Шəкен Аймановтың



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата15.02.2017
өлшемі2,73 Mb.
#4147
түріКнига
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
оқып жүргенде Шәкеннің қолынан домбыра мен мандолина түспей, неше түрлі 
көркемөнер үйірмелеріне, Халық үйінде (Народный дом) Жұмат Шаниннің 
«Арқалық батыр» пьесасы бойынша қойылған спектакльге қатысып жүрген. 
1933 жылы Семейге сол кездегі Алматыдағы қазақтың ұлттық драма театры-
на дарынды жастарды жинау үшін арнаулы сапармен Ғабит Мүсірепов келеді. 
Ғабең Шәкен қатысқан «Зарлық» атты спектакльді көріп, Шәкеннің ойыны 
ұнағаннан кейін, оны Алматыға алып кетеді. 
Сөйтіп, Шәкен өзінің аңсаған арманына жетіп, тап сол жылы Алматыдағы 
қазақтың драма театрына жұмысқа орналасады. 
Кейіннен Шәкен:
— 1933 жылдың 3 қыркүйегін мен еш уақытта ұмытпаймын. Бұл күні 
мен профессионал әртіс болдым. Театрға түстім. Екінші естен кетпес куаны-
шым, мен осы театрда қазақтың әртістері — Қалыбек Қуанышбаев, Күләш 
Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, 
Қанабек Байсейітов, Манарбек Ержановтармен таныстым. Менің өмірімде де, 
өнерде де аға тұтып көп өнеге, тәлім-тәрбие алған ұстаздарым да, мектебім де 
осылар, — деп үнемі айтып отыратын. 
Шәкен өзінің ұстаздарын еске алғанда, жүректен жарып шыққан шын 
сезіммен, аса бір сүйіспеншілікпен еске алушы еді. «Өзім туралы және өзімнің 
өнерім туралы» деген кішкене кітабында Шәкен Қалыбек Қуанышбаев жөнінде 
былай дейді: «Бұл адам туралы мүмкін мен жеке бір кітап жазып, не себеп-
тен оның қазақ сахнасының данышпаны екенін және маған неге соншалық 
қадірменді көрінетінін, бәлкім, сонда айтармын». 
Қалыбек Қуанышбаевпен творчестволық достығым — менің өнерім үшін 
сарқылмас бұлақтың көзінен нәр алғандай боп көрінеді. 
Сахнада болсын, кино түсіретін камера алдында болсын ол мен үшін камер-
тон еді. Кейде бұрыс жолға түсіп бара жатсам, Қуанышбаев лебізін естігенде, 
қайта дұрыс жолға оралушы едім. Қуанышбаев біздің творчествомызға халық 

44
Òîïæàðªàí
45
II. Өнерпаз жолы
өмірінің сыр-сипатын әсем енгізді. Міне, менің Қуанышбаевты өз әкемнен 
бірде-бір кем көрмей, сүйетінім сондықтан». Шыңында да, Қалыбек Куанышба-
ев өнер адамдарының арасында дара тұрған, үлкен кесек тұлға ғой. Қалыбекті 
ұлттық драма театрының алыбы деуге болар еді. 
Ол халықтың нағыз қалың ортасынан шыққан, өнер үшін туған ғұлама 
әртіс еді. Қалыбек және оның өмірде де, өнерде де достары болған Серке 
Қожамқұлов, Құрманбек Жандарбеков, Елубай Өмірзақов, Қанабек Байсейітов, 
Күләш Байсейітова, Жұмат Шаниндер — қазақ совет өнерінің ту ұстаушылары, 
алғашқы қызғалдақтары. 
Шәкен жоғарыда аты аталған ағаларына зор ілтипатпен, үлкен құрмет, 
таза сезіммен қараушы еді. Осы ағаларының көбінің қарапайымдылығын, 
ұлы адамдарға тән ашық аңқаулығын сүйіспеншілікпен айтып, елге аңыз 
ететін. 
Сондай ағаларының бірі Құрманбек Жандарбеков жөнінде талай әңгімелер 
айтып, Құрекеңнің ақжарқын мінез-құлқын, оның аңғалдығын, салдығын, 
өмірдегі еркіндігін талай жерде әңгіме ететін. 
Достары Құрманбек пен Шәкенді осы заманның сал-серілері деуші еді. 
Қолдары ашық, дүниенің бетіне қарамайтын, достары үшін түгін аямайтын 
Құрекең де, Шәкен де көп арасында жүргенді, достарымен жиын, әңгіме-дүкен 
құрғанды өте жақсы көруші еді. 
Олармен бірге отырған кеш қызықты, көпке дейін есте қаларлықтай бола-
тын. Шәкен мен Мәжит Бегалин Ленинградта «Жамбыл» кинофильмін түсіріп 
жүргендегі Құрекеңнің қызықтарын айтып, елді күлдіретін. 
Шәкеннің осы бір мінездерін ағалары да жанындай жақсы көретін. Шәкен 
қайсысының үйіне барса да, құрметті қонағы, тіпті сол үйдің өз адамдарының 
бірі болып кетеді. Оның сықақ әңгімелерін, қалжың сөздерін бәрі ішегі қатқанша 
күліп, сүйе тындайтын. Шәкенді аса бір бөлек сүйіспеншілікпен жақсы көретін 
адамның бірі Елағаң (Елубай Өмірзақов) еді. 
Елағаң қатты науқас үстінде жатып, дүние саларына көзі жеткен соң, өзінің 
ақырғы демінде «мені Шәкеннің жанына қойыңдар», — деген. 
Марқұмның айтқандарын орындадық. Шәкенмен топырағы бірігіп жатыр. 
Бұл адамға деген неткен махаббат десеңізші... 
Шәкеннің достары, жолдастары өте көп еді. Шәкен өз достарын да, достары 
Шәкенді де пір тұтып, жақсы сыйласатын. 
Жоғарыда айтылған ағалары Шәкенді өз баласынан кем көрмейді десем 
қателеспеймін. 
Шәкен жалғыз әртістер қауымы емес, жазушылар арасында да қадірменді 
адам еді. Біздің ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит 
Мүсірепов, Ғабиден Мұстафиндерден өнеге, үлгі алған адам. «Маған өнерге 
алғашқы жол ашқан Ғабит Мүсірепов болса, өнер шыңына жетелеген Мұхтар 
Әуезов еді», — дейтін. 
Міне, Шәкен өзінің өнер саласындағы ағаларын осылай мадақтап, пір 
тұтқан жан болатын. 
***
Шәкен екеуімізді жұрт айыра алмайтын. Менің өз ойымша, екеуіміздің 
ешқандай ұқсастығымыз жоқ сықылды. Бірақ кездейсоқ жолыға кеткен адам-
дар: «Ассалаумағалейкум, Шәкен аға», — деп, болмаса үлкендері: «Қарағым, 
Шәкен, амансың ба?» — деп талай тоқтатты. Тіпті кейде көшеде тоқтатып 
алып, мұң-мұқтаждарын айтып, қалайда жәрдем етуімді тілек ететіндер де 
ұшырасатын. 
Көбіне мен «Шәкен емеспін, Шәкеннің інісімін» дегенде сенерін де, сенбесін 
де білмей таңырқап, кешірім сұрап, басын бір шайқап жүре береді. Кейде тіпті 
кино жайында әңгіме етіп, пәлендей фильм сондай жақсы түсірілген, әйтпесе 
театрда пәлендей рөлді сондай тамаша ойнағанымды айтып, қаннен-қаперсіз 
шұбырта жөнелетіндер де кездесті. 
Кейде тіпті болмаған жағдайда, Шәкен болып кино, театр туралы өзімнің 
білгендерімді айтып талай рет жауап та беруіме тура келді. 
Шәкен — сахнада өзін еркін сезінген адам. Ол сахнаға шыққанда 
жүрексінгені білінбей, өзі ойнап жүрген кейіпкердің жан дүниесіне еніп, соның 
қимыл-әрекетімен, ой-пікірімен, ішкі сырымен қоян-қолтық араласып кететін. 
Халықтың Шәкен ойынын сүйіп, жақсы көретіні де сондықтан ба деймін. Не 
керек, өмірге ерке болып келіп, ерке болып кетіп қалды ғой. 
Шәкен Айманов. Фотоальбом. Алматы, Өнер, 2004
 
* * *
Àð«à ò±òàð àñ«àðûì
—  Кәукен  аға,  сіз  халқымыздың  ұлы  перзенті  Шәкен  Аймановтың  туған 
— Кәукен аға, сіз халқымыздың ұлы перзенті Шәкен Аймановтың туған 
інісі, өнердегі серіктесісіз. Сондықтан да Шәкен аға туралы сізден әңгіме есту 
інісі, өнердегі серіктесісіз. Сондықтан да Шәкен аға туралы сізден әңгіме есту 
қызғылықты  болар  еді.  Әңгімеңізді  Шәкен  ағаның  өнерге  келу  жолы,  өскен 
қызғылықты болар еді. Әңгімеңізді Шәкен ағаның өнерге келу жолы, өскен 
ортасынан бастасаңыз. 
ортасынан бастасаңыз. 
— Иә, мен Шәкен ағаны еске алған кезде балалықтың балдәуренін 
өткізген туған жерім еріксізден-еріксіз бар болмысымен көз алдыма қазбауыр 
бұлттардай тізбектеліп келе қалады. Біз жер жаннаты Баянауылдың киелі 
топырағында дүниеге келдік. Кішкентайымыздан бар сұлулықты бойы-
на жиған туған өлкенің әсем табиғатынан мол қуат алып өстік. Сол Баянның 

46
Òîïæàðªàí
47
II. Өнерпаз жолы
«Ақбеттауының» бауырында, сарыжазықтың ортасында Айман бұлақтың 
түбінде, «Қызыл шіліктің» тау жақ бетінде қарағайдан салынған екі бөлмелі 
аласа ғана үйде Айманның кенжесі Кенжетай тұрды. Әкеміз Кенжетай «сегіз 
қырлы, бір сырлы» сері адам болатын. Жастайынан тау-тасты кезіп ит жүгіртіп, 
құс салып, аңға шығатын. Басымызға қара түнек орнап, ашаршылықтың қанды 
тырнағы тажалдай төнгенде, әкемнің осы кәсібінің пайдасы зор болды. Со-
нымен бірге әкем қолынан домбырасын түсірмей, ән салуды жақсы көретін. 
Ауылды өнерімен ұйытатын Қали әнші, Ысқақбай күйші, Дүйсенбай ертегіші, 
Рахметқожа қиссашы, өзінің сауықсүйгіш ағасы Мұзапар, інісі Қажымұрат 
тағы басқа да ел жақсылары әкемнің үйінде таң атқанша ән шырқап, күй тар-
тып, ертегі-қиссалар оқитын. Біз Кенжетайдың үш ұлы — Әбдікәрім (Абдан), 
Шаһкәрім (Шәкен), Әбдірахым (Кәукен) жаңағыдай кештерде аузымыздың суы 
құрып, сілеміз қатқанша тыңдап, қалай көзіміз ілініп кеткенін білмей қалатынбыз. 
«Ел іші — өнер кеніші» деп бекер айтылмаса керек. Әкемнің қатты сыйлайтын 
адамдарының бірі Қали Байжанов болатын. Біз Қалиді жезде дейтінбіз. Өйткені 
әкеміздің ағасы Мұзапардың үлкен қызы Қапанға үйленген. Олардың бас қосуына 
себепкер болған да біздің әкей екен. Басында тұрмысқа шықпаймын деп тулаған 
Қапанның қарсылығын естіген тік мінезді әкеміз жеңгесі Жұмагүлге: «Қызыңа айт, 
Қалидай адам сөз салып отырғанда қолын қақпасын!» — деп батырып айтыпты. 
Ақыры әкеміздің сөзі жерде қалмай Қали мен Қапан қосылып, дүрілдеген той 
жасаумен біткен. Қали, шындығында, сирек кездесетін әнші еді-ау! Ол құшыры 
мол әуенді бой-бойына бал шырындай жеткізіп, мың құбылтып әртүрлі мәнерге 
салып, өз тарапынан жаңа ырғақтар қосып тотыдай түрлендіріп айтатын. Айна-
ласын уылжыған ләззатқа бөлеп, сиқырлы әлемге сүңгітіп жібергенін білмей 
қалатынбыз. Қали да Әміре Қашаубаевпен бірге Луначарскийдің шақыруымен 
Парижге бару үшін Мәскеуге барып қайтқан. Ол ғажайып өнер дарыған Әміренің 
талантына бас иіп, құрметпен айтып отыратын. Қалидың құлақ құрышын 
қандыратын бітімі бөлек әндерін Шәкен ерекше сүйіп тыңдайтын. Шәкеннің 
өнерге деген қабілеттілігі сондай, Қалидің бір айтып берген өлеңін қолма-қол 
қағып алатын да, оның ән айтып отырғандағы бет құбылысын, қимыл-әрекет-
терін қаз-қалпында қайталып беретін. 
Бұлдыраған сағымдай өте алыста қалған балалық шақтан есте қалған енді 
бір жай — алғашқы мектепке барған сәтіміз. «Ақбеттаудың» бауырын мекенде-
ген азын-аулақ ауыл үшін Есжан деген кедей кісінің үйінде төрт жылдық мектеп 
ашылды. Мұғалімдеріміз Шерияздан деген біздің әкеміздің немере ағасы мен 
Мәлике Мұхтарқызы деген аққұба өңді, ұзын бойлы сұлу қыз болды. Мәлике 
жұрттың айтуы бойынша, С. Торайғыровтың қалыңдығы болса керек. Бірақ 
Сұлтанмахмұт сырқаты меңдеп бұл өмірден татар дәмі аз қалған соң Мәликеге 
«Жас өміріңді қор қылма, мен бұл дүниенің адамы емеспін» — деп онымен 
үйленбеген көрінеді. Бұл екеуінен басқа Қасымзада деген жас мұғалімнен 
тәлім алдық. Шәкен екеуіміз жұбымыз жазылмай құлын-тайдай тебісіп тетелес 
өстік. Шәкен бала кезінен-ақ үй жұмысына қыры жоқ, қашқақтайтын, анамыз 
бір жерге жұмсай қалса, Серкетастың басына шығып алып жылап отыратын, 
біздің әкеміздің Айманұлы Аббас деген дәрігер ағасы ауыл-ауылды аралап 
«ауру-сырқаудан амансыздар ма?» — деп сұрап жүретін. Кейде жылап отырған 
Шәкеннің үстінен түссе: «Ол тегін жылап отырған жоқ. Оны өнер қысып жылап 
отыр», — дейтін анамызға. Шәкен кейін жұлдыздай жанып әртіс болған кезде 
ауыл-аймақ, тіпті Шәкеннің достарына дейін осы сөзді ұмытпай айтып жүрісті. 
Әрине, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дегендей, Шәкеннің дарқан 
жүректі азамат болып биік тұлғаға көтерілуіне оның туған жері, тәрбие алған 
ортасы, жас кезінен көңілі тербеп, құмарта тыңдаған әншілер мен қиссашылар, 
ертегішілер, күмбірлетіп күй төккен күйшілердің тікелей себебі болғаны хақ. 
— Шәкен ағаның қолынан жетелеп өнердің ақ отауының есігін ашуға көмек 
— Шәкен ағаның қолынан жетелеп өнердің ақ отауының есігін ашуға көмек 
бергендер болды ма?
бергендер болды ма?
— Үлкен ағамыз Қажымұрат өзі мұғалім болған соң Шәкенді де мұғалім 
болсын деген ниетпен 1924 жылы Семейге оқуға алып кетті. Алғашында 
Казкоммунаға, кейіннен Халық ағарту институтына түсірген. Осы институтта 
оқып жүргенде домбыра мен мандолина қолынан түспеген Шәкен көркемөнер 
үйірмелеріне қатысып, Ж. Шанинның «Арқалық батыр» пьесасы бойынша 
қойылған спектакльде ойнап жүрді. Бірде Алматыдағы қазақтың ұлттық драма 
театрына дарынды жастарды жинау үшін арнаулы сапармен жүрген Ғ. Мүсірепов 
1933 жылы Семейге барды. Сонда Шәкен қатысатын «Зарлық» атты спектакльді 
көріп, оның ойынын ұнатқаннан кейін Алматыға алып келді. Сөйтіп, Шәкен сол 
жылдың қыркүйек айынан бастап өзі армандаған Алматыдағы қазақ драма 
театрына жұмысқа орналасып, қиындығы мен қызығы мол сахналық сапары 
басталады. Шәкеннің өзі қазақтың атақты әртістері Қ. Қуанышбаев, Қ. Бадыров, 
Қ. Жандарбеков, Е. Өмірзақов, С. Қожамқұлов, Қ. Байсейітов жайында «өмірде 
де, өнерде де көп өнеге, тәлім-тәрбие алған ұстаздарым» деп үнемі айтып от-
ыратын. Шәкеннің ақжарқын мінезі мен адам жатырқамайтын бауырмалдығы 
ерекше болатын. Оның үйінен күн-түн қонақ тыйылған емес. Талай ұлы адам-
дармен үзеңгілес жүріп, тонның ішкі бауындай араласып кеткен. Шәкен 
қадірменді жазушылар М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Ғ. Мұстафинді 
шын жүрегімен жақсы қөретін. 
Шәкен театрда істеген алғашқы жылдарында шағын эпизодтық рөлдерде 
ойнады. Сонымен қатар, М. Насонов ұстаздық еткен театр жанындағы актерлік 
студиядан актерлік өнерді үйренуге, табиғи дарынын ұштауға, теория жүзінде 
білім алуға шынығып, шығармашылық келбетінің қалыптасуына көмегін аяма-
ды. Шәкенге «Менің досым» атты пьесадан Грамофонов рөлін дайындатты-

48
Òîïæàðªàí
49
II. Өнерпаз жолы
рып, өмір Мәскеу мен Ленингарадқа барып қайтады. Бұл сапар Шәкенді үлкен 
иіріміне тоғытты. Қайткен күнде де оқу керек деген шешімге келді ол. Шәкен 
өзінің шығармашылық өмірінде осы пікірін бір сәт есінен шығарған емес. Ол 
әрбір рөлді мұқият зерттеп, терең толғаныс пен тебіренген қиялды басынан 
өткізетін. Бұған дәлел оның драма театр сахнасында сомдаған М. Әуезовтың 
«Қобыландысындағы» Қобыланды, «Абайындағы» Керім, Ғ. Мүсіреповтың 
«Ақан Сері — Ақтоқтысындағы» Ақанның, Ш. Құсайыновтың «Алдар 
Көсесіндегі» Алдар, Гогольдің «Ревизорындағы» Хлестаков, Погодиннің «Мы-
лтықты адамындағы» Шадрин, А.Н. Островскийдің «Найзағайындағы» Тихон, 
Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» Петруччио, «Отеллосындағы» Отелло секілді 
аса қүрделі образдарды жоғары көркемдік дәрежеде мүсіндеп, қазақ театрының 
тарихына мәңгі із қалдырды. Сахнада Шәкен тұлғалаған сан қырлы, алуан сыр-
лы кейіпкерлер өте көп. Сол бейнелердің көбі көрермендер жүрегінен жол тау-
ып жатталып қалуы, Шәкеннің өзіне ғана тән шеберлігінен болса керек. Әсіресе, 
Шекспирдің «Асауға тұсауындағы» Петруччио — Шәкен ойнаған көп рөлдердің 
ішіндегі шоқтығы биік бейнелердің бірі. Ол адам баласының биік санасына ой 
салатын, ірі қадамдар мен кесек әрекеттер ойлауға қатты құштарланатын. Театр-
да істеген соңғы жылдарында Отелло рөлін ойнау бақытына ие болады. Отелло 
бейнесі де Шәкеннің үлкен табыстарының бірі екенінде дау жоқ. Халқымыздың 
заңғар жазушы-драматургы Ғ. Мүсіреповтің «Ақан Сері — Ақтоқты» пьесасында-
ғы Ақан рөліне Шәкен зор дайындықпен келді. Талай күндер мен түндері 
сергелдеңге түсе жүріп күрделі образдың кілтін тауып, жан сарайына енгенше 
еңбектенді. Әрі бұл бейненің сәтті шығуына төл халқының сыр-сипатын жақсы 
білуінің өзгеше көмегі тиді. Көзі тірісінде-ақ елінің махаббатына бөленген, күміс 
көмей, жез таңдай ақиық әнші-композитор Ақан туралы Ғ. Мүсірепов пьеса-
сын Шәкен «Ақан трагедиясы» деген атпен қайта қойды. Бұл қойылымды 1958 
жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне апарды. Әрине, 
Шәкеннің суреткерлік қырын зерттеп, оның өзіне тән әрқилы белестерін ашып 
жазған кітаптары баршылық. Алайда сырын ішіне бүгіп жатқан құпия қойма сан 
қатпарлы Шәкен шығармашылығы болашақта да жазыла берері сөзсіз. 
— Шәкен аға қай жылдардан бастап режиссерлік өнерге бет бұрды? 
— Шәкен аға қай жылдардан бастап режиссерлік өнерге бет бұрды? 
— Шәкен 1945 жылдан бастап режиссерлік жұмыспен шұғылдана баста-
ды. Ол кезде қазақ драма театрында жұмыс істеген Г. Товстоногов, Ш. Боров, 
Я. Штейн сияқты өнер қайраткерлері тынымсыз ізденіс үстіндегі Шәкенге 
жәрдемдесуден аянбады. Оның тырнақалды режиссерлік жұмысы Ш. Құ-
сайыновтың «Амангелді» пьесасын қоюдан басталғанмен де, бұл өнерді шын-
дап меңгеруге бет бұрған тұсы режиссер Я. Штейннің «Қобыланды» спектаклін 
сахнаға шығарған кезімен тығыз байланысты еді. Шәкеннің режиссерлік 
жұмысының негізгі ұстанымы — актер мен рөл үстінде жұмыс істеудің соны 
соқпақтарын таба отырып, автордың идеясын актер ойыны арқылы беру бола-
тын. Ол академиялық драма театрында бас режиссер бола жүріп Ғ. Мұстафин-
нің «Миллионер», Ә. Әбішовтың «Бір семья», К. Погодиннің «Мылтықты 
адам», Б. Лавреновтің «Америка дауысы», А. Корнейчуктың «Қайыңды тоғай» 
пьесаларын қойды. Қазақ сахнасының төріне алғаш рет орыс классигі А.Н. Ос-
тровскийдің «Найзағай», «Таланттар мен табынушылар» пьесаларын шығарды. 
Ол қойылымдар театр репертуарының көркемдік мазмұндылығын арттырып, 
актерлік шеберліктің дамуына жәрдемдесті. М. Әуезовтың сахнада 1949 жылы 
қойылған «Абай жолы» туындысы үлкен жаңалық болып саналды. Я. Штейн 
мен Ш. Айманов екеуі бірігіп тұңғыш рет ірі романға инсценировка жасады. Ро-
ман оқиғасын қаймағын бұзбай жеткізу үшін режиссерлер М. Әуезовтың кітабы 
бойынша Абай оқиғасын автордың атымен айтып, сахнадағы көріністердің 
желісін үзбей жүргізіп тұрды. Шәкеннің шығармашылық қызметі ұлттық 
театрымыздың кезеңдік дамуына сүбелі үлес қосты. 
— Ш. Айманов кинода қилы бейнелер сомдауымен бірге қазақ кино өнері-
— Ш. Айманов кинода қилы бейнелер сомдауымен бірге қазақ кино өнері-
нің  алтын  қорына  өлместей  туындылар  қалдырғаны  баршамызға  аян.  Олай 
нің алтын қорына өлместей туындылар қалдырғаны баршамызға аян. Олай 
болса Шәкен ағаның киноға келуіне себеп болған жайттармен оқырмандарды 
болса Шәкен ағаның киноға келуіне себеп болған жайттармен оқырмандарды 
таныстырып өтсеңіз. 
таныстырып өтсеңіз. 
— Ең әуелі Шәкеннің киноға қалай түскені жайлы айта кеткен жөн сияқты. 
1937 жылы Ленинградтан режиссер М.З. Левин бастаған бір топ кино кай-
раткерлері Қазақстанға келіп «Амангелді» фильмін түсіре бастады. Ол — қазақ 
топырағын-да кино өнерінің енді бүршік жара бастаған кезі-тін. Сондықтан филь-
мге түсуді былай қойып, оны қалай түсіргенін көрудің өзі өте қызықтыратын. 
Шәкен  де  театрдан  қолы  қалт  етіп  босай  қалса  кино  түсіріп  жатқан  жерге 
келетін. Бірде режиссерге өзінің киноға түскісі келетінін білдіргеннен кейін 
оған Амангелді сарбаздың рөлі беріледі. Бұдан кейін М. Әуезовтың сценарийі 
бойынша түсірілген «Райхан» фильмінде байлардың қолшоқпары Сәрсен рөлін 
орындады. Жалпы Шәкеннің кинода күрделі рөлдер шығаруына жол салып 
берген режиссер Г. Рошаль мен Е. Аронның «Абай» фильміндегі Шәріп рөлі еді. 
Әйгілі «Жамбыл» фильміне түсерде Шәкенге Шаймұхамет рөлі берілді. Репе-
тиция кезінде өзінің қызықты әңгімелерімен жұрттың бәрін айналасына үйіріп 
жүрген Шәкеннің алғырлығын байқаған Е.Л. Дзиган «Жамбылды сен ойнайсың» 
деген шұғыл шешімге келді. Небір қиындықтарды бастан кешкен режиссер 
мен актердің бірлескен төзімділіктерінің нәтижесінде «Жамбыл» фильмі сәтті 
шықты. Ақынның жастық шағынан бастап дана қария болған шағына дейінгі 
кезеңді қамтитын фильмде 38 жастағы Шәкен Жамбыл бейнесін шебер сом-
дап шығады. Жамбыл рөлі Шәкеннің кинода ойнаған кейіпкерінің ең үздігі де-
сек қателеспейміз. Бұдан соң ол «Алдар Көсе», «Біз осында тұрамыз», «Найза-
тас» сияқты киноларға түсті. 

50
Òîïæàðªàí
51
II. Өнерпаз жолы
50-жылдардың басында, дәлірек айтқанда, 1953 жылы Шәкеннің 
кинорежиссерлік шығармашылығы басталды. Оның киноға кетуіне себеп — сол 
жылдары қазақ кино өнерінің жаңадан дами бастауы еді. Ұлттық кино өнерінің 
қанатын кеңге жайып өркендеуіне, бұл әлемді сілкіндіріп, қазақ мәдениетін 
паш етуге Шәкеннің тигізген ықпалы ерекше. Қазақ киносын Шәкенсіз елес-
тету мүмкін емес. Мәселен, «Біз осында тұрамыз», «Біздің сүйікті дәрігер», 
«Атамекен», «Бір ауданда», «Тақиялы періште», «Ән шақырады», «Найзатас», 
«Атаманның ақыры» фильмдерінің қай-қайсысы болса да, ауыз толтырып 
мақтануға тұратын туындылар. Енді сөзімді қорыта келе айтарым, туған еліне 
ерекше еңбек сіңірген Шәкен қайталанбас тұлға. 
— Әңгімеңізге рақмет! 
— Әңгімеңізге рақмет! 
Әңгімелескен Бақыт Нұрпейсова
  
«Қазақ әдебиеті» газеті, № 10. 11.03.1994
 
Асанәлі ӘШІМОВ,
Асанәлі ӘШІМОВ,
КСРО  халық әртісі,
КСРО және Қазақ КСР
Мемлекеттік сыйлықтарының  иегері
Êåìåë êåëåøåêêå ê©ì³ë ñåíä³
¼
айсыбір істі қолға ала қалған жағдайда да, өзі таңдаған өнер 
жолындағыдай зор жетістіктерге жетері шүбәсіз-тін. Менің ойымша, 
ол данышпан адам еді. Көтеріңкі лепті бұл тұжырымға, бәлкім, біреулер күле 
қарап, Шәкен болса өзіне тән мысқылды қалжыңмен мені біраз іліп-қағып тас-
тар еді. Ол даурықпа сөзді сүймейтін. 
Шыны керек, оның бойына барлығы да: сұлулық, ақыл, дарын, адамгершілік, 
қайырымдылық, сыпайылық мәдениеті, өмірді сүю тән еді. Оған тағдыр бәрін 
де үйіп-төгіп бере салғандай еді. Ешқандай оқуға сонша құлай беріле қоймаса 
да, тарих, музыка, философия... жөнінде көп білетін. Ол қандай да бір өмір 
түйткілі туралы ойлы да еркін әңгімелеген кезде, өзгеше тебіреніс туғызатын. 
Қашан да әлдебір нақты іспен шұғылданып жүретін, кітапқа шұқшиып көп 
отырмайтын оған бетпе-бет ұшырасқан құбылыстың мәніне бойлай еніп 
кететін айрықша қасиет біткендей көрінетін. Мысалы, Еуропа әдебиетін терең 
білуімен таң қалдыратын. Шәкенмен тығыз қарым-қатынаста болған мен оның 
Мопассанды, Бальзакты немесе Диккенсті оқып отырғанын байқаған емеспін. 
Әйткенмен, ол оқитын. Өйткені ғайыптан ештеңе жасалмайды ғой. Демек, 
уақыт табатын болғаны да. Ол туралы баз біреулер ырықсыз шығармашы-
лықтың иесі, өмірді құстай шарлаған, тағдырдың еркелетуімен қызыл-жасылды 
өрнекті ғұмыр кешкен кісі деп ойлады, ойлап та жүр. Бұл жағы да болды, әрине! 
Оның өмірінде бәрі де болды. Алайда басты мұраттарына сарқа жұмсалған 
қажыр-қайраттың, табанды мақсатшылдықтың арқасында жеткені анық. 
Кездейсоқ жолыққан бақ күлкісін көксемейтін Шәкенді жолы болғыш адам 
болып еді деу қисынсыз. Мәселен, оның театрдағы өмірі қатардағылардың, 
әрбір таныла қоймаған актердің өмірі сияқты кермек дәмді күндерге толы 
болды. Оның үстіне, көзге ұрып тұратын шеңберге сыймас еркіндігі көбіне-
көп шығармашылық және тұрмыстық қарым-қатынастардың күрделенуіне 
де себеп болып жататын. Сол кезде көп нәрсеге Шәкеннің қолы басқаларға 
қарағанда қиындықпен жетті. Мұны өзі сезген де емес. Ол үшін істің құнынан 
гөрі түпкі нәтиже маңызды еді. Жеке өмірі де жеңіл болмады. Осының бәрін ба-
стан өткере жүріп, ол шынында сәулелі, мұқалмас берік сенім иеленген адам бо-
лып қала береді. Әріптесі әрі күйеу баласы ретінде де жақын білгендіктен айтуға 
тиіспін: оның думаншылдығы, өмірдегі іс-әрекеттерінің қең құлаштылығы тек 
қана қонған бақ-несібенің яки дарынды ойындарының ғана әсерінен емес-тін. 
Бұл қам-қапасын әбден өткеріп, терең ойластырылған өмірлік ұстанымның, 
шын мәнінде, адамшылықтан тамыр тартатын философиялық дүниетанымның 
белгісі болатын. 
Мен Шәкеннің білімдарлығын тегіннен-тегін еске алған жоқпын. Оның 
суреткерлік гуманизмі де дәл сондай өз өмірі және шығармашылық тәжірибесі 
үдесінде, сайып келгенде, адамзат тарихын тану нәтижесінде қалыптасса керек. 
Қайырымдылық — қуатты дара мінездің нышаны. Айманов алыптарды 
және қарапайым адамдарды тең дәрежеде жақсы көретін. Күштілердің де, 
нәмәрттердің де өзіне жасаған қиянаты мен әлсіздіктерін кешірді. Жолын-
да кездескен кім-кімге де жәрдемдесе білетін. Біріне Шәкен көмектескен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет