Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет6/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
біріне ақыл айтқан, кеңес берген, бірін құтқарған дегендей, онымен тікелей 
жүздескен жүздеген адамдар күні бүгінге дейін Шәкеннің жарқын бейнесін, 
жақсы істерін ризашылықпен еске алысады. 
Тағдыр онымен тоғыстырған кезде жас едім. Әуелден ешкімнің әлпештеуін 
көрмеген басым, Шәкен мені тұқыртуға тырысар деп те ойладым. Бірақ олай 
болмады. Өзге де жүздеген адамдарға бүкпесіз ашық көңілін маған да таныт-
ты. Өткен шақ туралы ой-пайымдарыма, болашаққа жасаған жоспарларыма 
сеніммен қарады. Ол, тегінде, экрандағы режиссерлік ойларымен байланы-
стыра қарап, маған актер ретінде көбірек назар аударды. Ол кезде мен оны әр-
дайым түсіне бермейтінмін, оның толысқан өмірлік, шығармашылықтық 
ұстанымы деңгейінен әрдайым табыла бермейтінмін. Мысалы, Шәкеннің 

52
Òîïæàðªàí
53
II. Өнерпаз жолы
ойының актуалдығын түсінбегендіктен, оның үстіне театрға құлай беріл-
гендіктен де өзімнің жеке әрі шығармашылықтық түсінігіме сай «Атаманның 
ақырындағы» Шадияров рөлінен бас тартпақ болдым. Ол маған ұрсып, 
суреткерлік арды ойлауым қажеттігін ескертті. «Осылай болуы керек!» — 
деді ол. Біздің осы жұмысымыз жайында ойласам, бүгінде қанағаттанған 
сезімге бөленемін. Шәкеннің өнер туралы айтқан шынайы сөзі еді! Ол сөзге 
мен де шын жүректен құладым. Жалпы, оның кинодағы қайраткерлік істері көп 
жағдайда құрбандықты талап етті. Керемет театр актері және режиссер ретінде 
танылған ол әлі қалыптаспаған кино өнерінің ауыртпалығына арқа тосты. Қиын 
соққан себебі, жүрекке сызат түсіретін түсініспеушіліктерге жиі ұшырасатын. 
Әйтпесе де өз ісінің қажеттілігіне титтей де күмән келтірмегеніне, бұл үдеде 
марапат-мадақ күтпегеніне мен кепіл. Шеберлік биігіне қарай шалдықпай 
өрлеген Шәкен «Атаманның ақырында» сол биікке жетті деп ойлаймын. 
Ол өз халқының өмірімен, тағдырымен және өнерімен ғұмыр кешті. Ол 
кең-байтақ ел өмірінен бөлінбей ғұмыр кешті. Адамдарға деген ортаймас 
мейірімінің бастау көзі де, міне, сонда жатты деген ойдамын. 
«Транссібір экспресі» картинасында көрермен «Атаманның ақырындағы» 
басты кейіпкер Шадияровпен қайта кездеседі. Фильмдегі ең нәзік тақырып — 
Отан тақырыбы тікелей Шәкенге қатысты. Кадр сыртынан айтылатын Шәкеннің 
орындауындағы халық әні бұл тақырыпты қуаттай түссе керек. Өмірінде мінсіз 
атқарып өткен көп істері секілді ән де, әннің орындалуы да ғажап шықты де-
ген пікірдемін. Өзі түсіруін тағдыр маңдайына жазбаған бұл жұмыс туралы ол 
не дер еді? Картинаның көрермендер талғамынан шыққанына өзіне тән ша-
бытпен шалқи шаттанары күмәнсіз-тін. Ол көрермендерді ең жоғары қазы деп 
есептейтін. 
Алғаш танысқан сонау алыс күндерден бастап Шәкен мен үшін халық-
шылдықтың, азаматтықтың, таланттың мәңгі үлгісі болып қалды. 
Иә, ол аса көрнекті адам еді. 
Шәкен Айманов: Фотоальбом. Алматы: Өнер, 2004 
* * *
ˆì³ðë³ê ±ñòàçûì
1
955 жылы еді. Республикалық «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская 
правда» газеттерінде «Алматы консерваториясының жанынан театр 
және кино әртістерін даярлайтын актерлік бөлім ашылды» деген хабарланды-
ру жарияланды. Бұл сол кез үшін республикамыздың мәдени өнеріндегі елеулі 
оқиғалардың бірі еді. Өйткені театрда немесе кинода ойнап өнер көрсетуді 
армандаған қазақ жастары енді алыс қалаларға оқу іздеп әуреге түсіп жүрмей-
тін болды. Актерлікті мақсат еткен өзге талапкер құрбыларымды қайдам, мына 
хабарландыруды оқыған сәтте менің көз алдыма Қалыбек Қуанышбаев, Серке 
Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Шәкен Айманов тәрізді театр тарландары еле-
степ кетті. 
Сахна өнерін талап қылып, арман қуған жастардың қай-қайсысы да сол 
тұстары өздеріне нақ осы есімдерді үлгі етіп ұстанып, өмірде де, өнерде де 
еліктеуге тырысатын. Жасырып қайтейін, әлі балаң, кітаби сезімнен арылмай, 
келешекке қиял көзімен ғана қарауды қанағат еткен сондай жастардың бірі 
мен де осы хабарландырудан соң көп ұзамай Алматыға келіп қалдым. 
Сонан біраз уақыт өткен соң өзім көптен бері идеал тұтып арман асуына 
балап жүретін ағаларымның бірі Шәкен Аймановпен жүздесудің сәті түсті. 
Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен екінші онкүндігіне даярлық жүріп 
жатқан кез. Қазақ академиялық драма театры Ғ. Мүсіреповтың «Ақан Сері — 
Ақтоқты» трагедиясын дайындау үстінде. Қоюшы режиссері Шәкен басты 
қаһарман Ақан рөлінде ойнайтын да өзі. Өмірде жайдары жүретін Шәкен аға 
репетиция кезінде де жұғымды қылық, жайдары мінезінен бір жаңылыспайды 
екен. Жайшылықтағы болмысы-бітімі спектакль кезінде өзін-өзі ұстауымен 
үйлеспей, қабыспай жататын режиссерлерді білуші едік. Тіпті бізге режиссер 
мамандығын меңгерген адамның өмір мен өнерде екі түрлі көрінуі, екі басқа 
мінез-құлық танытуы жазылмаған заңдылық сияқты сезілетін. 
Ал менің сонда таң қалғаным — өмірдегі Шәкеннің тауқыметті өнер жо-
лында да азамат, адам ретінде көп өзгере қоймайтын, бойына біткен табиғи 
қасиеттерін өнер талабымен біте қайнастырып, ұштастырып жіберетіндігі. 
Ол кісі қойылым барысында ұшырысып қалатын әртүрлі сәтсіздікке бола 
әлдекімдер секілді қылғына айғайлап, қалшылдап ұрыспайтын. Қашанда 
ұстамдылығынан жаңылмай не нәрсені болса да жайымен, бабымен 
түсіндіруге тырысатынын өнер сапарындағы сол бір алғашқы жақындық 
кезінде-ақ анық байқадым. Ойын өрнектеп, тәсілдеп жеткізуі қандай! 
Қазақша айтқанда «қызым, саған айтам, келінім, сен тыңданың» нағыз үлгісі, 
оның бұндай ұстаздық, режиссерлік мәдениетіне ең талантсыз актердің өзі 
де шындап ренжи алмас еді. 
Ал актер Аймановтың сахнадан басқа тың қырымен көріне алатынын да 
жіті аңғарғаным сол жолы. Оның Ақаны үлкен өнер мен шынайы махаббаттың, 
адамгершілік асыл қасиеттердің айнымас иесі ретінде көрермен жүрегіне 
өз жолын тапқан бейне. Сол бейнені өрнектеп шығару барысындағы актер 
еңбегіне, қиналып-қуанған сәттеріне куә болғаным үшін өзімді бақыттымын 
деп есептеймін. Жалғыз мен ғана емес, танып, көріп, біліп жүрген жас 

54
Òîïæàðªàí
55
II. Өнерпаз жолы
әртістерге Шәкен еңбегінің ерекше әсер бергені өзіне тәнті етіп келешекте 
Темірқазықтай тура жол сілтеген! Сөзсіз «Қазақфильм» студиясы 1960 жылы 
«Бір ауданда» атты көркемсуретті фильмді түсіруге дайындалып жатты. Мен 
Дүйсен Бектасов атты райком секретарының рөлін ойнауға шақырылдым. 
Сөйтсем, фильмнің қоюшы режиссері Шәкен ағамыз екен. Соны естіген сәтте 
қатты қобалжығаным сондай, ретін тауып бұл жұмыстан қалай бойымды аулақ 
салсам екен деген бір аңғал ойдың басыма келе қалғаны. Өйткені Шәкеннің 
актерге қаншалықты биік талап қоя білетінін және ол талаптың үдесінен шығу 
оңайға түспейтінін алдын ала сездім. Ойымда қобалжу, күдік аралас жүрді. 
Бірақ өнер атты құдіретті тағдыр табыстырғаннан кейін режиссер ағаның на-
зарынан біржола қашып құтылу мүмкін емес еді. Алғашқы балаң ойымнан ай-
нып, мен үшін жауапты іске тәуекел еткенім де сондықтан. Бір қуаныштысы, сол 
жолы Шәкен менің фильмдегі партнерім болды. Мен үшін үйрететін, тәлімдік 
маңызы үлкен сабақ еді бұл фильм. Содан кейін бұған «Ән шақырады», «Ән 
қанатында» атты көркемсуретті ленталар жалғасты. Бұл мен үшін ғана емес, 
өзге әріптес, қанаттас актерлер үшін өсу, қалыптасу мектебі болды. Біз ре-
жиссер ағадан көп нәрсе үйрендік. Соның ішінде өз рөліңе қандай көзқарас 
тұрғысынан келу керектігінен бастап, жеке басқа, тұрмыс-тіршілігіңе қатысты 
тәлімдік мәні бар көптеген жайлардың ұшырасатынын аңғаратынбыз. Үйреніп, 
тоқи білгенге Шәкен ағаның тұрған бойы азаматтық, адамгершілік биіктіктің 
ұғынықты үлесі еді ғой. 
Сонан бір рет ол кісі маған «Сен үшін арнайы рөл жазылып жатыр. Осы бас-
тан дайындала бергейсің» деп қалды. Кейін білсем, түсірілгелі жатқан фильм 
«Атаманның ақыры» екен де, маған жүктелгені Шадияровтың бейнесі екен. 
Әрине, екі сериялы бұл картина жайында дәл қазір тәпіштеп жатудың қажеті ша-
малы. Кезінде баспасөз бетінде көп айтылып, көп әңгіме болған «Қазақфильм» 
студиясының көрнекті туындысын қайталап талдап жатудың қажеті аз. 
Тек айтарым — бұл ақырғы шығармасынан Шәкеннің режиссер ретінде 
бұрынғысынан да шарықтап өрлей түскенін, егер ол кісі тірі болса бұдан да зор 
көркем туындылар беруге мүмкіндігі барын байқар едік. 
Актер Айманов қайталанбас бір бөлек талант иесі, өзіндік бет-бағдары көп 
талапкерге үлгі ретінде ұсынуға тұратын жеке тұлға болса, режиссер Айманов-
тың болмыс-бітімі қазақ театр кино өнерінде тіпті бөлекше еді. Осы арада 
сахна мен кинодағы Шәкен қолтаңбасының әртүрлі сипатта көрініп отыраты-
нын, бұл жағдайдан да үлкен өнер иесінің творчестволық қыр-сырын жекелей 
танып-түсіне білудің жөн екенін айтуымыз керек. Демек, осы өнер түрлерінің 
өзі маңдай терін төккен әр саласы бойынша Айманов творчествосының жеке-
жеке талдауды қажет етері сөзсіз. Оны шағын мақалада тұтастай түсіндіріп, 
жеткізе білу де қиын. 
Шын мәніндегі, сахна мәдениетін еркін игере отырып, зал толы көрерменді 
спектакль басынан-ақ өзіне аударып алу талант табиғаты бөлек актердің ғана 
қолынан келмек. Бұл күндері театр тарихына айналған сол кезгі қойылымдарды 
еске алсақ Шәкен шеберліктің, міне, нақ осындай қиындығын меңгерген 
өнер иесі еді. Кейбір үлкен актерлеріміздің өздері де «Сахнаға шыққанда 
көрерменнің бар-жоғында шаруам болмайды. Ойынға беріліп кететінім сон-
дай, оларды мүлде естен шығарып аламын», — дейді. Шәкен аға, керісінше, 
өзінің топ алдында өнер көрсетіп тұрғанын бір сәт те ұмыта алмайтын. 
Сондықтан да ол өзіне түскен жауапкершілік жүгін жан-тәнімен сезіне оты-
рып, образ табиғатын мейлінше шынайы, нанымды етіп беруге тырыса-
тын. Ойын барысында рөлде көрермен және ойындағы партнері туралы 
ешқашан есінен шығармайтынын сезіп жүретінбіз. Бұл «өзім ғана жақсы ой-
нап, өзім ғана жарқылдап көзге түсейін» деген менменшіл мінезге жат, қайта 
бүкіл спектакльді жақсы шығаруға құлшыныстан туған парасатты қағиданың 
қарапайым ғана белгісі еді. 
Сөз реті келіп қалған соң сол үлкен дарынға негіз болған Шәкеннің адамгер-
шілік, азаматтық кейбір қасиеттері жөнінде де еске ала кетудің әбестігі жоқ. 
Шалқар шабыттың иесі Шәкен қазақ өнеріндегі творчестволық табыстың 
қай-қайсысын да жарқылдай қарсы алып, балаша қуана білетін. Ал осыған 
керісінше, ренішін үлкен философиялық төзімділікпен жасыруға күші жететіні 
де ғибрат боларлық қызық құбылыс. Ол өзінің соңынан ерген біз сияқты 
жастарға «ананы олай, мынаны былай істе» деп құрғақ ақыл айтқан жан емес. 
Өнер тартысында болсын, күнделікті тіршілікте болсын, берер тәлімін ишара, 
астармен жеткізуге бейім еді. 
Сырт қарағанда, ешқашан асықпайтын, бапты, сабырлы кісінің ештеңеге 
мән бермей, өзімен-өзі жүретін сияқтануы да алғашқы әсер ғана. Ол осылай 
самарқау қалыпта отырған болып, ешнәрсені қалт жібермейтін. Мәселен, 
жұмыс аралығындағы үзілісте шахмат ойнап отырып-ақ актерлердің қалай 
әзірленіп жатқанын айнытпай танып қоюшы еді. 
Жалпы, Шәкен аға — туа біткен талант деген анықтамаға лайық жанның 
нақ өзі. Інісі Кәукен Кенжетаевтың айтуына қарағанда, Шәкен бала кезінде 
кәдімгідей жылауық болған. Кейде түсініксіз мінез танытып, өзімен-өзі оңа-
шада жылап отырады екен. Сонда атасы Айман немересінің бұл қылығын 
«Ішін тесіп әкетіп бара жатқан дарынның нышаны ғой бұл. Наразылықтан туған 
дарын» деп бағалайтын көрінеді. 
Демек, жастайынан сезімтал, зерек Шәкеннің өнерге келуі кездейсоқтық 
емес, тіпті болмай қоймайтын заңдылық сияқты еді. Іштен туа біткен дарын-
ды баланың мінез-құлқы өзгеше болатыны рас — қазіргі ғылымда ол жөнінде 
көптеген дәлелдер бар. Мәселен, Моцарт, Айвазовский, Бетховен тәрізді 

56
Òîïæàðªàí
57
II. Өнерпаз жолы
ұлы адамдардың балалық шағы өзгеше, қызық күйде өткенін естеліктерден 
білеміз. 
Актер таңдауда көп көмектескен қасиеттің бірі — оның осы туа біткен 
көрегендігі дер едік. 
Қазақстаннан тыс жерде жүрген сәттерінде Шәкенді халқымыздың ұлттық 
сипатын, елдік қасиетін өзге жұрттарға таныта білетін ардақты азамат ретінде 
мақтан тұтушы едік. Кез келген көрнекті тұлғамен терезесі тең сөйлесетіндіктен 
бе, әлде мінезінің жұғымдылығынан ба, оның әдебиет, өнер саласындағы дос-
тары Одақта ғана емес, шетелде де көп болатын. 
Халықаралық фестиваль құрметіне орай өткізілген жиындардың бірінде 
ең жақсы бишілерге бәйге жариялады. Сонда Элизабет Тэйлормен билеген 
Шәкеннің көрермен қауымды таң қалдырып бірінші жүлдеге ие болғаны бар. 
Шекспирдің туғанына 400 жыл толуына орай өткізілген айтулы мереке 
кезінде Отелло монологын қазақша орындаған Шәкен өзінің ғана емес, сол 
өнерімен шетелдіктер алдында бүкіл халық мәртебесін көтеріп тастаған. 
Сол жиындағы тағы бір қызғылықты эпизод қатысушылардың есінде 
қалыпты. 
Әр жерден келген өнерпаздар өз елдерінің ұлттық тағамын әзірлеп, 
көпшілікке содан дәм татқызуы тиіс болған. Алғашқы күні жұртшылық 
өзбекстандық Алим Ходжаев жасаған палаудың қызығын көрсе, екінші күні 
кезек Шәкен ағамызға тиіпті. Ол сондағы әйелдердің біразына бос бөтелке 
ұстатып (оқтау орнына) жұқалап қамыр жайғызады. Сөйтіп бабына келтіріп, 
дәмі таңдайды жұлған бесбармақ әзірлейді. Жұрттың бәрінің қолдарын 
жуғызып етті қазақша жегізетіні тағы бар. Өткір қалжың, шебер қимыл, дәмді 
ас — Шәкеннің ғана емес, сол кісілердің көз алдында қазақ халқының да 
мерейін көтеріп тастаған әсерлі деталдар болғаны сөзсіз. Үлкен юмормен мей-
рам қылып өткізген жиын ұзақ уақыт жұрттың аузында жүрді. 
Бұл — Шәкен ағаның жеке басына тән ұнамды қасиеттерді танытатын көп 
мысалдың бірен-сараны ғана. 
Өнердегі ұстазым, жаныма жақын ағайым болғандықтан, ол кісінің маған 
жасаған ықпал-әсері ерекше. Көз жұмғанына көп жылдар өтсе де, мен үшін 
қай уақытта да бағыт сілтейтін баяғы биік тұғырында таймастан сол қалпы 
тұрғандай. Сахнада ойнағанда немесе режиссерлік жұмыс жасап жүріп қинала 
қалсам, алдымен: «Менің орнымда Шәкен болса қайтер еді», — деп ойлана-
мын үнемі. 
Ол менің өнердегі жарық жұлдыз — Темірқазығым болып қала бермек. 
«Қазақ әдебиеті» газеті, № 10. 11.03.1994
Әшірбек СЫҒАЙ,
Әшірбек СЫҒАЙ,
сыншы, профессор,
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері
Ø©êåíí³¬ øûð«àó áè³ã³
 
ˆ
ткен ғасырдың 70-жылдары Қазақ консерваториясының театр бөлімін-
де ұстаздық қызметке енді ғана бет бұрып, шәкірттерге дәріс оқып 
жүрген жас кезім еді. Қыстың қақаған таңертеңгілік аязды күндерінің бірінде 
аталған оқу орнының табалдырығын аттай берген сәтімде алдымнан кларнет 
аспабын ойнауға машықтанып жүрген Роллан есімді студент жігіттің қарсы 
жолыға кеткені. Өңі өзгеріп кетіпті. Таң атпай түнеріп алған Ролланға не болды 
деп, ым қаққаным сол екен: — Естімедің бе, кеше Мәскеуде Шәкен Айманов 
жол апатынан қайтыс болыпты. Қарғыс атқыр, қаңғыған бір көлік оны абайсыз-
да қағып кетіпті, — деді, апыл-ғұпыл, асығыс сөйлеп. Өзінің ерні кемсеңдеп, 
көңілі босап тұр. Тұла бойымды діріл билеп, біртүрлі күйге ұшырап 
қалғандаймын. Ұнжырғам түсіп, еңсем езіліп-ақ қалды. Қайран, Шәкен 
аға! Серілік салтынан, кісілік қалпынан айнымаған сырбаз аға! Анадайдағы 
орындықтардың біріне отыра кетіппін. Отыра кеткенімді қайтейін, асыл аға ту-
ралы аласапыран ойлардың иіріміне енгендей әлем-тапырық хал кештім. 
Кинодағы кейпіне сонау мектеп жасындағы кездерімізден қанықпыз ғой. Отк-
рыткалардағы суреттерін жинастырып, оларды төс қалтамыздан түсірместей өнер-
ге өлердей ғашық шақтарымызды қалай ғана оңай ұмыталық?! «Бір ауданда», 
«Ән шақырады» атты көркемфильмдердің Шәкен Айманов есімімен тығыз бай-
ланысты екендігін әрқалай біліп-ақ қалған тұсымыз. Ұлы Жамбылдың 20 жасынан 
бастап, 90 жасына дейін шебер ойнап көрсете білген Шәкен Аймановтың өзі сонда 
небәрі 36 жаста-ақ екен. Жоғарыдағы кино экрандарынан көріп, даңқына сырттай 
іңкәр болып жүрген сүйікті актеріңмен (иә, сүйікті актерімізбен, оның режиссер 
екендігін жүре келе түсіндік қой) бір қауышу арманы қиялымыздан кетпейтін. 
1966 жылы ұлы актер Серәлі Қожамқұловтың 70 жылдығы М. Әуезов театры 
сахнасында зор салтанатпен аталып өткені еске түсті. Неге екені белгісіз, сол 
жолғы салтанат кеші түгелімен теледидардан бүкіл республика жұртшылығына 
тікелей эфир арқылы көрсетілді. Біздер, атақты өнер шебері, Ш. Аймановтың 
көп жылдардан бергі сахналық серіктесі (партнері) Хадиша Бөкееваның екінші 
курста оқитын шәкірттері, Серағаңа арнау өлеңдер оқитын болып, әзер деген-
де кеш бағдарламасына іліккен едік. Қас қылғандай, ақындығым ұстап кетіп, 
өлең сөздерін мен жазармын ба! Әлі орта көрмеген, тәжірибесіз сарыауыз 

58
Òîïæàðªàí
59
II. Өнерпаз жолы
студенттер бірінен кейін бірі сөздерін ұмытып, дүйім жұрттың алдында әбден 
абдырап әлекке түстік. Оның үстіне, менің шайырлығымның да құйқылжып 
тұрғаны шамалы болар. Сонымен, қойшы әйтеуір, «ах, бых» деп шатып-бұтып, 
өлең сөзді де бітірдік-ау! Жастардың жүрексінгендерін сезген зал толы халық 
(ұялғандарынан да болса керек) самарқау ғана қол соққансыды. Қайсыбіреулері 
күлісіп жатты. Бір кезде сахнаға шығу кезегі орта бойлы, дөңгелек жүзді, 
айқабақ, қияқ қасты кісіге тиді. Аспай-саспай, керіліп-созылып, маңғаздана 
сөйлейтін әлгі кісі сазайымызды берсін келіп: — Қазақтың киелі сөзінің бет-
жүзін айғыздап, жаңағы жастар неткен... (жетесіз дегені шығар деп ұқтық). 
Үлкен сахнаға шығар алдында, үлкен әртіс жөнінде салиқалы сөз айтқан жөн 
болмас па? Қайдан келген қамсыз-мұңсыз балалар еді, әлгілер, — деп таусыла 
кеп толғансын. Оның әйгілі жазушы-драматург Ғабит Мүсірепов екендігін сон-
да ғана барып білдік. Бұрындары атын естігеніміз болмаса, Алматыға жаңа кел-
ген біздер ұлы қаламгерді қайдан ұшырата қойды дейсіз?! Жасып-ақ қалдық. 
Елге қарар бет жоқтай. Кірерге тесік таппай, теңселе, түнеріп тұрғанбыз. Көп 
кешікпей, кең иықты, зор денелі 50-лер шамасындағы жігіт ағасы мінбеге 
көтерілді де, әдеттегідей мерейтой иесіне айтылар мадақ сөздерді бұршақтай 
жаудырды. Отырғандарды күлкіге көміп тастады. Өткір ой, тапқыр сөздің хас 
шебері дерсіз оны. «Шәкен ғой», «Айманов қой» дескен күбір-сыбырларға 
елең етісіп, құлақ тоса қалыстық. Реніш пен уайымнан жас жүрегіміз езіліп, ба-
рынша қабаржып тұрған біздерге кенет «жан біте» бастады. 
«Серәліні сахна серісі еткен осынау өнер отауының өзі де, төрі де әбден 
киелі һәм жауапты. Жаңағы өрімдей жастарды көрдіңіздер ғой, олар әдейі ша-
тасайын деп шатасқан жоқ. Оларды киелі сахнаның сұсы шошытып жіберген. 
Бәріміз де құлап-сүрініп бір кезде солай бастағанбыз. Әлі күнге дейін толқып 
шығамыз жұрт алдына. Сөз де, әрекет те тәжірибемен шыңдалады. Шеберлікке 
ұласады. Жаңағы жастардың қанаты қатаяды. Сенімдері бекиді. Небәрі өнер 
оқуының студенттері екен. Хадиша аман болса, күні ертең-ақ оларды қыранша 
баптап, сахна саңлақтарына айналдырары сөзсіз», — деп, өзіне біткен ашық 
дауысымен саңқылдай сөйлеп, сөзін тамамдады. 
Бір ағамыз біздерді сынады. Бір ағамыз біздерге сенім артты. Әжептәуір 
серпіліп қалдық. Сол жолы Шәкен аға қорғай сөйлеген жасөспірімдер тобы, 
шынымен-ақ кейіннен халық әртістері, еңбек сіңірген өнер қайраткерлері атан-
ды. Асыл да, ардақты ағаның көрегендігі осылайша есте қалды. Шәкен ағаны 
сондай жақсы көріп кеттік. Жас қауымның меселін қайтармай, жігерін жасыт-
пай өйтіп-бүйтіп мақтаған болып, жақтаған болып, жұрт алдында біздерді ақтап 
алуы — үлкен суреткердің азаматтық, адамгершілік кең мінезділігі екен де. 
Міне, сөйткен Шәкен ағадан шын айырылып, қайғыға көміліп отырғанымыз 
мынау. Бір сәт сахна салтанаты жетімсіреп қалғандай. Театр шымылдығы 
бұдан былай ашылып-жабылуын мүлде тоқтатардай әлем-жәлем күйге тап 
болдық. Жетпіс бірдің жаңа жылына тура бір апта қалғанда қазақ өнерінің ба-
сына қаралы қасірет орнады. Шайқалған өзен-көліңді, қарасаң көз тояр тау-
тасыңды, орман-тоғайыңды дәл Шәкендей таспаға тартар хас шеберден айы-
рылу — қазақ қауымын ауыр мұңға бөлегені рас. 
Иә, содан Серағаң кешінде жастарды іш тарта сөйлеген Аймановтың ізінен 
қалмай, жалынып-жалбарынып жүріп, оның студент жастармен кездесуін 
өтіндік. Аяулы аға тілегімізді қабыл алғанымен, консерваторияға барып-келіп 
ырғалып жүруге уақытының кем екендігін ұқтырып, киностудияға келуімізді та-
лап етті. «Жазған құлда шаршау бар ма?» Қайсыбір ұстаздарымызды ортамызға 
алып, болашақ режиссерлер мен актерлер «Қазақфильмге» қарай жөңкілдік. 
(Киностудия ғимараты ол кездері қазіргі Төле би — Қалдаяқов көшелерінің 
қиылысында орналасқан-ды). Алдын ала келісілген уәде бойынша, бекітілген 
40—50 минуттік кездесудің табаны күректей 3 сағатқа созылғаны, тіпті де 
таңқаларлық жай емес еді. Әжімді жүзі алаулап, қысыңқы да, қуақы көздері 
риясыз күлімдеп, қарқылдай күлген сәттерінде батыр тектес зор денесі түгел 
селкілдеп кетер Айманов сипаты (жақын жерден қарағанда) тіпті ғажап. Сөз жоқ, 
сүйкімді жан. Төбесінен ғана ұқыпты қысқартылған қатты да қайратты шашы 
барынша тікірейе түскен. Сөйлеп-сөйлеп келіп, табан астынан қарқылдай күле 
жөнелгенде, бейне бір шатыр-шұтыр найзағай от шашып өткендей әсер қалып 
отырды. Ара-арасында, «қых», «қых», «қых» деп тереңнен түрлендіріп шығарар 
өзінің «коронный» күлкісі екен, соған тәнті болыстық. Қосыла күлістік. Кез кел-
ген сауалдарға жауабы даяр. Тосылу, қысылу дегенді білсейші?! Юморы неткен 
табиғи. Тілі өткір, әзілі ащы. Бейнелі сөзге тым ұста. Қысыңқы көздерін алысқа 
ұзатып, неше бір тарих сырларынан әңгіме өрбітпеді десеңізші арыс аға Айма-
нов?! Киносы бар, театры бар — жүзден аса көркем бейнелер кескіндеп, он-
нан астам фильмдер түсірген әйгілі суреткердің айтар ойының қомақтылығына 
кім шек келтірер, тәйірі! Нағыз өнерпаздың бүйірі қызғаны соншалық, санаулы 
минуттарға әрең келіскен ол бірнеше сағаттардан соң біздерді әзер жібергендей 
болды. Кәсіби ортақ әңгімеге әбден разы болған студенттер қауымы кереметтей 
әсерге бөленіп, барынша бір желпінісіп тарастық-ау сол жолы. 
1969 жылы Шәкен Айманов Алматының Жастар театрында (қазіргі 
Ғ. Мүсірепов театры) «Жас Абайды» қойды. Оның көпшілік сахналарына 
қатыстық. Репетиция жүргізу тәсілдері қызық. Айғай-ұйғай атымен жоқ. Мамы-
ражай тыныштық қалыпты нық ұстанады. Әртістерге аз сөйлеп, көп ұқтырады. 
Көрермендер залының түкпірінен анда-санда сараң ғана тіл қатады. Актер 
біткен аяқтарының ұштарымен жүреді. Әдеттегі тарс-тұрс, орынсыз жүріс-тұ-
рыс әбден ұмыт қалғандай. Мүлдем басқа атмосфера! Әлде Шәкен ағаның мысы 
баса ма? Сұсы деуге дәтіміз бармайды. Қатқыл сөзін естіген емеспіз. Мәдениеті 

60
Òîïæàðªàí
61
II. Өнерпаз жолы
жоғары. Домбырасы қолында, әуені аузында, үзіліс кезінде ән төресі — «Екі 
жиренді» «еңіретеді». Бүкіл әртіс қауымы қасында. Қос ішек дамылдаған 
сәттерде, оларға қойылым идеясы, кейіпкерлер мақсат-мүдделері жайында 
тиянақты түсінік береді. Жол мегзейді. Бағыт сілтейді. Әсіресе, жас Абайды 
кейіптеуші Алтынбек Кенжековке көбірек шұқшияды. Қайрайды. Баптайды. 
Әзірлік аяқтала бере Айманов мырза «қорамсаққа қол салады, қол салғанда да 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет