2.3 Мультиплексорлар мен демультиплексорлар
Мультиплексорлар бір кіріс каналдарын шығысқа басқарушы сөз басқаруымен қосуды жүзеге асырады. Арналардың разрядтығы әртүрлі болғандықтан, көп разрядты сөздер коммутациясына арналған мультиплексорлар бір разрядтылардан құралады.
2.3 сурет - Мультиплексор моделі (а) және ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтеріндегі мультиплексор схемасы (б)
Мультиплексор кірістері екі топқа: ақпараттық және мекен-жайлық болып бөлінеді. Мультиплексор жұмысын көп позициялы кілттер көмегімен оңай көрсетуге болады (2.3,а суретті қара). Мекен-жайлық А коды айырып-қосқышқа F шығысты хi ақпараттық кірістің біреуімен қосып, нақты дәреже береді.
Нөлдік мекен-жайлық кодта айырып-қосқыштар хо жоғарғы дәрежеге ие, кодты бірлікке көтеріп, көрші дәрежеге х1 өтеді.
Мультиплексор жұмысы былай көрсетіледі
.
Мекен-жайлық кодтың кез-келген мәнінде барлық буындардың біреуінен басқасы нөлге тең. Нөлдік емес буын хj тең, мұндағы: j – ағымдағы мекен-жайлық кодтың мәні.
Сұлбатехникалық мультиплексор айырып-қосқыш көрсеткішінің электронды версиясынан ерекшелігі оның біржақты мәліметтер таратуын ескере отырып, жүзеге асырады. 2.3,б суретте төрт ақпараттық, екі мекен-жайлық және Е жұмысқа рұқсат кірістері бар мультиплексор көрсетілген. Жұмысқа рұқсат болмаған кезде (Е = 0) F шығысы ақпараттық және мекен-жайлық сигналдарға тәуелсіз түрде нөлге айналады.
2.4 суретте, «32 - 1» мультиплексорының (қысқартылған MUX ағылшыннан Multiplexer) функцияларын орындайтын және аз көлемді 5 мультиплексорда құрылған пирамидалы схема көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |