тойға арттарынан 
ондаған тамаша балапандар ертіп келіп отыр. Олардың ізін баса шығып 
өскен театрымыздың екінші буыны болып саналатын — Жағда Өгізбаев, Ка-
мал Қармысов, Сейфулла Телқараев, Мантай Сыздықов, Қалкен Әділшинов, 
Әбікен Хасенов, Әтейбек Жолымбетов, Абдрахман Әсімжанов, Шәріп Марде-
нов, Хадиша Бөкеева, Рақия Қойшыбаева, Сәбира Майқанова, Айша Абдулли-
на, Қатира Дәрібаева тағы басқалары бүгінгі көрнекті әртістеріміз. Бұлардың 
бірқатары 15 жылдан, енді біреулері 7—8 жылдан театр сахнасында ойнап 
келеді. 
Әртістеріміздің ең жас буыны — театрдың үшінші буыны бар. Олар театр-
да істеген мезгіл жағынан болсын, жас жағынан болсын кіші буын. Бұлардың 
ішінде таудай талабы, айта қаларлықтай таланты бар, келешегі зор жастарымыз 
бар. Оларды жұртшылық сахнадан көріп жүр. Жас әртіске Шолпан Жандарбе-
кова бірінші рет «Ақан Сері — Ақтоқты» постановкасында Ақтоқтының қиын 
рөлін ойдағыдай ойнады. Сөйтіп, бүгін көрнекті рөлдерді ойнауға жарап отыр. 
Баян рөлін үлкен шындықпен, жоғары трагедиялық сатыға шығарып ойнаған 
Жамал Жалмұхамбетова аз уақыттың ішінде-ақ, өрісі мол әртіс екенін көрсетті. 
Театрға кіргеніне 2-ақ жыл болған Атагелді Смайлов, Әбіл Төлебаев, Жамал 
Бектасова сияқты жас әртістерімізге бүгін елеулі міндеттер сеніп тапсыруға ша-
малары келіп отыр. 
Театрымыздың болашағын, алдында түрған орасан міндеттерін ойласақ, 
жас әртістерді тәрбиелеп, баулуда студияның айрықша маңызы бар. Бірақ осы 
студия бізде болмай келді. Бұл үлкен кемшіліктің бірі. Алда осыны болдыруы-
мыз керек. 
Шын мағынасында әртіс болу үшін бойдағы таланттан басқа оған қоса білім 
керек. Білімсіз, оқусыз, ізденусіз ірі актер бола алмайтынын жастар білуге 
тиіс. Іздену тоқталған күні творчество да тоқтайды, талап тоқтаған күні талант 
тоқтайды. Іздену, оқу біздің мызғымайтын заңымыз болу керек. 
Үкімет пен партия театрымызға қамқорлық жасап, әр уақытта қолдап, сүйеп 
отырады. Еңбегімізді зор бағалап, театр мен оның алдыңғы қатарлы адам-
дарына ордендер мен медальдар берді. Біз жоғары наградаға іспен жауап 
беруге тиіспіз. Театрдың болашағына ие боларлықтай тамаша жас буындар 
тәрбиелеуге тиіспіз. Сонда ғана біз тамаша дәуіріміздің, Ұлы Отанымыздың 
алдындағы борышымызды ақтай аламыз. 
 «Социалистік Қазақстан» газеті, 06.04.1946 
* * *
À« «˜¬³ëäåí
Á
іздің халқымыз ежелден ағаны сыйлап, үлкенді құрметтей білген. До-
сына жаздың шуағындай жайдары, дұшпанына қаңтардың қысындай 
суық. 
Сондай достарымыздың бірі — Днепрдің арнасындай жайсаң, Тарастың 
өлеңдеріндей нәзік те сыршыл, сезімтал ақкөңіл бір туған бауырымыз — укра-
ин халқы. Оның талантты өкілдері біраз күн біздің құтты қонағымыз болды. 
Мен оның шартарапқа жайылған шабытты өнеріне бас иемін. Атақ-даңқы 
сонау Чаплин, Эйзенштейндерге пара-пар атақты Александр Довженконың 
өнеріне тағзым етемін. Үлгілі, өнегелі ағамыз деп, біздің ұстазымыз, ақылшы-
мыз деп қарайтын Довженконың шәкірттерін, ізбасарларын өз жерімізде қарсы 
алып, қадірлі қонағымыз деп бар сый-құрметімізді ұсынып, дос құшағымызды 
айқара ашып отырсақ, бізден бақытты жандар бар ма екен бүгін!
Келіңдер, достарым, келіңдер! Сендердің қуаныштарың — біздің де 
қуанышымыз. 
Дос қадірі осындайда білінеді. 
«Социалистік Қазақстан» газеті, 08.10.1966
* * *
°ø êåçå¬
¼
азақ киноөнері бұдан көптеген ғасырлар бұрын туған болатын. 
Бұл сөзіме таңданбай-ақ қой, қымбатты оқырман! Егер киноның 
сан ғасырлардан бері бүкіл халық мәдениетінің тікелей мұрагері екенін еске 
алсақ, кино ұлттық көркем творчествоның фольклор мен әдебиет, театр мен 
бейнелеу өнері секілді түрлерінің барша байлығын бойына сіңіріп, қастерлеп 

110
Òîïæàðªàí
111
III. Шәкен Аймановтың мақалалары
кәдеге асырушы болды десек, онда киноны нақ пәлендей жылы туды деп тап 
басып айта қою қиын. Бәлкім, бұл айрықша мәнді кезеңді ХІХ ғасыр деп есеп-
теп, шежіренің бірінші парағын Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Құрманғазы 
Сағырбаевтан ашу керек шығар. Бірақ әңгіме нақтылы датада емес. Бәрінен де 
өткенге көз тастай біліп, бүгінде халыққа қалтқысыз қызмет ету эстафетасын 
қуатты да құдіретті қолдардан қабылдап алғанымызды ұғу лазым. 
БІРІНШІ КЕЗЕҢ. Бәрінен бұрын кинохроника дүниеге келді. Қазақ жерінде 
туған алғашқы фильмдер документалды болды. Бұл бүкіл әлем кинемато-
графиясына тән нәрсе. Документалистер әрқашан да жаңа өнердің алтын 
қазынасын ашатын барлаушылар іспетті еді. Мәселе хрониканың күй талға-
май, сол кездегі қарапайым техникамен-ақ өз ісін атқарғанында емес. Кино-
хрониканың алғаш рет дәл бізде тууы заңды еді, өйткені дәл менің Қазақ-
станымдай орта ғасырлық мешеуліктен бірден социалистік қуатты құрылыстың 
асқар шыңына шыққан ел дүниежүзінің еш түкпірінде жоқ еді. Республикамыз-
да жаңа құрылыстардың түтіні будақтап, айнала төңірек айрықша күйге бөленіп 
жандана бастады, мектеп, театр, клубтардың есігі ашылып, өлкемізде өндірістің 
іргетасы қаланып, көп салалы ауылшаруашылығы өркен жайды. Ертеңгі адамның 
ұлы тарихтық кезеңдерді танып білуі үшін осы жаңалықтардың бәрін киноға 
түсіріп алу керек болды. Сол күндерде алғаш рет «Советтік Қазақстан» киножур-
налы шыға бастады. Қазақстан кинематографиясының дүниеге келуі кезеңінде 
құрылыстар мен шахталарда, кең-байтақ даламызда және балықшылардың 
қайықтарында операторлар М. Сағымбаев, Г. Новожилов, Я. Смирнов және 
Ф. Әпсәламовтарды, режиссер О. Әбішевты тағы басқаларды көруге болатын. 
Сөйтіп «киноаппарат ұстаған адамдар» республикамыз өмірінен өз орнын алды. 
ЕКІНШІ КЕЗЕҢ. Жылдар өтіп жатты. Ол бір қайнаған қызу еңбекке толы жыл-
дар болатын. «Встречный» фильмі өзінің дүниеге келгенін жер жүзіне паш етті. 
Көрген жұртты революциялық жігерге бөлеп «Максим» бүкіл экрандарды ара-
лап шықты. Жеңімпаз «Чапаев» ақбоз атын құйғытып, барша әлемді басып өтті. 
Қазақстан мәдениеті де өркендеп құлашын кеңге жая бастады. Жазушылар 
мен композиторлар, суретшілер мен актерлер жемісті еңбек етті. Сонымен, 
ұлттық кинематографияның толғағы жетіп, туар күні де таяна түскен. 
Бір жолы біздерді, өнер қызметкерлерін республиканың үкімет басшылары 
шақырып алды. 
«Қазақтың Чапаевы саналатын аты аңызға айналған Аманкелді Иманов 
туралы фильм жасай аламыз ба?» — деп сұрады олар бізден. Әрине, қуана-
қуана-ақ қолға алар едік, бірақ техника жоқ-тын, база болмайтын, киноға де-
ген шеберлік әлі жетіспейтін. 
Шіркін, туыстың пайдасы осындайда ғой, қысылғанда қол ұшын бергенге 
не жетсін! Орыс жазушысы Всеволод Иванов келді де, Бейімбет Майлин, Ғабит 
Мүсіреповтермен бірге фильмнің сценариін жазып шықты. «Ленфильм» ре-
жиссер Н. Левин мен оператор Х. Назарьянцті жіберді. Кино түсіретін топтың 
барлық қызметкерлері келді. Олар техникамен көмектесті, сөйтіп жұмыс қыза 
жөнелді. 
Сол шақ Қазақстанның бүкіл актерлер әлемі «бақыттылар» мен «бақыт-
сыздар» болып дереу екі топқа бөлінгені әлі есімде. Біріншілері — киноға түсіп 
жүргендер де, екіншілері — бұл іске қатынаспай сырт қалғандар болатын. 
Киноның кадрларының бірінде елеусіз ғана бір көрініп қалған менің өзімді 
достарымның көбі күндеп көре алмағанын айтсам, Аманкелдінің жарқын 
образын жасаған тамаша әртіс Елубай Өмірзақовқа барша жұрттың қалай 
қызыққанын өзіңіз-ақ ұғарсыз. 
Бұдан кейін орыстың экран шеберлерінің көмегімен «Раушан гүлі», «Рай-
хан», «Абай жырлары», «Алтын мүйіз» секілді көптеген фильмдер пайда бол-
ды. Олардың кейбірі қазір жиырма жылдан кейін көзге қораш көрінсе, ал енді 
біреулері әлі де совет киносының таңдаулы фильмдерімен таласа алады. 
Қазақстан кино өнеріне орыс киносының шеберлері көрсеткен, қазір де 
көрсетіп отырған аса зор көмектеріне айтылар алғысты ауызбен айтып жеткізу 
мүмкін емес. Алайда біздің республикамызға ауық-ауық келіп-кететін ең ірі 
кино режиссерлердің өздері де ұлттық характердің терең құпиясына бойлай 
алмады. Қазақ халқының өмірін жете түсініп, жеткізе көрсете алмады. Олар 
тек қазақ елінің өздеріне бейтаныс көріністерін қызықтап, соны ғана түсірумен 
болды, сол себепті фильмдері атүсті, қарадүрсін шықты. Ал ұлттық маман 
режиссерлеріміз атымен жоқ-тын. 
ҮШІНШІ КЕЗЕҢ. Өнерде алғашқы қарлығаштың өзі-ақ күлімдете көктем ту-
дырып, жадырата жазды әкеле алады. Қазақстан киноөнері дамуының жаңа 
бір кезеңін бастап берген «Жамбыл» фильмі десек қателеспейміз. Ұлы ақынның 
өмірбаянына құрылған фильмде бейне тамшы судағы күн сәулесіндей қазақ 
халқының өткендегі және бүгінгі тағдыры сөз болды. Одан кейін «Шабандоз 
қыз», «Дала қызы», «Біз осында тұрамыз», «Ботакөз», «Біз Жетісуданбыз», 
«Біздің сүйікті дәрігер», «Шоқан Уәлиханов» фильмдері пайда болды. 
«Қазақфильм» студиясы шығарған фильмдер еліміздің экрандарына жылдан-
жылға көбірек шыға бастады. Әрине, олардың бәрі бірдей көрерменнің 
көкейінен шыға қойған жоқ. Әйткенмен олар қазақ киноөнерінің сапасы ар-
тып, санатқа қосыла бастағанының айқын нышаны еді. Ең бастысы — барған 
сайын жаңа есімдермен толыға түсіп, сап түзеген ұлттық кадрларымыздың, 
маман режиссерлеріміздің қатары артты. М. Бегалин, С. Қожықов, Е. Арон 

112
Òîïæàðªàí
секілді қарт тарландармен бірге Ә. Қарсақбаев, Ш. Бейсенбаев, Ж. Бәйтенов 
секілді жастар да өз шеберліктерін танытып отыр. Сценарий ісіне жетік жазу-
шылар «Қазақфильм» төңірегіне топтана түсуде. Кино өнерінің айтылмыш ка-
питандары бұл күнде фильм жасау секілді қүрделі де көп тармақты индустрия-
лы үдерістің барша дәрежелерінде еңбек ететін қадрлар нөпірін соңынан ертіп 
отыр. Ал мұның өзі, шын мәнінде, есейіп, ержеткеннің белгісі. 
Киноөнері — бап сүйгіш өсімдік секілді. Ол қу медиен тақырға өсе алмай-
ды. Ол өзіне мол мұра керек етеді. Ал Қазақстан кинематографиясы осын-
дай мұраның, яғни қазақтың ұлттық әдебиетінің, музыкасы мен театрының 
қазыналы қайнар бұлағынан сусындайды. 
Күн сәулетті Қазақстанның қолы жеткен кереметтей табыстарына бүкіл жер 
жүзі таңырқап, таңқалуда, соған орай біздің ұлттық кинематографиядан да 
көп нәрсе күтері хақ. Біз бүгінде киноөнеріміздің қарыштап гүлденуіне қажетті 
жағдайдың бәріне иеміз, ал өз ісімізге деген асқан жауапкершілік сезімін 
біздер әсте естен шығармақ емеспіз. 
«Жаңа фильм» жорналы, № 1—4, 1969
IV. ШӘКЕН АЙМАНОВ ТУРАЛЫ 
IV. ШӘКЕН АЙМАНОВ ТУРАЛЫ 
ЕСТЕЛІКТЕР
ЕСТЕЛІКТЕР

114
115
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
Елубай ӨМІРЗАҚОВ,
Елубай ӨМІРЗАҚОВ,
Қазақстан  халық әртісі,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының  иегері
À««àí æ±ëäûçäàé
1
933 жылы Семейге келген сапарында Ғабит Мүсірепов дарын-
ды жастардың бір тобымен кездесті. Олардың ішінде Шәкен Ай-
манов, Жағда Өгізбаев, Жанысбек Құсманғалиев, Ғаббас Ғалиев, Шәріп 
Мәрденов, Оразғали Жұмағұлов болды. Ғабит олардың Риддер Жа-
стар театрындағы қойылымын көріп, бәрін Алматы театрына шақырды. 
Дос ағаларының ақылына құлақ асқан олар сол жылы-ақ бізге келіп 
қосылды. 
Ол өнерлі, үлкен істерге бейім топ еді. Театрда көңілді ахуал орнықты. 
Барлығы театрдың төлесінде тұрып жатты. Ол кезде актерлер пәтер ту-
ралы армандамайтын да. Қалыбек екеуіміз олардың шаттыққа толы 
шаңырақтарына жиі соғатынбыз. Қалыбекті қатты құрметтеп, оның әр 
сөзіне мән беріп отырысатын. Ол театрдың тарихы — театрдың қалай 
дүниеге келгені, бір мезетте қалайша әрі актер, әрі сахна жұмысшысы, 
әрі гример болғанымыз туралы әңгімелейтін... 
Менің білуімше, Шәкен қазақ сахнасында Ғабит Мүсіреповтың «Қозы 
Көрпеш—Баян Сұлуы» арқылы өзінің жарқын талантын паш етті. Со-
дан кейін «Еңлік—Кебек». Жағда Кебекті, Шәкен Есенді ойнады. Спек-
такль табысты өтіп, көрермендер қошеметінің шегі болмастай көрінген-
ді. Шәкен мен Жағда жұмыстарына көп көмектескен Қалыбекті сахнаға 
шығарып, үздіксіз қол шапалақтауды жүрекжарды сөзімен үзген Шәкен: 
«Мына Қалыбек ағаға рақмет айтыңыздар. Осы кісінің жәрдемі, осы 
кісінің қамқорлығы арқасында спектакліміз жақсы шықты. Біз, жастар, 
театр өнерінің ордасына келгенімізге, ата-бабалардың мәдени дәстүрінің 
қорғушысы әрі жалғастырушы болғанымызға қуанамыз. Бізді театрға алып кел-
ген Ғабит ағаға мың алғыс!» — деді. Сахнада тұрған үш актерді көрермендер 
залының қалай қошеметтегенін айтып жеткізу қиын, көрерге көз керек еді. 
Шәкен мен Жағданы Мұхтар Әуезов те өте жақсы көретін. Оларға сағаттап 
уақыт бөліп, сағаттап әңгімелесіп, орындау шеберлігінің құпиясына жетулеріне 
қол ұшын созды. 
Шәкеннің сахнада және экранда жасаған образдары менің көз алдыма тірі 
күйінде, сезінуге, қолмен ұстап көруге болардай сипатта келеді. Солай болуға 
тиіс те еді! Сахнада онымен бірге көбірек болдым ғой. Сондықтан мен Шәкенді 
басқа қырынан — залдан көргендей емес, сахнада, тікелей шығармашылық 
қарым-қатынас үстінде жүргендегідей тұрғыда еске аламын. Мен үшін Шәкен 
бірінші кезекте — партнер. Шәкеннің режиссерлік дарыны туралы Ілияс Ома-
ров «Шарықтау» («Взлет») жинағында жақсы айтты. «Шәкен — айрықша 
құбылыс, — деп жазды Омаров. — Тума таланттылығы өз алдына, ол білімге 
құштар, өзін-өзі іздеуден танбайды, үздіксіз жұмыс істейді, өсе түседі, жарқын 
талантына мастанып, жауапкершілік сезімін жоғалтпайды. Актерлік, әсіресе 
режиссерлік жұмыстары оның ізденуші суреткер екенін паш етеді». 
Айманов сегіз қырлы, бір сырлы, он саусағынан өнер тамған шебер еді. Дом-
быраны, мандолинді керемет тартатын. Мұның сыртында тамаша шешендігі 
мен билерге тән қасиеті тағы бар. Қиыннан қиыстыратын. Өзіндік әрлі әзіл-
қалжыңын қалдырмайтын. Қандай сайысқа, кез келген белдесуге болсын 
дайын тұратын шабытты спортшы, сондай-ақ, табанды жанкүйер де бола білді. 
Сөйте тұра ол ашық, сенгіш, қулықсыз адам болатын. 
Мұхтар Әуезовтың «Тас түлегі» қойылғанда, Мес деген ұрының рөлін ойнай-
тын болдым. Авторға менің орындауым ұнамады да, маған бақсының рөлін 
берді. Бәріміз бас қоса қалған бір сәтте Шәкен осы жайтты қалжыңға сүйеп: 
«Елаға, Местің қалаға келіп, абайламай асханадан ащы қышаны қалай жеп 
қойғанын көрсетіңізші, кәне», — деді. 
Мен құлшына түсіп, жиналғандарға бар ынтамен көрсетіп бағамын. Оған 
қоса, орындалмай қалған кейіпкерім асханада борщты қалай ішкенін де 
көрсетемін. Бәрі — қыран-топан, әсіресе Шәкеннің ішек-сілесі қатады. 
Кино түсірген кезде де Шәкен мені назардан тыс қалдырған жоқ. Баяна-
уылда «Алдар Көсе» түсіріліп жатқанда, ол мені телеграмма салып, шақырып 
алды. Қуана қарсы алды:
— О, Елағаң келді, Елағаң! Көлік дайын тұр. Ас ішіп алғасын, айнала төңі-
ректі көріп қайтамыз. 
Біз жағасында түсіру тобы орын тепкен Жасыбай көлінен Айман шат-
қалындағы қайнар бұлаққа дейін бардық. Нағыз жер жаннаты осында екен. 

116
Òîïæàðªàí
117
IV. Шәкен Айманов туралы естеліктер
Алуан-алуан құз-жартастар адам қолымен қашап жасағандай, бір қарасаң 
түйенің, тағы бір қарасаң басқа бір аңның бейнесінде көз тартады. Ал үңгір 
дегенің мұнша көп болар ма! Кейбірі жауын мен желден әлденеше адамды 
паналатардай кең екен. 
— Елаға, сізді шақыртуымның мәнісі мынадай. Фильмнің бір эпизодында 
Алдарды сабап, ол есінен танып қалды. Дәл осы тұста бақсы — 1930 жылғы 
«Арқалық батыр» спектакліндегі Елағаң пайда бола қалса, қатып кетер еді де-
ген ой келді маған. Кәстөмді дайындап қойдым. 
— Кәне, өлшеп көрейік, — деді ол лагерьге оралған бетте. Тұрқыма қона кетті. 
— Ал, аяғыңызға мына етікті киіңіз. 
— Керегі жоқ, жалаңаяқ болғаным дұрыс. 
— Табаныңызға тас батады ғой. 
— Етік кисем, тез-тез секіреп билей алмай қаламын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет